Автомобиль жолдары туралы


-бап. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бойында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру



бет12/24
Дата07.02.2024
өлшемі77.91 Kb.
#491293
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24
Автомобиль жолдары ҚР Заңы

10-бап. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бойында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру
1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасында көзделген тәртіппен орналастырылады.
2. Бөлiнген белдеудiң шекараларында орнатылатын сыртқы (көрнекi) жарнама объектілері, өзге де ақпараттық белгiлер мен нұсқағыштар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалуға және орнатылуға тиiс.
3. Алып тасталды – ҚР 08.01.2019 № 215-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 08.01.2019 № 215-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-тарау. АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ


11-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің автомобиль жолдары мен жол қызметі саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына:
1) Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдары мен жол қызметі саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты үйлестіру және жүргізу;
2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың автомобиль жолдары мен жол қызметі саласындағы қызметіне жалпы басшылық жасау;
3) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
4) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
5) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
5-1) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
6) автомобиль жолдары саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
6-1) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
7) алып тасталды
8) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
8-1) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
8-2) Ұлттық операторды және Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығын құру;
8-3) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
8-4) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу мен реконструкциялау жөніндегі және облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, сондай-ақ күрделі және орташа жөндеу жөніндегі жобалардың басымдығы критерийлерін бекіту;
8-5) мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару туралы шешімдерді қабылдау, олардың негізінде жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару талаптарына сәйкес оларды кері сатып алу міндеттемесімен мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының меншігіне сату жүзеге асырылады;
9) Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.07 N 168, 2006.12.29 N 209, 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.22 N 475-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2013 № 112-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет