Аягөз ауданының 2006 жылғы
әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары
туралы
Аягөз ауданының 2006 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы жалпы алғанда экономикалық өсу тенденциясын көрсетеді.
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2006 жылғы қаңтар-желтоқсанда қолданыстағы бағамен 2399,8 млн.теңгенi құрады, немесе өткен жылмен салыстырғанда 290,0 млн.теңгеге артық.
Бөлшек сауда тауар айналымының көлемi (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 2579,7 млн. теңгенi құрап, 2005 жылға қатысты 102,1% құрады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру 3006,0 млн.теңге құрады, бұл өткен жылға қатысты 105,6%.
Мал шаруашылығында барлық категориядағы шаруашылықтар бойынша тұрақты жағдай сақталуда. 2005 жылмен салыстырғанда жалпы мал басының барлық түрі және құс саны, өнімділігі артты.
2006 жылы 11200,1 тонна мал мен құс (тiрi салмақпен) сойып сатылды. Өткен жылға қатысты бұл көрсеткiш 112,8% құрайды. 38811,8 тонна сүт (107,4%), 3067 мың дана жұмыртқа (100,5%), 4250 тонна жүн (102,8%) өндiрiлдi.
2006 жылы бұзаулар төлiнiң жалпы түсiмi 25444 бас немесе 2005 жылғымен салыстырғанда 1513 басқа көбейіп отыр. Қозы мен лақтың жалпы түсiмi 130299 бас, немесе өткен жылға қатысты 110,1 % құрайды. 2006 жылы 4856 бас құлын алынған, немесе өткен жылға қарағанда 327 басқа артқан.
Ауылшаруашылығы өнімін өндірушілерге көктемгі дала жұмыстары үшін 2006 жылы облыстық бюджеттен 8,6 млн. теңге жанар-жағар май, тұқым алуға бөлінді.
2005 жылы 6810 тонна астық, 216 тонна күнбағыс, 2100 тонна көкөніс, 5600 картоп алынған болса, 2006 жылы астықтан 7595 тонна (2005 жылға қатысты 111,5%), күнбағыстан 135 тонна (62,5%), көкөністен 800 тонна (38%) өнім алынды. Былтырғы жылға қарағанда 2006 жылы картоп, көкөніс егетін жерлер көлемі азайған.
Жұмыспен қамту бойынша өкiлеттi органдарда есепте тұрған жұмыссыздардың саны 2007 жылдың 1 қаңтарына 520 адам болды, бұл 2006 жылғымен салыстырғанда 56 адамға аз. Ресми жұмыссыздықтың деңгейi 1,4 % құрап, 2005 жылмен салыстырғанда 0,1-ге төмендеді.
2006 жылы жұмысқа орналастыру қызметiне еңбекке орналасу үшiн 1379 адам келдi, 850 адам жұмысқа орналастырылды, ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға 630 адам қатысты, 137 адам кәсіби даярлықтан өтті, бұл 2005 жылға қарағанда 7 адамға көп. Осы мақсаттар бойынша 20854,0 мың теңге игерілді. Жаңадан 738 жұмыс орындары құрылды.
Былтырғы жылы ауданымызда тұрғындар есебінен 5515 шаршы метрлік жеке тұрғын-үй алаңдары іске қосылған, бұл көрсеткіш 2005 жылмен салыстырғанда 106,2%-ға артып отыр. Облыстық бюджет қаржысынан Аягөз қаласында 12 пәтерлік тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді.
2006 жылы экономикалық қызметтiң барлық түрлерiнде жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң орташа айлық жалақысы 30418 теңге құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,4%-ға жоғары.
Салық комитетiнiң деректерiне сәйкес 2007 жылдың 1 қаңтарына ауданда 114 шағын бизнес кәсiпорындары тiркелдi, оның iшiнде 79 жұмыс iстеп тұрған. 801 шаруа қожалығы, 371 адам патент бойынша, 404 адам куәлiк пен оңайлатылған декларация бойынша еңбек етті.
Шағын кәсiпкерлiкпен айналысатын субъектiлердiң саны 2059 бiрлiк құрады. Жалпы шағын кәсiпкерлiкпен айналысуға 4638 адам жұмылдырылды, олардан 104,8 млн.теңге бюджетке құйылған немесе барлық бюджетке түскен соманың 11,8% құрайды.
Жергiлiктi бюджетке – 890,8 млн.теңгенің салықтары мен төлемдері аударылды, бұл қаржы болжамды көрсеткiштiң 118 % құрап отыр.
Салықтың барлық түрлері бойынша болжам артығымен орындалған. Оның ішінде:
-
әлеуметтік салық – 426,0 млн.теңге (101%);
-
жеке табыс салығы – 212,7 млн.теңге (109%);
-
жер салығы – 21,6 млн.теңге (119%);
-
көлік салығы – 14,8 млн.теңге (122%);
-
мүлік салығы – 168,0 млн.теңге (218%).
2007 жылдың 1 қаңтарына ауданда халыққа қызмет көрсету бойынша 370 сауда кәсіпорны тіркелген, оның ішінде 270 сауда дүкені, 3 жабық базар, 58 қоғамдық тамақтану орындары, 40 қызмет көрсету пункттері, 28 жанар-жағар май стансасы, 31 дәріхана, 19 шағын наубайхана, 3 ұн диірмені, 1 мал сою цехы, нан зауыты және 6 кондитер цехы жұмыс істеп тұрды.
Жүргiзiлген есеп бойынша ауданда 1582 сәби дүниеге келдi. 2005 жылмен салыстырғанда 89 сәбиге көбейген, немесе 6 % жоғары.
2006 жылдың басынан бастап 588 адам дүние салды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 90 адамға аз.
Миграция алмасу нәтижесiнде 2006 жылдың қаңтар-желтоқсанында ауданға 423 адам келген, бұл ауданнан қоныс аударғандарға қарағанда 405 адамға көп.
Құқық қорғау органдары бойынша барлығы 353 қылмыс тiркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 %-ға көп. Қылмыстардың ашылуы 64,5% құрады. Ауыр қылмыстардың саны 2005 жылға қарағанда 54,2%-ға азайса, керісінше аса ауыр қылмыстар 18%-ға артқан.
Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мәлiметтерi бойынша 2006 жылы жұқпалы аурулармен науқастанғандар саны 1723 болды, бұл 2005 жылғымен салыстырғанда 169-ға көбейген. 2005 жылдың деңгейіне ОРВИ ауруларының саны 222,6% құрады.
Достарыңызбен бөлісу: |