«Еңбекшіқазақ ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімінің» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2014 жылға есебі Жалпы ережесі «Еңбекшіқазақ ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі»



Дата24.02.2016
өлшемі172.04 Kb.
#15434
«Еңбекшіқазақ ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімінің» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2014 жылға есебі
1.Жалпы ережесі


  1. «Еңбекшіқазақ ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі –бөлім) Еңбекшіқазақ ауданының аумағында сәулет және қалақұрылысы саласындағы функцияларды орындауға уәкілетті мемлекеттік мекеме болып табылады.

  2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының « Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес жүргізеді.

  3. Мемлекеттік қызмет көрсететін мекеме туралы мәлімет: «Еңбекшіқазақ ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекеме, индексі 040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Тоқатаев көшесі 19-б. Байланыс телефондары: 8 (72-775)4-02-61.

«Еңбекшіқазақ ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 3 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. 2014 жылы көрсетілген қызмет түрі -1789;

Оның ішінде :


  • "Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүліктің мекен-жайын анықтау бойынша анықтама беру" -1631;

  • "Сәулет-жоспарлау тапсырмасының берілуі"-158;

  • "Тұрғын ғимаратты қайта жаңғыртуға (жабдықтауға)рұқсат беру"-0;

2. Мемлекеттік қызмет көрсететін мекеме жұмысы

Мемлекеттік мекеме ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат ілінген. Жеке және заңды тұлғалар жалпы мәлімет алуға құқылы. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша үдерістің ашықтығын қамтамассыз ету үшін бөлімде халықтың арасында түсіндірушілік жұмыстары жүргізіледі.

3.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

Мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша 2014 жылға мемлекеттік қызмет алушылардан арыз түспеген.

Еңбекшіқазақ ауданының

сәулет және қалақұрылысы

бөлімінің басшысы С.Молдақасымов

-------------------------------------------------------




Еңбекшіқазақ ауданының ветеринария бөлімінің 2014жылға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысы туралы есебі

«Ветеринариялық анықтама беру» және «Ауыл шаруашылығы

жануарларын бірдейлендіру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 шілдеде № 664 қаулысымен бекітілген.

Қызметтер селолық округтердегі ветеринариялық пункттердің ветеринариялық дәрігерлерімен мал иелерінің жазбаша түрде берілген өтініштері негізінде іске асырылады, қызмет мәтіні мал иелеріне малды және мал шаруашылығы өнімдерін сату, сатып алу кезде ветеринариялық анықтаманы беру мен ауыл шаруашылығы малдарына бірдейлендіру жүргізу болып табылады. Осы қызметті көрсету үшін ветеринария бөлімі басшысымен әр ветеринария пунктінің ветеринариялық анықтама беру құқықтары бар ветеринариялық дәрігерлер тізімі бекітілген.

Кәзіргі уақытта аудандық ветеринария бөлімі мен аудандық ветеринариялық станциясы Есік қаласы М.Ысқақ көшесі номер сіз бір ғимаратта, ал ветеринариялық пункттер селолық округтер әкімдері ғимарараттарында ораласқан. Байланыс телефондары: Ветеринария бөлімінің басшысы- 7-02-86, мамандары 7-03-81. Аудандық ветеринариялық станциясының директоры-7-02-86, мамандары -7-02-83.

Ғимаратта стандартар анықтамалығы, регламенттер мен жұмыс кестесі және бизнес-процесстерінің анықтамалығы жөніндегі қазақ және орыс тілдерінде стендтер орнатылған.

Селолық округтер әкімшіліктерінде де жұмыс кестелелері мен жауапты ветеринариялық дәрігерлердің аты- жөндері орнатылған.

2014 жылда ауданда ветеринариялық анықтама беру бойынша 2049 қызмет және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша 65567 қызмет көрсетілді. Осы қызмет көрсету бойынша бұзушылық пен арыз-шағымдар түсу фактілері тіркелген жоқ.

Еңбекшіқазақ ауданының ветеринария

бөлімінің басшысы Б.Бименов



---------------------------------------------------------

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар бөлімінің атқарылған жұмыс туралы 2014 жылға есебі
Қазақстан Республикасының заңға сәйкес 2014 жылдың шілде айынаң бастап жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар бөлімі өз құзырет аясында мемлекеттік қызмет көрсетеді олар: «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай – ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналыстыруға рұқсат беру», рұқсат құжаттардаң «жолаушылар тасымалдаушы және жүк таксиі қызметінің жүзеге асырылуы басталуы туралы хабарлама», «Алматы облысы бойынша жер жұмыстарың жүргізу ордері».

Бүгінгі күнге мемлекеттік қызмет «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай – ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналыстыруға рұқсат беру» 7 қызмет алушыларға көрсетілген, олардың ішінде ХҚО арқылы 4 тұлғаларға, 3 тұлғаларға тікелей мемлекеттік орган арқылы берілген. Рұқсат құжаттар бойынша бөлім тарапынан жер жұмыстары жүргізуге 1 ордер берілген.

Мемлекеттік қызметтердің орындалуы қатал шегінде Қазақстан Республикасының «мемлекеттік қызметтер туралы» заңға және бекітілген стандарттармен регламенттарға сәйкес өндіріледі.

Еңбекшіқазақ аудан әкімдігінің ғимаратында қызмет алушыларға керекті ақпараттық стенд орнатылған.



Бөлім басшысы Б.Искаков

Орын:Е.Жахангер

Тел:7-20-08
---------------------------------------------------------------
Еңбекшіқазақ ауданының тұрғын –үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2014 жылға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысы туралы есебі
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 20 сәуір айындағы «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» №88-V ҚРЗ Заңының 11 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5-наурыздағы №185 (27.05.2014 жылы №553) қаулымен өзгірістер мен толықтырулар енгізілген «Еңбекшіқазақ ауданының тұрғын–үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламентерінің қолжетімділігін, өтініштерді уақытында қарау қамтамасыз етілген.

«Еңбекшіқазақ ауданының тұрғын–үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» бөлімде «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалған тұрғын үйге мұқтаж азаматтар (облыстық маңызы бар қаланың) республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы», Мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласында – жетекші маман Байсмакова Динара Амангельдиевна функционалдық қызметіне сәйкес бекітілген.

Көрсетілетін қызметті беруші «Еңбекшіқазақ ауданының тұрғын –үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ. Мекен-жайы: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Жамбыл даңғылы, 21 «а», 316 кабинет. Телефон:8(72775) 72125, пошталық индекс 040402.

2014 жылы Мемлекеттік органмен халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтің жалпы саны – 383 құрайды. ҚР заңдарында белгіленген жағдайларда және негіздері бойынша белгіленген мерзімді бұзылғаны көрсетілген мемлекеттік қызметтер көрсетуде бас тарту және шағымдар туралы фактілер орын алмағанын хабарлаймыз. Аталған мемлекеттік қызмет тегін және қағаз нысанында жүргізіледі.
Бөлім басшысы Д.Мәлібеков
-------------------------------------------------------------
Еңбекшіқазақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2014жылға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысы туралы есебі

«Әкімшілік рәсімдер туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет дегеніміз жеке және заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға

бағытталған мемлекеттік органдардың қызметі болып табылады. Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің топтастырылған тізбесі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін құрайды.

«Еңбекшіқазақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарамалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі барлығы 18 мемелекеттік қызмет көрсетеді, оның ішінде 16 мемлекеттік қызмет альтернатива бойынша ХҚКО арқылы көрсетіледі.

2014 жылы көрсетілген жалпы мемлекеттік қызметтер саны – 17183 қызметті құрады, мемлекеттік. органмен халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мелекеттік қызмет -2496 өтініш білдірушілерге көрсетілді, ХҚКО арқылы – 3954 азаматтарға «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру»- мемлекеттік қызметі көрсетілді.

Сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызмет алушының мемлекеттік қызметтің сапасына қанағаттанғаны туралы карточка беріледі, сонымен «қанағаттанарлық» -0, «жақсы» - 398 карточка.

2014 жылдың қорытындысы бойынша статистика көрсеткендей ерекше талап етілген қызмет халықты әлеуметтік қорғау саласында («Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау», «Тұрғын үй көмегін тағайындау», «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою», «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру» және «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау»).

2014 жылдың 3 маусымында және 14 шілдесінде «ХҚКО» РМК Алматы облысы бойынша филиалының қызметкерлері және жұмыспен қамту бөлімінің қызметкерлерімен Есік қаласында, ал 2014 жылы 6 маусымында және 24 шілдеде Шелек ауылында «ХҚКО» РМК Алматы облысы бойынша филиалында, бөлім басшысы К.Айсинаның басшылығымен «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою», «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету барысында кездесетін мәселелер» тақырыбында техникалық оқұ сабақтары өткізіліп екі жақтанда сұрақтар койылып, пікір бөлісті.

Бөлімде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру туралы тиісті іс номенклатурасы әзірленді, халықты ақпараттандыру үшін стандарттар мен регламенттер жазылған стендтер, сонымен бірге мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі бар.

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында  «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі бар, онда Еңбекшіқазақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттары, регламенттері, мемлекеттік қызметті алу жөнінде нұсқаулықтары орналасқан, сонымен қатар «Еңбекшіказақ» газетінде 2014 жылдың 21 наурызында, 1, 8,15,22 тамызында және 2014 жылдың 31 қазанында мемлекеттік көмек көрсету туралы сұрақтары бойынша 6 мақала жарияланған.

2014 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуде қандай да бір бұзушылық болған жоқ.

Бөлім басшысы К.Айсина

-----------------------------------------------------------



«Еңбекшіқазақ ауданының жер қатынастары бөлімінің» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2014 жылға есебі
1.Жалпы ережесі


  1. «Еңбекшіқазақ ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі –бөлім) Еңбекшіқазақ ауданының аумағаында жер қатынастары саласындағы функцияларды орындауға уәкілетті мемлекеттік мекеме болып табылады.

  2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының « Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес жүргізеді.

  3. Мемлекеттік қызмет көрсететін мекеме туралы мәлімет: «Еңбекшіқазақ ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекеме, индексі 040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Тоқатаев көшесі 19-б.

Байланыс телефондары: 4-27-77,4-20-63.

«Еңбекшіқазақ ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 5 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. 2014 жылы көрсетілген қызмет түрі -4582;

Оның ішінде :


  • "Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерініңкадастрлық (бағалау) құнын бекіту" -418;
  • "Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыружобаларын бекіту"-4120;

  • "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертугешешім беру"-41;

  • "Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға
    рұқсат беру"-2;

-ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде

ұсныстар дайындау-1.

2. Мемлекеттік қызмет көрсететін мекеме жұмысы

Мемлекеттік мекеме ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат ілінген. Жеке және заңды тұлғалар жалпы мәлімет алуға құқылы. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша үдерістің ашықтығын қамтамассыз ету үшін бөлімде халықтың арасында түсіндірушілік жұмыстары жүргізіледі.

3.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

Мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша 2014 жылға мемлекеттік қызмет алушылардан арыз түспеген.

Еңбекшіқазақ ауданының жер

қатынастары бөлімінің басшысы Қ.Қыдырбаев

-----------------------------------------------------



Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімі бойынша 2014 жылға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысы туралы есебі
  Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

            Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі өз жұмыстарында барлық мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңы мен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік – құқықтық актілерін тікелей басшылыққа алады.

     Мемлекеттік қызметтер мынадай қағидаттар негізінде көрсетіледі: көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі; мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен созбұйдалық көріністеріне жол бермеу; мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық; мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі; мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру; мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.

            Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімі Қазақстан Республикасының Үкіметі 2013 жылғы 18 - қыркүйектегі       № 983 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету Реестріне (тізіміне) сәйкес 2014 жылы мемлекеттік қызметтің 18 түрін көрсететті.

Олардың 11 түрі мемлекеттік органдар арқылы, 7-і мемлекеттік органдар ХҚО-ғы арқылы. 9 қызмет түрі қағаз түрінде, 9-ы электрондық немесе қағаз түрінде (Электрондық үкімет порталы арқылы), 2-і ақылы негізде көрсетілді.

             Статистика көрсетіп отырғандай, 2014 жылдың қорытындылары бойынша неғұрлым қажет етілген қызмет «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру»- 7135 (31,4%) және «мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»-4413 (19,5%) болып отыр.

            Халықты хабардар ету үшін мемлекеттік органдарда – қызмет берушілерде стандарттар мен регламенттер, сондай  - ақ мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтар көрсетілген стенділер ілінген.

            Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы ақпарат, соның ішінде электрондық үлгідегісі Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің ресми Интернет – ресурсында, «Электрондық үкімет» веб – порталында, сондай – ақ ХҚО РМК-ның Интернет – ресурсында орналастырылған.

            Білім бөлімі 2013 жылдын бастап «Е-әкімдікте»АЖ 2 мемлекеттік қызметті (Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау), (Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою)тіркеуді жүзеге асыруда.

            Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімі тарапынан 2014 жылы аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша екі ақпарат жариялады.

Бүгінгі күні, білім бөлімі тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасы жақсы, арыз-шағымдар жоқ.

2014 жылы (Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою) 3 мемлекеттік қызмет мерзімінен кешіктіріліп берілді, аталған кемшілікке жол берген білім бөлімінің маманы «ескерту» түрінде тәртіптік жазаға тартылды.

           

           



Бөлім басшысы Р.Ахметова

------------------------------------------------------------



«Еңбекшіқазақ ауданының ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2014 жылға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысы туралы есебі
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 20 сәуір айындағы «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» №88-V ҚРЗ Заңының 11 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27.05.2014 жылы № 553 қаулалырымен өзгірістер мен толықтырулар енгізілген «Еңбекшіқазақ ауданының шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламентерінің қолжетімділігін, өтініштерді уақытында қарау қамтамасыз етілген. «Еңбекшіқазақ ауданының ауыл шаруашылық бөлімі» бөлімде «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер берумемлекеттік қызмет көрсетіледі; Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды сенiмхат бойынша жүргізетін адамдарды тiркеу; Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру; Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу; Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу; Тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат беру; Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау; Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау; Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау;

Мемлекеттік қызмет көрсету саласында – жетекші маман Керемкулова К.М функционалдық қызметіне сәйкес бекітілген.

Көрсетілетін қызметті беруші «Еңбекшіқазақ ауданының ауыл шаруашылық бөлімі» ММ. Мекен-жайы: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Жамбыл даңғылы, 21 «а», 305 кабинет. Телефон:8(72775) 72276, пошталық индекс 040402.

2014 жылы тамыз айынан бастап көрсетілген мемлекеттік қызметтің жалпы саны -1037 құрайды. ҚР заңдарында белгіленген жағдайларда және негіздері бойынша белгіленген мерзімді бұзылғаны көрсетілген мемлекеттік қызметтер көрсетуде бас тарту және шағымдар туралы фактілер орын алмағанын хабарлаймыз. Аталған мемлекеттік қызмет тегін және қағаз нысанында жүргізіледі.




Бөлім басшысы Ә.Жұмағалиев
------------------------------------------------------

«Еңбекшіқазақ ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2014 жылға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысы туралы есебі

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 20 сәуір айындағы «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» №88-V ҚРЗ Заңының 11 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкметінің 27.05.2014 жылы № 553 қаулалырымен өзгірістер мен толықтырулар енгізілген «Еңбекшіқазақ ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламентерінің қолжетімділігін, өтініштерді уақытында қарау қамтамасыз етілген.

«Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар беру» мемлекеттік қызметі Еңбекшіқазақ ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімімен халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетеді.

«Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар беру» мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі № 981 қаулысымен бекітілген.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі алушы жүгінген сәттен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайды (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте жергілікті атқарушы орган мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға бір күн қалғанда ұсынады).

Көрсетілетін қызметті беруші «Еңбекшіқазақ ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ. Мекен-жайы: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Жамбыл даңғылы, 21 «а», 111 кабинет. Телефон:8(72775) 72350, пошталық индекс 040402.

2014 жылы мемлекеттік қызмет көрсетілмеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету туралы хабарландыру аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінде жарияланды.




Бөлім басшысы Е. Сарабеков
---------------------------------------------------------

«Еңбекшіқазақ ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2014 жылға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысы туралы есебі
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 20 сәуір айындағы «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» №88-V ҚРЗ Заңының 11 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкметінің 27.05.2014 жылы № 553 қаулалырымен өзгірістер мен толықтырулар енгізілген «Еңбекшіқазақ ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламентерінің қолжетімділігін, өтініштерді уақытында қарау қамтамасыз етілген.

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметі.

Әлеуметтік қолдау шарасын ұсыну тәртібі 2009 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №183 қаулысымен бекітілген және 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Ережесімен анықталған, осыған сәйкес ауылдық елді мекендерде орналасқан әлеуметтік салалар мекемелері және ветеринарияда бес жылдан кем емес жұмыс істеу шарты Келісімі негізінде әлеуметтік қолдау ұсынылады. Сонымен Қаулыға сәйкес тұтынушы көтермелі жәрдемақысын және бюджеттік кредитті алғанда өкілетті органға қажетті құжаттарды қоса өтініш береді.

2009 жылдан бастап мамандарға келесі түрде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады:

- 70 АЕК мөлшерінде көтермелі жәрдемақы .

         - ауылдық елді мекенде тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит – 15 жыл мерзімімен, 0,01% өтем ақысымен 1500 АЕК мөлшерінде бюджеттік кредит.

         «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы аясында Еңбекшіқазақ ауданында 2014 жылы көтермелі жәрдемақы 76 жас маман алды, соның ішінде: білім беру саласының 60 маманы, денсаулық сақтау саласының 15 маманы және 1 ветеринария маманы. Сонымен бірге бюджеттік кредит алып, 41 маман білім беру саласынан, 11 маман денсаулық сақтау саласынан, 3 маман мәдениет саласынан және де 1 ветеринария маманы тұрғын үй жағдайларын жақсартты.

         Әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ауылдық жерлерде мамандардың бекінуін қамтамасыз етеді, сонымен бірге ауылдық елді мекендерде әлеуметтік сала қызметінің тиімділігін көтереді.



Көрсетілетін қызметті беруші «Еңбекшіқазақ ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» ММ. Мекен-жайы: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Жамбыл даңғылы, 21 «а», 313 кабинет. Телефон:8(72775) 72019, пошталық индекс 040402.

Бөлім басшысы Е. Жакеев

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет