Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Ақпараттық технологиялар факультеті
тақырыбы:
«СҰЛУЛЫҚ САЛОНЫНЫҢ CRM ЖҮЙЕСІН ЖАСАУ»
Ғылыми жeтeкшi э.ғ.д. доцент, Байшоланова Қ.С.
Орындаған:Алайдар С.А.
Дипломалды практика бойынша есеп
Aлмaты 2022
Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы: Кіріспе бөлімінде жұмыстың өзектілігі, міндеті мен мақсаты, нәтижелері берілетін болады. Жұмыс сұлулық салоны үшін CRM жүйесін жасауға арналған.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Сұлулық салонының CRM жүйесін жасау арқылы клиенттерге қызмет көрсету саласын жақсарту, автоматтандыру.
Зерттеу нысаны: Beauty CRM, LokonCRM, Онлайн запись.
Қолданылған программалау тілдері: Java, Java script, html, css, php, MySql
Жұмыстың өзектілігі: Сұлулық салондарына арналған CRM клиенттік базаны жинауды жеңілдетуге көмектеседі, әкімшілердің қаншалықты тиімді жұмыс істейтінін бағалауға көмектеседі. Жүйе қызметкерлер құрамын кеңейту, аз тәуекелдермен компанияның кірісін ұлғайту үшін қандай қызметтердің сұранысқа ие екенін бақылауға мүмкіндік береді. Жүйені клиенттерге хабарламаларды автоматты түрде жіберу үшін конфигурациялауға болады, осылайша олар мастермен кездесуді ұмытпайды. Алдыңғы қатарда көріну үшін бизнесті дамытуда басты талаптың бірі – CRM жүйесінің көмегімен автоматтандыру. Бизнеске құрылған арнайы ақпараттық жүйемен жұмыс жасау кеңінен қолданылып келеді. Бұл өз кезегінде бәсекелестікті арттырып, қызметкерлердің жұмыс сапасын арттыруға әрі жеңілдетуге көп көмегін тигізеді.
Нәтижелері:
- CRM жүйесінің артықшылықтары бізге беретін мүмкіндіктері талданды;
- CRM жүйесінің түрлері зерттелді;
- CRM жүйесінің негізгі мақсаттары мен функциялары айқындалды;
- Сұлулық салонының CRM жүйесі жасалды.
- CRM жүйесінің негізгі функциялары мен санаттарына талдау жасау;
- Сұлулық салонынына арналған CRM жүйесін жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |