Источник: ИС Параграф WWW http://online.zakon.kz
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту институты
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары
(біріншілік медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдар үшін)
Алматы 2007 ж
Дененің сыртқы бетінің термиялық және химиялық күйіктері
Хаттама коды: Е-023
Кезеңдік ем мақсаты: ағзаның өмірлік маңызды қызметтерін қалпына келтіру
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): Т20-Т25 Дененің сыртқы бетінің орналасуына байланысты термиялық күйіктері
Оған кіреді: термиялық және химиялық күйіктер:
-бірінші дәрежелі [эритема]
-екінші дәрежелі [көпіршіктер] [эпидермистің жойылуы]
-үшінші дәрежелі [тіндердің терең некрозы] [терінің барлық қабатының жойылуы]
T20бас пен мойынның термиялықе және химиялық күйіктері
Оған кіреді:
Көз және бет,мойын мен бастың басқа да аймақтарының күйігі
Еріннің
самай айағының
бастың шашты бөлігінің (кез-келген аймағының)
мұрынның пердесінің
құлақтың (кез-келген бөлігі)
Оған кірмейді: термиялық және химиялық күйіктер:
- көздің шектелген аймағының (T26.-)
- ауыз бен жұтқыншақтың (T28.-)
T20.0 Бас пен мойынның дәрежесі анықталмаған термиялық күйігі
T20.1Бас пен мойынның бірінші дәрежелі термиялық күйігі
T20.2 Бас пен мойынның екінші дәрежелі термиялық күйігі
T20.3 Бас пен мойынның үшінші дәрежелі термиялық күйігі
T20.4 Бас пен мойынның дәрежесі анықталмаған химиялық күйігі
T20.5 Бас пен мойынның бірінші дәрежелі химиялыық күйігі
T20.6 Бас пен мойынның екінші дәрежелі химиялық күйігі
T20.7 Бас пен мойынның үшінші дәрежелі химиялық күйігі
T21Дененің термиялық және химиялық күйіктері
Оған кіреді:
Іштің бүйір қабырғасының күйігі
вульваның
тік ішектің
жауырын аралық аймағының
сүт безінің
ұманың
аралықтың
жыныс мүшесінің
жыныс еріндерінің(үлкен,кіші)
аралықтың
арқаның (кез-келген бөлігінің)
кеуде клеткасының қабырғасының
іштің қабырғасының
жамбас аймағының
аталық бездің
Оған кірмейді: термиялық және химиялық күйіктер:
- жауырын аймағының (T22.-)
- қолтық асты аймағының (T22.-)
T21.0 Дененің дәрежесі анықталмаған термиялық күйігі
T21.1 Дененің бірінші дәрежелі термиялық күйігі
T21.2 Дененің екінші дәрежелі термиялық күйігі
T21.3 Дененің үшінші дәрежелі термиялық күйігі
T21.4Дененің дәрежесі анықталмаған дәрежелі химиялық күйігі
T21.5 Дененің бірінші дәрежелі химиялық күйігі
T21.6 Дененің екінші дәрежелі химиялық күйігі
T21.7 Дененің үшінші дәрежелі химиялық күйігі
T22Қолдар мен иықты термиялық және химиялық күйіктері
Оған кіреді:
Жауырын аймағының
Қолтық аймағының
қолдың(білек пен білезіктен басқа кез-келген аймақтың)
Оған кірмейді: термиялық және химиялық күйіктер:
-жауырын аралық аймақтың (T21.-)
- тек білезік пен білектің (T23.-)
T22.0 Білек пен білезіктен басқа қолдың және иық белдеуі аймағының дәрежесі анықталмаған термиялық күйігі
T22.1 Білек пен білезіктен басқа қолдың және иық белдеуі аймағының бірінші дәрежелі термиялық күйігі
T22.2 Білек пен білезіктен басқа қолдың және иық белдеуі аймағының екінші дәрежелі термиялық күйігі
T22.3 Білек пен білезіктен басқа қолдың және иық белдеуі аймағының үшінші дәрежелі термиялық күйігі
T22.4 Білек пен білезіктен басқа қолдың және иық белдеуі аймағының дәрежесі анықталмаған химиялық күйігі
T22.5 Білек пен білезіктен басқа қолдың және иық белдеуі аймағының бірінші дәрежелі химиялық күйігі
T22.6 Білек пен білезіктен басқа қолдың және иық белдеуі аймағының екінші дәрежелі химиялық күйігі
T22.7 Білек пен білезіктен басқа қолдың және иық белдеуі аймағының үшінші дәрежелі химиялық күйігі
T23 Білек пен білезіктің термиялық және химиялық күйігі
Оған кіреді:
Үлкен саусақтың (тырнақтың)
алақанның
саусақтың (тырнақтың)
T23.0 Білек пен білезіктің дәрежесі анықталмаған термиялық күйігі
T23.1 Білек пен білезіктің бірінші дәрежелі термиялық күйігі
T23.2 Білек пен білезіктің екінші дәрежелі термиялық күйігі
T23.3 Білек пен білезіктің үшінші дәрежелі термиялық күйігі T23.4 Білек пен білезіктің дәрежесі анықталмаған химиялық күйігі
T23.5 Білек пен білезіктің бірінші дәрежелі химиялық күйігі
T23.6 Білек пен білезіктің екінші дәрежелі химиялық күйігі
T23.7 Білек пен білезіктің үшінші дәрежелі химиялық күйігі
T24Жамбас-сан буыны мен аяқтың термиялық және химиялық күіктері
Оған кіреді: аяқтар (балтыр-табан буыны мен табаннан басқа кез-келген бөліктің)
Оған кірмейді: тек табан мен балтыр-табан буынының термиялық және химиялық күйіктері (T25.-)
T24.0 Аяқ пен жамбас-сан буыны аймағының дәрежесі анықталмаған термиялық күйігі
T24.1 Аяқ пен жамбас-сан буыны аймағының бірінші дәрежелі термиялық күйігі
T24.2 Аяқ пен жамбас-сан буыны екінші дәрежелі термиялық күйігі
T24.3 Аяқ пен жамбас-сан буыны үшінші дәрежелі термиялық күйігі
T24.4 Аяқ пен жамбас-сан буыны аймағының дәрежесі анықталмаған химиялық күйігі
T24.5 Аяқ пен жамбас-сан буыны аймағының бірінші дәрежелі химиялық күйігі
T24.6 Аяқ пен жамбас-сан буыны аймағының екінші дәрежелі химиялық күйігі
T24.7 Аяқ пен жамбас-сан буыны аймағының үшінші дәрежелі химиялық күйігі
T25 Балтыр-табан буыны мен табанның термиялық және химиялық күйіктері
Оған кіреді: аяқ саусақтарының күйігі
T25.0 Балтыр-табан буыны аймағы мен табанның дәрежесі анықталмаған термиялық күйіктері
T25.1 Балтыр-табан буыны аймағы мен табанның бірінші дәрежелі термиялық күйіктері
T25.2 Балтыр-табан буыны аймағы мен табанның екінші дәрежелі термиялық күйіктері
T25.3 Балтыр-табан буыны аймағы мен табанның үшінші дәрежелі термиялық күйіктері
T25.4 Балтыр-табан буыны аймағы мен табанның дәрежесі анықталмаған химиялық күйіктері
T25.5 Балтыр-табан буыны аймағы мен табанның бірінші дәрежелі химиялық күйіктері
T25.6 Балтыр-табан буыны аймағы мен табанның екінші дәрежелі химиялық күйіктері
T25.7 Балтыр-табан буыны аймағы мен табанның үшінші дәрежелі химиялық күйіктері
Орналасқан жері анықталмаған және әр жерде орналасқан термиялық және химиялық күйіктер (T29-T32)
T29 Дененің бірнеше аймағында орналасқан термиялық және химиялық күйіктер
Оған кіреді: T20-T28 бөлімдерінің біреуінен көбірек жіктелген термиялық және химиялық күйіктер
T29.0 Дененің бірнеше аймағының дәрежесі анықталмаған термиялық күйіктері
T29.1 Дененің бірнеше аймағының бірінші дәрежелі термиялық күйіктері
T29.2 Дененің бірнеше аймағының екінші дәрежелі термиялық күйіктері
T29.3 Дененің бірнеше аймағының үшінші дәрежелі термиялық күйіктері
T29.4 Дененің бірнеше аймағының дәрежесі анықталмаған химиялық күйіктері
T29.5 Дененің бірнеше аймағының бірінші дәрежелі химиялық күйіктері
T29.6 Дененің бірнеше аймағының екінші дәрежелі химиялық күйіктері
T29.7 Дененің бірнеше аймағының үшінші дәрежелі химиялық күйіктері
T30 Орналасқан жері анықталмаған термиялық және химиялық күйіктер
Оған кірмейді: Дененің зақымдалған бетінің көлемі анықталған термиялық және химиялық күйіктер (T31-T32)
T30.0 Орналасқан жері белгісіз, белгісіз дәрежелі термиялық күйіктер
T30.1 Орналасқан жері белгісіз,бірінші дәрежелі термиялық күйіктер
T30.2 Орналасқан жері белгісіз,екінші дәрежелі термиялық күйіктер
T30.3 Орналасқан жері белгісіз,үшінші дәрежелі термиялық күйіктер
T30.4 Орналасқан жері белгісіз,белгісіз дәрежелі химиялық күйіктер
T30.5 Орналасқан жері белгісіз,бірінші дәрежелі химиялық күйіктер
T30.6 Орналасқан жері белгісіз,екінші дәрежелі химиялық күйіктер
T30.7 Орналасқан жері белгісіз,үшінші дәрежелі химиялық күйіктер
Т-31 Дененің зақымдалған бетінің көлеміне байланысты жіктелген термиялық күйіктер
Ескерту: Бұл бөлімді термиялық күйіктің орналасқан жері белгісіз кезде ғана біріншілік статистикалық нұсқау ретінде,егер орналасқан жері анықталған болса,бұл бөлімді керегінше Т20-Т29 бөлімдерімен бірге қолдануға болады.
T31.0 Дененің 10% аз термиялық күйігі
T31.1 Дененің 10-19% термиялық күйігі
T31.2 Дененің 20-29% термиялық күйігі
T31.3 Дененің 30-39% термиялық күйігі
T31.4 Дененің 40-49% термиялық күйігі
T31.5 Дененің 50-59% термиялық күйігі
T31.6 Дененің 60-69% термиялық күйігі
T31.7 Дененің 70-79% термиялық күйігі
T31.8 Дененің 80-89% термиялық күйігі
T31.9 Дененің 90% және одан көп термиялық күйігі
T32 Дененің зақымдалған бетінің көлеміне байланысты жіктелген химиялық күйікте
Ескерту: Бүл бөлімді химиялық күйіктің орналасқан жері белгісіз кезде ғана біріншілік статистикалық нұсқау ретінде қолдануға болады,егер орналасқан жері белгілі болса бұл бөлімді қажетінше Т20-Т29 бөлімдерімен бірге қосымша код ретінде қолдануға болады.
T32.0 Дененің 10% аз химиялық күйігі
Т32.1 Дененің 10-19% химиялық күйігі
T32.2 Дененің 20-29% химиялық күйігі
T32.3 Дененің 30-39% химиялық күйігі
T32.4 Дененің 40-49% химиялық күйігі
T32.5 Дененің 50-59% химиялық күйігі
T32.6 Дененің 60-69% химиялық күйігі
T32.7 Дененің 70-79% химиялық күйігі
T31.8 Дененің 80-89% химиялық күйігі
T32.9 Дененің 90% және одан көп химиялық күйігі
Анықтамасы: Термиялық күйіктер теріге оттың, будың, ыстық сұйықтықтардың тікелей әсер етуінен пайда болады.
Химиялық күйіктер аз уақытта тіннің өлектенуін тудыратын агрессивті заттрдың, жиі сілті мен қышқылдардың, ащы ерітінділерінің теріге түсуінен пайда болады
Жіктемесі: Күйіктің жергілікті және жалпы көрінісінің ауырлығы зақымдалған тіннің тереңдігіне және зақымдалған беттің көлеміне байланысты.
Күйіктердің келесі дәрежелерін ажыратады:
1 дәрежелі күйіктер - терінің тұрақты гиперемиясы мен инфильтрациясы;
II дәрежелі күйіктер - эпидермистің қабыршықтануы және көпіршіктің түзілуі;
IIIа дәрежелі күйіктер - дерма мен оның дериваттарының терең жатқан қабаттары сақталған терінің жартылай некрозы;
IIIб дәрежелі күйіктер - терінің барлық қабаттарының өлектенуі(эпидермис пен дерманың);
IV дәрежелі күйіктер - терең жатқан тіндердің және терінің өліеттенуі.
Күйіктің көлемін анықтау:
«Тоғыздық ережесі»
бас- 9%
бір қол - 9%
бір аяқ - 18%
дененің алдыңғы және артқы беті - по 18%
жыныс мүшелері мен аралық - 1%
«алақан» ережесі - алақан жалпы дененің 1% құрайды.
Қауіп- қатер факторлары:
Агенттің жаратылысы
Күйіктің пайда болу жағдайы
Агенттің әсер ету уақыты
Күйген беттің көлемі
Көп факторлы зақымдану
Қоршаған ортаның температурасы
Диагностика критерилері: Күйіктегі зақымдалудың тереңдігі келесі клиникалық белгілермен анықталады: І-дәрежелі күйіктер терінің гиперемиясымен, ісігімен және ауыру сезімімен көрінеді.Қабыну өзгерістері бірнеше күн бойы өтеді, эпидермистің беткей қабаты қабыршықтанып, 1-ші аптаның аяғына қарай жазыла бастайды.
ІІ-дәрежелі күйікте теріде айқын ісінулер, гиперемия және сарғыш экссудатқа толы көпіршіктер пайда болады.Эпидермистің астында тез алынатын алқызыл түсті ауыру сезімі бар жаралық бет болады. ІІ-дәрежелі химиялық күйікте жұқа некроздық қабат түзіп эпидермис бұзылатындықтан көпіршіктер пайда болмайды.
ІІІа-дәрежелі күйіктің бастапқы кезінде ашық қоңыр түсті құрғақ струп (отқа күйгенде), немесе ақшыл-сүр түсті ылғалды струп (буға, ыстық суға күйгенде). Кейде экссудатқа толы қалың қабатты көпіршік пайда болады.
IIIб дәрежеде өлген тіндер струп түзеді:отқа күйгенде-құрғақ, қатты, қою қоңыр түсті; ыстық сұйықтыққа және буға күйгенде-ақшыл сұр түсті, жұмсақ, қамыр сияқты болады.
IVдәрежеде өз фасциясының (бұлшықеттер, сіңір, сүйек) астында жатқан тіндер өледі.Струп қалың, қатты болады.
Қышқылға терең күйген кезде құрғақ қатты струп түзіледі(коагуляциялық некроз), ал сілті зақымдаса алғашқы 2-3 тәулікте сұр түсті, жұмсақ (колликвациялық некроз) болады,кейін іріңдеуге өтеді немесе кебеді.
Электрокүйіктер әрқашан терең болады. (IIIб- IV дәрежелі). Дененің жанасқан бетіндегі ток кірген және шыққан жердегі тін зақымдалады, кейде заземления аймағында ақшыл немесе қоңыр дақ сияқты «токтың белгілері» қалады, кейін оның орнында зақымдалмаған теріден төмен түсіп тұратын қатты струп қалыптасады. Электрокүйіктер жиі электр доғасының жарылып, киімдердің күйуінен болатын термиялық күйіктермен қатар жүреді.
Салыстырмалы диагноз жергілікті клиникалық белгілерге байланысты жүргізіледі. Күйіктен кейінгі алғашқы минуттар мен сағаттарда зақымдалудың тереңдігін анықтау өте қиын.Жарақаттың қалай алынғандығын ескеру қажет. Күйген бетке инемен шаншығанда, спиртті тампонды тигізгенде ауыру сезімінің болмауы зақымдалудың IIIб дәрежесінен кем емес екенін көрсетеді.(IV дәрежелі).
Химиялық күйіктер кезінде зақымдалған жердің шекарасы анық болады, жиі негізгі ошақтың перифериясынан зақымдалған терінің сызықтары көрінеді. Күйіктің сыртқы көрінісі химиялық затқа байланысты болады.Күкірт қышқылына күйген кезде струптың түсі қоңыр не қара болады,ал азот қышқылына күйсе-сарғыш түсті,тұз қышқылына күйсе-ашық сары түсті.Күйіктен кейін ертерек кезеңде күйдірген заттың иісі білінуі мүмкің.
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жалпы терапиялық анамнез,шағымдар жинау
2. Визуальді тексеру
3. Перифериялық артериядағы АҚ өлшеу
4. Пульсті тексеру
5. Жүректің соғу жиілігін тексеру
6. Тыныс жиілігін тексеру
7. Пальпация
8. Перкуссия
9. Аускультация
Қосымша диагностикалық тексерулер:
1. Пульсоксиметрия
2. ЭКГ
Емдеу тактикасы:
Ағзаның өмірге қауіпті қызметін сақтап қалу емдеудің негізгі мақсаты болып табылады.
Ең алдымен зақымдаған заттың әсерін тоқтатып, зақымдалушыны ыстан,токсикалық заттың әсері бар аймақтан алып шығу керек.Бұл жедел жәрдем келгенше жасалады. Ыстық сұйықтық тиген киімді тездетіп шешу керек.
Термиялық зат әсер еткен соң күйген тіннің жергілікті гипотермиясы тінішілік температураның тез түсуіне әсер етіп,оның зақымдаушы әсері әлсірейді.Ол үшін әсіресе күйік бойынша шектелген аймаққа су, қар, мұз,арнайы суытқыш пакеттер қолданылады.
Химиялық күйік кезінде химиялық зат сіңген киімді шешкен соң зақымдалған аймақты 10-15 минут бойы (кешіккен кезде 30-40 минуттан кем емес) ағынды сумен жуып,алғашқы көмектің әсерін жоғарылататын химиялық нейтрализаторларды қолданады.Содан кейін зақымдалған жерге құрғақ асептикалық таңғыш салады.
Химиялық күйіктің кейбір түріне ұсынылатын нейтрализациялаушы заттар.(сводные данные: Р.И.Муразян, Н.Р. Панченков, 1983; В.М. Бурмистров, А.И. Буглаев, 1986)
Зақымдаушы зат
|
Нейтрализация заттары
|
әк
|
20% қант ерітіндісімен таңғыш
|
Карбол қышқылы
|
глицеринмен немесе әк сүтімен
|
Хром қышқылы
|
5% натрий тиосульфаты ерітіндісімен таңғыш*
|
Фторсутегі қышқылы
|
5% углекислого алюминий ерітіндісімен немесе глицерин және окиси магния қоспасымен таңғыш
|
Сутегі байланыстары
|
нашатыр спиртімен таңғыш
|
Селен тотығы
|
10% натрий тиосульфаты ерітіндісімен таңғыш *
|
Алюминий-органикалық қосылысы
|
Зақымдалған бетті бензинмен, керосинмен, спиртпен сүрту
|
Ақ фосфор
|
3-5% раствором медного купороса немесе 5% калий перманганаты ерітіндісімен таңғыш*
|
Қышқылдар
|
Натрий гидрокарбонаты *
|
Сілтілер
|
1% уксус қышқылы ерітіндісі, 0,5-3% бор қышқылы*
|
Фенол
|
40-70% этил спирті*
|
Хром қосындысы
|
1% гипосульфит ерітіндісі
|
Иприт
|
2% хлорамин ерітіндісі,кальций гипохлориді*
|
Термиялық күйік кезінде күйген аймақтағы киімді шешпей,кесіп алады.Одан кейін таңғыш салынады,ал таңғыш болмаған жағдайда кез-келген таза мата қолданылады.Таңғыш салудың алдында киім жабысқан күйген жерді тазартуға,көпіршікті жаруға болмайды.
Әсіресе көлемді күйіктерде ауру сезімін басу үшін-седативті заттар- диазепам* 10мг-2,0 мл к/і (седуксен, элениум, реланиум, сибазон, валиум), ауыру сезімін басқыш- наркотикалық аналгетиктер (промедол (тримепиридин гидрохлориді) 1%-2,0 мл, морфин 1%-2,0 мл, фентанил 0,005%-1,0 мл к/і), ал олар болмаған жағдайда кез-келген ауруды басатын заттар (баралгин 5,0 мл к/і, анальгин 50%-2,0 к/і, кетамин 5%-2,0* мл к/і) және антигистаминді препараттар - дифенгидрамин 1%-1,0 мл* к/і (димедрол, дипразин, супрастин).
Егер науқаста жүрек айну, құсу, шөлдеу болмаса да оған 0,5-1,0л сұйықтық беру керек.
Дененің 20% күйген ауыр науқастарға тездетіп инфузионды емді бастайды: көктамыр ішіне глюкозотұзды ерітіндісін (0,9% натрий хлориді ерітіндісін*, трисоль*, 5-10% глюкоза ерітіндісін*),гемодинамикалық көрсеткіштерді қалыпты деңгейде ұстап тұратын көлемде құяды.
Госпитализациялау үшін көрсетімдер: Дененің 15-20% көп I дәрежелі күйіктері; Дененің 10% көп II дәрежелі күйіктері; Дененің 3-5% көп IIIа дәрежелі күйіктері; IIIб-Ivдәрежелі күйіктер; беттің күйігі,білектің,табанның,аралықтың; химиялық күйіктер, электржарақаты және электрокүйіктер.
Күйіктік шок жағдайындағы айқын гемодинамика бұзылыстары (әлсіз, жиі пульс, тұрақты гипотония, шөлдеу, құсу),тыныс жолдарының ингалияциялық зақымдануы бар, угарлы газбен уланған, жалпы гипотермиясы бар, жүрек ритмі бұзылған барлық науқастар жедел реанимациялық көмекті қажет етеді.Ондай зақымданушыларды тасымалдау кезінде жүрекке ЭКГ жасап, тексеріп отыру керек.
Негізгі дәрі-дәрмектер тізімі:
1. *Диазепам 10мг -2,0 мл, амп
2. *Кетамин 5% -1,0 мл, амп
3. *Дифенгидрамин 1%-1,0мл, амп
4. *Промедол 1%-2,0 мл,амп
5. *Натрий хлориді 0,9% -10мл, амп
6. *Натрий хлориді 0,9% 500мл, фл
Қосымша дәрі-дәрмектер тізімі:
1. *Калий перманганаты 3г, фл.
2. *Натрий гидрокарбонаты 4% 200,0мл, фл
3. *Натрий тиосульфаты 30%-10,0 мл, амп
4. *Этил спирті 70%-10,0, фл
5. *Бор қышқылы 3%-10,0мл, фл
6. *Кальций гипохлориді, пор.
7. *Фентанил 0,005% -1,0мл, амп
8. *Морфин 1%-1,0мл, апм
9. *Сибазон 10мг-2,0мл, амп
10. * Глюкоза 5%-500,0 мл, фл
11. * Трисоль - 400,0 мл, фл
Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған әдебиеттер:
1. Клинические рекомендации, основанные на доказательной медицине: Пер. с англ. / Под ред. Ю.Л. Шевченко, И.Н. Денисова, В.И. Кулакова, Р.М. Хаитова. -2-е изд., испр. — М.: ГЭОТАР-МЕД, 2002. — 1248 с.: ил.
2. Руководство для врачей скорой медицинской помощи / Под ред. В.А. Михайловича, А.Г. Мирошниченко - 3-е издание, переработанное и дополненное - СПб.:БИНОМ. Лаборатория знаний, 2005.-704с.
3. Тактика ведения и скорая медицинская помощь при неотложных состояниях. Руководство для врачей./ А.Л. Верткин - Астана,2004.-392с.
4. Биртанов Е.А., Новиков С.В., Акшалова Д.З. Разработка клинических руководств и протоколов диагностики и лечения с учетом современных требования. Методические рекомендации. Алматы, 2006, 44 с.
5. Приказ Министра Здравоохранения Республики Казахстан от 22 декабря 2004 года № 883 «Об утверждении Списка основных (жизненно важных) лекарственных средств».
6. Приказ Министра Здравоохранения Республики Казахстан от 30 ноября 2005 года № 542 «О внесении изменений и дополнений в приказ МЗ РК от 7 декабря 2004 года № 854 «Об утверждении Инструкции по формированию Списка основных (жизненно важных) лекарственных средств».
Әзірлеушілер тізімі:
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Жедел және шұғыл медициналық жәрдем, № 2 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі - м.ғ.д., профессор Тұрланов Қ.М. С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Жедел және шұғыл медициналық жәрдем, № 2 ішкі аурулар кафедрасының қызметкерлері: м.ғ.к, доцент Воднев В.П.; м.ғ.к., доцент Дюсембаев Б.К.; м.ғ.к., доцент Ахметова Г.Д.; м.ғ.к., доцент Бедельбаева Г.Г.; Альмухамбетов М.К.; Ложкин А.А.; Маденов Н.Н.
Алматы мемлекеттік дәрігерлер біліміг жетілдіру институтыеың «Шұғыл медицина» кафедрасының меңгерушісі - м.ғ.к., доцент Рахымбаев Р.С. Алматы мемлекеттік дәрігерлер біліміг жетілдіру институтыеың «Шұғыл медицина» кафедрасының қызметкерлері: м.ғ.к., доцент Силачев Ю.Я.; Волкова Н.В.; Хайрулин Р.З.; Седенко В.А.
* - Негізгі (өмірге маңызды) дәрілік заттар тізіміне кіретін препараттар
Достарыңызбен бөлісу: |