Аягөз ауданының 2013 жылдың 12 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары Өнеркәсіп



Дата22.02.2016
өлшемі20.58 Kb.
#2266
Аягөз ауданының 2013 жылдың 12 айындағы әлеуметтік-экономикалық

дамуының қорытындылары
Өнеркәсіп. 2014 жылдың 1 қаңтарына аудан өнеркәсібінде қолданыстағы бағамен 4862,5 млн.теңгенің өнімдері өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 106,7 % құрады.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 18669,5 млн.теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімінен 3734,6 млн.теңгеге артты.

2013 жылдың 12 айына жасалған талдау барысында 59197 бас ірі қара, оның ішінде 28956 бас аналық сиыр, 271067 бас қой-ешкі, 21583 бас жылқы, 86 бас түйе, 35336 құс тіркелген.

Барлық шаруашылық категориялары бойынша 17018,9 тонна мал мен құс (тірі салмақпен) сойылып сатылып, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 103,7% құрады. 48272,9 тонна сүт (2013 жылдың 1 қаңтарына қатысты 105,6%), 4167,1 мың дана жұмыртқа (103,1%) өндірілді.

Негізгі капиталға инвестиция жұмсау. 2014 жылдың 1 қаңтарына негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 32465,2 млн.теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңінен нақты көлемінің индексі 2,1 есеге жоғары.

Тауар айналымы. Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 9281,3 млн.теңгені құрап, 2013 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 109,3% құрады немесе 1060,6 млн.теңгеге артты.

Шағын кәсіпкерлік. Шағын бизнесте тіркелген кәсіпорындарының саны 2014 жылдың 1 қаңтарына 130 бірлік, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 77, белсенділері – 64 бірлік. 2013 жылдың 1 қаңтарына қатысты тіркелген кәсіпорындар саны – 110,2%-ды, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны – 111,6%-ды, белсенді кәсіпорындар саны – 103,2%-ды құрады.

Құрылыс. Құрылыс жұмыстарының көлемі 11187,6 млн.теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіне қатысты 3,4 есеге артты.

2013 жылдың 12 айында жалпы аумағы 4857 шаршы метр тұрғын үй іске қосылған, бұл 2012 жылға қатысты 107,6%.



Денсаулық сақтау. 2013 жылдың 12 айында 1563 сәби дүниеге келді, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 95,8% құрады.

Дүние салғандар саны 428 адам немесе 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30 адамға азайған. Жыл басынан 23 нәресте өлімі тіркелген.

Алғаш анықталған науқастардың ішінде туберкулез ауруымен ауыратындар саны 46 немесе өткен жылға қатысты 90,2% -ды құрап отыр.

Құқық бұзушылық. Құқық қорғау органдары бойынша үстіміздегі жылдың 1 қаңтарына 871 қылмыстық іс тіркелген. Бұл 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 117,4% құрады. Ашылу деңгейі 43,4% құрап, өткен жылмен салыстырғанда 88,2% құрады.

Еңбек нарығы. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарына жұмыспен қамту бойынша өкілетті органдарда есепте тұрған жұмыссыздардың саны 205 адам. Ресми жұмыссыздықтың деңгейі 0,7% болып, былтырғы жылдың сәйкес кезеңінің деңгейіндей.

Жыл басынан бері 884 адам жұмысқа орналастырылды. 2014 жылдың 1 қаңтарына 650 жаңа жұмыс орындары ашылды.



Еңбекақы. 2014 жылдың 1 қаңтарына жұмыскерлерге есептелген орташа айлық жалақы 79852 теңгені құрап, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,0%–ға жоғарылады.

Қаржы. 2014 жылдың 1 қаңтарына ауданның шаруашылық жүргізуші субьектілерінен 2221,4 млн.теңгенің салықтары мен төлемдері аударылды, бұл қаржы болжамының 102,3%-ын құрайды.

Жергілікті бюджеттің игерілуі 6431,4 млн.теңгені немесе 99,5%-ды құрады (жоспар – 6461,2 млн.тг).

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет