Қаулының жобасы Азаматтық қызметкерлер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру және



Дата11.07.2016
өлшемі21.83 Kb.
#191665
Қаулының жобасы

Азаматтық қызметкерлер болып табылатын

және ауылдық жерде жұмыс істейтін

әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру және

мәдениет саласындағы мамандар

лауазымдарының тізбесін анықтау туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 3-тармағына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қосымшаға сәйкес азаматтық қызметкерлер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру және мә-дениет саласы мамандар лауазымдарының тізбесі анықталсын.

2. Өскемен қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 2831 «Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көте-ру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, білім және мәдениет мамандары ла-уазымдарының тізбесін анықтау туралы» қаулысының күші жойылды деп та-нылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-1-97 тіркелген, 2009 жылғы 20 қаңтардағы «Дидар, «Рудный Алтай» газет-терінде жарияланған).

3. Осы қаулы қолданысқа оның бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш-қы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін енгізіледі.

Өскемен қаласының

әкімі Т. Қасымжанов

Өскемен қаласы әкімдігінің

2014 жылғ«__»_________

№ ______ қаулысына

қосымша


Азаматтық қызметкерлер болып табылатын және ауылдық жерде

жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

1. Әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы мамандар лауазымдары:

1) коммуналдық мемлекеттік мекеменің, коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары (оның ішінде бірінші);

2) мамандар (бас, аға), соның ішінде: барлық мамандықтағы дәрігерлер, кітапханашы, бухгалтер, инспектор, нұсқаушы, медициналық бике, психолог, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, фельдшер (-зертханашы), экономист, заң кеңесшісі;

3) техникалық орындаушылар, оның ішінде: диспетчер, нұсқаушы, хатшы-машинист.

2. Білім беру саласындағы мамандар лауазымдары:

1) коммуналдық мемлекеттік мекеменің, коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары;

2) мамандар (бас, аға), соның ішінде: барлық мамандықтағы мұғалімдер мен дәрігерлер, аккомпаниатор, кітапханашы, бухгалтер, жетекші, тәрбиеші, дыбыс режиссеры, барлық мамандықтағы инженер, инспектор, нұсқаушы, консультант, концертмейстер, мәдени ұйымдастырушы, зертханашы, медициналық бике, менеджер, әдістемеші, музыкалық жетекші, аудармашы, оқытушы, бағдарламашы, психолог, үйірме жетекшісі, хореограф, хормейстер, фельдшер;



3) техникалық орындаушылар, оның ішінде: іс жүргізуші, кассир, күзетші, тәрбиешінің көмекшісі, хатшы.

3. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары: кітапхана меңгерушісі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет