Автокөліктерге сұйытылған газ құю бекеттерін пайдалануда сақталатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары



бет1/4
Дата01.07.2016
өлшемі0.59 Mb.
#170043
  1   2   3   4


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2009 жылғы «26» ақпандағы

№ 36 бұйрығымен

бекітілген

Автокөліктерге сұйытылған газ құю бекеттерін

пайдалануда сақталатын өнеркәсіптік қауіпсіздік

талаптары

1-тарау. Жалпы талаптар
1. Осы Талап автокөлік жағармай ретінде қолданылатын шекті қысымы 1,6 МПа аспайтын қысыммен сұйытылған көмірсутекті газдармен (бұдан әрі-СКГ)автокөліктерді қамтамасыз ететін тұрақты автокөлік сұйытылған газ құю бекеттеріне өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын анықтайды.

2. Автокөліктерге газ құю бекетін (бұдан әрі-АГҚБ) пайдалану, өз құрамында, белгілі бір тәртіппен, оқытылып дайындалған және аттестацияланған жұмыскерлері бар ұйымдар жүргізе алады.

3. Әрбір автокөліктерге газ құю бекеттерінде (АГҚБ) осы Талаптың 1-қосымшасына сәйкес құжаттар дайындалады.

4. Автокөліктерге газ құю бекетінің (АГҚБ) жарылыс-өрт қауіпті нысандарындағы технологиялық құрал-жабдықтарды, газ құбырларын, құбыр желілерінің тетіктерін, электр құрылғыларын, желдету жүйелерін, өлшеу, тұйықтау және белгі беру құралдарын (осы Талаптың 2-қосымшасына сәйкес), бекеттегі жұмыс ауысымының тапсыру-қабылдау кітабына белгі қою арқылы, олардың жарамды-жарамсыздығын анықтау мақсатында ай сайын тексеріп, бақыланады.

5. Пайдалану кезінде анықталған газ шығып тұрған жерлер жөнделеді.

6. Жарамсыз құрылғылар, резервуар-ыдыстар және газ тарату желілері алынып тасталады.

7. Жұмыскерлерді дайындау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылы 29 желтоқсандағы № 219 бұйрығымен бекітілген Жалпы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүргізіледі.

8. АГҚБ салу, қайта жаңғырту, техникалық қайта жабдықтау жұмыстары жобаға сәйкес жүргізіледі.

9. АГҚБ салу, кеңейту, қайта жаңғырту, техникалық қайта жабдықтау, тоқтату және жою жұмыстары кезінде жобаны дайындаған ұйым авторлық бақылауды жүргізеді.

10. Жабдықтар мен құбыр желілері іске қосар алдында жеке-жеке сынақтан өткізіледі. Сынақтың оң нәтижелері бойынша белгіленген тәртіпте баяндама-есеп дайындалады.

11. Жабдықтарды, газ құбыр желілерін сынақтан өткізу жұмыстарын және АГҚБ барлық жабдықтарын іске қосу жұмыстарын аттестацияланған ұйым жүргізеді.

12. Жұмыс орындарында газ құбыр желілерінің және жабдықтардың технологиялық сызбалары ілініп тұрады.

13. АГҚБ жобалау (атқарылған) және пайдалану құжаттары, желдету жүйелерінің, электр жабдықтарының, қауіпсіздік құрылғыларының тиімділігінің тексерілгендігі туралы актісі болады.

14. АГҚБ іске қосқан кезде барлық жабдықтар мен құбыр желілері, резервуар ыдыстар және газ құбырлары технологиялық регламентке сәйкес ауамен немесе зиянсыз газбен сығымдалып үрленеді.

15. Қайта тексеру-бақылау кезінде барлық пісіріліп қосылған жапсарлар, бұрандалы және фланецтік қосылыстар сабынды сумен тексеріледі. Бұндай жұмыстарды ауаның төменгі температураларында (0-40°С) орындау кезінде сабын ерітіндісіне спирт (5-30 %) қосылады.

16. АГҚБ пайдалануға беру кезінде мына шаралар іске асырылады:

1) жабдықтардың, арматуралар мен тетіктердің және құрал-саймандардың іске жарамдылығын сырттай көзбен бақылау;

2) жарылыс қаупі бар имараттардың желдету және өртті өшіру құралдарының жұмысқа қабілеттілігін тексеру;

3) тексеруі газдың жарылыс қаупі бар концентрацияларының пайда болуы кезінде белгі беретін стационарлық белгі беру құралдарын тексеру;

4) резервуар-ыдыстарды, газ құбырларын, жабдықтарды (сұйытылған газдың буымен немесе зиянсыз газбен) үрлеп шығу;

5) бақылау-өлшеу құралдарының және деңгей өлшегіш құралдардың жұмысын тексеру;

6) сақтау қоймасындағы резервуар-ыдыстарға автомобильдік цистерналардан сұйытылған газ құйып алу;

7) барлық компрессорларды (буландырғыштарды) және сорғыларды іске қосып, олардың жұмысын байқау;

8) газ баллонды автомобильдердің баллондарына газ толтыру.

17. АГҚБ іске қосу-ретке келтіру жұмыстары кезінде АГҚБ жұмысының барлық технологиялық үдерістері іске қосылып тексеріледі, содан кейін технологиялық регламентке барлық анықтаулар, қосымшалар және өзгертулер енгізіледі.

18. АГҚБ іске қосу-ретке келтіру жұмыстарын жүргізер алдында және бітірген кезде басшы барлық қызметкерлерге жұмыс орындарында іске қосу ретке келтіру қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулар береді.

19. Кешенді байқау кезінде технологиялық жабдықтардың жай-күйін бақылау және орын алған келеңсіз оқиғаларды мен газдың ауаға тарауын дер кезінде жою үшін қызметкерлерінің күшімен кезекшілік ұйымдастырылады.

Бекет қызметкерлері сызбалармен, технологиялық регламентпен, қорғаныс және өрт сөндіру құралдарымен, арнайы киіммен, аспаптармен және жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

20. АГҚБ барлық жабдықтарын және технологиялық жұмыс барысын кешендік 72 сағаттық іске қосу реттеу жұмыстары аяқталған соң, тиісті акті толтырылып АГҚБ пайдалануға беріледі.

21. Жабдықтары толық көлемде іске қосу реттеу жұмыстарынан өтпеген немесе бітпеген АГҚБ пайдалануға берілмейді.



2-тарау. Технологиялық газ құбырларын, құбыр тетіктерін және инженерлік коммуникацияларды пайдалану
22. Кезекші қызметкер ауысымда газдың ауаға шығып жатқан жерлерін анықтау мақсатында технологиялық газ құбырларын және құбырлардың тетіктерін тексереді. Тығыздықтың бұзылған орындары технологиялық регламентке сәйкес жөнделеді.

23. Газдың ауаға шығып жатқан жерін анықтау мақсатында қолданылатындар құралдар жарылыстан сақталған түрде жасалған болады. Газдың ауаға шығып жатқан жерін анықтау мақсатында ашық отты пайдалануға рұқсат етілмейді.

24. Газ құбырларына және құбырлардың тетіктеріне техникалық қызмет көрсету кезінде келесі жұмыстар орындалады:

1) газ құбырларының пісіріліп қосылған жерлерінің, фланецтік және бұрандалы қосылыстарының, нығыздауыш жапсарларының ақауларын және жылу ұстағыш орамының және бояуының күй-жағдайларын анықтау үшін сыртқы жақтарын аралап көру;

2) құбырлардың тетіктерінің ұсақ-түйек жөндеуі, тетіктерді және қозғалтқыш құрылғыларды қарап, оларды ластанудан, мұздардан тазалау және олардың техникалық қауіпсіздік жағдайын анықтау;

3) құбырлардың тіректерінің, құдықтардың, өрт сөндіру гидранттарының күй-жағдайын тексеру.

25. Газ құбырларына және құбыр тетіктеріне техникалық қызмет көрсету мына мезгілдерде өткізіледі:

1) барлық сыртқы газ құбырларын және құбыр тетіктерін, газдың ауаға шығып жатқан жерін анықтап және оны жөндеу мақсатында, аралап көру әр ай сайын;

2) имараттарда орнатылған газ құбырлары мен құбыр тетіктерінің барлық бұрандалы және фланецтік қосылыстарының және нығыздауыштарының, құбырдағы жұмыс қысымына беріктілігін тексеру әр ай сайын;

3) АГҚБ аумағындағы барлық жер асты коммуникациялары құдықтарының газдалғандығын тексеру ұйымның техникалық басшысы бекіткен кесте бойынша өткізіледі.

26. Газ құбырларының тетіктерін техникалық байқаудан өткізген кезде, газдың шығуы мүмкін жерлерге, фланецтік қосылыстардың бүтіндігіне, олардың бекіткіш бұрандалары мен тегірлерінің түгелдігіне, бұрағыш тетіктердің бүтіндігіне және олардың сенімді бекітілгеніне көңіл аударылады. Тетіктердің орта білігі ауыр бұралса немесе нығыздағыштардың бүтіндігі бұзылса, қауіпсіздік шараларын сақтай отырып тез арада ауыстырылады.

27. Аталған жұмыстардан басқа бекіту тетіктерін іске қосу құрылғыларының дұрыстығын тексеріп және бекіткіш тетіктерді бұрап ашу бағытының белгілері мен көрсеткіштері қалпына келтіріледі.

28. Жөндеуге келмейтін және тығыз жабылмайтын тетіктер ауыстырылады.

29. АГҚБ жабдықтарында, газ құбырларында және резервуар-ыдыстарда орнатылған серіппелі сақтандырғыш қақпақшалар айына бір рет, қысқа уақытта ашу арқылы тексеріледі.

30. Серіппелі сақтандырғыш қақпақшаларды ретке келтіру қысымы резервуар-ыдыстардағы және газ құбырларындағы жұмыс қысымының 15 пайызынан аспайды.

31. Серіппелі сақтандырғыш қақпақшалары ретке келтірілмеген немесе дұрыс жұмыс істемейтін технологиялық жабдықтарды, резервуар ыдыстарды және газ құбырларын пайдалануға рұқсат етілмейді.

32. Серіппелі сақтандырғыш қақпақшаларын ретке келтіру және олардың көрсеткіштерін тексеру арнайы орында немесе арнайы құрал-аспап орнатылған орнында жүргізіледі. Тексеру жиілігі:

1) резервуар-ыдыстардың сақтандыратын қақпақшалары 6 айда бір реттен кем емес;

2) қалған жабдықтардағы сақтандырғыш қақпақшалар ағымдағы жөндеу кезінде, бірақ жылына бір реттен кем емес.

33. Сақтандырғыш қақпақшалар сыналғаннан кейін пломбыланады, тексеру нәтижелері оның төлқұжаттына жазылады.

34. Жөндеуге немесе тексеруге алынған сақтандырғыш қақпақшалардың орынына жөнделген лақтыру сақтандырғыш қақпақшалары орнатылады.

35. Газ құбырларын ағымдағы жөндеуден өткізу жилігі байқау нәтижелері бойынша анықталады. Газ құбырларын ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстарының тізіміне мыналар кіреді:

1) техникалық қызмет көрсету кезінде анықталған ақауларды жою;

2) жер бетіндегі газ құбырларының иіліп тұруын жою, бұрынғы қалпына келтіру немесе жер бетіндегі газ құбырларының бекітулерін ауыстыру;

3) жер бетіндегі газ құбырларының бояуын жаңарту;

4) бекіткіш тетіктерді жөндеу;

5) бұрандалы және фланецті бекітулердің беріктігін тексеру.

36. Бекіткіш тетіктерді ағымдағы жөндеу жылына бір рет өткізіледі және оған мына жұмыстар кіреді:

1) бекіткіш тетіктерді батпақтан және тоттан тазалау;

2) бекіткіш тетіктерді бояу;

3) бекіткіш тетіктердің ысырмаларын ары-бері жүргізіп, майлау;

4) нығыздығыштарын тексеру және толтыру;

5) ысырмалардың қозғалтқыш құрылғыларын жөндеу;

6) барлық пісіріліп қосылған, бұрандалы және фланецті қосылыстардың, нығыздаулардың ауа жібермейтіндей беріктілігін сабынды ерітіндімен немесе аспаптық тәсілмен тексеру;

7) тетіктердің тозығы жеткен және зақымдалған бұрандаларын, нығыздағыштарын алмастырып, жаңасын салу.

37. Тетіктерді тексерудің және жөндеудің нәтижесі оның төлқұжатына жазылады.

38. Ағымдағы жөндеу жұмыстары АГҚБ техникалық басшысы бекіткен кесте бойынша жүргізіледі.

39. АГҚБ газ құбырларын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары қажет болған кезде жүргізіледі. Күрделі жөндеу көлеміне мына жұмыстар кіреді:

1) газ құбырларының сенімділігі аз бөліктерін жөндеу немесе ауыстыру;

2) газ құбырларының зақымдалған бөліктеріндегі сыртқы сақтандырғыш қабықтарын ауыстыру;

3) жөндеуге келмейтін ысырмаларды, бекіткіштерді ауыстыру;

4) жылжыйтын және жылжымайтын тіректерді ауыстыру.

40. Газ құбырларының күрделі жөндеуі кезінде аталған жұмыстардан басқа ағымдағы жөндеу және техникалық қызмет көрсету кезінде қаралған барлық жұмыс түрлері жүргізіледі.

41. Күрделі жөндеуден өткен газ құбырлары сынақтан өткізіледі.

42. Күрделі жөндеу жұмыстарының нәтижесі газ құбырларының төлқұжаттарына енгізіледі.

43. Инженерлік жүйелерге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жиілігі осылай белгіленеді:

1) сыртқы су кұбырлары мен ағынсу жүйелері 2 жылда бір мәрте;

2) сыртқы жылу жүйелері жылына бір мәрте;

3) ішкі су кұбырлары, жылу және басқа да жүйелері 2 жылда бір мәрте.

44. Сұйытылған көміртекті газдарды (СКГ) автокөлік цистерна-ыдыстардан және автокөліктердің газбаллон ыдыстарынан құйып алу үшін металкордтық жеңді, иілгіш (сильфондық) металл газ құбырларын қолдану рұқсат етіледі.

45. Құю-құйып алу жұмыстарына қолданылатын жеңдердің жарылған, кесілген және егелген жерлері болмайды. Егер жеңдерде осы аталған ақаулардың бірі табылса, жеңдер жаңасына ауыстырылады.

46. Жеңдер 3 айда бір мәрте 1,25 көрсеткішіне тең жұмысшы қысыммен гидравликалық сынақтан өткізіледі. Сынақ нәтижесі актімен рәсімделді.

47. Әрбір жеңде реттік нөмірі, сынақ өткізілген мерзімі (ай, жыл) және келесі сынақ мерзімі (ай, жыл) белгіленіп жазылады.

48. Әрбір металлкордтық және резеңке жеңдер статикалық электрден қорғалынады.

49. Резеңкематалл жеңдер диаметрі 2 мм кем емес мыс сыммен немесе қима ауданы 4 мм кем емес иілгіш мыс арқанмен арасы 100 мм болатындай етіп оралады. Сымның немесе мыс арқанның екі ұшы жеңнің ұшымен пісіріліп немесе тегірмен қосылады. Металкордтық жеңдегі металдық корд ұштармен күйдіру арқылы қосылады.

50. Жеңдердің тегірлерін қатты қысуға, қысыммен жұмыс істеп тұрған жеңдерді ажыратуға, тегірлерді бұрау кезінде соғатын аспапты қолдануға тыйым салынады.



3-тарау. Резервуар ыдыстарды пайдалану
51. Сұйытылған көміртекті газдарды (СКГ) құюға арналған резервуар-ыдыстарды бақылау, бабында ұстау, техникалық куәландыру, қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылы 29 қазанда № 189 бұйрығымен бекітілген Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды қауіпсіз пайдалану және орналастыру талабына сәйкес жүргізіледі.

52. Резервуарлық қорға (сақтау қорына) резервуар ыдыстардың орналасқан орындары, олардың нөмірлері, технологиялық газ құбырлары және олардың тетіктері көрсетілген технологиялық сызба сызылады.

53. Резервуар ыдыстар құю алдында артық қысымға тексеріледі, 0,05 МПа кем емес.

54. Ыдыстардың жұмысқа жарамдылығы туралы деректер тексеру журналына тіркеледі (3-қосымша).

55. Резервуар ыдыстар куәландыру өткеннен кейін ғана пайдалануға беріледі.

56. Резервуар ыдыстарды пайдалану кезінде техникалық қызмет көрсету жұмыстар іске асырылады.

57. Резервуар ыдыстарға техникалық қызмет көрсету кезінде мына жұмыстар орындалады:

1) ақауларын және газ шығып тұрған жерлерді анықтау үшін резервуар ыдыстарды және олардың тетіктерін сырттай қарап шығу;

2) резервуар ыдыстардағы газ деңгейін тексеру.

58. Пайдалану кезінде пайда болған газ шығатын жерлер тезірек жөнделеді.

59. Техникалық қызмет көрсету кезінде анықталған ақаулар төлқұжатқа жазылады.

60. Технологиялық процестердің бұзылуына әкеліп соқтыратын ақауларды анықтаған кезде жою үшін технологиялық регламентте қарастырылған шаралар қолданылады.

61. Резервуар ыдыстарға техникалық қызмет көрсету кезінде тез арада жою мүмкін емес ақаулар анықталса, онда резервуар-ыдыс технологиялық газ құбырларынан ажыратылып құбырға тығын орнатылады.

62. Сақтандырғыш қалпақшалардың дұрыстығы осы талаптарға сәйкес тексеріледі. Тексеру немесе жөндеу үшін шешіп алынған сақтандырғыш қалпақшалардың орынына тығын орнатуға рұқсат етілмейді.

63. АГҚБ техникалық басшысы бекіткен кесте бойынша мына жұмыстар жүргізіледі:

1) сақтандырғыш қалпақшалардың шамадан тыс қысым кезінде іске қосылуын тексеру;

2) ысырмаларды және бұрап бекіткіштерді тексеріп-байқау, майлау; резервуар-ыдыстардағы конденсаттарды құрылғылар арқылы құйып алу.

64. Резервуар ыдыстардың, олардың тетіктерінің және бақылау өлшеу құралдарының жұмыс күйін бақылау тұлғасы (бұдан әрі-БӨҚ) 3 айда бір рет толық тексереді.

65. АГҚБ резервуар-ыдыстарды техникалық куәландыру мерзімі мен тәртібі, сонымен қатар қажет болған жағдайда мерзімінен бұрын куәландыру технологиялық регламенттің талаптарына сәйкес анықталады.

4-тарау. Компрессорларды, сорғыларды, буландырғыштарды

пайдалану
66. Компрессорларды, сорғыларды және буландырғыштарды пайдалану кезінде шығарған зауыттың, технологиялық регламенттің және осы Талап сақталынады.

67. Компрессорлардың, сорғылардың және буландырғыштардың жүйедегі қысымдары жобада белгіленген көрсеткіштерден жоғарылап кетсе электр қозғалтқыштар және буландырғыштарға жылу тасымалдау автоматты түрде сөндіріледі.

68. Сынған немесе желдеткіш сөндірілген жағдайда, бақылау өлшеу аспаптары сынған кезде немесе олардың орнатылмауы ғимарат ішіндегі зиянды газдың құрамы жалын шарпу шегінің 20 пайызынан асып кеткен кезде компрессорларды, сорғыларды және буландырғыштарды пайдалануға рұқсат етілмейді.

69. Компрессорлардың, сорғылардың және буландырғыштардың жұмыс істеу тәртібі, атқарған жұмыс уақыты, орын алған ақаулары туралы мәліметтер олардың пайдалану журналына жазылады (4-қосымша).

70. Компрессорларды, сорғыларды және буландырғыштарды жұмыс тәртібінен резервке шығару технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

71. Компрессорларды, сорғыларды тоқтатылғаннан кейін және буландырғыштарды сөндіргеннен кейін сору және айдау жүйелеріндегі тетіктер жабылады.

72. Жұмыс уақытында сорғы-компресссорлық және буландырғыштар бөліміндегі ауа температурасы жұмыс 10°С төмен болмайды. Ауа температурасы 10°С төмен болған жағдайда компрессорлардың салқындатушы жүйелеріндегі және буландырғыштардың қыздыру жүйелеріндегі су құбырларындағы су төгіледі.

73. Компрессорларды, сорғыларды пайдалануға және оларды қосуға ұстасу муфтасы мен белбеулік берілістің электр қозғалтқышпен қоршалмаған кезде рұқсат берілмейді.

74. Сорғылы компресссорлық және буландырғыштар бөлімдерінде технологиялық жабдықтардың, құбырлардың және бақылау-өлшеу құралдарының (БӨҚ) сызбалары, технологиялық регламент және жабдықтарды пайдалануды тіркейтін кітапша ілініп тұрады.

75. Компрессорлар мен сорғыларға техникалық қызмет көрсету кезінде ауысым сайын мына жұмыстар орындалады:

1) ақауларды және газ шығып жатқан жерлерді анықтау мақсатында жабдықтарды, бекіткіш және сақтандырғыш тетіктерді, өлшеу және бақылау құралдарын тексеру;

2) жабдықтарды және бақылау өлшеу құралдарын (БӨҚ) шаңнан және ластанулардан тазалау, жерге тұйықтаулар мен бекітулерді және дұрыстығын тексеру;

3) бөтен шуылдардың, жағымсыз дірілдеулердің болмауын, біліктердің температурасын, майдың және салқындатушы судың деңгейін, қысымын және температурасын бақылау;

4) қозғалушы бөлімдердің көзге көрінетін жерлерінің дұрыстығын тексеруі;

5) бекіткіш тетіктер мен сақтандырғыш қалпақшаларды тексеріп бақылау;

6) жөнге келмейтін жабдықтарды ажырату немесе өшіріру.

76. Технологиялық регламентте қарастырылған жұмыстар орындалады.

77. Компрессордың газ құбырындағы газ қысымы айдау температурасындағы және 1,6 МПа жоғары қысымды СКГ қысымынан аспайды.

78. Сорғының сору жүйесіндегі газ қысымы сол температурадағы сұйық фазадағы қаныққан бу қысымынан 0,1-0,2 МПа жоғары болады.

79. Компрессорлар мен сорғылардың сына тәрізді белдіктік берілістер беріктілігі мен күштерді беруіне, статикалық ұшқын қауіпсіздігіне кері ықпалын тигізетін май, су және басқа заттардың әсер етуінен қорғалады.

80. Сорғыларға техникалық қызмет көрсету ай сайын өткізіледі. Техникалық қызмет көрсету кезінде мынадай жұмыстар жүргізіледі:

1) электр қозғалтқышпен сорғының жетек жүйесінің және байланыстырғыш муфта иектерімен бір діңнің бойында болуын;

2) кері тебу қалпақшасының жұмысын тексеру, көп сатылы секциялық сорғылардың секция аралық газ шығуларын болдырмау;

3) бағыттауыш және анкерлік тегірлерді тарту.

Аталған жұмыстардан басқа технологиялық регламентте бекітілген жұмыстар да орындалады.

81. Компрессорлар мен сорғыларды майлау үшін зауыт нұсқаулығында көрсетілмеген майларды қолдануға рұқсат етілмейді.

82. Сорғылы компресссорлық және буландырғыш жабдықтардың ағымдағы жөндеу жұмыстарына техникалық қызмет көрсету операцияларымен қоса жабдықтарды жартылай ашып жөндеу және тез тозған бөліктерді ауыстыру жатады.

83. Сорғылы компресссорлық жабдықтарды ағымдағы және күрделі жөндеу мерзімі жабдықтардың жағдайына қарай шығарушы зауыттардың және АГҚБ техникалық басшысы бекіткен кестесі бойынша жүргізіледі.

84. Компрессорларды ағымдағы жөндеу кезінде техникалық қызмет ету жұмыстарынан басқа мына жұмыстар орындалады:

1) цилиндрлердің қақпақтарын ашу, цилиндрлерді тазалау, поршеньдерді күйіктен тазалау, поршеньдердің сақиналарының тозығын тексеру және тозғандарын ауыстыру, поршеньдерді, біліктерді, цилиндрларды тексеру;

2) буынды білік тексеру, қажет болған жағдайда оларды өңдеу;

3) бұлғақ біліктің күй-жағдайын тексеру және қажет болған жағдайда бұлғақтың мойынтірегін тазалау;

4) буынды білік мойыны мен жапсармаларының аралық саңылауларын реттеу;

5) дөңгелек мойынтіректерді тексеру және қажет болған жағдайда оларды ауыстыру;

6) бұлғақтың тегірлерін байқау және олардың өлшемдерін тексеру;

7) бұлғақтың жоғарғы жақ төлкесін және крейцкопф иінін тексеру, оларды жөндеу немесе ауыстыру;

8) цилиндрлардың және мұздатқыштардың сыртқы қабаттарын тазалау;

9) жөнге салу «зиянды кеңістіктердің» және жегілетін бөлімдер аралық саңылаулардың жеткізумен олардың мөлшерлерге дейін, нұсқаумен алдын ала ескерілгендердің зауытты-әзірлеушінің;

10) май өткізгіштерді жөндеу, аршу және картер тазарту, май толық ауыстыру, тығыздауыштарды және алдыңғы тығыздауыштарды толтыру;

11) ілмектік арматураны және сақтандыратын қақпақшаларды ауыстыру, жөндеу;

12) барлық болттық қосуларды, олардың сіргесін тексеру және жөндеу;

13) сорып алушы және қақпақшаларды ауыстыру, жөндеу;

14) қалпақшалық ұяларды тегістеу өңдеу;

15) ауа құрғату құрылғыларын жөндеу.

85. Сорғыштарды техникалық қызмет етуден басқа ағымдық жөндеуде орындалады:

1) роторды шығару және корпустардың ішкі беттерін тексеру, тегеріштерді бөліп ауыстыру немесе жөндеу;

2) білік мойындарын тегістеу, оны түзету (қажетті болғанда);

3) тығыздау сақиналарын ауыстыру;

4) роторды теңестіру (қажетті болғанда);

5) төсемелерді ауыстыру;

6) тығыздау тығыздамаларын жөндеу, толтыру және (немесе) ауыстыру;

7) мойынтіректерді ауыстыру (қажетті болғанда).

86. Буландырғыштарды пайдалануға беру кезінде қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды қауіпсіз пайдалану талаптары орындалады.

87. Техникалық қызмет ету және буландырғыштарды жөндеу зауыт-дайындаушы төлқұжатында көрсетілген көлемде және мезгілде жүргізіледі.

88. Техникалық қызмет ету және газ құбырларын, арматураларды, қауіпсіздік автоматикасы құралдарын және буландырғыштардың БӨҚ жөндеу осы құрылғыға технологиялық регламентпен бекітілген мезгілде жүргізіледі.

89. Компрессорлар және сорғыштар келесі жағдайларда тоқтатылады:

1) ілмектік арматураның жарамсыздығы және газдың кемуі;

2) дірілдеудің , бөтен шуылдардың және тарсылдардың пайда болуы;

3) тығыздау тығыздамасы және мойынтірек қатардан шығуы;

4) электр жетегі, қосу арматурасының қатардан шығуы;

5) муфталық қосулардың, жүздік белдіктердің және олардың қоршаулардың ақаулығы;

6) арынды және сорғыш газ өткізгіштерде орнатылған газ қысымының төмендеуі немесе жоғарлауы.

90. Буландырғыштарды пайдалануға беру мынадай жағдайларда жол берілмейді:

1) бу фазасының және сұйық қысымның белгіленген нормадан жоғарылауы немесе төмендеуі;

2) сақтандыратын қақпақшалардың, БӨҚ және автоматика құралдарының ақаулығы;

3) бақылау өлшеу құралдарды тексермеу;

4) бекіту бөлшектерінің ақаулығы;

5) газ кемудің табылуы немесе булану құрылымы бүтіндігінің бұзылуы, пісірілген тігістердің, болттық қосулардың терлеуі;

6) бу фазаларының газ өткізгіштеріне сұйық фазалардың тиюі; буландырғышқа жылу таратқыштың берілуін тоқтату.

5-тарау. Желдеткіш жүйелерді пайдалануға беру
91. Желдеткіш жүйелерінің зауыт шығарушы басшылығының, өртке қарсы шаралар, көлемін және техникалық қызмет көрсету мерзімін ағымдағы және күрделі жөндеу талаптары қосылған АГКБ желдеткіш жүйелерді пайдалану бойынша технологиялық регламенті өңделеді.

92. Әрбір желдеткіш жүйелерінде желдеткіш және ауа өткізгіш қаптамасына бояуы жуылмайтын анық бояумен боялатын жобаға сәйкес реттік нөмірлері мен белгілері болады.

93. Әрбір желдету жүйесіне электрқозғалтқыш және желдету желдеткішінің мінездемесі мен типі, құрылғының сұлбасы көрсетілген құжат жасалады.

94. Желдеткіш жүйелерінің құрылымын жобалық ұйымының келісімінсіз өзгертуге жол берілмейді.

95. Өндірістік мекемеде желдету жүйелері және жеткіліксіз ауа алмасу жарамсыз болғанда АГҚБ жұмыстарын өткізуге рұқсат етілмейді.

96. Желдеткіш камералар құлыпқа салынады. Есіктерде бөтен тұлғалардың кіруіне тыйым салу туралы жазулар ілінеді.

97. Желдеткіш камераларда материалдар және жабдықтарды, инвентарь, аспапты сақтауға рұқсат етілмейді.

98. Жарылыс қауіпті өндірісті АГҚБ ғимараттарында қауіпті газ концентрациясының болуы туралы белгі беру үшін орнатылған аспаптар осы талаппен белгіленген мерзімде тексеріледі.

99. Уақытша жұмыс істемеу қабілетсіздігі кезінде (72-сағаттан көп емес) жұмыс ауысымы ағымында әр 30 минут сайын газ талдаушылар арқылы тасымалданатын газдардың болуын тексеру үшін АГҚБ ғимараттарының ауасына талдау жүргізіледі.

100. АГҚБ ғимараттарында қауіпті газ концентрациялары пайда болған кезде барлық жұмыстар тоқтатылады және газдалу себептері жойылады.

101. А категориялы ғимараттардың шығару желдеткіш жүйелерінің ауасын сору жүйеге басқа заттардың түсіп кетпеуін болдырмайтын тормен жабылады.

102. Жөндеуден кейін және жүйелеуден кейін желдеткіштерді жүйелеуге арналған құрылғылар сәйкес күйде белгіленеді.

103. Ауа өткізгіштер жерге тұйықталады, желдеткіш жүйелердің жұмсақ қоспалары металл жалғастырғыштармен тығыздалады.

104. Шығару желдеткіш жүйелерді қосу технологиялық құрылғылардың жұмысы басталғанша дейін 15 минут бұрын іске асырылады. Сору желдеткіш жүйелерін қосқаннан кейін желдеткіш жүйелердің ағынын қосу 15 минуттан соң іске асырылады.

105. Жарылыс қауіпті ғимараттардағы және тағы басқа мекемелердегі желдеткіш камералар мен желдеткіш жүйелерге техникалық қызмет көрсету ауысым сайын өткізіледі. (5-қосымша).

106. Өрт шектеуші және өзі жабылатын қайтару қақпақшаларының ағымды жөндеу жұмыстары желдеткіш жүйелерін кезекті жүйелеуден бұрын жылына бір рет жүргізіледі. Жөндеу нәтижесінің мәліметі желдеткіш жүйенің төлқұжатына енгізіледі.

107. Пайдалануға берілген желдеткіш жүйелердің техникалық сипатын анықтау арқылы желдеткіш жүйелер жөндеуден және қайта құрудан кейін жылына бір реттен кем емес сыналады.

108. Сынау арнайы ұйыммен өткізіледі. Сынаудың нәтижелері бойынша желдеткіш жүйелерді пайдалануға беру тәртібін көрсету арқылы жұмыс нәтижесінің бағасы бар техникалық есеп құрастырылады.

109. Желдеткіш жүйелердің құрылымына енгізілген өзгертулер жобаға енгізіледі.

110. Желдеткіш жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуге келесі жұмыстар енгізіледі:

1) жұмыс үзілісі кезінде іске асырылатын желдеткіш жүйелерді (бекітуді қысу, шиберлердің күйін белгілеуші және тағы басқалар)жөндеу;

2) желдеткіш жүйелерге қызмет ету бойынша нұсқаулықтың орындалуын тексеру; (мойынтіректердің температуралары, желдеткіш ротор бағыттары, бөтен шуылдардың, дірілдеулердің, ауа сорғыштардың жоқ болуы, калориферлерде және құбыр өткізгіштерде жылу тасымалдаушының кемуі, сақтандырушы және жүйелеуші құрылғылардың реттегіштің дұрыстығы);

3) айналып тұратын бөлімдердің қоршауын тексеру, қарастырылған жағдайда өз уақытында желдеткіш жүйелерін қосу және сөндіру.

111. Желдету жабдықтарын ағымдағы жөндеу кезінде:

1) сыртқы беттерді шаңнан және ластанудан тазалау;

2) желдеткіш жүйені сөндіру және бөлшектеп бұзу;

3) майысқан жерлерді және басқа зақым келгендерді дұрыстау;

4) желдеткіштердің қаптамаларын, желдеткіш камералардың, ауа өткізгіштердің, сору зонттарының табақ металдардан істелінген басқа құрылғылардың ақаулы жерлердің тесіктерін және жөндеу;

5) бұрандама қосылыстарды қысу, жапсырылған, пісірілген, шегеленген фланецтік қосылыстарды жөндеу; ұзылған пісіру бөлшегі, шегеленген, жабыстырылған және пісірілген қосулардың бұзылған жерлерін;

6) фланецтерді, болттарды, салуларды, жұмсақ қоспаларды, бекітулерді (қажетті болғанда) ауыстыру;

7) желдеткіш жүйелері элементтерінің құрылымы арқылы өту орындарында бөлімдерін жөндеу;

8) валдарды, роторларды жөндеу мойынтіректерді ауыстыру;

9) ротор мен қаптамалар арасындағы саңылауларды қалпына келтіру;

10) желдеткіш роторларды теңестіру;

11) желдеткіш ағын жүйелерініңқайтару қақпақшаларының тығыздығын тексеру, сүзгіш элементтерді ауыстыру және алмастыру;

12) тоттануға қарсы жабуларды және бояуларды қалпына келтіру;

13) шуларды тудыратын ауа өткізгіштердің, желдеткіштердің дірілдеулерін жою;

14) параметрлер белгіленген бұзылу кезінде желдеткіш жүйелерді жүйелеу.

112. Желдеткіш жабдықтарды күрделі жөндеу кезінде ағымдағы жөндеулер жүргізіледі, сонымен қатар:

1) желдеткіштердің білігін ауыстыру және жөндеу;

2) желдеткіштің қаптамасын жөндеу;

3) тербелудің тозған мойынтіректерін ауыстыру;

4) арнайы құрылғыдағы роторды статистикалық теңестіру;

5) құрылымдық элементтерді жөндеу, қажетінше жылытылған қақпақшаларды, есіктерді, дросел қақпақшаларын, шиберлерді, есіктің ысырмасын, механизмдерді, жетектерді ауыстыру арқылы желдеткіш камераларды жылумен оқшаулау;

6) ауа өткізгіштерді, жергілікті сорғыштарды, зонттарды, дефлекторды, калориферді, құрылымдық элементтерді және желдеткіш жүйелердің түйінін ауыстыру;

7) камераларды, құрылғыларды, жергілікті сорғыштар құрылғыларын, жабуларды, қатпарланған бояулардан, қойыртпақтардан, ластан, шаңдардан ауа өткізгіштерді тазалау;

8) желдеткіш камералар ғимараттарын, құрылғыларды бояу;

9) байқау және жөндеулерді жүргізу, бөлек түйіндерді сынау; жүйелерді жинау.

114. Сынамалар нәтижесі бойынша жұмыс зонасындағы жұмыс өндіруде өнеркәсіптік қауіпсіздікпен қамтамасыз ету бойынша желдеткіш жүйелері жұмысының тиімділігін бағалау арқылы техникалық есеп құру.

115. Ауадағы СКГ буларының шекті рұқсат концентрациясы (бұдан әрі-ШРК) технологиялық құрылғыны жобалау жүктемесі кезінде квартал сайын бір реттен кем емес. Орындар саны және сынама алу шарттары технологиялық регламентпен белгіленеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет