Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы



Дата26.02.2016
өлшемі291.4 Kb.
#27062

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ

БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ
Алматы қаласы 2000 жылғы 24 тамыз № 331

Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесiн бекiту туралы


Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 ж. 12 қазанда № 1260 тіркелді

(2007.28.05 берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Қазақстан Республикасында төлем карточкаларының айналысын реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесi бекiтiлсiн және осы аталған Ереже күшiне енгiзiлген күннен бастап үш айлық мерзiм өткен соң күшiне енгiзiлетiн 35-тармақтан басқасы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап екi апталық мерзiм өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.

2. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.):

1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қарастырсын;

2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екi апталық мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне және аумақтық филиалдарына жiберсiн.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдары осы қаулыны және Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесiн екiншi деңгейдегi банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсiн.



Ұлттық Банк

Төрағасы Г. Марченко

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі



Басқармасының 2000 жылғы 24 тамыздағы

331 қаулысымен бекітілген



Қазақстан Республикасында төлем

карточкаларын шығару және пайдалану ережесi

Енгізілген өзгерістер:

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 ж. 3 қыркүйектегі № 328 қаулысымен;

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 ж. 2 қыркүйектегі № 361 қаулысымен.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.10.03 ж. № 370 қаулысымен;

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.10.03 ж. № 371 қаулысымен. (01.01.05 ж. күшіне енеді)

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005.27.08. № 91 қаулысымен

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005.29.10. № 138 қаулысымен

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.28.05. № 58 қаулысымен (күшіне енетін мерзімін қара)



1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару талаптарын белгілейді және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлем жасау кезінде төлем құжаттарын ресімдеу мен пайдалану тәртiбiн белгiлейдi.

2. Осы Ереже тек аталмыш заңды тұлғаның қызметкерлерiне қызмет көрсетуге арналған заңды тұлғаның төлем карточкалары жүйесiне қолданылмайды.

ҚР ҰБ Басқармасының 03.09.01 ж. № 328; 27.10.03 ж. № 370 (бұр. ред. қара); 27.10.03 ж. № 371 (бұр. ред. қара) (01.01.05 ж. күшіне енеді) қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді; ҚР ҰБ Басқармасының 2007.28.05. № 58 қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



3. Осы Ережеде «Ақша төлемі мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабында көзделген негізгі ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар қолданылады:

1) авторизация - эмитенттің төлем карточкасын пайдалана отырып төлем жасауға рұқсат беруі. Авторизацияны алу рәсімі төлем карточкалары жүйесінің ішкі ережелеріне және/немесе төлем карточкалары жүйесіне қатысушылар арасында жасалған шарттарға сәйкес белгіленеді;

2) банкомат - төлем карточкаларын ұстаушыларға қолма-қол ақшаны алуға және төлем карточкаларын пайдалана отырып банктің басқа да қызметін пайдалануға мүмкіндік беретін электронды- механикалық құрылғы;

3) дебеттік карточка - ұстаушыға клиенттің карт-шотындағы ақша сомасы шегінде төлем жасауға мүмкіндік беретін төлем карточкасы. Дебеттік карточка ұстаушыға эмитент берген заем сомасы шегінде төлем жасауға мүмкіндік береді;

4) дербес бірегейлендіру нөмірі - төлем карточкасын ұстаушыға берілетін және төлем карточкасын ұстаушыны бірегейлендіруге арналған құпия код;

5) кәсіпкер - өзі жеткізетін тауарларына және/немесе қызметіне төлемді ақша аудару арқылы жасауға арналған төлем карточкаларын қабылдайтын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға;

6) процессинг - төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді және басқа да операцияларды жүзеге асырған кезде қалыптасатын ақпаратты жинауға, өңдеуге және беруге байланысты қызмет;

7) клиент - эмитентпен төлем карточкасын беру туралы шарт жасаушы және карт-есепшоттың иесі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;

8) корпоративті төлем карточкасы - ұстаушыға эмитент пен заңды тұлға-карт-шот иесінің арасында жасалған төлем карточкасын беру туралы шарт негізінде берілетін төлем карточкасы. Корпоративті төлем карточкасын пайдалана отырып төлем жасау заңды тұлғаның карт-шотындағы ақша сомасы және/немесе аталмыш заңды тұлғаға берілген заем сомасы шегінде жүзеге асырылады. Корпоративті төлем карточкасын ұстаушы заңды тұлғаның-карт-шот иесінің уәкілетті өкілі болып табылады;

9) эмитенттің шоғырландырылған шоты - банк эмитент ашқан және алдын-ала төленген төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылатын операцияларды есепке алуға арналған ішкі шот;

10) кредиттік карточка - ұстаушыға эмитент пен клиент арасында жасалған банктік заем шартының талаптарына сәйкес эмитент берген заем сомасы шегінде төлем жасауға мүмкіндік беретін төлем карточкасы;

11) төлемдік емес қосымшалар - төлемдерді жүзеге асыруға, қолма-қол ақша беруге және төлем карточкасында орналастырылуы/іске асырылуы мүмкін банктік қызмет көрсетулердің өзге түрлерін көрсетумен байланысты емес қосалқы қосымшалар/функциялар;

12) процессинг ұйымы - процессингті, сондай-ақ төлем карточкалары жүйесіне қатысушылармен жасалған шарттарда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын төлем карточкалары жүйесіне қатысушы;

13) сауда чегі - төлем карточкасын пайдалана отырып төлем жасау фактісін растайтын құжат;

14) слип - кәсіпкердің немесе эквайердің төлем карточкасын пайдалана отырып төлем жасау кезінде қағазға шығарылған төлем құжаты;

15) төлем карточкалары жүйесінің ішкі ережелері - соған сәйкес төлем карточкалары шығарылатын және оларды пайдалану арқылы төлем карточкалары жүйесінде төлем жасалатын ереже;

16) төлем карточкаларын шығару - ұстаушыларға төлем карточкасын беру туралы шарт негізінде не алдын ала төленген төлем карточкаларын беру кезінде мұндай шарт жасамай-ақ төлем карточкаларын беруді көздейтін операция;

17) төлем карточкаларының жүйесі - осы төлем карточкалары жүйесінің ішкі ережелеріне сәйкес төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін бағдарламалық- техникалық құралдардың, құжаттаманың және ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың жиынтығы;

Микропроцессорлық карточкалар негiзiнде Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн дамыту бағдарламасын бекiту туралы ҚР Үкіметінің 2002 ж. 2 шілдедегі № 713 қаулысын қараңыз



18) төлем карточкалары жүйесіне қатысушы - жасалған шарттарға сәйкес төлем карточкаларының белгілі бір жүйесінің төлем карточкасын пайдалана отырып ақы төлеу кезінде жасалған төлем құжатын беру, өңдеу және/немесе орындау бойынша міндеттемелер туындайтын жеке немесе заңды тұлға;

19) төлем карточкасын беру туралы шарт - эмитент пен жеке немесе заңды тұлға арасында жасалатын шарт, оның негізінде төлем карточкасы беріледі;

20) төлем карточкасы - электронды терминалдар немесе өзге құрылғылар арқылы ақшаға қол жеткізу құралы, онда карточканы ұстаушыға төлем жасауға, қолма-қол ақша алуға, валюта айырбастауға және төлем карточкасының эмитенті белгілеген әрі соның шарттары бойынша басқа операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін ақпарат болады. Төлем карточкасы дебеттік карточка және кредиттік карточка болып екіге бөлінеді;

21) алдын ала төленген төлем карточкасы - ұстаушысына бастапқы ұстаушы алдын ала салған және эмитенттің шоғырландырылған есебінде есептелген ақша сомасы шегінде төлемдерді жүзеге асыру және/немесе қолма-қол ақша алу мүмкіндігін беретін төлем карточкасы. Алдын ала төленген төлем карточкасында оның ұстаушысын бірегейлендіруге мүмкіндік беретін деректемелер болмайды;

22) төлем карточкасын доғару - төлем карточкасын пайдалана отырып төлем жасауға толық немесе уақытша тыйым салу;

23) төлем карточкасының деректемелері - төлем карточкасының ұстаушыға, эмитентке және төлем карточкаларының жүйесіне тиесілігін айқындауға мүмкіндік беретін төлем карточкасындағы және/немесе онда сақталатын ақпарат;

24) төлем карточкасын ұстаушы - төлем карточкасын беру туралы шартқа сәйкес төлем карточкасын пайдалануға құқығы бар немесе егер төлем карточкасы алдын-ала төленген болса, оған тікелей иелік етуші жеке тұлға;

25) эквайер - төлем карточкасын пайдалана отырып төлем жасаған кезде кәсіпкермен жасалған шарт талаптарына және/немесе кәсіпкерде жасалған төлем құжаты талаптарына сәйкес кәсіпкердің пайдасына келіп түскен ақшаны қабылдауға және/немесе кәсіпкермен жасалған шартта көзделген өзге де іс-әрекеттерді орындауға тиісті банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі - банк). Сондай-ақ төлем карточкасы бойынша қолма-қол ақша беретін банк те эквайер болып табылады;

26) эмитент - төлем карточкаларын шығаратын банк.

2-тарау. Төлем карточкаларын шығару

ҚР ҰБ Басқармасының 27.10.03 ж. № 370 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

4. ҚР ҰБ Басқармасының 2007.28.05. № 58 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) (2007 жылғы 9 тамыздан батсап қолданысқа енгізіледі)

5. ҚР ҰБ Басқармасының 27.10.03 ж. № 370 қаулысымен 5-тармақ алынып тасталды (бұр. ред. қара)

6. Қазақстан Республикасының аумағында төлем карточкаларын тек қана Қазақстан Республикасының резиденттерi шығарады.

ҚР ҰБ Басқармасының 2007.28.05. № 58 қаулысымен 6-1-тармақпен толықтырылды

6-1. Эмитент шығарған төлем карточкасында олардың арасындағы жасалған шарттарға сәйкес басқа тұлғалар іске асыратын қызмет көрсетулердің белгілі бір түрлерін ұсыну немесе есепке алу үшін пайдаланылатын төлемдік емес қосымшалар болуы мүмкін.

ҚР ҰБ Басқармасының 2007.28.05. № 58 қаулысымен 6-2-тармақпен толықтырылды

6-2. Эмитенттер алдын ала төленген төлем карточкаларын шығаруды, таратуды және қызмет көрсетуді осы Ереженің және төлем карточкалары жүйесінің ішкі ережелерінің талаптарына сәйкес өздері әзірлеген және бекіткен ішкі құжаттар негізінде жүзеге асырады.

ҚР ҰБ Басқармасының 2007.28.05. № 58 қаулысымен 6-3-тармақпен толықтырылды

6-3. Эмитент шығаруы мүмкін алдын ала төленген төлем карточкасының ең көп сомасы оның ұстаушысы алдын ала төленген төлем карточкасын пайдалана отырып операцияны жүзеге асыра алатын шекте алдын ала төленген төлем карточкасы шығарылған күнгі 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішке тең сомадан немесе оның шетел валютасындағы баламасынан аспауы тиіс.

ҚР ҰБ Басқармасының 2007.28.05. № 58 қаулысымен 6-4-тармақпен толықтырылды

6-4. Эмитент алдын ала төленген төлем карточкасында көрсетілген осы Ереженің 6-3-тармағында белгіленген мөлшері шегінде алдын ала төленген төлем карточкасын шығаруға құқылы. Белгіленген номиналы бар алдын ала төленген төлем карточкалары толықтырылмайды.

ҚР ҰБ Басқармасының 2007.28.05. № 58 қаулысымен 6-5-тармақпен толықтырылды

6-5. Эмитент алдын ала төленген төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылған операциялардың түрлеріне және сомаларына шектеулер қоюға құқылы.

7. Төлем карточкасын беру туралы шартта мынадай мiндеттi талаптар болуы тиiс:

1) төлем карточкасын беру талаптары;

2) төлем карточкасын пайдалана отырып төлем жасау талаптары;

3) қосымша карточкалар берiлетiн тұлғалардың тiзiмi немесе тұлғалардың тiзiмiне сiлтеме жасау (төлем карточкасын беру туралы шарт негiзiнде әр түрлi ұстаушыларға бiрнеше төлем карточкаларын берген жағдайда);

4) төлем карточкасын алып қою және доғару талаптары;

5) төлем карточкасының және/немесе төлем карточкасын беру туралы шарттың қолданылу мерзiмi;

6) тараптардың құқықтары мен мiндеттерi;

7) тараптардың жауапкершiлiгi.

Төлем карточкасын беру туралы шартта тараптар келiсiлген өзге де талаптар көзделуi мүмкiн.

8. Төлем карточкасын берген кезде эмитент төлем карточкасын ұстаушыны төлем карточкасын пайдалану ережелерiмен таныстыруға мiндеттi.

9. Жеке тұлға төлем карточкасын алған күннен бастап төлем карточкасының ұстаушысы болып табылады. Ұстаушының төлем карточкасын алуын оны алғанын куәландыратын құжаттағы төлем карточкасын ұстаушының қолы немесе ұстаушының төлем карточкасын алу фактiсiн растайтын өзге де айғақтама растайды.

10. Төлем карточкасын беру туралы эмитент пен клиент арасында жасалған шарт негiзiнде жеке тұлғаларға бiрнеше қосымша төлем карточкаларын беруге рұқсат етiледі.

11. Әр түрлі жеке тұлғаларға қосымша төлем карточкаларын берген кезде қосымша төлем карточкасын ұстаушы мен клиент арасындағы өзара қарым-қатынастар егер өзгедей төлем карточкасын беру туралы шартта белгіленбесе, аталмыш клиенттің талаптарына сәйкес белгіленеді.

12. Эмитент айналыстағы төлем карточкаларының деректемелері бар өзі берген төлем карточкалардың тізілімін жүргізуі тиіс. Берілген карточкалардың тізілімінде қосымша ақпараттың болуын және аталмыш тізілімді жүргізу нысанын эмитент өзінше белгілейді.

ҚР ҰБ Басқармасының 2007.28.05. № 58 қаулысымен 3-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)



3-тарау. Карт-есепшот және эмитенттің шоғырландырылған шоты

 

ҚР ҰБ Басқармасының 27.10.03 ж. № 370 қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

13. Карт-есепшоттарды ашу, жүргiзу және жабу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрі - Ұлттық Банк) нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

ҚР ҰБ Басқармасының 2007.28.05. № 58 қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

14. Карт-есепшоттар теңгемен, сол сияқты шетел валютасымен де ашылуы және жүргiзiлуi мүмкiн. Төлем карточкаларын, алдын ала төленген төлем карточкаларын қоспағанда пайдалана отырып жасалатын барлық төлемдер (карт-есепшоттағы клиенттiң ақша сомасы шегiнде, сол сияқты эмитент берген заем сомасы шегiнде де) карт-есепшоттарда көрiнедi.

ҚР ҰБ Басқармасының 2007.28.05. № 58 қаулысымен 14-1-тармақпен толықтырылды

14-1. Эмитент алдын ала төленген төлем карточкалары ұстаушыларының ақшасын есепке алу үшін эмитенттің шоғырландырылған шотын ашады. Алдын ала төленген төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылатын барлық төлемдер эмитенттің шоғырландырылған шотында көрсетіледі.

15. Төлем карточкаларын пайдалана отырып төлем жасау үшiн заем эмитент пен клиент арасында жасалған банктiк заем шартының негiзiнде берiледi.

ҚР ҰБ Басқармасының 27.10.03 ж. № 370 қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

16. Төлем карточкасын берген және карт-есепшотты ашқан кезде төлем карточкасын беру туралы карт-шот шарттың шарттың, банктiк есепшот шартының және/немесе банктiк заем шартының бөлiктерi бар аралас шартты жасауға жол берiледi.

17. Төлем карточкасын пайдалана отырып төлем жасау үшiн заем беру Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

18. Заем берудiң тәртiбi мен мерзiмi эмитент пен клиент арасында жасалған банктiк заем шартымен белгiленедi.

19. Эмитент пен клиент арасында жасалған төлем карточкасын беру туралы шарттың негiзiнде берiлген бiр немесе әр түрлi төлем карточкалары жүйелерiнiң бiрнеше төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған төлемдердiң бiр карт-есепшотта көрiнуiне жол берiледi.

ҚР ҰБ Басқармасының 03.09.01 ж. № 328 қаулысымен 20-тармақ жаңа редакцияда

20. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005.29.10. № 138 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

ҚР ҰБ Басқармасының 03.09.01 ж. № 328 қаулысымен 21-тармақ өзгертілді

21. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005.29.10. № 138 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

22. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005.29.10. № 138 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

4-тарау. Төлем құжаттарын жасау

ҚР ҰБ Басқармасының 2007.28.05. № 58 қаулысымен 23-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

23. Кәсіпкердің төлем карточкасын пайдалана отырып төлемді жүзеге асырған кезде төлем құжаты сатылған тауарлар немесе көрсетiлген қызмет үшiн ақша төлеу туралы кәсiпкердiң эквайерге берген нұсқауы болып табылады. Қолма-қол ақшаны алған кезде төлем құжаты ұстаушыға төлем карточкасы бойынша берiлген қолма-қол ақша сомасын өтеу туралы эквайердiң эмитентке немесе делдал банкке берген нұсқауын бiлдiредi.

Эмитентке тиесілі банкоматтар арқылы төлем карточкасын пайдалана отырып төлемді жүзеге асыру кезінде жасалатын төлем құжаты төлем карточкасын ұстаушының эмитентке бенефициардың пайдасына ақша аудару туралы нұсқауын білдіреді.

24. Төлем құжаты төлем карточкалары жүйесiнiң қатысушылары арасында электронды түрде, сол сияқты қағазға да шығарылып жасалуы және берiлуi мүмкiн. Қағазға шығарылатын төлем құжатының негiзiнде жасалған электронды төлем құжатында қағазға шығарылған құжаттар үшiн мiндеттi болып саналатын деректемелердi есепке алмағанда, қағазға шығарылған төлем құжатында көрсетiлген барлық деректемелер болуы тиiс.

25. Төлем құжаттарын электронды түрде жасауға және ұсынуға төлем карточкалары жүйесiнiң iшкi ережелерiмен және/немесе төлем карточкалары жүйесiнiң қатысушылары арасында жасалған шарттармен белгiленген санкцияланбаған төлемдерден қорғау iс-әрекеттерi тәртiбiн сақтаған кезде ғана рұқсат берiледi.

26. Төлем құжаттары мемлекеттiк және/немесе орыс тiлдерiнде жасалады. Төлем құжаттарын жасау кезiнде өзге тiлдердi пайдалану мүмкiндiгi төлем карточкаларының төлем жасалатын жүйесiнiң iшкi ережелерiмен белгiленедi.

27. Төлем құжатында мынадай деректемелер болуы тиіс:

1) төлем құжатының нөмірі, оны жазу күні, айы және жылы;

2) кәсіпкердің және/немесе эквайердің толық атауы (коды);

3) төлем карточкасының деректемелері;

4) төлем сомасы;

5) төлем валютасы;

6) төлем карточкасын ұстаушының қолы (қағазда шығарылған төлем құжаттары үшін);

7) кәсіпкердің немесе эквайердің уәкілетті тұлғасының қолы (қағазда шығарылған төлем құжаттары үшін);

8) төлем белгілеу коды.

28. Төлем құжатында төлем карточкалары жүйесінiң iшкi ережелерi және/немесе төлем карточкалары жүйесiнiң қатысушылары арасында жасалған шарттар белгiлеген қосымша деректемелер болуы мүмкiн.

29. Қағазда шығарылатын төлем құжаты кемiнде үш данада жасалады. Төлем құжатының бiр данасы кәсiпкерде қалады, екiншi данасы төлем карточкасын ұстаушыға берiледi, үшiншiсi эквайерге берiледi. Қолма-қол ақшаны берген кезде эквайерде төлем құжатының екi данасы қалады.

30. Слиптi үш данада жасаған кезде, оның екi данасы көшiрме қағаз арқылы жасалады, слиптiң бiрiншi данасына оның қалған екi данасында көрiнетiн қол қоюға рұқсат етiледi. Сонымен бiрге слиптiң барлық үш данасында жеке қол қою талап етiлмейдi. Эквайерге ақша аудару үшiн слиптiң бiрiншi данасы қойылған қолдардың түпнұсқасымен берiледi.

31. Егер ол төлем карточкасын ұстаушының тiкелей қатысуынсыз жасалған болса, кәсiпкердiң төлем карточкасын ұстаушының қолы қойылмаған слип жасауына жол берiледi. Төлем карточкасын ұстаушының қолы қойылмаған слип төлем карточкасын ұстаушының жеке басын анықтауға мүмкiндiк беретiн электронды құжаттың негiзiнде жасалады.

32. Төлем карточкасын ұстаушының қолы қойылмаған слип жасауға телекоммуникация желiлерi бойынша, телефонмен берiлген хабар негiзiнде немесе төлем карточкасы жүйесiнiң iшкi ережелерiне және/немесе мұндай слип жасау мүмкiндiгiн көздейтiн, кәсiпкер мен клиент арасында жасалған шартқа сәйкес жол берiледi. Мұндай жағдайда, егер жоғарыда аталған хабарды кiмнiң бергендiгiн нақты анықтау мүмкiн болмаса, мұндай жолмен жасалған төлем үшiн жауап беру кәсiпкердiң авторизация алған-алмағандығына қарамастан, кәсiпкерге жүктеледi.

33. Қағазға шығарылған төлем құжатына кез келген түзету енгізуге жол берілмейді.

5-тарау. Төлем карточкаларын пайдалана отырып төлем жасау



ҚР ҰБ Басқармасының 03.09.01 ж. № 328 қаулысымен 34-тармақ жаңа редакцияда

34. Ұстаушы төлем карточкасын тауарды, қызметтi сатып алу, сондай-ақ қолма-қол ақша алу, валюта айырбастау және оның эмитентi белгiлеген Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн талаптарда басқа да операциялар кезiнде төлем жасау мақсатында қолданады.

Төлем карточкаларын пайдалана отырып төлем жасау тауар және қызметтi сатып алу кезiнде төлем карточкасын немесе оның деректемелерiн пайдалана отырып төлем құжатын жасау арқылы жүзеге асырылады.

35-тармақ Ереже күшiне енгiзiлген күннен бастап үш айлық мерзiм өткен соң күшiне енгiзiледі. ҚР ҰБ Басқармасының 03.09.01 ж. № 328 қаулысымен 35-тармақтың қолданылуы 2002 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатылды

35. Қазақстан Республикасының аумағында төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалатын төлем тек қана Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жасалады.

ҚР ҰБ Басқармасының 03.09.01 ж. № 328 қаулысымен ереже 35-1-тармақпен толықтырылды; ҚР ҰБ Басқармасының 02.09.02 ж. № 361 қаулысымен 35-1-тармақ алынып тасталды

35-1. алынып тасталды

ҚР ҰБ Басқармасының 27.10.03 ж. № 371 қаулысымен 35-2-тармақпен толықтырылды (01.01.05 ж. күшіне енеді)

ҚР ҰБ Басқармасының 2005.27.08. № 91 қаулысымен 35-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара

35-2. Қазақстан Республикасының аумағында резидент банктiң төлем карточкаларын пайдалана отырып оның қызмет ету желiсiнде жүзеге асырылған төлемдер бойынша процессингтi осы банк және/немесе процессинг ұйымы жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының аумағында резидент банк шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып басқа резидент банктерге қызмет ету желiсiнде жүзеге асырылған төлемдер бойынша процессингтi процессинг ұйымы жүзеге асырады.

ҚР ҰБ Басқармасының 27.10.03 ж. № 371 қаулысымен 35-3-тармақпен толықтырылды (01.01.05 ж. күшіне енеді)

35-3. ҚР ҰБ Басқармасының 2005.27.08. № 91 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

ҚР ҰБ Басқармасының 2007.28.05. № 58 қаулысымен 35-4-тармақпен толықтырылды

35-4. Процессинг ұйымы эквайермен және кәсіпкерлермен жасалған шарттардың талаптарына сәйкес төлем карточкаларына қызмет көрсетудің меншікті желілерін құруға құқылы.

ҚР ҰБ Басқармасының 2007.28.05. № 58 қаулысымен 36-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

36. Төлем құжатын орындау үшiн беру немесе көрсету тәртiбi төлем жасалған төлем карточкалары жүйесiнiң iшкi ережелерiнде және/немесе төлем карточкалары жүйесiне қатысушылар арасында жасалған шарттарда белгiленедi. Алушы банк төлем құжатын алғаннан кейiн осы Ереженің 36-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей орындайды.

ҚР ҰБ Басқармасының 2007.28.05. № 58 қаулысымен 36-1-тармақпен толықтырылды

36-1. Төлем карточкасын пайдалана отырып салықты немесе бюджетке басқа да міндетті төлемдерді банкоматтар арқылы жүзеге асыру кезінде жасалған төлем құжатын орындау эмитент оны алған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі.

37. Егер төлем бiр валютамен жасалып, ал карт-есепшот басқа валютада жүргiзiлетiн болса, карт-есепшоттан ақша алу төлем валютасын есепшот валютасына айырбастағаннан кейiн жүзеге асырылады. Төлем валютасын есепшот валютасына айырбастау төлем карточкалары жүйесiнiң iшкi ережелерiне және/немесе төлем карточкалары жүйесiне қатысушылар арасында жасалған шарттарға сәйкес жасалады.

38. Егер мұндай талап эмитент пен клиент арасында жасалған шартта айтылған болса, эмитент карт-есепшотта амортизация сомасына ақша доғаруға құқылы. Мұндай жағдайда шартта карт-есепшотта ақша доғару талаптары мен мерзiмi болуы тиiс.

39. Амортизация берiлгеннен кейiн эмитенттiң төлем карточкасын пайдалана отырып төлем жасаған жағдайда жазылған төлем құжатына ақы төлеу бойынша мiндеттеме пайда болады.

40. Клиент өзiнiң карт-есепшотында төлем карточкасын пайдалана отырып төлем жасау кезiнде жазылған төлем құжатын орындау үшiн қажеттi ақша сомасының болуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Қажеттi ақша сомасының болуын қамтамасыз ету, егер олардың арасында жасалған шартта бұлар көзделген болса, эмитенттiң клиентке берген заемы есебiнен жүзеге асырылуы мүмкiн.

41. Төлем карточкасын ұстаушыны дербес бірегейлендіру нөмірінің көмегімен бірегейлендіргеннен кейін ол төлем карточкасын пайдалана отырып төлем жасаған жағдайда сатып алынған тауар, көрсетілген қызмет немесе қолма-қол ақша алғаны үшін жұмсалған ақшаның орнын толтыру бойынша міндеттеме пайда болады.

ҚР ҰБ Басқармасының 03.09.01 ж. № 328 қаулысымен 42-тармақ өзгертілді

42. Төлем карточкасын пайдалана отырып шетел валютасын алу шетел валютасын өткізетін банктің бағамы бойынша алынатын шетел валютасы сомасына теңгемен төлем жасау арқылы жүргізіледі.

43. Эмитент оларға берiлген төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалатын төлем сомасына Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына қайшы келмейтiн шектеулер белгiлеуге құқылы.

44. Төлем карточкасын ұстаушыға төлем карточкаларын пайдалана отырып төлем жасағаннан кейiн сауда чегi немесе төлем карточкаларын пайдалана отырып төлем жасаған жағдайда жасалған төлем құжатының (слиптiң) данасы берiлуi тиiс.

45. Сауда чегiнде мынадай мiндеттi деректемелер болуы тиiс:

1) құжат нөмiрi, оны жазған күнi, айы, жылы;

2) кәсiпкердiң немесе эквайердiң атауы (коды);

3) төлем сомасы;

4) төлем валютасы;

ҚР ҰБ Басқармасының 2007.28.05. № 58 қаулысымен 4-1) тармақшамен толықтырлыды



4-1) төлемді төлем карточкалары жүйесіне бірегейлендіретін авторизация коды немесе басқа код;

ҚР ҰБ Басқармасының 2007.28.05. № 58 қаулысымен 4-2) тармақшамен толықтырлыды

4-2) төлем жүргізу уақыты;

5) төлем карточкасының деректемелерi.

Сауда чегiнде қосымша деректемелер болуы мүмкiн.

ҚР ҰБ Басқармасының 2007.28.05. № 58 қаулысымен 45-1-тармақпен толықтырлыды

45-1. Салықты немесе бюджетке басқа да міндетті төлемдерді банкоматтар арқылы не электронды терминалдар арқылы жүзеге асырған кезде төлем карточкасының ұстаушысына берілетін сауда чегінде осы Ереженің 45-тармағында көрсетілген деректемелерден басқа мынадай қосымша деректемелер болуы тиіс:

1) салық төлеушінің тіркеу номері;

2) салық төлеушінің аты-жөні;

3) бюджеттік жіктеулер кодының сандық мәнін көрсете отырып, салықтың немесе бюджетке басқа төлемнің атауы;

4) салық органының коды;

5) төлем тағайындау коды;

6) комиссиялық сыйақының мөлшері (комиссия алынған жағдайда).

ҚР ҰБ Басқармасының 02.09.02 ж. № 361 қаулысымен 46-тармақ өзгертілді; ҚР ҰБ Басқармасының 27.10.03 ж. № 370 қаулысымен 46-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

46. Төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалатын валюта операциялары банк шоттары бойынша валюта операцияларын жүргiзуге валюта заңдарында белгiленген талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады.

ҚР ҰБ Басқармасының 02.09.02 ж. № 361 қаулысымен 47-тармақ өзгертілді; ҚР ҰБ Басқармасының 27.10.03 ж. № 370 қаулысымен 47-тармақ алынып тасталды (бұр. ред. қара)

47. алынып тасталды

6-тарау. Төлем құжаттарын орындаудан бас тарту және



ақша қайтаруды жүзеге асыру

48. Төлем карточкасын пайдалана отырып төлемді жүзеге асырған жағдайда жасалған төлем құжаты мынадай жағдайларда:

1) төлем құжаты осы Ережеде белгіленген талаптарды және/немесе төлем құжаттарын жасау және ұсыну тәртібінің тиісті шарттарының талаптарын бұза отырып жасалса;

2) төлем құжатының жалған құжат белгісі болса;

3) төлем заңсыз болса;

4) төлем заңды бола тұрып, бірақ төлем құжаты эмитентке төлем құжаты жүйесінің ішкі ережелерін бұза отырып берілсе, орындауға қабылданбауы мүмкін.

49. Эмитент немесе эквайер төлем құжатын алған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей төлем құжатын орындаудан бас тартады.

50. Төлем карточкасын ұстаушы төлем карточкасын пайдалана отырып сатып алынған тауардан немесе қызметтен бас тартқан жағдайда кәсiпкер төлем карточкасын ұстаушыға ақшаны төлем карточкасын ұстаушының пайдасына қолма-қол төлем жасау арқылы қайтарады. Мұндай төлем жасаудың нысаны мен тәсiлiн төлем карточкалары жүйесiнiң iшкi ережелерi бекiтедi.

51. Егер төлем карточкалары жүйесiнiң iшкi ережелерiнде кәсiпкердiң ақшаны төлем карточкасын ұстаушыға қолма-қол төлем жасау арқылы қайтару мүмкiндiгi көзделмеген жағдайда ақшаны қайтару қолма-қол ақшаны пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

52. Карт-есепшоттан ақшаның қате алынғаны немесе есептелгенi анықталған немесе заңсыз төлем жасалған жағдайда клиент бұл туралы эмитентке дереу хабарлауға мiндеттi.

53. Төлем карточкалары жүйесiнiң қатысушылары арасындағы төлем жасауға және төлем құжатын орындауға байланысты шағым талабы Қазақстан Республикасының заңдарында және төлем карточкасы жүйесiне қатысушылар арасында жасалған шарттардың талаптарына сәйкес жасалады.

7-тарау. Ақша аудару

54. Төлем карточкасын пайдалана отырып төлем жасаған жағдайда жасалған төлем құжатының негізінде аударым жасау Қазақстан Республикасының заңдарында және олардың арасында жасалған шарттарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

55. Эмитент төлем құжаты бойынша төлем жасауды кешіктірген жағдайда Қазақстан Республикасының заң актілерінде және төлем карточкасы жүйесіне қатысушылар арасында жасалған шарттарда көзделгендей жауап береді.

56. Төлем карточкасын пайдалана отырып жасалған төлем бойынша кәсiпкердiң пайдасына түскен ақшаны эквайердiң есептеу талаптары мен мерзiмi олардың арасында жасалған шартпен белгiленедi. Егер осы шартта кәсiпкерге ақша есептеу шарттары мен мерзiмi көзделмесе, эквайер кәсіпкердiң пайдасына ақша түскеннен және/немесе кәсiпкердiң пайдасына ақша түскенi туралы көшiрменi алғаннан кейiнгi жұмыс күнiнен кешiктiрмей ақшаны кәсiпкердiң есепшотына есептеуге мiндеттi.

57. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге ақша аударған кезде төлем құжатын орындауға ұсыну мерзiмi төлем жасалған төлем карточкалары жүйесiне қатысушылар арасында жасалған шартта және осы төлем карточкалары жүйесiнiң iшкi ережелерiнде белгiленедi.

58. Кәсiпкер егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының резидентi емес эквайердiң қызметiн пайдалануға құқығы жоқ.

8-тарау. Санкцияланған және санкцияланбаған төлем

59. Егер төлем жасау кезiнде төлем карточкасы оқшауланбаса, оның қолданылу мерзiмi өтпесе және төлем карточкасын төлем жасау үшiн оны ұстаушы төлем жасалған төлем карточкалары жүйесiнiң iшкi ережелерiне сәйкес пайдаланса, төлем карточкасын пайдалана отырып жасалған төлем санкцияланған болып табылады.

Төлемнiң санкциялығына қойылатын талаптарды бұза отырып жасалған төлем санкцияланбаған болып табылады. Сондай-ақ жасанды төлем карточкасын пайдалана отырып жасалған төлем де санкцияланбаған төлем болып табылады.

60. Төлем карточкасының жоғалғаны, ұрланғаны немесе санкцияланбай пайдаланғаны туралы хабар күшiне енгеннен кейiн санкцияланбаған төлем жасалған жағдайда эмитент клиентке олардың арасында жасалған шартта көзделген тәртіппен санкцияланбаған төлем жасауға байланысты шығынды өтейді. Егер клиенттің (төлем карточкасын ұстаушының) санкцияланбаған төлем жасауға қатысқаны немесе оның жүзеге асуына көмектескені анықталса, эмитент санкцияланбаған төлемді жасауға қатысты шығынды клиентке өтеуге міндетті емес.

61. Төлем карточкалары жүйесінің қатысушыларының санкцияланбаған төлемді жүзеге асырғаны үшін жауапкершілігі Қазақстан Республикасының заң актілерінде және төлем карточкасы жүйесіне қатысушылар арасында жасалған шарттарда белгіленеді.

62. Клиенттiң санкцияланбаған төлем жасағаны үшiн жауапкершiлiгi төлем карточкасын беру туралы шартта белгiленедi және эмитенттiң төлем жасағаны үшiн комиссияны қоса алғанда санкцияланбаған төлем сомасынан аспауы тиiс.

63. Егер төлем карточкасында оның қолданылу мерзiмiне нұсқау болмаса, мұндай төлем карточкасын пайдалана отырып оның қолданылу мерзiмi басталғанға дейiн немесе ол аяқталғаннан кейiн жасалған төлем үшiн жауапкершiлiк эмитентке жүктеледi, бұл туралы эмитент пен клиент арасында жасалған шартта жазылуы тиiс.

9-тарау. Төлем карточкаларын доғару және алып қою

64. Эмитент төлем карточкасын мынадай жағдайларда:

1) төлем карточкасын ұстаушыдан төлем карточкасының жоғалғаны, ұрланғаны немесе санкцияланбай пайдаланғаны туралы хабарлама алғанда;

2) төлем карточкасын ұстаушының төлем карточкасын беру туралы шартта көзделген өз мiндеттемелерiн орындамағанда;

3) төлем карточкасын пайдалану ережесiн бұзғанда;

4) клиенттiң карт-есепшотындағы ақшаға тыйым салынғанда немесе клиенттiң карт-есепшоты бойынша жасалатын шығыс операциялары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тоқтатылғанда доғаруға құқылы.

65. Эмитентке төлем карточкасының жоғалғаны, ұрланғаны немесе санкцияланбай пайдаланылғаны туралы жазбаша хабарлау мерзiмi мен әдiстерi, сондай-ақ осы хабарламаның күшiне ену мерзiмi төлем карточкалары жүйесiнiң iшкi ережелерiнде және төлем карточкасын беру туралы шартта белгiленедi.

66. Егер төлем карточкалары жүйесiнiң iшкi ережелерiнде және төлем карточкасын беру туралы шартта төлем карточкасының жоғалғаны, ұрланғаны немесе санкцияланбай пайдаланылғаны туралы жазбаша хабарламаның күшіне ену мерзімі белгіленбесе, онда бұл хабарлама оны эмитент немесе осындай хабарламаны қабылдауға құқысы бар төлем карточкалары жүйесінің өзге қатысушысы алған сәттен бастап күшіне енеді.

67. Эмитент мынадай жағдайларда:

1) төлем карточкасының қолданылу мерзімі аяқталғанда;

2) төлем карточкасын ұстаушының төлем карточкасын беру туралы шартта көзделген өз мiндеттемелерiн орындамағанда;

3) төлем карточкасын ұстаушының төлем карточкасын пайдаланудан бас тартқанда;

4) төлем карточкасын беру туралы шартты бұзғанда төлем карточкасын ұстаушыдан алып қоюға құқылы.

10-тарау. Көшiрме жасау және беру

68. Эмитент клиенттiң талап етуi бойынша оған берiлген төлем карточкасын пайдалана отырып жасалған төлемдер туралы ақпараты бар көшiрме беруге мiндеттi. Көшiрме қағазға шығарылып немесе электронды әдiспен берiлуi және онда мынадай ақпараттар болуы тиiс:

1) төлем карточкаларының деректемелерi;

2) есеп берiлетiн кезеңдегi бастапқы және соңғы күн;

3) әрбiр төлемдi төлем карточкасын пайдалана отырып жүзеге асыру сомасы мен күнi;

4) төлем карточкасын пайдалана отырып төлем жасағаны үшiн клиенттен ұсталған комиссиялық сома мөлшерi.

Көшiрмеде эмитент пен клиент арасындағы уағдаластық және/немесе төлем карточкалары жүйесiнiң iшкi ережелерi бойынша белгiленген қосымша ақпарат болуы мүмкiн.

69. Клиентке берiлген көшiрмеде эмитенттi де айқындайтын деректемелер болуы тиiс.

11-тарау. Қосымша талаптар

70. Белгiлi жүйенiң төлем карточкаларын немесе жаңа үлгiдегi төлем карточкаларын шығаруды бастау немесе аяқтау күнiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде эмитент бұл туралы жазбаша түрде Ұлттық Банкке хабар беруге мiндеттi. Хабарда мыналар көрсетiлуi тиiс:

1) төлем карточкаларын шығарудың басталған немесе аяқталған күні;

2) төлем карточкалары жүйесiнiң атауы;

3) төлем карточкасының түрі (магниттік жолақпен, интегралды микросызбамен, аралас немесе басқа).

ҚР ҰБ Басқармасының 03.09.01 ж. № 328 қаулысымен 71-тармақ өзгертілді

71. Банк Ұлттық Банкке өзi шығарған және қызмет көрсеткен төлем карточкалары туралы мәлiметтердi ұсынады. Аталмыш мәліметтерді беру нысанын және мерзімін Ұлттық Банк белгілейді.

Төлем карточкалары бойынша мәліметтерді жасау және ұсыну жөніндегі нұсқаулықты қараңыз

72. ҚР ҰБ Басқармасының 2007.28.05. № 58 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) (2007 жылғы 9 тамыздан батсап қолданысқа енгізіледі)

73. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.

 


Төраға

Г. Марченко

 


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет