Автокөлiк құралдарының қауiпсiздiгiн мемлекеттiк бақылау (қадағалау) Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Атауы
|
СЭҚ ТН
кодтары
|
1
|
2
|
1. М санаты - кемiнде төрт дөңгелегi бар және
жолаушылар тасымалдау үшiн пайдаланылатын
механикалық көлiк құралдары
|
|
1) М 1 санаты (жеңiл автомобильдер):
жолаушылар тасымалдауға арналған және
жүргiзушiнiң орнынан басқа отыруға арналған
кемiнде сегiз орындығы бар көлiк құралы
(сондай-ақ төмендегi тармақты қараңыз);
|
8703
|
2) М 2 санаты (автобустар, троллейбустар):
жолаушылар тасымалдау үшiн пайдаланылатын,
жүргiзушiнiң орнынан басқа отыруға арналған
сегiзден артық орындығы бар және ең жоғары
салмағы 5 тоннадан аспайтын көлiк құралдары
|
8702
|
3) М 3 санаты (автобустар, троллейбустар):
жолаушылар тасымалдау үшiн пайдаланылатын,
жүргiзушiнiң орындығынан басқа отыруға арналған
сегiзден артық орындығы бар және ең жоғары
салмағы 5 тоннадан асатын көлiк құралдары;
М 2 және М 3 санаттарының көлiк құралдарына:
N 36 және N 107 Ережеге сәйкес үш кластан бiрiне
немесе одан көбiне (I класқа, II класқа, III
класқа);
N 52 Ережеге сәйкес екi кластан бiрiне (А
класына, В класына).
I класс:
жолаушылардың салон iшiнде ұдайы жүрiп-тұруы
үшiн конструкциясында түрегеп тұратын
жолаушыларға арналған орындар көзделген көлiк
құралдары.
II класс:
Негiзiнен отырған жолаушыларды тасымалдау үшiн
құрастырылған және екi қосарлы орындықтар үшiн
бөлiнген кеңiстiктiң шегiнен тыс шықпайтын
өтпелердегi және/немесе орындардағы түрегеп
тұрған жолаушыларды тасымалдау көзделуi мүмкiн
көлiк құралдары.
III класс:
Тек отырған жолаушыларды ғана тасымалдау үшiн
құрастырылған көлiк құралдары
А класы:
|
8702
|
Түрегеп тұрған жолаушыларды тасымалдауға арналған
көлiк құралдары; бұл кластағы көлiк құралы
орындықтармен жабдықталған және онда түрегеп
тұрған жолаушыларды тасымалдау көзделуi мүмкiн.
В класы:
Түрегеп тұрған жолаушыларды тасымалдауға
арналмаған көлiк құралдары, бұл кластағы көлiк
құралында түрегеп тұрған жолаушыларды тасымалдау
көзделуi мүмкiн емес.
Ескертпелер
"Бiрiктiрiлген автобус немесе қалааралық
автобус" бiр-бiрiне бiрiктiрiлген, екi немесе
одан да көп қатты секциялардан тұратын көлiк
құралын бiлдiредi; әр секцияның жолаушылар салоны
жолаушылар бiр секциядан екiншiсiне еркiн өте
алатындай етiп бiрiктiрiлген; қатты секциялар
өзара оларды тек шеберханада болатын құралдардың
көмегiмен ғана ажыратуға болатындай етiп
бiрiктiрiледi;
Бөлiнбейтiн, бiрақ бiрiктiрiлген екi немесе одан
көп элементтерден тұратын бiрiктiрiлген
автобустар немесе қалааралық автобустар бiр
көлiк құралы ретiнде қарастырылады;
Егер жартылай тiркеменi сүйреп тарту үшiн
сүйреуiш (жартылай тiркемеге арналған сүйреуiш)
көзделген болса, көлiк құралын жiктеу кезiнде
есепке алынуы тиiс салмақ ретiнде жарақталған
күйдегi сүйреуiштiң салмағына қосылған сүйреуiшке
жартылай тiркеме салатын ең жоғары статикалық
тiк жүктемеге сәйкес келетiн салмақ, сондай-ақ
қажет болған жағдайда сүйреуiштiң өзiнiң ең
жоғары жүк салмағы пайдаланылады;
"Жарақталған күйдегi көлiк құралының салмағы"
егер дайындаушы зауыт салқындататын сұйықтықты,
майды, 90 % отынды, 100 % басқа сұйықтықтарды
қоса алғанда шанақты және/немесе тiркеу
құрылғысын белгiлемесе, пайдаланылған суды,
құралдарды, қосалқы дөңгелектi, жүргiзушiнiң
салмағын (75 кг) және қалалық және қалааралық
автобустар үшiн - егер көлiк құралында экипаж
мүшесi үшiн орындық көзделсе, оның салмағын (75
кг) қоспағанда, сүйреген жағдайда шанағы мен
тiркеу құрылғысы бар бос көлiк құралының салмағы
не болмаса кабинасы бар жүрiс бөлiгiнiң салмағы
кабинамен бiрге жүру бөлiгiнiң салмағын
бiлдiредi.
|
|
2. N санаты - кемiнде төрт дөңгелегi бар және
жүктер тасымалдауға арналған механикалық көлiк
құралдары
1) N 1 санаты (жүк автомобильдерi және олардың
шассиi):
жүктер тасымалдауға арналған және ең жоғары
салмағы 3,5 тоннадан аспайтын көлiк құралдары;
|
8704
8705
|
2) N 2 санаты (жүк автомобильдерi және олардың
шассиi):
жүктер тасымалдауға арналған және ең жоғары
салмағы 3,5 тоннадан асатын, бiрақ 12 тоннадан
аспайтын көлiк құралдары;
|
8704
8705
|
3) N 3 санаты (жүк автомобильдерi және олардың
шассиi):
жүктер тасымалдауға арналған және ең жоғары
салмағы 12 тоннадан асатын көлiк құралдары.
Ескертпелер
Егер жартылай тiркеменi сүйреп тарту үшiн
сүйреуiш (жартылай тiркемеге арналған сүйреуiш)
көзделген болса, көлiк құралын жiктеу кезiнде
есепке алынуы тиiс салмақ ретiнде жарақталған
күйдегi сүйреуiш салмағына қосылған жартылай
тiркеменiң сүйреуiшке салатын ең жоғары
статикалық тiк жүктемеге сәйкес келетiн салмақ,
сондай-ақ қажет болған жағдайда сүйреуiштiң
өзiнiң ең жоғары жүк салмағы пайдаланылады;
Кейбiр арнайы көлiк құралдарындағы
(автокрандардағы, өздiгiнен жүретiн жөндеу
шеберханаларындағы, жарнамалық көлiк
құралдарындағы) жабдық және қондырғылар жүктерге
теңестiрiледi.
|
8704
8705
|
3. О санаты - тiркемелер (жартылай тiркемелердi
қоса алғанда)
|
|
1) О 1 санаты (жеңiл және жүк автомобильдерiне,
мотоциклдерге, мотороллерлерге және
квадрициклдерге тiркемелер немесе жартылай
тiркемелер):
ең жоғары салмағы 0,75 тоннадан
аспайтын тiркемелер;
|
8716
|
2) О 2 санаты (жеңiл және жүк автомобильдерiне
тiркемелер немесе жартылай тiркемелер):
ең жоғары салмағы 0,75 тоннадан асатын, бiрақ
3,5 тоннадан аспайтын тiркемелер;
|
8716
|
3) О 3 санаты (жеңiл және жүк автомобильдерiне
тiркемелер немесе жартылай тiркемелер):
ең жоғары салмағы 3,5 тоннадан асатын, бiрақ 10
тоннадан аспайтын тiркемелер;
|
8716
|
4) О 4 санаты (жүк автомобильдерiне тiркемелер
немесе жартылай тiркемелер):
ең жоғары салмағы 10 тоннадан асатын тiркемелер;
|
8716
|
5) сонымен қатар О 2 , О 3 және О 4 санатындағы
тiркемелер мынадай үш типтiң бiрiне жатады:
"жартылай тiркеме" - осi көлiк құралының ауырлық
ортасының артында (тең жүктеме жағдайында)
орналасқан және көлденең және тiк жүктеменi
сүйреуiшке беруге мүмкiндiк беретiн бiрiктiру
құрылғысымен жабдықталған сүйреп тартылатын көлiк
құралы. Сүйреуiш бiр немесе одан көп осьтердi
сүйреп тартуды жүзеге асыруы мүмкiн;
|
|
"толық тiркеме" - кемiнде екi осi бар және
тiгiнен қозғала алатын (тiркемеге қатысты) және
алдыңғы осьтiң (осьтердiң) бұрылуына қызмет ете
алатын, бiрақ сүйреуiшке қандай да бiр елеулi
статикалық жүктеме бермейтiн, сүйреп тартатын
құрылғымен жабдықталған сүйреп тартылатын көлiк
құралы.
Сүйреуiш бiр немесе одан көп осьтердi сүйреп
тартуды жүзеге асыруы мүмкiн;
"орталықта орналасқан осi бар тiркеме" - тiгiнен
қозғала алмайтын (тiркемеге қатысты) және осi
(осьтерi) сүйреуiш тiркеменiң ең жоғары
салмағына сәйкес келетiн көлемiнiң 10 % аспайтын
немесе 1000 даН (көлемдердiң қайсысы кiшi екенiне
қарай) елеусiз статикалық тiк жүктеме
берiлетiндей етiп көлiк құралының ауырлық
ортасына (тең жүктеме жағдайында) орналасқан
сүйреп тарту құрылғысымен жабдықталған көлiк
құралы.
Сүйреуiш бiр немесе одан көп осьтердi сүйреп
тартуды жүзеге асыруы мүмкiн.
Ескертпе
Орталықта орналасқан осi бар жартылай тiркемеге
немесе тiркемеге қатысты тiркеменi жiктеу
кезiнде есепке алынуы тиiс салмақ сүйреуiшпен
бар орталықта орналасқан осi бар сүйреуiшке
тiркелген барынша тиелген жартылай тiркеменiң
немесе тiркеменiң осi немесе осьтерiнiң жерге
берiлетiн статикалық тiк жүктемесi болып
табылады.
|
|
4. Ерекше мақсаттағы көлiк құралы:
жолаушыларды немесе жүктердi тасымалдауға
арналған, сондай-ақ ерекше функцияларды
орындауға арналған, ерекше шанақты және/немесе
жабдықты қажет ететiн М, N немесе О санатындағы
көлiк құралы.
1) автомобиль - үй:
М 1 санатындағы ерекше мақсаттағы,
конструкциясында тұрғын кеңiстiк бар көлiк
құралы, онда мынадай жабдықтар бар:
Орындықтар және үстел;
орындықтардан жасалатын ұйықтайтын орындар;
ас үй жабдығы және қойма жайлары.
Бұл жабдық тұрғын бөлiкке қатты бекiтiлуi тиiс;
сонымен қатар үстелде алмалы-салмалы конструкция
болуы мүмкiн;
2) бронды көлiк құралы:
тасымалданатын жолаушыларды және/немесе жүктердi
қорғауға арналған және оқ өтпейтiн бронды
қаптамамен жарақталған көлiк құралы;
3) медициналық көмек көлiк құралы:
ауру немесе жараланған адамдарды тасымалдауға
арналған және осы үшiн ерекше жабдықпен
жарақталған М санатындағы автокөлiк құралы;
4) катафлак:
өлгендердi тасымалдауға арналған және осы үшiн
ерекше жабдықпен жарақталған автокөлiк құралы.
|
|
5. G санаты - жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары көлiк
құралдары жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары көлiк
құралдары деп осы тармақтың талаптарына және 5)
тармақшаға сәйкес тексеру шарттарына жауап
беретiн М және N санаттарындағы көлiк құралдары
есептеледi;
|
|
2) ең жоғары салмағы 2 тоннадан аспайтын N
санатындағы көлiк құралдарында, сондай-ақ М 1
санатындағы көлiк құралдарында егер:
бiр осьтi жетегi сөнiп қалуы мүмкiн көлiк
құралдарын қоса алғанда, конструкциясы бiр
уақытта олардың жетегiн қамтамасыз ететiн ең
болмағанда бiр алдыңғы және бiр артқы осi;
ең болмағанда бiр дифференциалды блоктау тетiгi
немесе осыған ұқсас әрекеттегi бiр тетiгi болса
және егер олар бiр көлiк құралына есептелген 30%
өрден өте алса, олар жүрiп өту мүмкiндiгi
жоғары көлiк құралдары болып есептеледi.
Сонымен қатар олар төменде келтiрiлген алты
талаптың ең болмағанда бесеуiне жауап беруi тиiс:
кiру бұрышы 25 о кем болмауы тиiс;
түсу бұрышы 20 о кем болмауы тиiс;
көтеру бұрышы 20 о кем болмауы тиiс;
алдыңғы осьтiң астындағы жолды жарықтандыру 180
мм кем болмауы тиiс;
артқы осьтiң астындағы жолды жарықтандыру 180 мм
кем болмауы тиiс;
осьтер арасындағы жолды жарықтандыру 200 мм кем
болмауы тиiс;
|
|
3) бiр оське жетек сөндiрiлуi мүмкiн көлiк
құралдарын қоса алғанда, егер конструкциялары
барлық дөңгелектерге бiр уақытта жетектi
қамтамасыз етсе, ең жоғары салмағы 2 тоннадан
асатын N 1 санатындағы көлiк құралдары немесе ең
жоғары салмағы 12 тоннадан аспайтын N 2 , М 2
немесе М 3 санатындағы көлiк құралдары жүрiп өту
мүмкiндiгi жоғары көлiк құралдары деп
есептеледi, не болмаса мынадай үш талап
сақталса:
бiр оське жетек сөндiрiлуi мүмкiн көлiк
құралдарын қоса алғанда, ең болмағанда бiр
алдыңғы және бiр артқы осьтерiн бiр уақытта
жетек бар;
|
|
ең болмағанда дифференциалды блоктаудың бiр
тетiгi немесе осындай әрекеттегi бiр тетiгi
болса, - олар жеке көлiк құралына есептелген 25%
өрден өте алады.
|
|
4) егер ең жоғары салмағы 12 тоннадан асатын М 3
санатының көлiк құралдарында немесе N 3 санатының
көлiк құралдарында бiр осьтегi жетек сөнiп қалуы
мүмкiн көлiк құралдарын қоса алғанда, егер
оларда барлық дөңгелекке жетек бiр уақытта
болса, не болмаса мына талаптар сақталатын болса:
кемiнде дифференциалды блоктаудың бiр тетiгi
немесе осыған ұқсас әрекеттiң бiр тетiгi болса;
жеке көлiк құралы үшiн есептелген 25% өрден өте
алса;
мына алты талаптың кем дегенде төртеуi сақталса,
олар жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары көлiк құралдары
болып табылады:
кiру бұрышы 25 о кем болмауы тиiс;
түсу бұрышы 20 о кем болмауы тиiс;
көтеру бұрышы 20 о кем болмауы тиiс;
алдыңғы осьтiң астындағы жолды жарықтандыру 250
мм кем болмауы тиiс;
осьтер арасындағы жолды жарықтандыру 300 мм кем
болмауы тиiс;
артқы осьтiң астындағы жолды жарықтандыру 250 мм
кем болмауы тиiс;
|
|
5) тексеру жүктемесi және шарттары:
|
|
ең жоғары салмағы 2 тоннадан аспайтын N 1
санатындағы көлiк құралдары және М 1 санатындағы
көлiк құралдары жарақталған күйде болуы тиiс,
яғни салқындатқыш сұйықтықпен, майлайтын маймен,
отынмен, құрал-жабдықтармен және қосалқы
дөңгелекпен жарақталған, бұл ретте жүргiзушiнiң
ең жоғары салмағы 75 кг тең деп есептеледi.
|
|
Алдыңғы абзацта көрсетiлмеген механикалық көлiк
құралы дайындаушы зауыт белгiлеген техникалық
рұқсат етiлетiн ең жоғары салмаққа дейiн жүк
тиелген болуы тиiс.
|
|
Қажет етiлетiн өрден (25 % және 35%) өту қабiлетi
қарапайым есептеу арқылы тексерiледi.
Алайда ерекше жағдайларда техникалық қызметтер
шынайы сынақ жүргiзу үшiн тиiстi типтеп көлiк
құралын әкелудi талап ете алады.
|
|
Алдыңғы және артқы асылмасының бұрыштарын,
сондай-ақ көтеру бұрышын өлшеу кезiнде қорғау
құрылғылары ескерiлмейдi.
|
|
Алдыңғы және артқы асылманың бұрыштарына қатысты
анықтамалар мен сызбалар, өр және жол жарығы
бұрыштары
|
|
"Кiру бұрышы" - ISO 612: 1978 стандарты, N 6.10.
ереженi қараңыз.
(суреттi қағаз мәтiнiнен қараңыз)
|
|
"Түсу бұрышы" - ISO 612: 1978 стандарты, N 6.11.
ереженi қараңыз.
(суреттi қағаз мәтiнiнен қараңыз)
|
|
"Көтерiлу бұрышы" - ISO 612: 1978 стандарты, N
6.9. ереженi қараңыз.
(суреттi қағаз мәтiнiнен қараңыз)
|
|
"Осьтер арасындағы жол жарығы" деп жер мен көлiк
құралының төменгi қозғалмайтын нүктесiнiң
арасындағы ең жақын қашықтық түсiнiледi.
Көп осьтi арбалар бiр осьтi ретiнде
қарастырылады.
(суреттi қағаз мәтiнiнен қараңыз)
|
|
"Бiр осьтiң астындағы жол жарығы" деп бiр осьтегi
дөңгелектердiң (қосарланған шина болған жағдайда
iшкi дөңгелектердiң) протекторы iзiнiң ортасы
арқылы өтетiн және дөңгелектер арасындағы көлiк
құралының қозғалмайтын төменгi нүктесiне тиетiн
шеңбер доғасының жоғарғы нүктесiнен төмен
бағыттағы қашықтығы түсiнiледi.
Көлiк құралының бiрде бiр қатты бөлiгi сызбада
сызылған бөлiкке ене алмайды.
Қажет болған жағдайда бiрнеше осьтерге арналған
жол жарығы олардың орналасу кезегi бойынша
көрсетiледi, мысалы 280/250/250.
|
|
(суреттi қағаз мәтiнiнен қараңыз)
|
|
Құрамдастырылған белгiлер
М және N шартты белгiлерi G белгiсiмен үйлестiрiлуi мүмкiн.
Мысалы жолсызбен қозғалуға жарамды N 1
санатындағы көлiк құралы N 1 G деп белгiленуi
мүмкiн.
|
|
6. Шанақ типiнiң анықтамасы (құрамдастырылған
көлiк құралдары үшiн ғана)
Шанақтың типi мынадай модификацияның көмегiмен
көрсетiлуi мүмкiн:
|
|
1) жеңiл автомобильдер (М 1 )
АА Седан:
ISO: 3833:1977, N 3.1.1 ережелерi, бiрақ бүйiр
терезелерi төртеуден артық көлiк құралдарын қоса
алғанда.
АВ Хетчбек:
жоғары ашылатын артқы есiгi бар Седан (АА).
АС Универсал (жүк-жолаушы шанақты): ISO
3833:1997 стандарты, N 3.1.1.4 ереже
АD Купе: ISO 3833:1997 стандарты, N 3.1.1.5 ереже
АЕ Кабриолет:
ISO 3833:1997 стандарты, N 3.1.1.4.6 ереже
АF Көпмақсатты көлiк құралы:
АА-АС кодификациясында көрсетiлмеген және бiр
бөлiмде жолаушыларды және олардың багаждарын
немесе жүктердi тасымалдауға арналған автокөлiк
құралы. Алайда мұндай көлiк құралы төмендегi екi
талапқа сәйкес келсе, М 1 санатындағы көлiк
құралы деп есептелмейдi;
Жүргiзушiнiң орнынан басқа отыруға арналған
орындар алтаудан аспаса,
егер көлiк құралы орындықтарға арналған "қол жетiмдi" бекiтулермен жабдықталса, "отыруға арналған орын" бар деп есептеледi,
"қол жетiмдi" деп пайдаланылуы
мүмкiн бекiтулер түсiнiледi.
Бекiтулер "қол жетiмдi" болмауы үшiн, дайындаушы зауыт олардың пайдаланылуына физикалық кедергi келтiруi тиiс, мысалы оларға түйiсу бастырмаларын дәнекерлеу арқылы немесе
|
|
әдеттегi құрал-жабдықтардың көмегiмен алынуы
мүмкiн емес осындай қозғалмайтын бекiтiлген
бөлшектер орнату арқылы, және
Р-(М + N x 68)> N х 68,
Мұнда:
Р - техникалық жағынан рұқсат етiлетiн ең жоғары
жүктi салмағы, кг;
М - жарақталған күйдегi салмағы, кг
N - жүргiзушiнiң орнын қоспағанда отыруға
арналған орындар саны;
|
|
2) Ерекше мақсаттағы көлiк құралдары (М 1 )
SА Автомобиль-үй: 4-тармақ, 1) тармақшаны
қараңыз.
SВ Бронды көлiк құралы: 4-тармақ, 2) тармақшаны
қараңыз.
SС Медициналық көмек көлiк құралы: 4-тармақ, 3)
тармақшаны қараңыз.
SD Катафлак: 4-тармақ, 4) тармақшаны қараңыз.
|
|