Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп – лицей
Тақырыбы: Тілашар тойы.
Өткізген: А.Б. Жексембекова
Шахтинск қ. 2015 ж.
Тақырыбы: Тілашар тойы.
Мақсаты: Мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандарды оқушылыққа қабылдап, олардың өнерлерін ортаға салу.
Көрнекіліктер: Сынып мерекедегідей безендіріледі. Слаид фильм.
Өткізілу барысы:
Әнұран.
Мұғалім:
Шаттыққа толы болсын келер күндер,
Нұры ғой көзіміздің көгершіндер.
Аман қыл құртақандай құлындарды,
Аруақтар желеп-жебеп жүрерсіңдер?!
Адамдар арт қанекей ұрпаққа үміт,
Солардың арқасы ғой тұрсақ күліп,
Еңбектеп,
Тәй-тәй басып,
Мектепке барып,
Сұңқардай
Шыңға қонар шырқап шығып.
Желкілдеп жігіт болды тайға мінер,
Күй болып шалқы көңіл, қайна жігер.
Алдыңнан арайланып бақыт таңы.
Азамат болсын аузын айға ілер
Көргендер бақытты ғой немересін!
Көгерсең немереңмен көгерерсің...
Ертең-ақ мақтанышқа айналады,
Ат ерттейтін азамат деген есім.
Ұрпақтан ұласады мұрат арман,
Бәйтерек боп көгерер құба талдан.
Тойлаңдар,
Қуаныңдар, ағайындар,
Шалқып қайт, шаттық тойы – Тілашардан!
Жүргізуші:
Бақытты балғындар, ардақты ата-аналар, құрметті меймандар тілашар тойы құтты болсын! Мектеп табалдырығын алғаш аттаған достар, қадамдарың сәтті болсын!
Ән «Айналайын».
Қойылым «Әже мен немере».
Немересі:
Әже маған мектепте
Ұрыспай ма мұғалім?
Мен білетін ертекті,
Дұрыс, – дей ме шырағым!
Әжесі:
Айналайын, ақылдым,
Өмірімнің жалғасы.
Қартаюға жақынмын,
Арманымды жалғашы.
Сен ақылды баласың,
Мектебіңе барасың.
Ұрыспайды мұғалім,
Ол да сенің анашың.
Немересі:
Әже, мені мұғалім,
Сіздей жақсы көреме?
Орындалып сұрағым,
Көтереме төбеге?
Әжесі:
Тәртібің мен білімің,
Қатар өсіп дамысын.
Жеңбесі жоқ білімнің,
Қосылса оған намысы.
Немересі:
Еркелегім келесе егер,
Көтерем бе қолымды?
Еркелікке, көнсе егер,
Күнде етем бе сонымды?
Әжесі:
Еркелікті қалдыр да,
Үйде отырған әжеңе.
Ақылыңды алдырма,
Адал бол, ақ батама.
Немересі:
Әже, сізсіз мектепке,
Тіпті барғым келмейді.
Ертіп баршы мектепке,
Сонда ешкім жеңбейді.
Әжесі:
Әжесінің баласы –
Жаман бала болмайды.
Қабыл болып, батасы.
Алла өзі қолдайды!
Немересі – Диар, әжесі – Дана.
Жүргізуші:
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған егінші де, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де, бәрі-бәрі мына отырған ата-аналарың, әжелерің де Әліппеден бастау алған. Ендеше, балалар ортаға қолымызға алғаш ұстаған оқулығымыз әліппені шақырайық.
Әліппе:
Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата – аналар!
Болашаққа жол бастар,
«Әліппең» келді ортаға,
Білім деген ғажаптың.
Әліппесін меңгерген,
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден,
Таудай болса талабың.
Әліппе:
Мені оқып, сауаттарың ашылып, оқуды, жазуды тереңірек үйренесіңдер. «Мектеп – кеме, білім - теңіз» - дегендей терең білімді, елін сүйер ұлан болыңдар! Қадамдарың сәтті болсын! Қадамдарың құтты болсын!
Оқушы:
Мектеп – қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Өнерпаз боп өсетін,
Біз – оқушы боламыз!
Оқушы:
Өсіп ой мен санамыз,
Өмірге жол саламыз
Білім қуған баламыз
Біз оқушы боламыз!
Ән «Төлдер».
Оқушы:
Өмірімнің көктемін
Сенде өткізсем деп келдім
Алтын – ұя мектебім!
Оқушы:
Армандарым көп менің
Ақтарамын деп келдім!
Асыл анам - мектебім!
Оқушы:
Оқып ғылым тектерін
Ой аламын деп келдім
Өз бесігім - мектебім!
Оқушы:
Тану үшін бабаңды,
Тану үшін анаңды,
Тану үшін ғаламды –
Мектеп керек адамға!
Оқушы:
Тану үшін адамды,
Тану үшін жаманды,
Тану үшін заманды –
Мектеп керек адамға!
Би «Қамажай».
Оқушы:
Мен талапты баламын,
Мектепке енді барамын.
Үйреткенін үйреніп,
Ұстаздан көп аларым.
Оқушы:
Мен тәртіпті баламын,
Түгел қағаз, қаламым.
Бір күн қалмай сабақтан,
Кілең «бестік» аламын,
Оқушы:
Мен намысшыл баламын.
Тек үлгілі боламын.
Білім іздеп жалықпай,
Кең дүниені шоламын.
Оқушы:
Не болса соған жыламай,
Үлкеннен көмек сұрамай.
Жеті жыл жерден таяқ жеп,
Жүгіріп кеттім құламай.
Жүргізуші:
Балалар дүниеге келгеннен кейін қандай ырымдар жасалады. (шілдехене, бесік той, тұсау кесер)
Тұсау кесер
Сәби қаз тұрғаннан кейін «тез жүріп кетсін» деген тілекпен жасалатын ғұрып ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіпті аттамасын деген ұғымнан шыққан. Енді тұсау кесер ырымын тамашалайық.
Бәрі бірге «Қаз,қаз балам».
Оқушы:
Жеткіншек болдым, мінекей,
Жетілді ойым, бойым да.
Киімді беріп: «мінекей ки!»
Демеңдер, шықсам ойынға.
Оқушы:
Алып ұшып келдім мен
Қиып қызық ойынды.
Жетегің ердім мен
Түзетуге ойымды.
Жүргізуші:
Егеменді елдің басты белгісі – тілі. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып саналады. Қазақ тілі біздің ана тіліміз. 22 қыркүйек - Тілдер күні.
Оқушы:
Тілім барда мақтанам,
Тілім менің аппақ ән,
Бірлігім бүгінгі,
Ана тілім сақтаған.
Оқушы:
Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Оқушы:
Азаматқа лайық,
Отанымның ұлымын.
Отанымды қорғайтын
Азаматтың бірімін.
Оқушы:
Сарқылмайтын қуатым
Тірегімсің Қазақстан,
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің Қазақстан.
Оқушы:
Толтырған гүлге даланы
Жайнатқан ауыл, қаланы,
Ардақты ата мекенім
Отаным – Қазақстан.
Оқушы:
Отаннан басқа бағым жоқ,
Отаннан басқа жаным жоқ.
Отаннан басқа ойлауға,
Басымда менің орын жоқ.
Мұғалім.
Айналайын балғындар,
Алға бағыт алыңдар
Ерте өсіп толыңдар –
Ел мақтаны болыңдар.
Орындалды ойларың,
Құтты болсын тойларың!
Тілашар ертеңгілігі осымен аяқталды. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |