Ауруханаға 013жылдың наурыздан бастап жаттым



Дата07.03.2024
өлшемі21.5 Kb.
#494629
өз ойым


Ауруханаға 2013жылдың 4 наурыздан бастап жаттым. Кім білген? Қатты гриппен аурып едім. Өкпе аурады деп ойлағаным жоқ. Басқа түскесін көресін. Тек үйдегі ата-анам, балам аман –есен болса екен. Құдайдан сұрайтыным , тілейтінім: Баламның ­өскенін көріп, қызығына бөленіп аман-есен болғанын көрсем екен деп тілеймін.
Балапанымды сағындым. Күнде соны ойлаймын. Құдайдан тілейтінім амандығын. Әлі қайда қанша уақыт емделетінім? Арманым жаңа оқу жылына баламды қасыма алып мектепке бірге баруға. Баламды алғашқы мектеп табалдырығын аттатқызып, ­өзім жұмысыма кірісіп кетсем арманым болмас еді. Адам дүниеге келгесін қызықты өмір сүріп мәнді де мағыналы болғанға не жетсін. Кей адам өмірдің мағынасын түсінбей жатады. Алтынның қолда барда қадірі болмайды.Мен өз ата-анама алғысым шексіз. Осы ата-анамның арқасында шалқып өмір сүріп отырғаным. Тек аурып қиындық көрсеткенім болмаса?
13 .04.13ж шұбат іштім. 08.04.13 ж бастап Раушан апаам дәрі жасатып әкелген. Енді 3 айдан кейін ренгенге түсіп тексерілемін. Сонда белгілі болады нәтижесі. Алла жар болғай –дағы.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет