Источник: ИС ПАРАГРАФ, 12.07.2012 10:47:33
“Автомобиль көлігіндегі еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы”
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің
2005 жылғы 4 наурыздағы № 114-І Бұйрығы
"Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелерін іске асыру және Қазақстан Республикасының автомобиль көлігіндегі еңбекті қорғау және қауіпсіздігіне қойылатын бірыңғай талаптарды белгілеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Автомобиль көлігінде еңбекті қорғау және қауіпсіздігі ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль көлігі басқармасы (Ш.Қ. Маханов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Е.Ж. Қошановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.
Министрдің міндетін атқарушы
|
|
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
2005 жылғы 15 наурыз
|
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
2005 жылғы 15 наурыз
|
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2005 жылғы 31 наурыз
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникациялар
министрінің міндетін атқарушының
2005 жылғы 4 наурыздағы
№ 114-І бұйрығымен бекітілген
Автомобиль көлігіндегі еңбек қауіпсіздігі
және еңбекті қорғау ережесі
1. Жалпы ережелер
2. Еңбек және еңбекті қорғау Қауіпсіздігі жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
3. Басшының, мамандардың және басқа да қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау жөніндегі функциялары
§1. Ұйым басшысының (жұмыс берушінің) функциялары
§2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша мамандардың функциялары
§3. Ұйым қызметкерлерінің функциялары
4. Алаңға, аумаққа, өндірістік және қосалқы үй-жайларға қойылатын талаптар
§1. Алаңға, аумаққа, өндірістік және қосалқы үй-жайларға қойылатын жалпы талаптар
§2. Өндірістік объектілердің аумағына қойылатын талаптар
§3. Автокөлік құралдарын сақтауға арналған үй-жайларға және
ашық алаңдарға қойылатын талаптар
§4. Автокөлік құралдарының дала жағдайындағы уақытша тұрақтарына қойылатын талаптар
§5. Автокөлік құралдары мен агрегаттарға техникалық көмек көрсетуге және жөндеуге
арналған үй-жайларға қойылатын талаптар
§6. Ұйым аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуіне қойылатын талаптар
§7. Жанармай-жағармай материалдарын құю, газ шығаратын және құятын
пункттерге қойылатын талаптар
§8. Қоймалық үй-жайларға қойылатын талаптар
5. Жарықтандыру және электр қауіпсіздігі
§1. Үй-жайларды жарықтандыруға қойылатын талаптар
§2. Жасанды жарық беруге, электр жабдығына және сымға қойылатын талаптар
6. Сумен жабдықтау және кәріз
7. Жылыту және желдету
8. Санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар және өндірістік санитария
9. Жабдыққа, құралдар мен саймандарға қойылатын талаптар
§1. Жабдыққа, құралдар мен саймандарға қойылатын жалпы талаптар
§2. Сығымдағыш қондырғыларға, ауа құбырларына және газ құбырларына қойылатын талаптар
§3. Жүк көтергіш тетіктерге қойылатын талаптар
§4. Құралдар мен саймандарға қойылатын талаптар
10. Автокөлік құралдарын сақтау жөніндегі талаптар
11. Жұмыс уақытында және жұмыс соңында, сондай-ақ апатты жағдайларда автокөлік
құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезіндегі еңбек қауіпсіздігінің талаптары
§1. Жалпы ережелер
§2. Газ отынымен жұмыс істейтін автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және
жөндеу кезіндегі қосымша талаптар
§3. Автокөлік құралдарын, агрегаттарды және бөлшектерді жууға қойылатын талаптар
§4. Автокөлік құралдарының шанақтары мен контейнерлерді санитарлық өңдеуге қойылатын талаптар
§5. Слесарлық және майлау жұмыстары
§6. Автокөлік құралдары мен олардың агрегаттарының техникалық жай-күйін тексеру
§7. Аккумулятор батареяларымен жұмыс істеу кезінде қойылатын талаптар
§8. Темір соғу-рессор жұмыстарын орындау кезінде қойылатын талаптар
§9. Мыстау-қаңылтырлау және шанақ жұмыстарына қойылатын талаптар
§10. Дәнекерлеу жұмыстарына қойылатын талаптар
§11. Вулканизациялау жұмыстарына қойылатын талаптар
§12. Шина құрастыру жұмыстарына қойылатын талаптар
§13. Бояу жұмыстарына қойылатын талаптар
§14. Қаптау жұмыстарына қойылатын талаптар
§15. Қазандықтарға қызмет ету бойынша жұмыстарға қойылатын талаптар
§16. Балташылық жұмыстарды орындау кезінде қойылатын талаптар
12. Антифризді пайдалану кезіндегі техникалық қауіпсіздік
13. Станоктарда жұмыс істеу кезіндегі негізгі қауіпсіздік талаптары
§1. Станоктардағы жұмысқа қойылатын жалпы талаптар
§2. Токарлық станоктардағы жұмысқа қойылатын талаптар
§3. Бұрғылау станоктарында істелетін жұмысқа қойылатын талаптар
§4. Фрезер станогында істелетін жұмысқа қойылатын талаптар
§5. Сүргілеу станоктарындағы жұмысқа қойылатын талаптар
§6. Тегістеу және қайрау станоктарында істелетін жұмысқа қойылатын талаптар
§7. Қайшымен, арамен және преспен істелетін жұмысқа қойылатын талаптар
§8. Ағаш өңдейтін станоктарда істелетін жұмысқа қойылатын талаптар
14. Автокөлік құралдарын пайдалану кезіндегі еңбек қауіпсіздігі жөніндегі талаптар
§1. Ұйымның аумағы бойынша қозғалыс, сапарға шығуға дайындық және желідегі жұмыс
§2. Автомобильдерді жылдың қысқы мезгілінде пайдалану кезіндегі қосымша талаптар
§3. Жолсыздық жағдайында мұзы жолдар бойынша қозғалыс, суаттар арқылы өту
§4. Газ отынымен жұмыс істейтін автокөлік құралдарын пайдалануға қойылатын
қосымша талаптар
§5. Автокөлік құралдарын ұйымнан тыс пайдалануға қойылатын қосымша талаптар
15. Жүктерді тиеу, түсіру және тасымалдау кезіндегі еңбек қауіпсіздігі жөніндегі талаптар
§1. Жүктерді тиеу, түсіру және тасымалдау кезінде қойылатын талаптар
§2. Тиеу-түсіру алаңдарына қойылатын талаптар
§3. Көтеру-көлік жұмыстарына қойылатын талаптар
§4. Контейнерлік тасымалдарға қойылатын талаптар
§5. Такелаж және строптау жұмыстарына қойылатын талаптар
§6. Автотиегіштердегі жұмысқа қойылатын талаптар
16. Еңбек және демалыс режимі
17. Жеке қорғану құралдары
18. Қайғылы оқиғалар кезіндегі алғашқы медициналық көмек
1-қосымша Жұмыс орнындағы нұсқауды тіркеу Журналы
2-қосымша Кіріспе нұсқауды тіркеу Журналы
3-қосымша Еңбек қауіпсіздігінің қосымша (жоғарғы) талаптары қойылатын мамандықтардың тізбесі
4-қосымша Хаттама
5-қосымша Куәлік нысаны
6-қосымша Өндірістік үй-жайлар мен жұмыс орындарының жарықтандырылу нормалары
7-қосымша Жұмыс ортасының ауасында заттардың шектік рұқсат етілген шоғырлануы
8-қосымша Өндірістік үй-жайлардың ауасындағы жарылыс қауіпі бар заттар мөлшерінің шектері
9-қосымша Автомобильдерге, автожөндеу және шина жөндеу ұйымдарына қызмет көрсету
жөніндегі ұйымдарда жұмыс істейтін, өндірістік процестер топтарына жатқызылған
қызметкерлер мамандықтарының тізбесі
10-қосымша Электр тогынан негізгі жеке қорғану құралдарын Сынақтан өткізу және тексеру мерзімдері
11-қосымша Автокөлік құралдарының санаттары
12-қосымша Тұратын үй-жайларға қою кезіндегі автокөлік құралдарының арасындағы қашықтықтар
13-қосымша Техникалық қызмет көрсету посттарына қойылған автокөлік құралдарының
арасындағы негізгі қашықтықтар
14-қосымша Тұтас өзен мұзының, ол бойынша адамдар мен көлік жүрген кезде рұқсат
етілетін қалыңдықтары
15-қосымша Қайғылы оқиғалар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетудің негізгі іс-әрекеттері
16-қосымша Цехтық дәрі салғыштағы дәрігерге дейін көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмектер
мен құралдардың жиынтығы
Түпнұсқада мазмұны жоқ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасындағы Автомобиль көлігіндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы" және "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді.
Ереже жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау кезінде пайдаланылатын автокөлік құралдарын жөндеуге, техникалық қызмет көрсетуге және пайдалануға байланысты жұмыстарды, сондай-ақ тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі негізгі талаптарды белгілейді және еңбек барысында автомобиль көлігі қызметкерлерінің қауіпсіздігін, денсаулығы мен еңбек қабілетінің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиялық, емдеу-профилактикалық және өртке қарсы талаптар кешенін белгілейді.
2. Осы Ереженің күші меншік нысандарына қарамастан, жеке және заңды тұлғаларға тарайды.
3. Өндірістік объектіні пайдалану кезінде осы Ереже талаптарының сақталуы жөніндегі мәселелерді шешу ұйым басшысына (жұмыс берушіге) жүктеледі.
4. Осы Ереженің сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды еңбек қауіпсіздігі және қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган немесе оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ шаруашылық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган және өзге де уәкілетті органдар жүзеге асырады.
5. Еңбек және еңбекті қорғау қауіпсіздігі саласындағы қоғамдық бақылауды ұйымдардың, кәсіподақ органдары тағайындайтын ал олар болмағанда қызметкерлердің жалпы жиналысымен тағайындалатын еңбек қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлар іске асырады.
2. Еңбек және еңбекті қорғау Қауіпсіздігі
жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
6. Ұйымда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жалпы басшылық оның басшысына (жұмыс берушіге) жүктеледі.
7. Адам саны елу қызметкерден асатын ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс беруші Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасына сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін құрады.
Өзінің мәртебесі бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі негізгі өндірістік қызметтерге теңеледі және ұйымның қызметі тоқтаған жағдайда ғана таратылады.
Егер жұмыс істейтіндердің саны елу қызметкерден аспайтын болса жұмыс беруші, осы ұйымның қызмет ерекшелігін ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маманның лауазымын енгізу туралы шешім қабылдайды не еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі міндеттер басқа маманға қоса жүктеледі. Қызметкерлерінің саны елуден артық ұйымдарда Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасына сәйкес жабдықталған еңбекті қорғау жөніндегі кабинеттерге арналған үй-жайлар бөлінеді.
8. Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша қызметкерлерді оқытуды нұсқау беруді, жұмыс беруші және Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіпте және мерзімде өз есебінен жүргізеді.
9. Қауіпсіздік техникасы жөнінде нұсқау (бұдан әрі - нұсқау) сипаты мен өткізілу уақыты бойынша:
1) кіріспе;
2) жұмыс орнындағы алғашқы;
3) қайталама;
4) жоспардан тыс;
5) мақсатты болып бөлінеді.
10. Жұмыс орнындағы алғашқы, қайталама, жоспардан тыс және мақсатты нұсқауды жұмыстардың тікелей басшысы өткізеді.
Нұсқау өткізген жұмыстар басшысы жұмыс орнындағы алғашқы, қайталама, жоспардан тыс нұсқауды, тағылымдаманы өткізгені және жұмысқа жібергені туралы жұмыс орнындағы нұсқауды тіркейтін журналға жазады (1-қосымша).
11. Кіріспе нұсқау біліміне, осы мамандық немесе лауазым бойынша жұмыс өтіліне қарамастан жұмысқа қабылданғандардың бәрімен, сондай-ақ уақытша қызметкерлермен, іссапарға келгендермен, өндірістік оқып үйренуге немесе практикаға келген оқушылармен және студенттермен өткізіледі.
Кіріспе нұсқауды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маман не осы міндеттер жүктелген тұлға, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау кабинетінде тиісті оқып үйрену құралдары мен көрнекі құралдарды (плакаттарды, шынайы экспонаттарды, макеттерді, модельдерді, фильмдерді, кинофильмдерді және диафильмдерді) пайдалану арқылы өткізеді.
Кіріспе нұсқауды еңбек қауіпсіздігі стандарттары жүйесінің (бұдан әрі - ЕҚСЖ) талаптарын ескере отырып әзірленген, ұйым басшысы бекіткен бағдарлама бойынша, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қолданылып жүрген нормативтік құқықтық келісімдерге сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі жүргізеді.
12. Кіріспе нұсқаудың бағдарламасы мынадай мәселелерді қамтуы тиіс:
1) ұйым және оның қызметі туралы жалпы мәліметтер;
2) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасының негізгі ережелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы заңнаманың негізгі ережелері;
3) ұйымдағы ішкі еңбек тәртібінің ережелері;
4) ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
5) ұйым аумағындағы, өндірістік және қосалқы үй-жайлардағы қызметкерлер тәртібінің жалпы ережелерін, негізгі қызметтердің, өндірістік және қосалқы үй-жайлардың орналасуы;
6) қызметтің осы түріне тән негізгі қауіпті және зиянды өндірістік факторлар, жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардың алдын алу әдістері мен құралдары, ұжымдық қорғану құралдары, плакаттар, қауіпсіздік белгілері, сигнал беру; электр қауіпсіздігі бойынша негізгі талаптар;
7) өндірістік тазалық сақтау мен жеке гигиенаның негізгі талаптары;
8) жеке қорғану құралдары (бұдан әрі - ЖҚҚ); ЖҚҚ беру тәртібі мен нормалары, оларды пайдалану мерзімі;
9) қауіпсіздік талаптарын бұзудан болатын жазатайым оқиғалардың, авариялардың, өрттердің мән-жайлары мен жеке сипаттық себептері;
10) жазатайым оқиғаларды, кәсіби ауруларды тексеру және ресімдеу тәртібі;
11) өнеркәсіп және өрт қауіпсіздігі, өртті, жарылысты, аварияны болдырмау тәсілдері және құралдары, олар туындаған кездегі персоналдың іс-әрекеті;
12) зардап шеккендерге алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем көрсету шаралары, учаскеде, цехта қайғылы оқиға туындаған кездегі қызметкерлердің іс-әрекеті.
Кіріспе нұсқаудың өткізілгені нұсқау алушы мен нұсқау берушінің қолы қойылып кіріспе нұсқауды тіркеу журналында (2-Қосымша), сондай-ақ жұмысқа қабылдау туралы құжатта жазу жазылады.
13. Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқау ұйымға жұмысқа жаңадан қабылданған, бір бөлімшеден екінші бөлімшеге ауыстырылған қызметкерлердің бәрімен, іссапарға келгендермен, өндірістік оқып үйренуге немесе практикаға келген оқушылармен, студенттермен, жаңа жұмыс орындайтын қызметкерлермен, сондай-ақ осы ұйым аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындайтын азаматтармен жүргізіледі.
14. Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқау бағдарламасы мынадай мәселелерді қамтиды:
1) берілген жұмыс орнындағы, өндірістік учаскедегі, цехтағы технологиялық процесс пен жабдықтар туралы жалпы мәліметтер, негізгі қауіпті және зиянды өндірістік факторлар, шудың шектік рұқсат етілген шоғырлануы (бұдан әрі - ШРШ) мен деңгейлері;
2) жұмыс орнын қауіпсіз ұйымдастыру және күтіп ұстау, машинаның, тетіктің, аспаптардың қауіпті аймақтары; жабдықтың қауіпсіздік құралдары (сақтық, тежегіш құрылғылары, қоршаулар, жауып тастау және сигнал беру жүйелері, қауіпсіздік белгілері); электр зардабының алдын алу бойынша талаптар;
3) электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі Техникалық пайдалану ережесінің (бұдан әрі - ТПЕ) және Техника қауіпсіздігі ережесінің (бұдан әрі - ТҚЕ) талаптарына сәйкес (жабдықты, іске қосу аппаратурасын, құрал мен тетіктердің, жерлестіру бұғаттауларының және қорғану құралдарының жарамдылығын тексеру) жұмысқа дайындалу тәртібі;
4) жұмыстың қауіпсіз амалдары мен әдістері, қауіпті жағдай туындаған кездегі іс-әрекет;
5) жұмыс орнындағы ЖҚҚ және оларды пайдалану ережелері;
6) цех, учаске аумағында жұмыс істейтіндердің қауіпсіз қозғалысының сұлбасы;
7) цех ішіндегі көлік және жүк көтергіш құралдары мен тетіктері, тиеу-түсіру жұмыстары мен жүктерді тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптары;
8) авариялардың, жарылыстардың, өрттердің, өндірістік зардап шегу оқиғаларының, кәсіби аурулар мен уланулардың өздеріне тән себептері;
9) авариялардың, жарылыстардың, өрттердің алдын алу шаралары, авария, жарылыс, өрт кезіндегі іс-әрекеттер, учаскедегі өрт сөндіру, аварияға қарсы қорғану және сигнал беру құралдарын қолдану тәсілдері, олардың орналасқан жері.
15. Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқауды әрбір қызметкермен жеке, еңбектің қауіпсіз тәсілдері мен әдістерін көрнекі түрде көрсету арқылы жүргізеді.
Қызметкерлердің барлығы жұмыс орнындағы алғашқы нұсқаудан кейін бірінші екі-бес ауысым бойы (жұмыстың түріне, қызметкерлердің біліктілігіне байланысты) жұмыстың қауіпсіз тәсілдері дағдыларын игеру үшін, тәжірибелі қызметкерлерге бекітіледі, содан кейін осы учаскенің басшысы, жаңадан келген қызметкердің жұмыстың қауіпсіз тәсілдерін игергеніне көз жеткізіп, оны өз бетінше жұмысқа жіберу рұқсатын ресімдейді.
16. Қайталама нұсқауды барлық қызметкерлер біліктілігіне, біліміне, өтіліне, орындалатын жұмыстың сипатына қарамастан жарты жылдықта кемінде бір рет, аса қауіпті жұмыстарды орындау кезінде үш аптада кемінде бір рет өтеді.
Қайталама нұсқау бірыңғай үлгідегі жабдықпен қызмет ететін қызметкерлермен жеке немесе қызметкерлердің тобымен және де жалпы жұмыс орны шегінде жұмыс орнындағы алғашқы нұсқаудың бағдарламасы бойынша толық көлемде өткізіледі.
17. Жоспардан тыс нұсқау мынадай жағдайларда өткізіледі:
1) қолданысқа еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша стандарттарды, ережелерді, нұсқаулықтарды жаңадан енгізген немесе қолданылып жүргендеріне өзгерістер енгізген кезде;
2) технологиялық процесс өзгерген, жабдық, тетіктер мен құрал, бастапқы шикізат, материалдар және еңбек қауіпсіздігіне әсер ететін басқа факторлар ауысқан немесе жаңғыртылған кезде;
3) қызметкерлер еңбек қауіпсіздігі талаптарын, зардап шегуге, кәсіби ауруға, улануға, аварияға, жарылысқа немесе өртке әкеліп соғуы мүмкін немесе әкеп соққан бұзушылықтар жасаған кезде;
4) еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау органдарының талабы бойынша;
5) жұмыстағы үзілістер кезінде: еңбек қауіпсіздігінің қосымша (жоғары) талаптары қойылатын жұмыстар үшін - отыз күнтізбелік күннен астам, ал басқа жұмыстар үшін - алпыс күн.
18. Нұсқаудың көлемі мен мазмұнын әрбір нақты жағдайда, оларды өткізу қажеттігін туғызған себептер мен жағдайларға байланысты белгілейді.
19. Мақсатты нұсқау мынадай жағдайларда өткізіледі:
1) мамандық бойынша тікелей міндеттермен байланысты емес бір жолғы жұмыстарды (тиеу-түсіру, аумақты жинау, ұйымнан, цехтан тыс бір ретті жұмыстар) орындау кезінде;
2) табиғи және техногендік сипаттағы авариялардың зардаптарын жою кезінде;
3) рұқсат наряды ресімделетін жұмыстарды жүргізу кезінде;
4) өндіріс объектісінде экскурсиялар жүргізу, бұқаралық іс-шаралар ұйымдастыру кезінде.
20. Әртүрлі меншік және шаруашылық жүргізу нысанындағы ұйымдарда жоғары қауіптілік жағдайында жұмыстар жүргізілген кезде қызметкерлермен мақсатты нұсқау өткізу рұқсат нарядында немесе жұмыс жүргізуге рұқсат беретін басқа да құжаттамада тіркеледі.
Әртүрлі меншік және шаруашылық жүргізу нысанындағы ұйымдарда жоғары қауіптілік жағдайында жұмыстар жүргізілген кезде рұқсат нарядтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделеді және қолданылады.
21. Зиянды, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлардың әсеріне душар болатын ұйым персоналы белгіленген тәртіппен жұмысқа кірген кезде алғашқы және де кезеңді медициналық тексеруден өтеді.
22. Мамандығы және тиісті оқуды өткені туралы құжаттары бар қызметкерлер кіріспе және алғашқы нұсқауларды өткеннен кейін алдын ала оқусыз дербес жұмысқа жіберіледі.
Еңбек қауіпсіздігі бойынша білімді қызметкерлер, сондай-ақ біліктілігін арттыру кезінде де алады.
23. Қауіпсіздіктің қосымша немесе жоғарғы талаптары (3-Қосымша) қойылатын жұмыстармен айналысатын қызметкерлер үлгілік бағдарламалар бойынша курстық оқудан, белгіленген тәртіппен емтихандарды тапсырғаннан және жұмыс жүргізу мен белгілі бір жабдыққа қызмет көрсету құқығына куәлік алғаннан кейін ғана дербес жұмысқа жіберіледі.
24. Осы Ереженің 23-тармағында көрсетілген қызметкерлер бұдан әрі жыл сайын жұмыстардың қауіпсіз әдістері мен тәсілдерін білу тексеруінен өтеді, ол хаттамамен (4-Қосымша) ресімделеді. Білімі қанағаттанарлық емес деп танылған тұлғалар дербес жұмысқа жіберілмейді және білімін артынан тексеру арқылы қайта оқудан өтеді.
25. Қауіптілігі жоғары жұмыспен айналысатын қызметкерлердің білімін тексеру, құрамын кәсіподақ органымен келісім бойынша ұйым басшысы бекітетін комиссия жүзеге асырады.
26. Комиссия білімін қанағаттанарлық деп таныған тұлғалар белгіленген нысан бойынша куәліктер (5-Қосымша) алады немесе бар куәліктеріне белгі жасалады.
3. Басшының, мамандардың және басқа да
қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау жөніндегі функциялары
Достарыңызбен бөлісу: |