Автокөлiк құралдарының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар



бет1/4
Дата17.07.2016
өлшемі317.5 Kb.
#205982
  1   2   3   4
"Автокөлiк құралдарының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 9 шiлдедегi N 675 Қаулысы


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 32, 334-құжат, "Егемен Қазақстан" 2008 жылғы 15 тамыз, N 253-254


      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған "Автокөлiк құралдарының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                                    К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң     
2008 жылғы 9 шiлдедегi
N 675 қаулысымен  
бекiтiлген     

"Автокөлiк құралдарының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентi

1. Жалпы ережелер

      1. Қолданылу аясы


      Осы Техникалық регламенттi техникалық реттеу объектiлерi қозғалтқышының жұмыс көлемi 50 см3 асатын және ең жоғары конструкциялық жылдамдығы 50 км/сағ жоғары М1 М2, М3, N1, N2 және N3 санатындағы механикалық көлiк құралдары және осы Техникалық регламентке қосымшаға сәйкес жiктелетiн, Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын және пайдаланылатын, сондай-ақ олардың конструкцияларына өзгерiстер енгiзген (қайта жабдықтаған) кезде және оларды пайдалану (пайдаға асыру) мерзiмi аяқталған кезеңде О1, О2, О3 және О4 санатындағы олардың тiркемелерi болып табылады.
      Осы Техникалық регламенттiң әрекетi мынадай:
      ең жоғары конструкциялық жылдамдығы кемiнде 25 км/сағ болатын ақырын жүретiн;
      Қазақстан Республикасының аумағына кемiнде алты ай мерзiмге әкелiнетiн немесе олар иелiктен айыру мүмкiндiгiн көздемейтiн кедендiк режiмдерге орналастырылатын;
      Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында пайдалануға арналмаған;
      тек қана спорт жарыстарына арналған;
      мемлекеттiк қорғаныс тапсырысы шеңберiнде сатып алынатын автокөлiк құралдары механикалық көлiк құралдары мен олардың құрамдас бөлiктерiне қолданылмайды.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 25.12.2013 № 1396 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      2. Техникалық регламентте "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңында белгiленген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      автокөлiк құралы - осы Техникалық регламентке 1-қосымшада келтiрiлген тiзбеге кiретiн қозғалтқышы бар қондырғы немесе осындай қондырғының тiркемесi (жартылай тiркемесi);

      өндiрiстiң жай-күйiн талдау - оның аккредиттеу саласына автокөлiк құралдары және олардың құрамдас бөлiктерi, өнiмнiң өндiрiсiн және өнiм жағдайларын (өтiнiш берiлген типтерi мен қауiпсiздiк талаптарына сәйкес өнiмдi өндiру үшiн қажеттi барабар шаралар мен рәсiмдердiң болуын сол жерде бағалау) тексерудi ұйымдастыруға қатысты құжаттаманы талдау кiретiн, оның құзыретiне сәйкес сәйкестендiрудi растау жөнiндегi орган атқаратын рәсiмдердiң жиынтығы;

      блоктауға қарсы тежеу жүйесi - шұғыл тежеу кезiнде автокөлiк құралдарының тежелудегi дөңгелектерiнiң блокталуын болдырмайтын, жұмыс тежеуi жүйесiнiң қосымша жүйесi;

      қосымша тежеу жүйесi - автокөлiк құралдарының жұмыс тежеу жүйесi тежеу тетiктерiнiң қуат жүктемесiн азайтуға арналған тежеу жүйесi;

      айналымға шығарылатын автокөлiк құралдары - Қазақстан Республикасында дайындалған және бұрын пайдалануда болмаған автокөлiк құралдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына алты айдан көп уақытқа мақсаты бойынша пайдалануға немесе сату үшiн базарға орналастыруға әкелiнген автокөлiк құралдары;

      гигиеналық норматив - зерттеулер белгiлеген, оның адам үшiн қауiпсiздiгi және (немесе) зиянсыздығы тұрғысынан ол болатын ортадағы қандай да бiр факторды сипаттайтын көрсеткiштiң сандық және (немесе) сапалық мәнiнiң рұқсат етiлген ең жоғары немесе ең төмен мағынасы;

      мемлекеттiк техникалық байқау (бұдан әрi - техникалық байқау) - пайдаланудағы автокөлiк құралдарының қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгiн бағалаудың технологиялық рәсiмi, оның негiзiнде оларға жол қозғалысына қатысуға рұқсат беру туралы шешiм қабылданады;

      техникалық құжаттама түпнұсқасын ұстаушы - техникалық құжаттаманың түпнұсқаларына ие және оған өзгерiстер енгiзуге құқығы бар ұйым немесе кәсiпорын;

      дәлелдеу материалдары - техникалық реттеу объектiсiнiң осы Техникалық регламенттiң талаптарына сәйкестiгiн анықтауға мүмкiндiк беретiн ақпаратты құрайтын құжаттар;

      бiрегей автокөлiк құралы - Қазақстан Республикасында дайындалған немесе оған әкелiнген, осы Техникалық регламенттiң талаптарына сәйкестiгiн бағалау үшiн жеке өтiнiш жасалған бiр данадағы автокөлiк құралы;

      аяқталған автокөлiк құралы - оның конструкциялық мақсатына сәйкес автокөлiк немесе көлiктiк-технологиялық функцияларды орындауға қабiлеттi автокөлiк құралы;

      қосалқы тежеу жүйесi - жұмыс тежеу жүйесi iстен шыққан кезде автокөлiк құралдарының жылдамдығын азайтуға немесе оларды тоқтатуға арналған тежеу жүйесi;

      әлемдiк өндiрушiнiң сәйкестендiру коды (WMI) - көлiк құралының (VIN) көлiк нөмiрi сәйкестендiру нөмiрiнiң бiрiншi бөлiмi көлiк құралын өндiрушiнi бiлдiредi. Осы өндiрушiнi сәйкестендiру үшiн көлiк құралын өндiрушiге WMI кодын бередi. WMI коды VIN кодының қалған бөлiмдерiмен бiрге пайдаланылған кезде әлемнiң барлық мемлекеттерiнде 30 жыл iшiнде шығарылған барлық көлiк құралдары үшiн соңғысының қайталанбастығын қамтамасыз етедi;

      көлiк құралының сәйкестендiру нөмiрi (VIN) - көлiк құралын өндiрушiлерге берiлетiн белгiлердiң құрылымды комбинациясы;

      дайындаушы - оларды айналымға шығару ниетiмен не өзi пайдалану үшiн автокөлiк құралын немесе оның құрамдас бөлiктерiн дайындауды жүзеге асыратын, Техникалық регламент талаптарын онда белгiленген шекте орындау үшiн жауап беретiн заңды тұлға немесе жеке тұлға;

      автокөлiк құралының конструкциясындағы өзгерiстер (қайта жабдықтау) - жабдықтың дайындаушы көздеген құрамдас бөлiктерi мен бұйымдарын алып тастау немесе көздемегендердi орнату, оның нәтижесiнде дайындаушы жоспарлаған автокөлiк құралдарының қасиеттерi, параметрлерi және техникалық сипаттамалары өзгередi;

      автокөлiк құралының санаты - БҰҰ Еуропа экономикалық комиссиясының Iшкi көлiк комитетi қабылдаған Көлiк құралдарының конструкциясы туралы жиынтық қарарда (СР. З) қабылданған жiктеуге [1997 жылғы 11 тамыздағы TRANS\WP.29/78/Rеv. 1 құжаты, 7 қосымша] сәйкес көлiк құралдарының бөлiнуi (осы Техникалық регламентке 1-қосымшаны қараңыз);

      құрамдас бөлiктер - автокөлiк құралдарын жинақтау өндiрiсiне жеткiзiлетiн (түпнұсқалық жинақтау бөлiктерi) және (немесе) пайдаланудағы автокөлiк құралдарына сатылғаннан кейiн қызмет көрсету үшiн ауыстыру (қосалқы) бөлiктерi ретiндегi автокөлiк құралдары конструкциясының құрамдас бөлiктерi;

      автокөлiк құралының конструкциялық қауiпсiздiгi - оны дайындау аяқталғаннан кейiн оларға сәйкес болуы тиiс, азаматтың өмiрiне немесе денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың мүлкiне, мемлекеттiк және коммуналдық мүлiкке, қоршаған ортаға зиян келтiрудiң жол берiлмейтiн тәуекелiн болдырмау мақсатында белгiленген, автокөлiк құралдарының конструкциясы параметрлерiнiң жиынтығымен сипатталатын жай-күй;

      механикалық көлiк құралы - мопедтер мен рельспен жүретiн көлiк құралдарын қоспағанда, кез келген өзi жүретiн жол көлiк құралы;

      аяқталмаған автокөлiк құралы - одан әрi құрастыру мақсатында айналымға шығарылатын, дайындалуы аяқталмаған автокөлiк құралы;

      қауiпсiздiктi қамтамасыз ету - техникалық реттеу объектiсiн азаматтың өмiрi мен денсаулығына, жеке адамдар мен заңды тұлғалардың мүлкiне, мемлекеттiк және коммуналдық мүлiкке, қоршаған ортаға зиян келтiрудiң жол берiлмейтiн тәуекелi болмайтын жай-күйге келтiруге бағытталған iс-шаралардың кешенi;

      типiн мақұлдау - автокөлiк құралы типiнiң (шасси) Женева Келiсiмiн ратификациялаған елдердiң аумағында айналымға шығарылатын автокөлiк құралдарының типтерiне қатысты қолданылатын "Дөңгелектi көлiк құралдарына, дөңгелектi көлiк құралдарына орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкiн жабдық бұйымдары мен бөлiктерiне арналған бiрдей техникалық ұйғарымдарды қабылдау және осы ұйғарымдардың негiзiнде берiлетiн ресми пайымдауларды өзара тану шарттары туралы келiсiммен" (1985 жылғы Женева Келiсiмi) үйлестiрiлген оған қатысты барлық белгiленген талаптарға сәйкестiгiн бағалаудың халықаралық практикаға сәйкес келетiн рәсiмi;

      көлiк құралының типiн мақұлдау - бiр типке жатқызылған, айналымға шығарылатын көлiк құралдарының Женева Келiсiмiмен үйлестiрiлген, "Дөңгелектi көлiк құралдарына, дөңгелектi көлiк құралдарына орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкiн жабдық бұйымдары мен бөлiктерiне арналған бiрдей техникалық ұйғарымдарды қабылдау және осы ұйғарымдардың негiзiнде берiлетiн ресми пайымдауларды өзара тану шарттары туралы келiсiмдi" ратификациялаған елде оларға қатысты белгiленген барлық талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжат;

      шассидiң типiн мақұлдау - тиiстi типке жатқызылған, айналымға шығарылатын аяқталмаған автокөлiк құралдарының қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжат. Талаптар жиынтығы конструкцияның аяқталу дәрежесiне қарай айқындалады;

      сатылғаннан кейiн қызмет көрсету - автокөлiк құралдарын пайдаланудың ыңғайлылығын, жоспарланған қызмет мерзiмi шегiнде оның сенiмдiлiгi мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын шаралар кешенi. Оған: жоспарлы техникалық қызмет көрсету, автокөлiк құралдарын жөндеу, анықтамалық әдебиет шығару, ауыстыратын (қосалқы) бөлiктермен қамтамасыз ету, техникалық қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлерiн оқыту, сондай-ақ автокөлiк құралдарының пайдалану қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған басқа да iс-шаралар кiредi;

      Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Еуропа экономикалық комиссиясының ережесi (БҰҰ ЕЭК ережесi) - 1958 жылғы Женева Келiсiмiне сәйкес қабылданған және 1958 жылғы Женева Келiсiмiне қосымшалар болып табылатын техникалық ұйғарымдар, осы Техникалық регламенттiң мақсаттары үшiн қолданылатын БҰҰ ЕЭК ережесiнiң тiзбесi 2-қосымшада берiлген;

      автокөлiк құралдарын сату кезiндегi өндiрiс процесi - өндiрушiлер автокөлiк құралдары үшiн ұйғарған және автокөлiк құралдарын сатушылар мен автокөлiк құралдарын өндiрушiлер жүзеге асыратын мiндеттi техникалық ықпал ету кiретiн процесс;

      автокөлiк құралдарын мемлекеттiк техникалық байқау шеңберiнде бақылау - диагностикалық жұмыстар жүргiзу кезiндегi өндiрiс процесi - автокөлiк құралдарының пайдалану қауiпсiздiгiн бағалау үшiн қажеттi техникалық ықпал етулердiң жиынтығы;

      автокөлiк құралдарына қызмет көрсету және/немесе оларды жөндеу кезiндегi өндiрiс процесi - автокөлiк құралдарының ақаусыз жай-күйiн қалыпқа келтiру үшiн қажеттi, автокөлiк құралдарын өндiрушiлер ұйғарған техникалық ықпал етулердiң жиынтығы;

      көлiк құралын тiркеу туралы куәлiк - көлiк құралы иесiнiң меншiк құқығын, оның сәйкестендiру деректерiн растайтын және көлiк құралының жол қозғалысына қатысуына рұқсатын анықтайтын көлiк құралының құжаты;

      жол қозғалысының қауiпсiздiгiне қатысты бөлiгiнде автокөлiк құралының конструкциясын келiсу туралы куәлiк - жол қозғалысының, нормативтiк актiлердiң талаптарына сәйкес автокөлiк құралдары конструкцияларының қандайда бiр өзгертiлген түрлерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттiк органның келiсiмiн растайтын құжат;

      БҰҰ ЕЭК ережелерiне қатысты көлiк түрiн ресми бекiту туралы хабарлама - көлiк құралдарының, көлiк құралдарының жабдықтары бұйымдарының және бөлiктерiнiң БҰҰ ЕЭК-ның нақты ережелерiнiң талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжат;

      пайдаға асыру туралы анықтама - автокөлiк құралын пайдаға асыру фактiсiн растайтын құжат;

      мамандандырылған автокөлiк құралдары - қандайда бiр жүктердiң түрлерiн тасымалдауды жүзеге асыруға арналған және жабдықталған автокөлiк құралдары;

      арнайы автокөлiк құралдары - арнайы функцияларды орындауға арналған және жабдықталған автокөлiк құралдары;

      мамандандырылған жабдық - бұл:
      1) бақылау-диагностикалау жабдығы (автокөлiк құралдары мен олардың құрамдас бөлiктерiн техникалық диагностикалау құралдары);
      2) реттеу жабдығы;
      3) жуу-жинау жұмыстарына арналған жабдық
      4) майлау және құю жабдығы;
      5) автокөлiк құралдары мен олардың құрамдас бөлiктерiн көтеруге және орнын ауыстыруға арналған жабдық
      6) автокөлiк құралдарының дөңгелектерiн жинап орнына салу, бөлшектеу, жөндеу, оларға ауа толтыру, шиналарды тиектеп бекiту және теңгеру үшiн арналған жабдық
      7) автокөлiк құралдарын бояуға және коррозияға қарсы өңдеуге, оның iшiнде қоректендiру жүйесiн сығылған ауамен өңдеуге арналған жабдық
      8) автокөлiк құралдарының жетекшi жүйелерiн қалпына келтiруге және жөндеуге арналған жабдық
      9) жөндеу жұмыстарына арналған гараж жабдығы;
      10) гараж компрессорлары;
      11) қозғалтқышты iске қосуға дайындауға арналған жабдық, iске қосу-зарядтау қондырғылары;
      12) аспап және арнайы гараж құрылғылары кiретiн жабдық

      тұрақта тежеу жүйесi - автокөлiк құралын үстiңгi таянуға қатысты қозғалмайтын жай-күйде ұстауға арналған тежеу жүйесi;

      рульдi басқарудағы жалпы люфт - руль дөңгелегiнiң автокөлiк құралдарының басқарылатын дөңгелектерiнiң бiр жаққа бұрылысының басталуына сәйкес келетiн жағдайдан олардың қарсы жаққа бұрылуы басталатын жағдайға дейiнгi бұрылыс бұрышы;

      автокөлiк құралдарының және олардың құрамдас бөлiктерiнiң техникалық ақаусыздығы - автокөлiк құралдары мен олардың құрамдас бөлiктерiнiң олар үшiн шығарушы-кәсiпорын белгiлеген норма параметрлерi оларға арналған нормативтiк мағыналар шегiнде болатын техникалық жай-күйi;

      автокөлiк құралдарының және олардың құрамдас бөлiктерiнiң техникалық жай-күйi - қандайда бiр сәтте шығарушы-кәсiпорынның техникалық құжаттамасында белгiленген белгiлермен сипатталатын, автокөлiк құралдарын және олардың құрамдас бөлiктерiн пайдалану процесiнде өзгерiске ұшыраған олардың қасиеттерiнiң жиынтығы;

      автокөлiк құралының түрi - олардың конструкциясын сипаттайтын өлшемдердiң жиынтығына қатысты өзгешелiктерi жоқ, бiр санаттағы автокөлiк құралдары;

      тежеу жүйесi - автокөлiк құралының тежеуiн жүзеге асыруға арналған қондырғылардың жиынтығы;

      тежеудi басқару - автокөлiк құралының барлық тежеу жүйелерiнiң жиынтығы;

      қауiпсiздiк талаптары - автокөлiк құралының (құрамдас бөлiгiнiң) қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында белгiленетiн техникалық регламенттердiң талаптары;

      пайдаға асыру - автокөлiк құралының жекелеген құрамдас бөлiктерiн қайта пайдалану, қайта өңдеу және оны ол дайындалған материалдардың өндiрiсiне қайтару, сондай-ақ автокөлiк құралының кейбiр бөлiктерiн шығынды ретiнде жандыру арқылы энергия алу iс-шараларының кешенi;

      шасси - жолаушыларды және/немесе жүктердi тасымалдау үшiн шанақ және/немесе өзге де жабдықты орнатуға арналған аяқталмаған автокөлiк құралы. Мұндай шанақсыз және/немесе жабдықсыз пайдалануға арналмаған;

      автокөлiк құралын пайдалану қауiпсiздiгi - оларды өзгерту пайдалану барысында азаматтың өмiрi мен денсаулығына, жеке адамдар мен заңды тұлғалардың мүлкiне, мемлекеттiк және коммуналдық мүлiкке, қоршаған ортаға зиян келтiрудiң жол берiлмейтiн тәуекелiне әкеп соғуы мүмкiн, автокөлiк құралының конструкциясы параметрлерiнiң жиынтығымен сипатталатын жай-күй;

      күндiзгi жүрiс шамы – алға бағытталған және күндiзгi уақытта қозғалу кезiнде көлiк құралының көрiнуiн арттыру үшiн пайдаланылатын шам;
      иммобилайзер (иммобилизатор) – көлiк құралын оның меншiктi қозғалтқышының тартқышы есебiнен пайдаланудың алдын алуға (санкцияланбаған пайдаланудың алдын алуға) арналған құрылғы;
      ISOFIX бекiту жүйесi – екi қатты корпустық бекiткiшпен, балаларға арналған ұстаушы жүйедегi екi тиiстi қатты бекiткiш элементпен және балаларға арналған ұстаушы жүйенiң бұрыштық жылжу еркiндiгiн шектейтiн айлабұйыммен жабдықталған, балаларға арналған ұстаушы жүйелердi көлiк құралдарымен жалғастыру жүйесi;
      жаңа автокөлiк құралдары – 3 жылдан аспаған және бұрын Қазақстан Республикасының не басқа мемлекеттердiң аумағында пайдалануда болмаған автокөлiк құралдары;
      қауiпсiздiк жастығы – механикалық көлiк құралдарында қауiпсiздiк белбеуiне және ұстап қалушы жүйелерге қосымша орнатылатын құрылғы, ол көлiк құралына әсер ететiн қатты соққы жағдайында нәтижесiнде қандай да бiр дене бөлiгi немесе бөлiктерi салонның элементтерiмен жанасқанда көлiк құралының жүргiзушiсi немесе жолаушы ұшырайтын соққы күшiн газ сығындысы арқылы шектеуге арналған тиiстi созылмалы құрамдауышты автоматты түрде ашады;
      пайдалану – көлiк құралының тiршiлiк циклiнiң сатысы, онда оның мемлекеттiк тiркелген сәтiнен бастап кәдеге жаратуға дейiн мақсаты бойынша пайдаланылуы жүзеге асырылады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 25.12.2013 № 1396 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      3. Автокөлiк құралдарын пайдалану кезiнде туындайтын тәуекелдер


      Автокөлiк құралдарын және олардың құрамдас бөлiктерiн пайдалану салдарынан адамдардың өмiрi мен денсаулығына, заңды тұлғалар мен жеке адамдардың мүлкiне, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келтiру тәуекелдерiнiң туындау себептерi:
      пайдалануға енгiзiлген автокөлiк құралдары мен олардың құрамдас бөлiктерiне қатысты қауiпсiздiк талаптарын орындауды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бермейтiн конструкциялардың, технологиялық процестердiң немесе сериялық және жаппай өндiрiс өнiмдерiн бақылау жүйелерiнiң жетiлдiрiлмеуi;
      автокөлiк құралдарының оларды пайдалану процесiнде қауiпсiздiк көрсеткiштерiнiң төмендеуi;
      олардың конструкциясына рұқсат етiлмеген өзгерiстерге байланысты автокөлiк құралдары қауiпсiздiгiнiң төмендеуi;
      оларды дұрыс пайдаланбауға байланысты автокөлiк құралдарының жоғары қауiптiлiгiнiң туындауы;
      пайдалану барысында автокөлiк құралдарының зиянды шығындыларымен, сондай-ақ пайдаланудан шығарылған және тиiстi түрде пайдаға асырылмаған автокөлiк құралдарымен қоршаған ортаны ластау болып табылады.
      Автокөлiк құралдарын және олардың құрамдас бөлiктерiн пайдаланумен және автокөлiк құралдарының конструкциялық қасиеттерiне және сипаттамаларына қойылатын талаптарға байланысты тәуекелдер:
      1) автокөлiк құралы конструкциясының жекелеген элементтерiнiң жетiлдiрiлмеуi, болмауы немесе техникалық ақауы салдарынан жол-көлiк оқиғасын (бұдан әрi - ЖКО) жасау тәуекелi;
      2) жүргiзушiнiң автокөлiк құралын басқару бойынша өз функцияларын тиiстi түрде орындау қабiлетсiздiгi салдарынан ЖКО жасау тәуекелi;
      3) ЖКО нәтижесiнде ауыр салдарлардың туындауы;
      4) автокөлiк құралын пайдалану және оны кейiннен пайдаға асыру кезiнде қоршаған ортаны ластау тәуекелi;
      5) автокөлiк құралын пайдалану салдарынан радиохабар беру қондырғылары мен радиоэлектронды аппаратуралардың жұмысында кедергiлер туындау тәуекелi;
      6) автокөлiк құралдарын рұқсатсыз пайдалану тәуекелi;
      7) электромобильдер мен троллейбустарды пайдалану кезiнде электр тоғына зақым келтiру тәуекелi болып бөлiнедi.
      Осы Техникалық регламентке 3-қосымшада автокөлiк құралдары сипаттамаларының және конструкциялық қасиеттерiнiң, сондай-ақ жоғарыда аталған тәуекелдер бойынша жiктелген автокөлiк құралдарының құрамдас бөлiктерiнiң тiзбелерi берiлген.
      Жоғарыда сипатталған тәуекелдердi әлеуметтiк қабылданған деңгейге дейiн төмендету:
      пайдалануға енгiзiлетiн автокөлiк құралдарына және олардың айналымға шығарылатын құрамдас бөлiктерiне қатысты белгiленген талаптарға сәйкес болуына қол жеткiзу арқылы өндiрiс сатысында;
      пайдаланудағы автокөлiк құралдарына қатысты, оның iшiнде оларға техникалық қызмет көрсетудi және жөндеудi орындау кезiнде, сондай-ақ конструкцияға өзгерiстер енгiзгенде, белгiленген талаптарға сәйкес болуына қол жеткiзу арқылы пайдалану сатысында;
      пайдалану аяқталғаннан кейiн автокөлiк құралдары мен олардың құрамдас бөлiктерiн пайдаға асыру мүмкiндiгiн қамтамасыз ету және оларды рециклдаудың қажеттi дәрежесiне қол жеткiзу арқылы пайдаға асыру кезiнде жүзеге асырылуы тиiс.

2. Қауiпсiздiк талаптары

      4. Автокөлiк құралдарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң жалпы қағидаттары


      1) жаңа қауiпсiздiк талаптарын қолданысқа енгiзу өнеркәсiптерге жаңа талаптарға сәйкес келетiн өнiмдi шығаруға ауысуға мүмкiндiк беретiн, экономикалық негiзделген ауыспалы кезең өткеннен кейiн ғана жүзеге асырылуы тиiс;
      2) автокөлiк құралдары құжаттарының түпнұсқаларын ұстаушылар:
      автокөлiк құралдарының оларды дайындау аяқталғаннан кейiн айналымға шығарылғанға дейiн тексерiлуi тиiс конструкциялық қауiпсiздiк өлшемдерiн;
      автокөлiк құралдарының оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу аяқталғаннан кейiн тексерiлуi тиiс пайдалану қауiпсiздiгi өлшемдерiн;
      жоспарланған ресурстарды дайындау кезiнде автокөлiк құралдарын пайдалануды жалғастырудың қолжетiмдiгi өлшемдерiн;
      оларға сәйкес болуы шығар алдындағы бақылауды орындау кезiнде қамтамасыз етiлетiн талаптарды белгiлейдi.

      5. Конструкциялық қауiпсiздiкке қойылатын жалпы талаптар


      Автокөлiк құралдарының конструкциялық қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар:
      1) автокөлiк құралдарының жаппай және габариттiк параметрлерiнiң шектi мағыналарына;
      2) Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын, сондай-ақ бастапқы тiркеуге ұсынылатын автокөлiк құралдарын басқару органдарының сол жақты орналасуы мiндеттiлiгiне;
      3) М2 және М3 санатындағы автокөлiк құралдарының жалпы конструкциясына (БҰҰ ЕЭК ережелерi, N 36; 52; 107);
      4) Қауiптi жүктердi халықаралық тасымалдау туралы 1957 жылғы Еуропалық келiсiмнiң (ҚЖХТ) ережелерiне сәйкестiгi мәнiне қауiптi жүктердi тасымалдайтын арнайы немесе мамандандырылған автокөлiк құралдарына (БҰҰ ЕЭК ережелерi, N 105);
      5) Тез бұзылатын жүктердi тасымалдау туралы 1970 жылғы Еуропалық келiсiмнiң (ТБЖТ) ережелерiне сәйкестiгi мәнiне тамақ өнiмдерiн тасымалдайтын мамандандырылған автокөлiк құралдарына;
      6) арнайы және мамандандырылған автокөлiк құралдарын қосымша жабдықтауға;
      7) жедел және арнайы қызметтердiң арнайы және мамандандырылған автокөлiк құралдарының түс-графикалық бояу сызбаларына, айырым белгiлерiне, жарық және дыбыс сигналдарына;
      8) "Дөңгелектi көлiк құралдарын мерзiмдi техникалық байқау үшiн бiркелкi жағдайлар қабылдау және осындай байқауларды өзара тану туралы келiсiмнiң" (1997 жылғы Вена Келiсiмi) ережелерiне сәйкестiгi мәнiне халықаралық автомобиль қозғалысына қатысатын автокөлiк құралдарына;
      9) конструкциялардың қауiпсiздiгiне және осындай автокөлiк құралдарын пайдалануға қатысты қолданылатын заңдардың талаптарына сәйкестiгi мәнiне үлкен габариттi және ауыр салмақты жүктердi тасымалдауға арналған автокөлiк құралдарына;
      10) тежеу жүйелерiнiң конструкциясына және тиiмдiлiгiне (БҰҰ ЕЭК ережелерi, N 13; 13-Н; 90);
      11) автокөлiк құралдарының рульдерiн басқару, олардың басқарылуы және тұрақтылығы конструкциясына және тиiмдiлiгiне (БҰҰ ЕЭК ережелерi, N 79; 111);
      12) автокөлiк құралдарының жарық-техникалық және дыбыстық сигнал қондырғыларының санына, орналасқан орнына, сипаттамаларына және жұмысына (БҰҰ ЕЭК ережелерi, N 1-8; 19; 20; 23; 27; 28; 37; 38; 45; 48; 69; 70; 77; 87; 91; 98; 99; 104; 112; 113; 119; 123);
      13) жол-көлiк оқиғасы процесiнде және тiкелей одан кейiн туындайтын, автокөлiк құралы конструкциясының жүргiзушiлерге және жолаушыларға жарақат әкелетiн әсерлерiн төмендететiн қабiлетiне, сондай-ақ жол-көлiк оқиғасынан кейiн техникалық құралдарды қолданбастан автокөлiк жүргiзушiсi мен жолаушыларды эвакуациялау мүмкiндiгiне (БҰҰ ЕЭК ережелерi, N 12; 14; 16; 17; 21; 25; 29; 32; 33; 42-44; 58; 61; 66; 73; 80; 93; 94; 95; 114; 126);
      14) автокөлiк құралы конструкциясының жол-көлiк оқиғасы кезiнде басқа да жол қозғалысына қатысушыларға физикалық әсер етуiн төмендету қабiлетiне (БҰҰ ЕЭК ережелерi, N 26);
      15) автокөлiк құралының өртке қарсы қауiпсiздiгiне (БҰҰ ЕЭК ережелерi, N 30; 34; 67; 110; 115; 118);
      16) Қазақстан Республикасында қабылданған жол қозғалысы жағдайлары үшiн барлық бағыттағы сыртқы кеңiстiктiң жүргiзушi орнынан көрiнуiне (БҰҰ ЕЭК ережелерi, N 46; 125);
      17) қажеттi нақтылықпен және қажет жағдайларда автокөлiк құралдарының қозғалыс параметрлерiн тiркеу және олар туралы жүргiзушiге хабарлау өлшемдерiне (БҰҰ ЕЭК ережелерi, N 39; 68; 84; 85; 89);
      18) белгiленген пайдалану ережелерi сақталған кезде, олардың iстен шығуы жол-көлiк оқиғасын тудыруы мүмкiн автокөлiк құралдары құрамдас бөлiктерiнiң сенiмдiлiгiне (БҰҰ ЕЭК ережелерi, N 11; 30; 54; 55; 64; 108; 109; 124);
      19) электромобильдер мен троллейбустердiң электр қауiпсiздiгiне (БҰҰ ЕЭК ережелерi, N 100);
      20) автокөлiк құралдарын рұқсатсыз пайдаланудан қажеттi қорғау деңгейiне (БҰҰ ЕЭК ережелерi, N 18; 97; 116);
      21) автокөлiк құралдарының қоршаған ортаны ластайтын заттары шығындыларының шектi мәнiне (БҰҰ ЕЭК ережелерi, N 15; 24; 49; 83; 101; 103);
      22) автокөлiк құралдарының сыртқы шуына (БҰҰ ЕЭК ережелерi, N 51; 59; 117);
      23) автокөлiк құралының конструкциясы бөлiктерiнiң сыртқы электр магнитi сәулелерi көздерiне және олардың электр магнитi үйлесiмдiлiгiне әсер ету тұрақтылығына (БҰҰ ЕЭК ережелерi, N 10);
      24) автокөлiк құралдарының iшкi жабдықтарының және басқару органдарының орналасуына (БҰҰ ЕЭК ережелерi, N 21; 35; 121);
      25) жолаушылар автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасында қабылданған жол қозғалысы жағдайлары кезiндегi қауiпсiздiгiне қатысты қосымша ұйғарымдардың үлкен сыйымдылығын орындауына;
      26) қоңыржай-суық климат жағдайларында пайдалануға арналған автокөлiк құралдарының ауа температурасы төмен жағдайларда пайдалану кезiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қатысты қосымша ұйғарымдарды орындауына;
      27) автокөлiк құралдары конструкциясының және ол жасалған материалдардың тиiмдi және экологиялық қауiпсiз пайдаға асырылуын қамтамасыз ету қабiлетiне;
      28) автокөлiк құралдарын эксплуатациялау материалдары ретiнде озонды бұзатын заттарды қолдануды болдырмауға;
      29) автокөлiк құралдарының конструкциясында пайдаланылатын материалдардың санитарлық-гигиеналық нормативтерге сәйкестiгiне қатысты белгiленедi.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.06.07 № 526 Қаулысымен.

      6. Пайдалану қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар


      Автокөлiк құралдарын пайдалану қауiпсiздiгi:
      автокөлiк құралдарын техникалық байқаудан өткiзуге уәкiлеттi лауазымды адамдардың тiкелей жолдар мен көшелерде бақылау-диагностикалау жабдығын қолдана отырып, автокөлiк құралдарының кезеңдiк техникалық байқауы кезiнде;
      айналымға шығарылатын автокөлiк құралдарының сәйкестiгiн растау кезiнде сынақтар жүргiзу арқылы қамтамасыз етiледi.
      Мерзiмдi техникалық байқаулар мынадай жалпы қағидаттарды сақтай отырып жүргiзiлуi тиiс:
      техникалық байқау көлiк құралының ешқандай бөлiгiн бөлшектемей және алмай жүргiзiлуi тиiс;
      бақылау-диагностикалау жабдығы мен өлшеу құралдары Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат берiлген Өлшеу құралдарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлуi, өлшеу құралдарының түрiн бекiту туралы сертификаттары және тексеру туралы белгiленген құжаттары болуы тиiс;
      техникалық байқау шектеулi уақыт шегiнде жүргiзiлу керек. Техникалық байқау жүргiзу үшiн қажеттi нақты уақыт тексерiстен өтiп жатқан көлiк құралының санаты мен жай-күйiне байланысты өзгеруi мүмкiн, бiрақ 30 минуттан аспау керек.
      Автокөлiк құралдарын мерзiмдi техникалық байқау визуалды түрде, автокөлiк құралы құрамдас бөлiктерiнiң әрекетi мен жұмыс iстеуiн көру, сондай-ақ құрамдас бөлiктердi аспапты бақылау құралдары арқылы жүзеге асырылуы тиiс.
      Мерзiмдi техникалық байқау бағдарламасы жиынтығына қатысты тексеруден; пайдалану қауiпсiздiгiнiң жекелеген қасиеттерiн сипаттайтын параметрлердiң шектi мәндерiн; жекелеген құрамдас бөлiктердiң тозығын (ақауларын) пайдалануда рұқсат етiлген шектеулердi; жұмыс қабiлеттiлiгi көрсеткiштерiнiң шектi ықтимал нашарлауын сипаттайтын нормаларды, автокөлiк құралдарының конструкцияларын өзгертудiң рұқсат етiлген шегiн шектеудi; оның iшiнде:

      1) тежеудi басқаруды:


      жұмыс тежеу жүйесiн пайдалану сипаттамасын және жұмыс iстеу тиiмдiлiгiн;
      қосымша тежеу жүйесiн пайдалану сипаттамасын және жұмыс iстеу тиiмдiлiгiн;
      тұрақта тұру тежеу жүйесiн пайдалану сипаттамасын және жұмыс iстеу тиiмдiлiгiн;
      қосалқы тежеу жүйесiн пайдалану сипаттамасын;
      блоктауға қарсы тежеу жүйесiнiң жұмыс iстеуiн;

      2) рульдi басқаруды:


      руль тетiгiнiң және оны бекiтетiн картердiң, руль приводының, руль дөңгелегiнiң және руль колонкасының механикалық жай-күйi мен жұмыс iстеуiн;
      жалпы люфтi;
      дөңгелектердi орнату бұрыштарын реттеу;

      3) көру:


      көру аясы;
      әйнектердiң жай-күйi;
      артқы көру айнасы және аспаптар;
      әйнек тазалағыштар;
      әйнек жуғыштар;

      4) сыртқы жарық аспаптарының, шашыратқыштар мен электр жабдығының саны, орналасуы, түстерi, көру бұрыштары, жай-күйi, жұмыс iстеуi және сипаттамалары:


      фаралар;
      алдыңғы және артқы габариттiк оттары, бүйiр сигналдық шамдары;
      тежеу сигналдары;
      бұрылу көрсеткiштерi;
      алдыңғы және артқы тұманға қарсы фаралары;
      артқа жүру шамдары;
      артқы нөмiрлiк белгiнi жарықтандыру кiшi лампалары;
      жарық шашыратқыштар, бүйiрлiк шашыратқыштар, артқы тану белгiлерi;
      бақылау сигналдары;
      сүйреуiш пен тiркеменiң немесе жартылай тiркеменiң арасындағы электр қосылғыштар;
      электр сымдары; мiндеттi емес оттар;
      аккумуляторлар;

      5) осьтер, дөңгелектер, шиналар мен аспалар:


      осьтердiң механикалық жай-күйi;
      дөңгелектер мен шиналардың өлшемi, сипаттамалары және тозуы;
      аспа элементтерiнiң және оларды бекiткiштердiң (рессорлар, амортизаторлар, түтiктер, берушi айналмалы моменттiң, итергiш штангалар мен аспа тетiктерiнiң, сондай-ақ шарнирлiк элементтердiң) механикалық жай-күйi;

      6) шасси мен шассиге агрегаттар мен тораптарды бекiту элементтерiнiң:


      түтiн түтiктерi мен тұншықтырғыштардың
      автокөлiк құралының салоны мен кабинасында зиянды заттар құрамының
      отын багы мен түтiктердiң (жылытуға және түтiктерге арналған отын багын қоса алғанда);
      бамперлердiң, бүйiрлiк қорғану және артқы сырғанауға қарсы құрылғының
      қосалқы дөңгелектiң кронштейндерiнiң
      тiркеу құрылғысының
      трансмиссиялардың
      қуат агрегатын бекiткiштiң
      аудару тетiгiнiң
      кабина немесе шанақ қондырғыларының
      есiктер және есiк құлыптарының
      еденнiң
      жүргiзушi мен жолаушылар орындықтарының
      басқару органдарының
      кабина мен шанақ басқыштарының
      өзге де iшкi және сыртқы фитингiлердiң
      шашыратқыштардың (қанаттардың), шашыраудан қорғауға арналған құрылғылардың жай-күйi мен жұмыс iстеуi;

      7) өзге де жабдықтың:


      қауiпсiздiк белдiктерiнiң, балаларға арналған ұстау құрылғылары мен оларды бекiту орындарының
      өрт сөндiру құралдарының
      құлыптар мен айдап әкетуге қарсы құрылғылардың
      апаттық тоқтау белгiлерiнiң
      алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дәрi-дәрмек қобдишасының
      дөңгелектердiң астына салынатын сырғанауға қарсы тiреуiштердiң
      дыбыстық сигнализация жүйесiнiң
      спидометрдiң
      тахографтың
      жылдамдықты шектеуге арналған құрылғының бар-жоғы, жай-күйi және жұмыс iстеуi;

      8) қоршаған ортаға әсер етумен байланысты факторлар:


      шу;
      пайдаланылған газдар;
      радиокедергiлер деңгейi;
      сұйықтықтардың ағуы;

      9) М 2 және М 3 санатындағы автокөлiк құралдарына қойылатын қосымша талаптар:


      есiктер мен апаттық шығулардың
      терлеуге және мұздануға қарсы құрылғылардың
      желдету жүйесiнiң
      орындықтардың
      iшкi жарық құрылғылары және бағытты көрсететiн тақтайшалардың
      түрегеп тұратын жолаушыларға арналған өтпелердiң, жолдың, орындардың
      тұтқыштардың
      баспалдақтар мен басқыштардың
      жүргiзушiнiң жолаушылармен байланыс жүйесiнiң
      жазулардың
      жүрiп-тұруға қабiлетi шектеулi жолаушыларды тасымалдауға қатысты М 2 және М 3 санатындағы автокөлiк құралдарының конструкциясы және қосымша жабдығы;
      арнайы жабдықты тексеруден тұрады.
      Автокөлiк құралдарын пайдалануға дайындау кезiндегi жұмыстарды жүргiзу процестерi қолданыстағы заңдарда және техникалық регламенттерде белгiленген биологиялық қауiпсiздiк, өрт қауiпсiздiгi,  экологиялық қауiпсiздiк, машиналар мен жабдықтарды қауiпсiз пайдалану және кәдеге жарату, ғимараттар мен құрылыстарды қауiпсiз  пайдалану және оларға жақын аумақты қауiпсiз пайдалану талаптарына сәйкес келу керек.
      Автокөлiк құралдарын өткiзу кезiнде жұмыстарды жүргiзу процестерiне сату алдындағы дайындық жөнiндегi автокөлiк құралдарын дайындаушының нұсқаулықтарға жазылған техникалық әсерлер кiруi тиiс.
      Автокөлiк құралдарын техникалық байқау шеңберiнде бақылау-диагностикалық жұмыстарды жүргiзу процесiне осы Техникалық регламентте белгiленген осы санаттағы автокөлiк құралдарына қойылатын барлық талаптарды бақылау кiруi тиiс.
      Автокөлiк құралдары техникалық қызмет көрсету және (немесе) жөндеу аяқталғаннан кейiн пайдалану қауiпсiздiгi талаптарына сәйкес келуi тиiс.
      Автокөлiк құралдарына техникалық қызмет көрсету және/немесе жөндеу жұмыстарын жүргiзу процесiне:
      автокөлiк құралдарының, оның құрауыштарының, жүйелерiнiң ақаусыз жай-күйiн автокөлiк құралы иесiнiң өтiнiмiне сәйкес қалпына келтiру жөнiндегi қажеттi техникалық әсер ету;
      жалпы автокөлiк құралдарына немесе оны құрамдас бөлiктерi мен жүйелерiне техникалық қызмет көрсету және/немесе жөндеу жүргiзгеннен кейiн автокөлiк құралдарының ақаусыз жай-күйiн қалпына келтiру бойынша жүргiзiлген техникалық әсер етулердiң номенклатурасына қарай автокөлiк құралдарына қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бақылау кiруi тиiс.
      Автокөлiк құралдарының және оның құрамдас бөлiктерiнiң ақаусыз жай-күйiн қалпына келтiру бойынша техникалық әсер ету автокөлiк құралдарын дайындаушылар әзiрлеген нормативтiк-техникалық құжаттарға сәйкес жүргiзiлуi тиiс.
      Автокөлiк құралдарын өткiзу және техникалық қызмет көрсету және/немесе жөндеу кезiнде жұмыстар жүргiзу процесiн жүзеге асыруда:
      сәйкес келуiн құжаттық растауы бар қосалқы бөлшектер мен материалдар;
       техникалық реттеу және өлшемдердiң бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы заңнама талаптарына сәйкес келетiн мамандандырылған жабдық (бақылау-диагностикалық жабдық, көлiк құралдары мен олардың құрамдас бөлiктерiн техникалық диагностикалау құралдары) қолданылуы тиiс.
      Мамандандырылған жабдықтың сипаттамасы олар үшiн осы жабдық қолданылатын автокөлiк құралдарының немесе олардың құрамдас бөлiктерiнiң типiне, салмақ және габариттiк параметрлерiне сәйкес болуы тиiс.
      Осы Техникалық регламентте белгiленген қауiпсiздiк талаптарға автокөлiк құралдарының сәйкес келуiн бақылау үшiн қолданылатын мамандандырылған жабдық қажеттi дәлдiкпен белгiлi бiр диапазонда автокөлiк құралдарының қажеттi параметрлерiн өлшеуге мүмкiндiк беруi тиiс.
       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.07.21. N 1109 Қаулысымен.

      7. Автокөлiк құралдарын сақтау процесiне қойылатын талаптар:


      1) қауiптi жүктердi, улайтын немесе улы заттарды автомобильмен тасымалдауға арналған және сол үшiн пайдаланылатын мамандандырылған автокөлiк құралдары олар үшiн арнайы бөлiнген алаңдарда басқа автокөлiк құралдарынан бөлек сақталуы тиiс;
      2) автокөлiк құралдарын сақтау орындарына орналастыру олардың және ғимараттар мен имараттардың элементтерi арасындағы ара-қашықтық қолданыстағы нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес келетiндей және олардың еркiн шығуын қамтамасыз ететiндей болуы тиiс. Сақтау аймағында автокөлiк құралдарын жөндеу жұмыстарын жүргiзуге және техникалық қызмет көрсетуге, сондай-ақ сүрту және пайдалану материалдарын сақтауға жол берiлмейдi;
      3) сұйықтандырылған мұнай газымен жұмыс iстейтiн газбаллонды автокөлiк құралдарын сақтау өртке қарсы сигнализациямен және өртке қарсы бекеттермен жабдықталған ашық алаңшаларда жүзеге асырылуы тиiс. Газбаллонды автокөлiк құралдарын сақтауға арналған алаңшаларды конструкциясы оларда орнатылған газ баллондарын қызу мүмкiндiгiн болдырмайтын жылыту жүйесiмен жабдықтауға рұқсат етiледi;
      4) сығымдалған табиғи газбен жұмыс iстейтiн газ баллонды автокөлiк құралдарын сақтау ашық тұрақтарда да, сығымдалған табиғи газбен жұмыс iстейтiн көлiк құралдарын пайдаланатын кәсiпорындарға арналған өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтай отырып, жабық үй-жайларда да жүзеге асырылуы мүмкiн;
      5) автокөлiк құралдарын сақтау инфрақұрылымдарының объектiлерi қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келуi тиiс.

      8. Автокөлiк құралдарын пайдаланудан шығару және кәдеге жарату


      1) автокөлiк құралдарын пайдалану аяқталғаннан кейiн кәдеге жарату тәртiбi қолданыстағы нормативтiк құжаттарға сәйкес келуi тиiс;
      2) кәдеге жаратылатын автокөлiк құралдарының қайта қолдану үшiн пайдаланылатын құрамдас бөлiктерi пайдалану қауiпсiздiгi талаптарына сәйкес келуi тиiс;
      3) кәдеге жарату жөнiндегi кәсiпорындар кәдеге жаратылған автокөлiк құралдарының меншiк иелерiне немесе олардың уәкiлеттi өкiлдерiне кәдеге жарату туралы анықтама бередi.

      9. Автокөлiк құралдарын маркалау кезiнде қойылатын талаптар


      1) дайындалған және бұрын пайдалануда болмаған әрбiр көлiк құралына мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде басып шығарылған мыналар қоса берiлуi тиiс:
      дайындаушының кепiлдiк мiндеттемелерi және автокөлiк құралын пайдаланудың кепiлдi мерзiмi iшiнде оны пайдаланушы сақтауға мiндеттi ережелер;
      пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезiнде сақталуы тиiс қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды сипаттауды қамтитын пайдалану бойынша нұсқаулық (басшылық). Пайдалану бойынша нұсқаулықтың (басшылықтың) мазмұнына қойылатын талаптар осы техникалық регламентке 4-қосымшада келтiрiледi;
      автокөлiк құралын пайдалану процесiнде ауыстыратын оның кәдеге жаратылатын пайдалану материалдары мен құрамдас бөлiктерi бойынша мәлiметтердi қамтитын құжат;
      2) әрбiр автокөлiк құралына (шасси) көлiк құралының бiрегей сәйкестендiру VIN нөмiрi берiлуi тиiс;
      3) әрбiр автокөлiк құралында оқу үшiн қолайлы жерде орналасқан және арнайы құралды қолданбай алынбайтын, мемлекеттiк, орыс және (немесе) ағылшын тiлiнде кемiнде мынадай:
      дайындаушының атауы;
      көлiк құралының сәйкестендiру VIN нөмiрi;
      автокөлiк құралының рұқсат етiлген ең жоғары салмағы;
      егер автокөлiк құралы тiркеменi (жартылай тiркеменi) сүйреп тарту үшiн пайдаланылуы мүмкiн болса, автопоездың рұқсат етiлген ең жоғары салмағы;
      алдыңғы осiнен бастап автокөлiк құралының әрбiр осiне келетiн рұқсат етiлген ең жоғары салмағы;
      отыру-тiркеу құрылымына (бар болса) келетiн рұқсат етiлген ең жоғары салмағы туралы ақпаратты қамтитын дайындаушының тақтайшасы болуы тиiс.
      Дайындаушының тақтайшасын конструкциялық орындауға қойылатын талаптар осы Техникалық регламентке 5-қосымшада келтiрiледi.
      Егер дайындаушының тақтайшасындағы ақпарат ағылшын тiлiнде берiлсе, оның мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi аудармасы пайдалану жөнiндегi нұсқаулықта (басшылықта) келтiрiлуi тиiс.
      Сонымен қатар дайындаушының тақтайшасында мына ақпарат болмаса, ол қосымша тақтайшаларда (жапсырмаларда) орналасады:
      дайындалған жылы немесе модельдiк жылы;
      экологиялық класс;
      тасымалданатын жолаушылардың рұқсат етiлген ең көп саны (осы Техникалық регламентке 1-қосымшаға сәйкес М 2 және М 3 санатындағы автокөлiк құралдары үшiн);
      4) автокөлiк құралдарының қауiпсiздiгiне әсер ететiн олардың конструкциялық ерекшелiктерi туралы тұтынушыларды ескерту немесе ақпараттандыру мақсатында автокөлiк құралының сыртқы немесе iшкi жағына дайындаушы жазған ағылшын тiлiндегi мәтiн мемлекеттiк және орыс тiлдерiне қайталанған болуы тиiс;
      5) автокөлiк құралдары борттық электрондық автокөлiк құралын сәйкестендiру жүйесiмен жабдықталған жағдайда ол дайындаушының тақтайшасы деректерiнiң, автокөлiк құралының жиынтығы, автокөлiк құралын пайдалану қауiпсiздiгi параметрлерiнiң шектi мәндерi және оларды тексеру режiмi туралы мәлiметтердiң көрiнуiн қамтамасыз етуi тиiс;
      6) ауыстыратын (қосалқы) бөлшектер ретiнде жеткiзiлетiн автокөлiк құралдары құрамдас бөлiктерiнiң таңбасында дайындаушының атауы немесе сауда белгiсi болуы керек;
      7) техникалық регламент талаптарына сәйкес келуi белгiленген тәртiппен бекiтiлген автокөлiк құралдары мен олардың құрамдас бөлiктерi осы Техникалық регламентте белгiленген қауiпсiздiк талаптарына автокөлiк құралдарының сәйкес келуiн растайтын сәйкестiк белгiсiмен маркаланады.
      Автокөлiк құралдарын маркалау кезiнде сәйкестiк белгiсi дайындаушының тақтайшасында немесе жеке тақтайшада {жапсырмада) орналасады. Сәйкестiк белгiсiнiң астында автокөлiк құралына ресiмделген "көлiк құралының типiн мақұлдау" немесе "шасси типiн мақұлдау" нөмiр көрсетiледi.
      Тақтайшалардың орналасу орны "көлiк құралының типiн мақұлдауда" ("шасси типiн мақұлдауда") көрсетiледi.
      Құрамдас бөлiктердi маркалау кезiнде сәйкестiк белгiсi өнiм бiрлiгiне және/немесе затбелгiге, сондай-ақ орамаға және iлеспе техникалық құжаттамаға тiкелей жазылады.
      Маркалау айқын көрiнуiн қамтамасыз ететiн және өшiрiлуiн болдырмайтын кез келген қолайлы тәсiлмен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.07.30. N 1001 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет