Қаулының жобасы «2013 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» ШҚо бородулиха аудандық әкімдіктің



Дата25.02.2016
өлшемі20.61 Kb.
#24963
Қаулының жобасы
«2013 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» ШҚО Бородулиха аудандық әкімдіктің

2012 жылғы 23 қараша № 538 қаулысына толықтыру енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасы, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7, 20-баптары, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың Ережесі негізінде, жұмысқа орналасу кезінде қиыншылық көріп отырған халықтың әртүрлі топтарын уақытша жұмыспен қамту және материалдық қолдау мақсатында, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «2013 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» ШҚО Бородулиха аудандық әкімдіктің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 538 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген қаулы бекітілген «Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдар жұмыстардың түрлері, көлемдері, қаржыландыру көздері және нақты шарттары» қосымшасына:

мына мазмұндағы 27 реттік номер жолымен толықтырылсын:





Жұмыс берушінің атауы

Жұмыс түрлері

мен көлемдері

Сұраныс (жарияланған қажет-тілік,орын-дар саны)

Ұсыныс (бекітілді,орындар саны)

Қаржыландыру көзі

27

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім» Республикалық мемлекеттік мекемесі

құжаттарды рәсімдеуге көмек-айына 200 іс

2

2

жергіл-ікті бюджет

5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р.А. Атаеваға жүктелсін.



6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғанынан кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Аудан әкімі Г. Акулов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет