Авиациялық персонал куәлiгi берiлетiн адамдарға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы



Дата26.06.2016
өлшемі22.71 Kb.
#159339
"Авиациялық персонал куәлiгi берiлетiн адамдарға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 13 маусымдағы № 362 бұйрығына өөзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2013 жылғы 20 қарашадағы № 909 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2013 жылы 20 желтоқсанда № 9004 тiркелдi


"Егемен Қазақстан" 01.02.2014 ж. № 22 (28246); "Казахстанская правда" от 01.02.2014 г. № 23 (27643);


      Азаматтық авиация саласындағы қызметтi реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Авиациялық персонал куәлiгi берiлетiн адамдарға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 13 маусымдағы № 362 бұйрығына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн (мемлекеттiк тiркеу нормативтiк құқықтық актiлер тiзiлiмiнде № 7058 тiркелген, «Казахстанская правда» газетiнде № 251 (26672) 2011 жылғы 10 тамызда жарияланған):
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген авиациялық персонал куәлiгi берiлетiн адамдарға қойылатын бiлiктiлiк талаптарында:
       73-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) рульдеу диспетчерлiк пункт, старттық диспетчерлiк пункт, мұнара диспетчерлiк пунктi, шеңбер диспетчерлiк пунктi, жақындау диспетчерлiк пунктi, жергiлiктi диспетчерлiк пункт, аудандық диспетчерлiк пункт (орталықтың), диспетчер-нұсқаушысы, аға диспетчер, ұшу басшысы үшiн үшiншi класты қолданыстағы медициналық қорытындысының (сертификатының) болуы.
      Брифинг диспетчерлiк пунктi, әуе қозғалысын жоспарлау, бақылау және үйлестiру диспетчерi, Әуе қозғалысын жоспарлау бас орталығының ауысым бастығы үшiн «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлер тiзiлiмiнде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 тiркелген) бекiтiлген № 086/е нысаны бойынша медициналық анықтаманың (дәрiгерлiк кәсiби-консультациялық қорытынды) болуы.».
      2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi (Б.К. Сейдахметов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркелуiн;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, соның iшiнде Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң интернет-ресурсында және мемлекеттiк органдардың интернет-порталдарында орналастырылуын;
      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы «Әдiлет» республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесiне ресми жариялауға көшiрмесiн жiберудi;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн 5 жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк тiркеу және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жiберу туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Заң департаментiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация вице-министрi А.Ғ. Бектұровқа жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                                     А. Жұмағалиев

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет