«Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 199 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 45, 611-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасында:
3-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
«диспетчерлік жүйе – келісілген маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының қозғалысы туралы нақты уақыт режимінде үздіксіз ақпарат алуға мүмкіндік беретін жүйе;
диспетчерлік жүйе операторы – диспетчерлік жүйені ұйымдастыруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жеке және заңды тұлғалар;»;
10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау кезiнде пайдаланылатын автобустар мен шағын автобустар Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнің Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетiнiң 2001 жылғы 22 қазандағы № 378 бұйрығымен бекiтiлген «Жолаушылар тасымалдары бойынша автокөлiк қызметтерi» туралы ҚР СТ 1040-2001 сәйкес келуi тиiс, бұл ретте:
1) қалалық және қала маңындағы тұрақты автомобильмен тасымалдау маршруттарында кемiнде екi жолаушы есiгi бар қалалық автобустарды (I класты), шағын автобустарды, сондай-ақ қала маңындағы автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарында қалааралық автобустарды (II класты) пайдалануға рұқсат етiледi;
2) қалааралық облысаралық және халықаралық автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарында қалааралық автобустар (II класты) немесе алысқа жүретiн автобустар (III класты) пайдаланылуы тиiс. Республикалық маңызы бар жолдар бойынша осы маршруттардың ұзақтығы 300 км-ге дейiн болса, шағын автобустарды пайдалануға рұқсат етiледi;
3) халықаралық қатынастарда жолаушыларды автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдайтын маршруттарға тасымалдау түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар тасымалдаушылар жіберіледі;
4) жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауда тұрақты қалааралық облысаралық, халықаралық және қалалық (республикалық маңызы бар қалаларда және астанада, сондай-ақ облыс орталықтарында) маршруттарда қолданылатын автобустар мен шағын автобустар тасымалдарды жүзеге асыру кезінде нақты уақыт режимінде байланыс арналары арқылы деректерді үздіксіз беру жүйелерімен жабдықталады.
11. Республикалық маңызы бар жолдар бойынша ұзақтығы 150 км астам қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық және халықаралық тұрақты және тұрақсыз тасымалдау үшін пайдаланылатын автобустарда шалқаймалы арқалықтары бар жұмсақ отырғыштары болуы тиiс.
Осы талап маршруты ирелеңдері, бұрылыстардың кіші радиустары немесе паромдық өткелі бар таулы жерлерден өтетін ауданаралық (қалааралық облысішілік) тасымалдауға қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
«11-1. Маршруттың ұзақтығы 500 км асатын болса, автобус салонында ауыстырушы жүргізушінің орны көзделеді.»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Такси сырттан екі бүйірі бойынша (белдеумен) шахматтық тәртіппен орналасқан қара және сары шаршылардан тұратын бірыңғай ерекшелік белгісімен мынадай өлшемде ресімделеді:
биіктігі – 30 сантиметр;
ұзындығы – кемінде 100 сантиметр.»;
28-тармақ алынып тасталсын;
29 және 30-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Такси жарамды, стандарттау жөніндегі уәкiлеттi орган тексерген және пломбаланған таксометрмен немесе кассалық бақылау машинасымен жарақталады.
Көлік құралдарында кассалық бақылау машиналарын салық органдарында тіркеусіз пайдалануға жол берілмейді.
30. Таксидiң салонында жолаушылар көретіндей жерде жүргiзушiнiң фотосуретi бар, тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген визит карточкасы, сондай-ақ:
1) тасымалдаушының ресми атауы, оның мекенжайы және телефон нөмірі;
2) таксометр болған жағдайда 1 км дейінгі, сондай-ақ келесі аралықтағы жол жүру құны көрсетілген ақпараттық тақта орнатылады.»;
36-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жетпiс бес пайыздан артық қосарлану учаскесiнде автобустардың орташа сыйымдылығын пайдалану кезiнде уақыт бойынша айырмашылығы:
150 км дейiнгi қосарлану ұзақтығында 10 минутқа дейiн;
350 км дейiнгi қосарлану ұзақтығында 15 минутқа дейiн;
350 км артық қосарлану ұзақтығында 20 минутқа дейiн қысқартылады.»;
37-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«37. Жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдау маршруттарында (халықаралық қатынастардан басқа) барлық маршруттардың ұзақтығында автобустардың орташа жылдық толтырылуы жетпiс бес пайыздан артық болған кезде тасымалдауды ұйымдастырушы тасымалдаушылардың немесе жолаушылардың өтiнiшi бойынша қосымша қозғалыс кестесiн енгiзу туралы шешiм қабылдайды. Қалааралық облысаралық маршруттарға қатысты қосымша қозғалыс кестесін енгізу туралы шешімді автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша қабылдайды.»;
мынадай мазмұндағы 37-1-тармақпен толықтырылсын:
«37-1. Ұзақтығы 300 км-ге дейінгі тұрақты қалааралық облысаралық маршруттарда автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша автобустардың, шағын автобустардың еркін қозғалысы бойынша жолаушыларды және багажды тасымалдауды жүзеге асырудың тұрақты кезеңін көрсете отырып, қозғалыс кестесін бекітеді. Автобустардың, шағын автобустардың еркін қозғалысы бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдауға қызмет көрсету құқығы маршрутқа қызмет көрсететін тасымалдаушыға беріледі.»;
45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«45. Жүргiзушi рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексеруден рейске (ауысымға) шыққанға дейiн немесе таксидегі жұмыс басталғанға дейін отыз минут қалғанда жол қағазын немесе борт журналын, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатты көрсету бойынша өтедi.»;
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«48. Шағымдары, аурудың нақты белгiлерi мен ағзаның жұмыс iстеу жай-күйiнiң бұзылуы болмаған кезде, тексерiлушi көлiк құралдарын басқаруға жiберiледi.
Медицина қызметкерi жүргізушілер жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауын жүзеге асырған кезде – борт журналының, жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауын, сондай-ақ таксимен тасымалдауды жүзеге асырған кезде жол қағазының тиiстi бағаналарына мөртабан қояды. Мөртабанда тексеруден өткен уақыт пен медицина қызметкерiнiң қолы қойылады.»;
58-тармақтың екінші бөлігі 6) тармақшадағы «дүңгіршегі болуы тиіс.» деген сөздер «дүңгіршегі;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7), 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) Интернет желісіне сымсыз қол жеткізу нүктелері;
8) жолаушыларды отырғызу және түсіру пункттерінде, жолаушыларға арналған күту залында, автобустар тұрақтары үшін алаңдарда бейнебақылау құралдары болуы тиіс.»;
74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«74. Жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды:
1) автовокзалдардың, автостанциялар мен кассалық пункттердің билет кассалары арқылы;
2) маршруттың аралық аялдама пункттерінде билет кассалары болмаған жағдайда автобуста, шағын автобуста отыратын бос орындар болса, сондай-ақ жолаушылар мен багажды 50 км артық қашықтықта тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автобустардың толу нормасына дейін жүргізуші немесе кондуктор;
3) ұйымдастырылатын билет кассалары арқылы немесе байланыс құралдарын пайдалана отырып жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.»;
76, 77 және 78-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«76. Жол жүру құжаттарын (билеттерін) ағымдағы сатумен қатар алдын ала сату, сондай-ақ байланыс құралдарын пайдалану және үйге жеткізіп беру арқылы жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату жүзеге асырылады.
Жол жүру құжаттарын (билеттерiн) алдын ала сату, сондай-ақ байланыс құралдарын пайдалану арқылы сатылған жол жүру құжаттарын (билеттерiн) үйге жеткiзiп бергенi үшiн қызмет көрсеткенi үшiн ақы алынуы мүмкін.
77. Жол жүру құжаттарын (билеттерін) алдын ала сату, соның ішінде билет алуға тапсырысты ресімдеу автобус, шағын автобус жөнелтілгенге дейін күнтiзбелiк 30 күн бұрын басталады және автобус, шағын автобус жөнелтілгенге дейін 24 сағат бұрын аяқталады.
78. Жол жүру құжаттарын (билеттерін) ағымдағы сату автобус, шағын автобус жөнелтілгенге дейін 5 минут бұрын аяқталады.»;
79-тармақ алынып тасталсын;
80 және 81-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«80. Жол жүру құжаты (билетi) жоғалған және жолаушы автобус, шағын автобус жөнелтiлгенге дейiн үш сағаттан кешiктiрмей жол жүру құжатын (билетін) сатқан адамға немесе тасымалдаушыға барған жағдайда және жолаушының жол жүру құжатын (билетін) сатып алғаны расталса, билет ақы алмай қалпына келтірілуі тиіс.
81. Жолаушы алынған жол жүру құжатын (билетін) кассаға автобус немесе шағын автобус жөнелтілгенге дейін қайтарған кезде, оған жол жүру құжатын (билетін) сатқан адам көздеген пайыздар шегерілген жол жүру құжатының (билеттің) төленген құны қайтарылады.»;
мынадай мазмұндағы 99-1-тармақпен толықтырылсын:
«99-1. Қалааралық облысаралық және халықаралық қатынастарда автобустың немесе шағын автобустың бастапқы жөнелтілуі алдында жолаушылар салонда ауызша немесе дыбыс немесе бейнежазба арқылы мемлекеттік және орыс тілдерінде:
1) тасымалдаушы;
2) маршруттың атауы;
3) сапардың километрдегі ұзақтығы;
4) жолда жүру уақыты;
5) аралық аялдамалар;
6) автобустың немесе шағын автобустың қозғалысы кезіндегі шектеулер;
7) шұғыл жағдайлар кезіндегі жүріс-тұрыс туралы;
8) қосымша сервис туралы хабардар етілуі тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 125-1-тармақпен толықтырылсын:
«125-1. Уағдаластық бойынша автостанциялар мен автовокзалдардың, тасымалдаушылардың диспетчерлік қызметтері автобустар мен шағын автобустар қозғалысының процесі бойынша нақты режимде байланыс арналары арқылы диспетчерлік жүйенің операторларынан ақпарат алады.»;
132-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық облысаралық тасымалдауды ұйымдастыру үшін автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органдарына маршруттардың негізгі сипаттамалары бойынша мынадай ақпаратпен қоса бекітілген және келісілген жол жүру кестесін береді:»;
145-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«145. Жылжымалы құрам (резервтегіден басқа) мен жүргiзушi персоналды осы маршрутты қамтитын лот бойынша конкурс аяқталғанға дейiн конкурстық ұсыныстарда бiр маршруттан артық қайталап көрсетуге рұқсат берiлмейдi.
Қатысушылар жылжымалы құрам (резервтегіден басқа) мен жүргiзушi персоналды осы маршрутты қамтитын лот бойынша конкурс аяқталғанға дейiн конкурстық ұсыныстарда бiр маршруттан артық көрсету фактiлері анықталған жағдайда неғұрлым кеш тапсырылған конкурстық ұсыныстар жарамсыз болып есептеледi.»;
152-тармақта:
3) тармақша алынып тасталсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жылжымалы құрамның әрбір бірлігі үшін техникалық паспорттардың және алдыңғы тоқсанға мемлекеттік техникалық байқаудан өту туралы куәліктердің көшірмелерін. Бұл ретте, жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың басқа маршруттарында негізгі ретінде пайдаланылатын жылжымалы құрамды резервтік ретінде, ал резервтікті негізгі ретінде ұсынуға жол беріледі. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың басқа маршруттарында негізгі жылжымалы құрам ретінде пайдаланылатын жылжымалы құрамды негізгі ретінде ұсынуға жол берілмейді;»;
175-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«175. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдаудың республикаішілік ұйымдастыру шарты қолданысының тоқтатылуына дейін күнтізбелік 60 күннен кешіктірмей жергілікті атқарушы орган осы шарт бойынша қызмет көрсетілетін маршруттарға конкурс жариялайды. Бұл ретте конкурс жеңімпазымен осы маршрутқа қолданылатын шарт аяқталған күннен бастап күшіне енетін жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тасымалдауды ұйымдастыру шартын жасасады.
Тасымалдаушы жергілікті атқарушы органға осы шарт бойынша қолданысын тоқтатқан куәліктерді береді.»;
мынадай мазмұндағы 179-1, 179-2-тармақтармен толықтырылсын:
«179-1. Автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган жолаушылар мен багажды тұрақты қалааралық облысаралық тасымалдауға берген куәліктердің қолданысын осы орган:
1) тасымалдаушының жазбаша өтініші;
2) егер тасымалдаушы автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органның келісімінсіз маршруттардағы автобустардың қозғалыс кестесі мен схемасына өзгерістер енгізсе;
3) егер тасымалдаушы куәліктің қолданылу кезеңінде күнтізбелік 15 күн бойы маршрутта жолаушылар тасымалдауды орындамаса;
4) төмен жиілік (айына жетпіс пайыздан кем);
5) тасымалдаушының (тасымалдаушы жүргізушісінің) кінәсі бойынша адам өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасының болуы;
6) маршрутта автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган берген куәліктерде көзделмеген автобустарды пайдалану;
7) маршрутта (маршруттарда) жұмыс істеу құқығын үшінші тарапқа беру жағдайларында тоқтатады.
179-2. Тасымалдаушы (жүргізуші) маршрутта тұрақты қалааралық облысаралық жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдау куәлігінің түпнұсқасын немесе егер осы куәліктің түпнұсқасын осы орган берген болса автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган растаған көшірмесін қолданады.»;
249-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«249. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық облысаралық (астана мен республикалық маңызы бар қаланы қоса алғанда) тұрақты тасымалдауы көрсетілген жолаушылар мен багажды тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығы конкурсында жеңген және тиісті жергілікті атқарушы органдар мен тасымалдаушылар арасында жасалған шарттар негізінде осы Қағиданың 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша оларға қызмет көрсету құқығына куәлік алған тасымалдаушылар жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 249-1-тармақпен толықтырылсын:
«249-1. Жылжымалы құрам, соның ішінде резервтегі бойынша куәлікке өзгерістер мен толықтырулар енгізуге тасымалдаушының өтініші бойынша және толықтырылатын немесе ауыстырылатын жылжымалы құрам класы және шығарылған жылы ұқсас (не одан жоғары) болып табылған жағдайда осы куәлікті берген орган рұқсат береді.»;
259-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«259. Осы Қағиданың 12-қосымшасына сәйкес нысан бойынша автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган растаған маршрут бойынша қозғалыс схемалары мен ол бойынша қозғалыс кестелерiн, жолаушылар мен багажды тасымалдауға арналған тарифтердi және жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық тұрақты тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсатты (бұдан әрi – халықаралық тасымалдауға арналған рұқсат құжаттары) алу үшiн, сондай-ақ халықаралық тасымалдауға арналған рұқсат құжаттарының қолданылу мерзiмiн ұзарту үшiн тасымалдаушы автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органға жеке папкаға ресiмделген мына құжаттарды қоса ұсынады:»;
268-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ашылып жатқан бастапқы және аралық пункттері және қолданыстағы ұзақтығы 250 км асатын тұрақты халықаралық маршруттар бойынша қозғалыс кестесінің айырмашылығы 1 сағаттан аз уақытты құраса;»;
6) тармақшадағы «келісімі алынбаса бас тартылады.» деген сөздер «келісімі алынбаса;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) ашылып жатқан бастапқы және аралық пункттері және қолданыстағы ұзақтығы 250 км дейінгі халықаралық тұрақты маршруттар бойынша қозғалыс кестесінің айырмашылығы 15 минуттан аз уақытты құраса, бас тартылады.»;
272-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«272. Халықаралық қатынаста жол жүру үшін жол жүру құжаттарын (билеттерін) алу тәртiбi осы Қағидада белгіленген қалааралық облысаралық қатынаста билеттер алу тәртiбiне сәйкес болуға тиіс.
Бұл ретте, халықаралық қатынастағы жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату билетте жолаушының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілуі арқылы жүзеге асырылады.
Жолаушыны рейске отырғызу жолаушының жеке басын куәландыратын құжаттың негізінде билетте көрсетілген тегі, аты, әкесінің атын тексере отырып, жүзеге асырылады.
Багаждың багаж автомобильдерінде тасымалдануы, алып жүруі осы Қағиданың 6-тарауының 5-бөлімінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
288-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«288. Жолаушылар мен багажды таксимен дара кәсіпкерлердің немесе заңды тұлғалардың (бұдан әрі – таксимен тасымалдаушы) тасымалдауы «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органға белгіленген нысандағы хабарламаларды беру жолымен осы Қағиданың 26-30-тармақтарының талаптарына сәйкес жабдықталған жеңіл автомобильдермен жүзеге асырылады.
Таксимен жолаушылар мен багажды тасымалдауды ұйымдастыру кезінде қызметті хабарландыру тәртібінің талаптарын сақтамай жүзеге асыруға рұқсат етілмейді.»;
10-тараудың 2-бөлімінің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Таксимен тасымалдауды жүзеге асыру және диспетчерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру тәртібі»;
мынадай мазмұндағы 290-1, 290-2, 290-3, 290-4, 290-5, 290-6 және 290-7-тармақтармен толықтырылсын:
«290-1. Жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру кезінде таксимен тасымалдаушы:
1) автокөлік құралдарының рейс алдындағы техникалық байқаудан және такси жүргізушілерінің рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексерістен өтуін;
2) диспетчерлік қызметтің немесе диспетчерлік қызметті көрсету жөніндегі шарттың болуын;
3) таксидің ақауы болған жағдайда, оны уақтылы ауыстыруды қамтамасыз етеді.
290-2. Дара кәсіпкер немесе заңды тұлға байланыс қызметтерін диспетчерлік қызмет ретінде көрсету бойынша қызмет көрсету алдында «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес ұлттық ресурстардың және байланыс операторларының тізіліміне енгізілуі тиіс.
290-3. Диспетчерлік қызмет тапсырыста көрсетілген уақытқа қарай таксиді ұсыну бойынша тапсырыстардың орындалуына үздіксіз бақылауды, сондай-ақ таксимен тасымалдаудың технологиялық процесін үйлестіруді жүзеге асырады.
290-4. Диспетчерлік қызметі болмаған жағдайда таксимен тасымалдаушының қызмет көрсетуіне рұқсат етілмейді.
290-5. Диспетчерлік қызмет «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен берілген таксимен тасымалдау бойынша қызметтің басталғандығы туралы ескертпе талоны бар, сондай-ақ жеңіл автомобильдері осы Қағиданың 26-30-тармақтарының талаптарына сәйкес жабдықталған таксимен тасымалдаушымен шарт жасасады.
290-6. Диспетчерлік қызметтің негізгі функциялары:
1) жеке және заңды тұлғалардың такси қызметіне тапсырыстарын қолжетімді байланыс құралдары арқылы қабылдау және тапсырыстарды такси жүргізушілерінің арасында бөлу;
2) таксиге тапсырыс берген жолаушыға жіберілген таксидің нөмірін, тапсырыстың бағасын және келетін уақытын хабарлау;
3) тапсырыс бойынша таксидің кетуін және уақтылы келуін қадағалау;
4) жолаушыларды маршрут бойынша жол жүрудің қиындықтары, оның ішінде ауа райы-климаттық немесе жолдағы басқа жағдайларға байланысты қозғалыстағы шектеулер мен тыйымдар туралы хабардар ету;
5) жүргізушілерге маршруттағы қозғалыстың, оның ішінде жолда болатын ауа райы-климаттық немесе басқа да жағдайларға байланысты ерекшеліктері туралы нұсқау беру;
6) ауа райы-климаттық немесе басқа да жағдайларға байланысты жолда болатын қозғалыс шектеулері немесе тыйымдар кезінде жолаушыларды жеткізу бойынша шаралар қабылдау;
7) жол жүру құжаттамасын ресімдеу және диспетчерлік журнал жүргізу болып табылады.
290-7. Диспетчерлік қызметтер жолаушыларды таксимен тасымалдаушыларға байланыс қызметін көрсету кезінде:
1) жүргізушінің рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексеруден өтпей немесе автомобиль-таксиді техникалық байқаудан өткізбей желіге шығуын;
2) такси жүргізушілерінің еңбек және демалыс режимін бұзуын болдырмайды.»;
294 және 295-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«294. Такси жіберуге тапсырыстар қабылдауды тасымалдаушы орталықтандырылған түрде қолжетiмдi байланыс құралдары бойынша диспетчерлiк қызмет арқылы ұйымдастырады.
295. Жолаушының таксиге отыруы және одан түсуі толық тоқтағаннан кейiн жүзеге асырылады. Жолда тоқтау кезінде отырғызу және түсіру автокөліктің оң жағынан жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 295-1-тармақпен толықтырылсын:
«295-1. Жолаушы тасымалдау шартын бұзбай таксиден түсіп кеткен жағдайда жүргізуші таксидің жолаушыны күтіп тұрып қалған алдын ала келісілген бүкіл кезеңіне ақшалай кепілдік талап етеді.
Егер жолаушы оны күтiп тұрған такси-автомобильге алдын ала келiсiлген уақыт iшiнде қайтып келмесе, тасымалдау шарты тоқтатылды деп есептеледi.»;
296 және 297-тармақтар алынып тасталсын;
300-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«300. Такси жіберуге тапсырыстың құнын жолаушы сапар аяқталған соң төлейдi. Таксимен жол жүру төлемiн жолаушы таксометр көрсеткіштеріне сәйкес өзi жүрiп өткен қашықтық үшiн қолданылып жүрген тарифке сәйкес немесе кассалық бақылау машинаны қолданумен сапарды ұйымдастыру туралы ауызша шарттың негізінде сапар аяқталған және багаж түсiрiлген соң төлейдi. Аяқталған сапар үшiн төлем туралы түбiртектер мен анықтамалар жолаушылардың талабы бойынша беріледі.»;
306-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«306. Барлық жолаушылар жиналатын пункттерде (әуежай, вокзалдар, iрi сауда және мәдениет орталықтары), сондай-ақ даңғылдарда, көшелерде, кварталдарда, тұйық көшелерде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңнамасына сәйкес такси тұрақтарының ұйымдастырылуын және жабдықталуын қамтамасыз етеді.
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары уәкілетті органмен такси тұрақтарын ұйымдастыру және жабдықтау бойынша жоспар мен схемасын келіседі.»;
көрсетілген Қағидаға 1, 4, 8, 10, 11 және 12-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы
№ 199 қаулысына 1-қосымша
Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау
қағидасына 1-қосымша
Жол жүру құжаттарының (билеттерiнiң) және багаж
түбiртектерiнiң нысандары
1. Қалалық қатынаста жол жүруге арналған жол жүру құжаттарының (билеттерiнiң) нысандары:
1) жолаушылардың жол жүруіне арналған бiр реттiк бақылау билетi – билеттiң жазулары көк түспен ресімделеді:
АВТОБУС
(шағын автобус)
______ қаласы Жолаушылардың қалалық қатынаста
жол жүруіне арналған
Сериясы _________
№ 0000000
00 теңге
20___ жыл
| кемінде 35 мм
кемiнде 60 мм
2) балалардың жол жүруіне арналған бiр реттiк бақылау билетi – билеттiң жазулары қызыл түспен ресімделеді:
кемінде 35 мм
АВТОБУС
(шағын автобус) _________ қаласы
Жолаушылардың қалалық қатынаста
жол жүруіне арналған
балалар билетi
Сериясы _________ № 0000000
00 теңге
20___ жыл
|
кемiнде 60 мм
3) белгiленген нормадан тыс қол жүгiн және багажды алып жүруге арналған билет – билеттiң жазулары жасыл түспен ресімделеді:
кемiнде 35 мм
АВТОБУС
(шағын автобус) _________ қаласы
Қалалық қатынаста
багаж алып
жүруге арналған
Сериясы _________ № 0000000
00 теңге
20___ жыл
|
кемiнде 60 мм
4) жолаушылардың жол жүруіне арналған ұзақ пайдаланылатын жол жүру билетi (көлемi А7) - ресімделуі мен қорғаныс дәрежесiн жергiлiктi атқарушы органдар белгiлейдi:
___________қаласы Сериясы ______
№ 0000000
Ұзақ пайдаланылатын жол жүру билетi
_______________ жарамды
0000 теңге
_________________ негiзiнде
_______________ берiлдi
|
2. Жолаушылардың қала маңындағы қатынаста жол жүруіне арналған жол жүру құжаттарының (билеттерiнiң) нысаны:
1) жолаушылардың жол жүруіне арналған билет – ашық түстi ұсақ торкөздi арнайы билет қағазында қара түстi жазулармен ресiмделедi (көлемiн және торкөз түсiн автовокзалдар мен автостанциялар белгiлейдi):
АВТОБУС
(шағын автобус) Жолаушылардың қала маңындағы қатынаста жол
жүруіне арналған билет
Сериясы _________
№ 0000000
сапар күні ________________
сапар уақыты______________
жөнелту пункті____________
межелі пункті_______________
Жол жүру құны
00, 00 теңге
|
кемінде 45 мм
кемінде 40 мм
2) кондуктор (жүргiзушi) маршруттың аралық пунктiнде отырғызу кезiнде беретiн тарифтер кестесіне сәйкес сомаға қосымша түбiршектерi бар жолаушылардың жол жүруіне арналған билет – билеттiң жазулары қара түспен ресімделеді:
кемінде 35 мм кемінде 35 мм
АВТОБУС
(шағын автобус)
Жолаушылардың қала маңындағы қатынаста жол жүруіне арналған билет
Сериясы _________
№ 0000000
Тарифтер кестесіне сәйкес қосымша түбіршектер болғанда жарамды
20___ жыл
|
АВТОБУС
(шағын автобус)
Жолаушылардың қала маңындағы қатынаста жол жүруіне
арналған билетке қосымша
түбіршек
Сериясы _________
№ 0000000
00 теңге
20___ жыл
|
кемінде
60 мм
|
кемінде
60 мм
Жолаушылардың қала маңындағы қатынаста жол жүруіне арналған билеттерге қосымша түбiршектер 1, 5, 10, 50 теңге сомасына ресiмделедi.
3. Жолаушылардың қалааралық облысiшiлiк және қалааралық облысаралық қатынастарда жол жүруіне арналған жол жүру құжаттарының (билеттерiнiң) нысаны:
1) жолаушылардың жол жүруіне арналған билет – ашық түстi ұсақ торкөздi арнайы билет қағазында қара түстi жазулармен ресiмделедi (көлемiн және торкөз түсiн автовокзалдар мен автостанциялар белгiлейдi):
кемінде 45 мм
АВТОБУС
(шағын автобус)
Жолаушылардың қалааралық қатынаста жол жүруіне
арналған билет
Сериясы _________
№ 0000000
сапар күні ___ .___ . ___ж.
жөнелту уақыты ___с. ____м.
жөнелту пункті____________
межелі пункті_______________
Рейс нөмірі_______________
Орын нөмірі ______________
Жол жүру құны
00, 00 теңге
Комиссия алымы 00, 00 теңге
Сақтандыру алымы 00,00 теңге
ЖИЫНТЫҒЫ 00, 00 теңге
Билеттің берілген күні __. __. ___ ж.
|
кемінде 90 мм
2) кондуктор (жүргiзушi) маршруттың аралық пунктiнде отырғызу кезiнде беретін жолаушылардың жол жүруіне арналған билет – жазулары қара түспен ресімделеді:
Билет ТҮБІРШЕГІ
ТОЛЫҚ
БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН (қажет емесiн сызып тастау)
сапар күнi ___________________
жөнелту уақыты ___ сағ.____мин. _________________________ дан ________________________ дейiн Рейс нөмiрi __________________ Орын нөмiрi _________________ Жол жүру құны__________ теңге Сериясы ____________ N 0000000 Билеттiң берiлген күнi __________
|
Жалғасы
9
|
8
|
7
|
6
|
5
|
4
|
3
|
2
|
1
|
90
|
80
|
70
|
60
|
50
|
40
|
30
|
20
|
10
|
900
|
800
|
700
|
600
|
500
|
400
|
300
|
200
|
100
|
9000
|
8000
|
7000
|
6000
|
5000
|
4000
|
3000
|
2000
|
1000
|
Жалғасы
Жолаушылардың қалааралық қатынаста
жол жүруіне арналған билет
ТОЛЫҚ
БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН (қажет емесiн сызып тастау)
сапар күнi ________________________
жөнелту уақыты ______ сағ.______мин.
______________________________ дан _____________________________ дейiн Рейс нөмiрi _______________________ Орын нөмiрi ______________________ Жол жүру құны_______________ теңге Сериясы _________________ N 0000000 Билеттiң берiлген күнi _____________
|
Автобус (шағын автобус)
Жол жүру құнын кондуктор (жүргiзушi) жолаушы үшiн тарифтер кестесіне сәйкес сомаға кеседi.
3) Қала маңы, қалааралық облысiшiлiк, қалааралық облысаралық және халықаралық қатынастардағы багаж түбiртектерiнiң нысаны - ашық түстi ұсақ торкөздi арнайы билет қағазында қара түстi жазулармен ресiмделедi (көлемiн және торкөз түсiн автовокзалдар мен автостанциялар белгiлейдi):
АВТОБУС
(шағын автобус)
Багаж түбіртегі
Сериясы _________
№ 0000000
сапар күні ___ .___ . ___ж.
сапар уақыты ___ сағ.____мин.
жөнелту пункті______________
межелі пункті________________
Багаж орындарының саны_____
Багаждың құндылығы ________
Құны 00, 00 теңге
Комиссия алымы 00, 00 теңге
Бағалау алымы 00,00 теңге
ЖИЫНТЫҒЫ 00, 00 теңге
Багаж орындарының нөмірлері ____
(тиеу кезінде толтырылады)
| кемінде 45 мм
кемінде 90 мм
4. Жолаушылардың халықаралық қатынастарда жол жүруіне арналған жол жүру құжаттарының (билеттерiнiң) нысаны:
1) жолаушылардың жол жүруіне арналған билет – ашық түстi ұсақ торкөздi арнайы билет қағазында қара түстi жазулармен ресiмделедi (көлемiн және торкөз түсiн автовокзалдар мен автостанциялар белгiлейдi):
кемінде 45 мм
АВТОБУС
(шағын автобус)
Жолаушылардың қалааралық қатынаста жол жүруіне
арналған билет
Сериясы _________
№ 0000000
Тегі____________
Аты ___________
Әкесінің аты _________
сапар күні ___ .___ . ___ж.
жөнелту уақыты ___с. ____м.
жөнелту пункті____________
межелі пункті_______________
Рейс нөмірі_______________
Орын нөмірі ______________
Жол жүру құны
00, 00 теңге
Комиссия алымы 00, 00 теңге
Сақтандыру алымы 00,00 теңге
ЖИЫНТЫҒЫ 00, 00 теңге
Билеттің берілген күні __. __. ___ ж.
|
кемінде 90 мм
Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген билет ашық түстi ұсақ торкөздi қара түстi жазулары бар арнайы билет қағазын пайдалануға, сондай-ақ өлшеміне қатысты талаптар байланыс құралдары арқылы сатып алынатын билеттерге қолданылмайды;
2) Кондуктор (жүргiзушi) маршруттың аралық пунктiнде отырғызу кезiнде беретін жолаушылардың жол жүруіне арналған билет - жазулары қара түспен ресімделеді:
Билет ТҮБІРШЕГІ
ТОЛЫҚ
БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН (қажет емесiн сызып тастау)
Тегі____________
Аты ___________
Әкесінің аты _________
сапар күнi ___________________
жөнелту уақыты ___ сағ.____мин. _________________________ дан ________________________ дейiн Рейс нөмiрi __________________ Орын нөмiрi _________________ Жол жүру құны__________ теңге Сериясы ____________ N 0000000 Билеттiң берiлген күнi __________
|
Жалғасы
9
|
8
|
7
|
6
|
5
|
4
|
3
|
2
|
1
|
90
|
80
|
70
|
60
|
50
|
40
|
30
|
20
|
10
|
900
|
800
|
700
|
600
|
500
|
400
|
300
|
200
|
100
|
9000
|
8000
|
7000
|
6000
|
5000
|
4000
|
3000
|
2000
|
1000
|
Жалғасы
Жолаушылардың қалааралық қатынаста
жол жүруіне арналған билет
ТОЛЫҚ
БАЛАЛАР (қажет емесiн сызып тастау)
Тегі____________
Аты ___________
Әкесінің аты _________
сапар күнi ________________________
жөнелту уақыты ______ сағ.______мин. ____________________________дан ___________________________дейiн
Рейс нөмiрi_____________________ Орын нөмiрi____________________
Жол жүру құны_____________теңге
Сериясы _________________ N 0000000 Билеттiң берiлген күнi _____________
|
Автобус (шағын автобус)
Жол жүру құнын кондуктор (жүргiзушi) жолаушы үшiн тарифтер кестесіне сәйкес сомаға кеседi.
3) Қала маңы, қалааралық облысiшiлiк, қалааралық облысаралық және халықаралық қатынастардағы багаж түбiртектерiнiң нысаны - ашық түстi ұсақ торкөздi арнайы билет қағазында қара түстi жазулармен ресiмделедi (көлемiн және торкөз түсiн автовокзалдар мен автостанциялар белгiлейдi):
АВТОБУС
(шағын автобус)
Багаж түбіртегі
Сериясы _________
№ 0000000
Тегі____________
Аты ___________
Әкесінің аты _________
сапар күні ___ .___ . ___ж.
сапар уақыты ___ сағ.____мин.
жөнелту пункті______________
межелі пункті__________________
Багаж орындарының саны_____
Багаждың құндылығы ________
Құны 00, 00 теңге
Комиссия алымы 00, 00 теңге
Бағалау алымы 00,00 теңге
ЖИЫНТЫҒЫ 00, 00 теңге
Багаж орындарының нөмірлері ____
(тиеу кезінде толтырылады)
| кемінде 45 мм
кемінде 90 мм
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы
№ 199 қаулысына 2-қосымша
Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау
қағидасына 4-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |