Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы



бет1/4
Дата18.07.2016
өлшемі344 Kb.
#206570
  1   2   3   4


исх: 14-1/26-ВН от: 16.01.2013


«Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау

қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 қаулысына өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



  1. «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының САПП, 2011ж.,
    № 45, 611-бап) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі
    № 767 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:


Аталған қаулымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасында:

3-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:

«диспетчерлік жүйе – бекітілген маршрутпен жолаушылар мен жүктерді тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын режимінде автокөлік құралдарының шынайы уақыт қозғалыстары туралы ақпаратты үздіксіз алуға мүмкіндік беретін жүйе;

диспетчерлік жүйенің операторы – диспетчерлік жүйені ұйымдастыруды және қызмет етуін қамтамасыз ететін жеке және заңды тұлға;»;

10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

10. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау кезiнде пайдаланылатын автобустар мен шағын автобустар Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнің Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетiнiң 2001 жылғы 22 қазандағы № 378 бұйрығымен бекiтiлген "Жолаушылар тасымалдары бойынша автокөлiк қызметтерi" туралы ҚР СТ 1040-2001 сәйкес келуi тиiс, бұл ретте:

1) қалалық және қала маңындағы тұрақты автомобиль тасымалдауы маршруттарында кемiнде екi жолаушы есiгi бар қалалық автобустарды (I класты), шағын автобустарды, сондай-ақ қала маңындағы автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарында қалааралық автобустарды (II класты) пайдалануға рұқсат етiледi;

2) қалааралық облысаралық және халықаралық автомобильмен тұрақты тасымалдаудың маршруттарында қалааралық автобустар (II класты) немесе алысқа жүретiн автобустар (III класты) пайдаланылуы тиiс. Республикалық маңызы бар жолдар бойынша осы маршруттардың ұзақтығы 300 километрге (бұдан әрi - км) дейiн болса, шағын автобустарды пайдалануға рұқсат етiледi;

3) халықаралық қатынастарда жолаушыларды автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдайтын маршруттарға тасымалдау түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар тасымалдаушылар жіберіледі;

4) жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауда тұрақты халықаралық, облысаралық, қалааралық және қалалық (республикалық маңызы бар қалаларда және астанада), сондай-ақ облыстық орталықтарда) маршруттарда қолданылатын автобустар мен шағын автобустар тасымалдарды жүзеге асыру кезінде шынайы уақыт режимінде байланыс арналары арқылы мәліметтерді үздіксіз беру жүйелерімен жабдықталады.

11. Республикалық маңызы бар ұзақтығы 150 км астам жолдар бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық және халықаралық тұрақты және тұрақсыз тасымалдау маршруттарында пайдаланылатын автобустарда шалқаймалы арқалықтары бар жұмсақ орындықтары болуы тиiс.

Осы талаптар сал өткелдері бар немесе серпантиндер, бұрылыстың кіші өрісі таулы жерден өтетін ауданаралық (қалааралық облысішілік) маршруттарда қолданылмайды.»;

мынадай мазмұндағы 11-1-тармағымен толықтырылсын:

«Егер маршрут ұзақтығы 500 км асатын болса, автобус салонында жүргізуші-ауыстырушының орны көзделеді.»;

27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«27. Такси сыртынан жанама тұсында биіктігі 30 сантиметр, ұзындығы 100 сантиметрден кем емес мөлшердегі қара және сары түсті төртбұрыштардан тұратын шахмат ретінде орналасқан бірыңғай ерекшелік белгілермен безендіріледі.»;

28-тармақ алып тасталсын;

29 және 30-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«29. Такси жарамды, стандарттау жөніндегі уәкiлеттi орган тексерген және пломбаланған таксометрмен немесе кассалық бақылау машинасымен жарақталады.

Автомобиль көліктерінде кассалық бақылау машиналарын салық органында тіркеусіз пайдалануға рұқсат берілмейді.

30. Таксидiң салонында жолаушылар көретіндей жерде жүргiзушiнiң фотосуретi бар, тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген визит карточкасы, сондай-ақ ақпараттық тақта орнатылады, онда:

1) тасымалдаушының ресми атауы, оның мекенжайы және телефон нөмірі;

2) таксометр болған жағдайда 1 км дейінгі, сондай-ақ келесі аралықтағы жол жүру құны көрсетіледі.»;

36-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) жетпiс бес пайыздан артық қосарлану учаскесiнде автобустардың орташа сыйымдылығын пайдалану кезiнде уақыт бойынша айырмашылығы:

150 км дейiнгi қосарлану ұзақтығында 10 минутқа дейiн;

350 км дейiнгi қосарлану ұзақтығында 15 минутқа дейiн;

350 км артық қосарлану ұзақтығында 20 минутқа дейiн қысқартылады.»;

37-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

«37. Жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдау маршруттарында (халықаралық қатынастардан басқа) барлық маршруттардың ұзақтығында автобустардың орташа жылдық толтырылуы жетпiс бес пайыздан артық болған кезде тасымалдауды ұйымдастырушы тасымалдаушылардың немесе жолаушылардың өтiнiшi бойынша қосымша қозғалыс кестесiн енгiзу туралы шешiм қабылдайды. Қалааралық облысаралық маршруттарға қатысты қосымша қозғалыс кестесін енгізу туралы шешімді автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган астана, республикалық маңызы бар қалалар, облыстарының жергілікті атқарушы органдарымен келісу арқылы қабылдайды.»;

мынадай мазмұндағы 37-1-тармағымен толықтырылсын:

«Ұзақтығы 300 км-ге дейінгі тұрақты қалааралық облысаралық маршруттарда автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган астана, республикалық маңызы бар қалалардың, облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен келісімі бойынша автобустардың, шағын автобустардың еркін қозғалысы бойынша жолаушыларды және багажды тасымалдауды жүзеге асырудың тұрақты кезеңін көрсете отырып, қозғалыс кестесін бекітеді. Маршрутқа қызмет ететін тасымалдаушыға автобустардың, микроавтобустардың еркін қозғалысы бойынша жолаушылар мен багаждың тасымалдары қызметін көрсету құқығы беріледі.»;

45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«45. Жүргiзушi рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексеруден рейске (ауысымға) шыққанға дейiн отыз минут қалғанда немесе таксидегі жұмыс басталғанға дейін жол қағазын немесе борт журналын, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатты көрсету бойынша өтедi.»;

48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«48. Арыз, аурудың нақты белгiлерi мен ағзаның жұмыс iстеу жай-күйiнiң бұзылуы болмаған кезде, тексерiлушi көлiк құралдарын басқаруға жiберiледi.

Медицина қызметкерi жүргізушілер жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауын жүзеге асырған кезде - борт журналының, жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауын, сондай-ақ таксимен таксимен тасымалдауды жүзеге асырған кезде жол қағазының тиiстi бағаналарына мөртабан қояды. Мөртабанда тексеруден өткен уақыт пен медицина қызметкерiнiң қолы қойылады.»;

58-тармақтың екінші бөлімі мынадай мазмұндағы


7), 8) тармақшаларымен толықтырылсын:

«7) Интернет желісіне қол жетімділіктің сымсыз нүктелері;

8) автобустар тұрақтары үшін алаңдарда, жолаушыларға арналған күту залында, жолаушыларды отырғызу және түсіру пункттерінде бейнебақылау құралдарының болуы тиіс.»;

74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«74. Жол жүру құжаттарын сату:

1) автовокзалдар, автостанциялар мен кассалық пункттердің билет кассалары арқылы;

2) маршруттың аралық аялдама пункттерінде билет кассалары болмаған жағдайда автобуста, шағын автобуста отыратын бос орындар болса, сондай-ақ жолаушылар мен багажды 50 км артық қашықтықта тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автобустардың толу нормасына дейін жүргізуші немесе кондуктор жүзеге асырады;

3) байланыс құралдарын пайдалана отырып немесе ұйымдастырылған билет кассалары арқылы жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.»;

76, 77 және 78-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«76. Жол жүру құжаттарын (билеттерін) ағымдағы сатумен қатар алдын ала сату, сондай-ақ байланыс құралдарын пайдалану және үйге жеткізіп беру арқылы жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату жүзеге асырылады.

Жол жүру құжаттарын (билеттерiн) алдын ала сату, сондай-ақ байланыс құралдарын пайдалану арқылы сатылған жол жүру құжаттарын (билеттерiн) үйге жеткiзiп бергенi үшiн, автовокзалдар мен автостанциялар белгiлеген мөлшерде қызмет көрсеткенi үшiн ақы алынуы мүмкін.

77. Жол жүру құжаттарын (билеттерін) алдын ала сату, соның ішінде билетті сатып алуға тапсырыс автобус пен шағын автобустың жөнелтілуіне дейін 30 күнтiзбелiк күн бұрын басталады және автобус пен шағын автобустың жөнелтілуіне 24 сағат қалғанда аяқталады.

78. Жол жүру құжаттарын (билеттерін) ағымдағы сату автобус, шағын автобус жөнелтілгенге дейін 5 минут бұрын аяқталады.»;

79-тармақ алып тасталсын;

80 және 81-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«80. Жол жүру құжаты (билетi) жоғалған және жолаушы автобус, шағын автобус жөнелтiлгенге дейiн 3 сағаттан кешiктiрмей жол жүру құжатын (билетін) сатқан адамға немесе тасымалдаушыға барған жағдайда және жолаушының жол жүру құжатын (билетін) сатып алғаны расталса, билет ақысыз қалпына келтіріледі.

81. Жолаушы алынған жол жүру құжатын (билетін) кассаға автобус жөнелтілгенге дейін қайтарған кезде, оған жол жүру құжатын (билетін) сатқан адаммен көзделген алымдар шегерілген төленген жол жүру құжатының (билеттің) құны қайтарылады.»;

мынадай мазмұндағы 99-1-тармағымен толықтырылсын:

«99-1. Қалааралық облысаралық және халықаралық қатынастарда автобустың бастапқы жөнелтілуі алдында жолаушылар салонда ауызша немесе дыбыс немесе бейнежазба арқылы мемлекеттік және орыс тілдерінде:

1) тасымалдаушы;

2) маршруттың атауы;

3) жүрудің километрдегі ұзақтығы;

4) жолда жүру уақыты;

5) аралық аялдамалар;

6) автобустың қозғалысы кезіндегі шектеулер;

7) жедел жағдайлардағы әрекеттер туралы;

8) қосымша көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттануы тиіс.»;

мынадай мазмұндағы 125-1-тармағымен толықтырылсын:

«125-1. Уағдаластық бойынша тасымалдаушылардың, автовокзалдар мен автостанциялардың диспетчерлік қызметтері автобустар мен шағын автобустар қозғалысының үдерісі бойынша шынайы режимде байланыс арналары арқылы диспетчерлік жүйенің операторларынан ақпарат алады.»;

132-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«132. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық облысаралық тасымалдауды ұйымдастыру үшін автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган облыстардың тиісті жергілікті атқарушы органдарына республикалық маңызы бар қалаларға, астанаға маршруттардың негізгі сипаттамасы бойынша мынадай ақпаратпен қоса бекітілген және келісілген қозғалыс кестесін береді:»;

145-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«145. Конкурстық ұсыныстарда жылжымалы құрам (резервтегіден басқа) мен жүргiзушi персоналын бiр маршруттан артық, осы маршрут кiретiн лот бойынша Конкурс аяқталғанға дейiн қайталап көрсетуге рұқсат берiлмейдi.

Қатысушылар осы маршрут кiретiн лот бойынша Конкурс аяқталғанға дейiн конкурстық ұсыныстарда жылжымалы құрам (резервтегіден басқа) мен жүргiзушi персоналын бiр маршруттан артық көрсеткен фактiлері анықталған жағдайда кешіректеу тапсырылған конкурстық ұсыныстар жарамсыз болып есептелiнедi.»;

152-тармақта:

3) тармақша алып тасталсын;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) техникалық құжаттардың және жылжымалы құрамның әрбір бірлігі үшін алдыңғы тоқсанға мемлекеттік техникалық байқаудан өту туралы куәліктердің көшірмелерін. Бұл ретте жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың басқа маршруттарында негізгі ретінде іске қосылған жылжымалы құрамды резервтік ретінде, ал резервтікті негізгі ретінде ұсынуға рұқсат беріледі. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың басқа маршруттарында негізгі жылжымалы құрам ретінде іске қосылған жылжымалы құрамды негізгі ретінде ұсынуға рұқсат берілмейді;»;

175-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдаудың республикаішілік ұйымдастыру шартының әрекет етуінің тоқтатылуына дейін күнтізбелік 60 күннен кешіктірілмей жергілікті атқарушы орган осы шарт бойынша қызмет көрсетілетін маршруттарға Конкурс жариялайды. Бұл ретте конкурс жеңімпазымен осы маршрутқа қолданылып жүрген шарттың аяқталу мерзімі күнінен күшіне енетін жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тасымалдауды ұйымдастыру шартын жасасады.

Тасымалдаушы жергілікті атқарушы органға осы шарт бойынша қолданысын тоқтатқан Куәліктерді береді.»;

мынадай мазмұндағы 179-1, 179-2-тармақтарымен толықтырылсын:

«179-1. Автомобиль көлігі саласындағы құзыретті орган жолаушылар мен багажды облысаралық қалааралық тұрақты тасымалдарға берген Куәліктердің әрекеті осы органның мынадай жағдайларында тоқтатылады:

1) тасымалдаушының жазбаша түрдегі өтініші;

2) егер тасымалдаушы автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органмен келіспей маршруттардағы автобустардың қозғалыс сызбасына және кестесіне өзгерістер енгізсе;

3) егер маршрутта жолаушылар тасымалын тасымалдаушы куәліктің іс-әрекет кезеңінде күнтізбелік 15 күн ішінде орындамаса;

4) жүйеліктің төменділігі (айына жетпіс пайыздан кем);

5) тасымалдаушының (тасымалдаушы жүргізуші) кінәсінен адам өлімімен жол көлік оқиғасының болуы;

6) автомобиль көлігі саласында уәкілетті органдар берген куәліктерде көзделмеген автобустарды маршруттарда пайдалану;

7) маршруттағы (маршруттардағы) жұмыс құқығын үшінші тарапқа беру.

179-2. Тасымалдаушы (жүргізуші) маршрутта тұрақты қалааралық облысаралық жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдау куәлігінің түпнұсқасын немесе автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган растаған көшірмесін қолданады.»;

249-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«249. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық облысаралық (астана мен республикалық маңызы бар қаланы қоса алғанда) тұрақты тасымалдауы көрсетілген жолуашылар мен багажды тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығы конкурсында жеңген және тиісті жергілікті атқарушы органдар мен тасымалдаушылар арасында жасалған шарттар негізінде осы Қағиданың 11-қосымшасына сәйкес оларға қызмет көрсету құқығына куәлік алған тасымалдаушылар жүзеге асырады.»;

мынадай мазмұндағы 249-1-тармағымен толықтырылсын:

«249-1. Жылжымалы құрам, соның ішінде резервтегі бойынша куәлікке өзгерістер мен толықтырулар енгізуге тасымалдаушының өтініші және толықтырылатын немесе ауыстырылатын жылжымалы құрам класы және шығарылған жылы ұқсас (не одан жоғары) болып табылу шартымен осы Куәлікті берген орган рұқсат береді.»;

259-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«259. Осы Қағиданың 12-қосымшасына сәйкес автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган растаған маршрут бойынша қозғалыс схемалары мен ол бойынша қозғалыс кестелерiн, жолаушылар мен багажды тасымалдауға арналған тарифтердi және жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық тұрақты тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсатты (бұдан әрi –

халықаралық тасымалдауға арналған рұқсат құжаттары) алу үшiн, сондай-ақ рұқсат құжаттарының қолданылу мерзiмiн ұзарту үшiн тасымалдаушы автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органға жеке папкаға ресiмделген мынадай құжаттарды ұсынады:»;

268-тармақта:

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) ашылып жатқан бастапқы және аралық пункттері және қолданыстағы ұзақтығы 250 км асатын тұрақты халықаралық маршруттар бойынша қозғалыс кестесінің айырмашылығы кемінде 1 сағатты құрайды;»;

Мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

«7) халықаралық тұрақты маршруттарда ұзақтығы 250 км дейінгі қолданыстағы және ашылып жатқан бастапқы және аралық пункттердегі қозғалыс кестесіндегі айырмашылық кемінде 15 минутты құрайды.»;

272-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«272. Халықаралық қатынаста жол жүру үшін жол жүру құжаттарын (билеттерін) алу тәртiбi осы Қағидада белгіленген облысаралық қалааралық қатынаста билеттер алу тәртiбiне сәйкес.

Бұл ретте халықаралық қатынастағы жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату билетте жолаушының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілуі арқылы жүзеге асырылады.

Жолаушыны рейске отырғызу жолаушының жеке куәлігі негізінде билетте көрсетілген жолаушының тегі, аты, әкесінің атын тексере отырып, жүзеге асырылады.

Багаждың багаж автомобильдерінде жүруі, алып жүруі осы Қағиданың 6- тарауының 5-бөлімінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;

288-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«288. Жолаушылар мен багажды таксимен жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлға (бұдан әрі – таксимен тасымалдаушы) тасымалдау «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға белгіленген нысандағы хабарламаларды беру жолымен осы Қағиданың 26-30-тармақтарының талаптарына сәйкес жабдықталған жеңіл автомобильдермен жүзеге асырылады.

Таксимен жолаушыларды және багажды тасымалдауды ұйымдастыру кезінде қызметті хабарландыру тәртібінің талаптарын сақтамай жүзеге асыруға рұқсат етілмейді.»;

10-бөлім 2-тарауының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Тасымалдауды жүзеге асыру және таксидегі диспетчерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру тәртібі»;

мынадай мазмұндағы 290-1, 290-2, 290-3, 290-4, 290-5, 290-6 және


290-7-тармақтарымен толықтырылсын:

«290-1. Такси тасымалдаушысы жолаушылар мен багажды тасымалдауды ұйымдастыру кезінде:

1) автокөлік құралдарының рейс алдындағы техникалық байқаудан және такси жүргізушілерінің рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексерістен өткізуді қамтамасыз етуге;

2) диспетчерлік қызметтің диспетчерлік қызметті көрсету жөніндегі шарттың болуын қамтамасыз етуге;



3) таксидің ақауы болған жағдайда, оны уақтылы ауыстыруды қамтамасыз етуге міндетті.

290-2. Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға байланыс қызметін диспетчерлік қызмет ретінде көрсету бойынша қызмет көрсетудің алдында «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңына және басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес ұлттық ресурстардың және байланыс операторларының тізіміне енгізілуі тиіс.

290-3. Диспетчерлік қызмет тапсырыста көрсетілген уақытқа қарай таксиді ұсынуды қамтамасыз ету үшін таксиді ұсынуға тапсырыстарды сақтауды үздіксіз бақылау, сондай-ақ такси тасымалының технологиялық үдерісін үйлестіру болып табылады.

290-4. Такси тасымалдаушыларына диспетчерлік қызмет болмаған жағдайда қызмет көрсетуге рұқсат етілмейді.

290-5. Диспетчерлік қызмет жеңіл автомобильдері осы Қағиданың
26-30-тармақтарының талаптарына, сондай-ақ «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген тәртіппен таксимен тасымалдау бойынша қызметтің басталғандығы туралы ескертпе талоны негізінде тиісті жабдықталған такси тасымалдаушысымен шарт жасасады.


290-6. Диспетчерлік қызметтің атқаратын негізгі функциялары:

1) жеке және заңды тұлғалардың таксиге тапсырыстарын қолжетімді байланыс құралдар арқылы қабылдау және тапсырыстарды такси жүргізушілерінің арасында тарату;

2) таксиге тапсырыс берген жолаушыға жіберілген таксидің нөмірін, тапсырыстың бағасын және берілген уақытын хабарлау;

3) тапсырыс бойынша кеткен таксидің жөнелтілуін және уақтылы келуін қадағалау;

4) жолаушыларды маршрут бойынша жол жүрудің күрделіліктері, соның ішінде ауа-райы-климаттық немесе жолдағы басқа жағдайлар туралы хабардар ету;

5) жүргізушілерге маршруттағы қозғалыстың, соның ішінде жолда болатын ауа-райы-климаттық немесе басқа да белгілердің ерекшеліктерін түсіндіру;

6) жолда болатын ауа-райы-климаттық немесе басқа жағдайларға байланысты қозғалысты шектеулер немесе тыйым салулар кезінде жолаушыларды жеткізу жөнінде шаралар қолдану;

7) жол құжаттамасын ресімдеу және диспетчерлік журнал жүргізу болып табылады.

290-7. Диспетчерлік қызмет жолаушыларды таксимен тасымалдаушыларға қызмет көрсеткен кезде:

1) жүргізуші рейс алдындағы медициналық тексеруден немесе автомобиль-такси техникалық байқаудан өтпеген жағдайда, жүргізушінің желіге шығуын болдырмауға;

2) такси жүргізушілерінің белгіленген еңбек және демалыс режимінің сақталуының бұзылмауын болдырмауға міндетті.»;

294 және 295-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«294. Такси беруге тапсырыстар қабылдауды тасымалдаушы орталықтандырылған түрде диспетчерлiк қызмет арқылы қол жеткiзiмдi байланыс құралдары бойынша ұйымдастырады.

295. Таксиге отыру және одан шығу толық тоқтағаннан кейiн жүзеге асырылады. Жолда тоқтау кезінде отырғызу және түсіру автокөліктің оң жағынан жүзеге асырылады.»;

мынадай мазмұндағы 295-1-тармағымен толықтырылсын:

«295-1. Жолаушы тасымалдау шартын бұзбай таксиден түскен жағдайда жүргізуші таксидің жолаушыны күтіп тұрып қалған барлық алдын ала келісілген мерзім үшін ақша кепілін талап етеді.

Егер жолаушы оны күтiп тұрған такси-автомобильге алдын ала келiсiлген уақыт iшiнде қайтып келмесе, тасымалдау шарты тоқтатылды деп есептеледi.»;

296 және 297-тармақтар алып тасталсын;

300-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«300. Такси беруге тапсырыстың құнын жолаушы сапар аяқталған соң төлейдi. Таксимен жол жүру төлемiн жолаушы өзi жүрiп өткен қашықтық үшiн қолданылып жүрген тарифке сәйкес немесе бақылау-кассалық машинаны қолданумен сапарды ұйымдастыру туралы ауызша шарттың негізінде сапар аяқталған және багаж түсiрiлген соң төлейдi. Аяқталған сапар үшiн төлем туралы түбiртектер мен анықтамалар жолаушылардың талабы бойынша беріледі.»;

306-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«306. Барлық жолаушылар жиналатын пункттерде (әуежай, вокзалдар, iрi сауда және мәдениет орталықтары), сондай-ақ даңғылдарда, көшелерде, кварталдарда, тұйық көшелерде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңнамасына сәйкес такси тұрақтарының ұйымдастырылуын және жабдықталуын қамтамасыз етеді.

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары уәкілетті органмен такси тұрақтарын ұйымдастыру және жабдықтау бойынша жоспар мен сызбанұсқасын келіседі.»;

аталған қаулыға 1, 4, 8, 10, 11 және 12 қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаға сәйкес жаңа мәтінде жазылсын.


2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет