Аягөз ауданы және Семей қаласы бюджеттерінің орындалуына жүргізілген кешенді бақылаудың нәтижелері туралы хабарлама



Дата09.06.2016
өлшемі60.95 Kb.
#124799
Аягөз ауданы және Семей қаласы бюджеттерінің

орындалуына жүргізілген кешенді бақылаудың нәтижелері туралы хабарлама

2012 жылға арналған бақылау іс-шараларының Жоспарына сәйкес, 2012 жылдың 2-ші тоқсанында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қаржылық бақылау Инспекциясы 2010 жылдың 1-ші сәуірінен 2012 жылдың 30-шы наурыз аралығын қамтып, Аягөз ауданы және Семей қаласы бюджетінің әзірленуі және орындалуына кешенді ішкі қаржылық бақылау жүргізді.



Аягөз ауданы

Кешенді бақылаумен 16 объекті қамтылып, оларда жалпы сомасы 260466,6 мың теңгені құрайтын қаржылық бұрмалаушылықтар анықталды, оның ішінде:

-негізсіз есептен шығарылған және заңсыз берілген негізгі құралдар, ақшалай қаражаттар – 48722,4 мың теңге;

-іссапар шығындары бойынша бұрмалаушылықтар – 150,5 мың теңге;

-еңбекақы бойынша бұрмалаушылықтар – 1209,7 мың теңге;

-бюджеттік қаражаттар мен мемлекеттік активтердің тиімсіз пайдаланылуы – 21381,3 мың теңге;

-мақсатсыз жұмсалған бюджеттік қаражаттар – 1199,7 мың теңге;

-тауар-материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі – 1185,4 мың теңге;

-бюджетке түсімдер бойынша бұрмалаушылықтар – 123,8 мың теңге;

-бекітілген нормативтерден жоғары шығындар – 231,5 мың теңге;

-мемлекеттік сатып алу бойынша негізсіз жұмсалған бюджеттік қаражаттар – 39,6 мың теңге;

-басқа бұрмалаушылықтар – 186222,7 мың теңге.

Жалпы сомасы 558510,0 мың теңгеге бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жасау Ережесі бұзылған.

Бұлардан басқа, конкурс қорытындысына әсерін тигізген, 487315,6 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу рәсімдері бұзылғаны анықталды.

Сонымен, Аягөз ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жалпы сомасы 181675,7 мың теңгені құрайтын қаржылық бұзушылықтар анықталды, соның ішінде:

- ҚР 2001 жылғы 16 шілдедегі №242-ІІ «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметтері туралы» Заңының талаптарына қайшы, Аягөз қаласының бас тоған ғимараттарын, су тартқыштарын және сумен қамту жүйесінің контррезервуарларын жөндеу жұмыстары жалпы сомасы 173365,0 мың теңге тұратын жобалық-сметалық құжаттаманы заңнамамен белгіленген тәртіпте бекітпей жүзеге асырылған;

- ҚР Бюджет кодексінің 4-бабының 12-тармағына қайшы, 7896,5 мың теңгені құрайтын бюджет қаражаты тиімсіз пайдаланылған;

- шарттық міндеттемелерге қайшы, орындалмаған жұмыстар үшін 248,3 мың теңгеге төлем жүргізілген;

- ҚР Үкіметінің 31.03.2011 жылғы № 335 «Мемлекеттік органдардың аппаратын және ерекше үй-жайларын орналастыруға арналған алаңдар нормалары мен телефон байланысын пайдалану үшін тиесілілік нормалары және ҚР Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысының 3-тармағына қайшы, мекеме қызметкерлеріне ұялы байланыс үшін 83,7 мың теңгені негізсіз төлеген;

- ҚР Үкіметінің 29.12.2007 жылғы № 1394 «Орташа еңбекақыны есептеудің бірыңғай ережесін бекіту туралы» қаулысына қайшы, 15,9 мың теңгеге еңбек демалысы үшін артық төленген;

- ҚР Бюджет кодексінің 96-бабына, ҚР Үкіметінің 26.02.2009 жылғы № 220 «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысының 149-бабына қайшы, мекемемен міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарымен бекітілген сомалар шегінен тыс міндеттемелерді қабылдауға жол берілген, ол 01.01.2012 жылғы жағдай бойынша 66,3 мың теңгені құрайтын кредиторлық берешектің пайда болуына әкеліп соққан;

Бұдан басқа, ҚР мемлекеттік сатып алу туралы заңына қайшы, мемлекеттік сатып алу қорытындысына әсер еткен 182662,7 мың теңге сомасында бұзушылыққа, сондай-ақ бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау ережесіне қайшы, 646,2 мың теңге сомасында бұзушылыққа жол берілген.

Қайтаруға және қалпына келтіруге жатқызылған жалпы сомадан (993,8 мың теңге) бақылау барысында 692,1 мың теңгесі немесе 69,6 % қайтарылды (қалпына келтірілді).

«Аягөз ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жалпы сомасы 48485,2 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, соның ішінде:

- орындалмаған жұмыстар үшін 48303,2 мың теңгені құрайтын бюджет қаражаты негізсіз төленген;

- жұмыс істемеген уақытқа еңбекақы бойынша 96,4 мың теңге негізсіз төленген;

- ұялы байланыс үшін 54,0 мың теңге негізсіз төленген;

- 7,5 мың теңгеге іссапар шығындары артық төленген;

- іссапар шығындары бойынша 24,1 мың теңге сомасындағы дебиторлық берешек өтелмеген.

Осы жерде бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау ережесіне қайшы, жалпы сомасы 91674,6 мың теңгені құрайтын бұзушылыққа және ҚР мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына қайшы, 289478,6 мың теңгені құрайтын бұзушылыққа жол берілген, яғни ол мемлекеттік сатып алу қорытындысына әсер еткен.

Қайтаруға және қалпына келтіруге жатқызылған жалпы сомадан (140159,8 мың теңге) бақылау барысында 91832,5 мың теңгесі немесе 65,5 % қайтарылды (қалпына келтірілді).

Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласында, мемлекеттік сатып алу туралы заңнама саласында ҚР заңнамасын бұзғаны үшін, сондай-ақ Инспекция жіберген ұсынымдарды орындамағаны (тиісті орындамағаны) үшін ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, «Аягөз ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-нің бірінші басшысына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы 3 хаттама толтырылды.

Жоғарыдағылардан басқа, ірі қаржылық бұрмалаушылықтар Аягөз аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінде – 16912,6 мың теңгеге, Ш.Уалиханов атындағы жалпы білім беретін орта мектепте – 6107,3 мың теңгеге, Ғаббасов атындағы жалпы білім беретін орта мектепте – 3771,4 мың теңгеге, және т.б. анықталды.

Жалпы аудан бойынша қайтаруға және қалпына келтіруге жатқызылған 323396,9 мың теңгенің бақылау барысында 273762,5 мың теңгесі қайтарылып, қалпына келтірілді, немесе 84,7 пайыз.

Қазіргі кезде анықталған бұрмалаушылықтарды жою және қалған сомаларды бюджетке өндіру және қалпына келтіру, кінәлі лауазымдық тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін тексерілген бақылау объектілеріне тиісті нұсқамалар жіберілді.

-іссапар шығындары бойынша бұрмалаушылықтар – 51,2 мың теңге;

-еңбекақы бойынша бұрмалаушылықтар – 279,7 мың теңге;

-бюджеттік қаражаттар мен мемлекеттік активтердің тиімсіз пайдаланылуы – 590623,1 мың теңге;

Семей қаласы

Кешенді бақылаумен 8 объекті қамтылып, оларда жалпы сомасы 1798711,4 мың теңгені құрайтын қаржылық бұрмалаушылықтар анықталды, оның ішінде:

-негізсіз есептен шығарылған ақшалай қаражаттар – 243143,9 мың теңге;

-артық төленген іссапар шығындары – 51,2 мың теңге;

-артық төленген еңбекақы – 279,7 мың теңге;

-тиімсіз пайдаланылған бюджеттік қаражаттар/мемлекеттік активтер – 590623,1 мың теңге;

-тауар-материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі – 11,3 мың теңге;

-бюджетке түсімдер (салықтан тыс) бойынша бұрмалаушылықтар – 16613,0 мың теңге;

-басқа бұрмалаушылықтар – 947989,2 мың теңге.

Жалпы сомасы 680074,5 мың теңгеге бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жасау Ережесі бұзылған.

Бұлардан басқа, конкурс қорытындысына әсерін тигізген, 1616136,1 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу рәсімдері бұзылғаны анықталды.

Аса ірі бұрмалаушылықтар сомасы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және құрылыс салаларында анықталды.

Мысалы, «Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жалпы сомасы 881807,1 мың теңгені құрайтын қаржылық бұзушылықтарға жол берген, соның ішінде:

- 565439,0 мың теңгені құрайтын мемлекет активтерін тиімсіз пайдаланған;

- 316368,1 мың теңгеге басқа да бұзушылықтар анықталды.

Сондай-ақ 173583,3 мың теңгеге бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау Ережесі бұзылған.

46674,8 мың теңгеге сатып алу қорытындысына әсер еткен мемлекеттік сатып алу рәсімі бұзылғандығы анықталды.

Қалпына келтіруге жатқызылған 173583,3 мың теңге бақылау барысында толығымен қалпына келтірілді.


«Семей қаласының құрылыс бөлімі» ММ-не жүргізілген бақылау барысында 866861,8 мың теңгені құрайтын қаржылық бұзушылықтар анықталды.

Осы жерде сондай-ақ 439872,8 мың теңгеге бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау ережесінің бұзылғандығы және 1561909,4 мың теңгеге сатып алу қорытындысына әсер еткен мемлекеттік сатып алу рәсімінің бұзылғандығы анықталды.

Қайтаруға жатқызылған 21021,0 мың теңгенің бақылау барысында 1144,3 мың теңгесі қайтарылды, қалпына келтіруге жатқызылған 564278,9 мың теңгенің бақылау барысында 19173,2 мың теңгесі қалпына келтірілді.

Бақылау барысында жалпы қала бойынша қайтаруға және қалпына келтіруге жатқызылған 814543,0 мың теңгенің бақылау барысында 208249,1 мың теңгесі қайтарылып, қалпына келтірілді, немесе 25,6 пайыз.



Қазіргі кезде анықталған бұрмалаушылықтарды жою және қалған сомаларды бюджетке өндіру және қалпына келтіру, кінәлі лауазымдық тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қолданылуда.

ШҚО бойынша Қаржылық бақылау Инспекциясының

баспасөз қызметі

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет