Күкірт қышқылы- күкірттің маңызды қосылыстарының бірі. Ол екі негізді қышқыл, орта және қышқыл тұздар түзеді. Формуласы: H2SO4.
Физикалық қасиеті. Күкірт қышқылы – түссіз, май тәрізді, ұшпайтын, суда жақсы еритін сұйық зат. Ол сумен кез келген қатынаста араласа алады. Сумен әрекеттестірген уақытта көп мөлшерде жылу бөлінеді.
70% -дан астам массаслық үлесі бар күкірт қышқылының сулы ерітіндісі – концентрлі күкірт қышқылы деп аталады, ал 70%-дан аз болса, сұйылтылған күкірт қышқылы деп аталады.
Концентрлі күкірт қышқылы гигроскопиялық қасиетке ие.
Сұйылтылған күкірт қышқылы қышқылдарға тән барлық қасиеттерді көрсетеді. Ол индикатордың түсін өзгертеді.
Лакмус индикаторында- қызыл
Фенолфталеин индикаторында- түссіз
Метилоранж индикаторында – қызғылт түске боялады.
Сұйылтылған күкірт қышқылының химиялық қасиеті. Белсенділік қатарындағы сутекке дейінгі металдармен әрекеттесіп, сутек бөлінеді.
Zn+H2SO4 = ZnSO4+H2↑
Металл оксидтерімен әрекеттеседі:
MgO+ H2SO4 =MgSO4+H2O
Негіздермен әрекеттеседі:
2 KOH+ H2SO4 =K2SO4+ 2H2O
Әлсіз қышқылдардың тұздарымен әрекеттеседі:
Na2CO3+ H2SO4= Na2SO4+H2O+CO2↑
Концентрлі күкірт қышқылы – күкірт атомдарының +6 тотығу дәрежесі әсерінен күшті тотықтырғаш болып табылады. Коцентрлі күкірт қышқылы белсенділік қатарындағы сутекке дейін ғана емес, сонымен қатар сутектен кейін (алтын мен платинадан басқа) орналасқан металдармен де әрекеттесе алады.
Мысалы: Cu+ 2H2SO4= CuSO4+SO2↑+2H2O
Темір, алюминий және кейбір белсенді металдар кәдімгі жағдайда концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттеспейді. Сондықтан оны болаттан жасалған цистерналарда сақтайды және тасымалдайды.
Күкірт қышқылының тұздары:
Екі негізді болғаннан кейін екі типті тұз түзеді. Орта тұз- натрий сульфаты:
H2SO4+2NaOH = Na2SO4+2H2O
Қышқыл тұз- натрий гидросульфаты
H2SO4+NaOH =NaHSO4+H2O
Қышқыл қалдығының құрамындағы гидро жалғауы құрамында сутек атомының бар екенін көрсетеді. Көптеген сульфаттар мен гидросульфаттар суда жақсы ертін заттар.
Ⅱ А топтағы металдардың сульфаттарының суда ерігіштігі Mg-ден Ba-ге қарай кемиді, барий сульфаты іс жүзінде ерімейді. Барий тұзының ерітіндісін, мысалы BaCl2 барий хлоридін күкірт қышқылының немесе сульфаттардың судағы ерітіндісіне қосқанда, барий сульфатының ақ түсті тұнбасы түзіледі:
BaCl2+Na2SO4 = BaSO4↓+2NaCl
Сондықтан барийдің ерімтал тұздары күкірт қышқылымен тұздары үшін реактив болып табылады.
Күкірт қышқылы мен тұздарының қолданылуы. Металлургияда, мұнай өнімдерін тазартуда, аккумуляторда қышқыл электролит ретінде жүреді. Күкірт қышқылының тұздары минералды тыңайтқыштар алуда, құрылыста, медицинада, ауылшаруашылық зиянкестермен күресуде, сода мен шыны өңдіруде пайдаланылады.
Мысалы: СuSO4∙5H2O мыс купоросы және FeSO4∙7H2O темір купоросы ауыл шаруашылығында ағаштарға антисептик ретінде қолданылады.
MgSO4∙7H2O (ащы немесе ағылшын тұзы) бояулар алуда және медицинада іш жүргізетін дәрі ретіңде кеңінен пайдаланылады.
№1 тапсырма. Күкірт қышқылы мен тұздарына байланысты дұрыс және бұрыс тұжырымдарды анықта. Дұрыс болса «Д», бұрыс болса «Б» белгісімен белгіле
1.Күкірт қышқылы іс жүзінде суда ерімейді.
2. Барий сульфаты сумен кез келген қатынаста әрекеттесе алады.
3.Күкірт қышқылы май тәрізді сұйықтық
4.Күкірт қышқылы судан жеңіл
5. Құрамында 70 %-дан аз мөлшерде массалық үлесі бар қышқыл – сұйылтылған қышқыл деп аталады.
6.Сұйылтылған күкірт қышқылы металдардың кернеулік қатарында орналасқан барлық металдармен әрекеттесе алады.
7.Концентрлі күкірт қышқылы алтын мен платинадан басқа барлық металдармен байланыс түзе алады.
8.Концентрлі күкірт қышқылы күшті тотықтырғыш
9.Күкірт қышқылы бірнегізді қышқыл
10. Күкірт қышқылы тек қана орта тұздарды ғана түзе алады.
Жауабы:
1.Күкірт қышқылы іс жүзінде суда ерімейді. Б
2. Барий сульфаты сумен кез келген қатынаста әрекеттесе алады. Б
3.Күкірт қышқылы май тәрізді сұйықтық. Д
4.Күкірт қышқылы судан жеңіл. Б
5. Құрамында 70 %-дан аз мөлшерде массалық үлесі бар қышқыл – сұйылтылған қышқыл деп аталады. Д
6.Сұйылтылған күкірт қышқылы металдардың кернеулік қатарында орналасқан барлық металдармен әрекеттесе алады. Б
7.Концентрлі күкірт қышқылы алтын мен платинадан басқа барлық металдармен байланыс түзе алады. Д
8.Концентрлі күкірт қышқылы күшті тотықтырғыш. Д
9.Күкірт қышқылы бірнегізді қышқыл. Б
10. Күкірт қышқылы тек қана орта тұздарды ғана түзе алады. Б
№2 тапсырма Төменде көрсетілген реакциялардың ішінен іс жүзінде жүрмейтінін анықта. Іс жүзінде жүруі мүмкін реакцияларды аяқтап, реакцияны теңестір.
1. Al+H2SO4(конц) =
2. Cu+H2SO4(конц) =
3. Cu+ H2SO4(сұйылт) =
4. Al+ H2SO4(сұйылт) =
5. Au+ H2SO4(конц) =
6. ZnO+ H2SO4(сұйылт) =
7. H2SO4+Ca(OH)2 =
8. Fe+ H2SO4(сұйылт) =
9. Fe+ H2SO4(конц) =
Жауабы:
Al+H2SO4(конц) = реакция жүрмейді.
Cu+2H2SO4(конц) = CuSO4+SO2↑+2H2O
Cu+ H2SO4(сұйылт) = реакция жүрмейді.
2Al+ 3H2SO4(сұйылт) = Al2(SO4)3+3H2↑
Au+ H2SO4(конц) = реакция жүрмейді.
ZnO+ H2SO4(сұйылт) =ZnSO4 +H2↑
H2SO4+Ca(OH)2 = CaSO4 +2H2O
Fe+ H2SO4(сұйылт) = FeSO4+H2↑
Fe+ H2SO4(конц) = реакция жүрмейді
|