Аягөз ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2015 жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындысы



Дата23.02.2016
өлшемі23.72 Kb.
#10136
Аягөз ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының

2015 жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындысы

Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мониторингіне сәйкес, өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 2015 жылдың қаңтар-маусымында 2271,6 млн.теңге құрады, 2014 жылдың тиісті кезеңіне қатысты өсу қарқыны қолданысты бағамен (2029,6 млн.теңге) 111,9%, нақты көлемінің индексі 91,3%.



Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 5564,4 млн.теңге құрап, өсу қарқыны 2014 жылдың тиісті кезеңіне қатысты (5492,8 млн.теңге) 101,3%, нақты көлемінің индексі 103%.

2015 жылғы 1 шілдедегі ірі қара мал саны – 78035 бас, өткен жылғы

1 шілдемен салыстырғанда ірі-қара (76928 бас) 101,4%, қой-ешкі – 365133 бас, 2014 жылдың сәйкес кезеңінде қой мен ешкі – (364761 бас) 100,1%, жылқы – 28814 бас, былтырғы жылдың сәйкес кезеңінде жылқы – (26325бас) 109,4% құс саны – 39586 бас, 2014 жылдың сәйкес кезеңіне қатысты құс саны – (38965 бас) 101,6% құрады.



Негізгі капиталға салынатын инвестициялар көлемі 97930,6 млн.теңге құрады, 2014 жылдың сәйкес кезеңіне қатысты (12331,5 млн.теңге) 7,7 есе.

Бөлшек сауда тауар айналымы ағымдағы жылдың қаңтар-маусымда 4592,1 млн.теңге құрап, 2014 жылдың сәйкес кезеңіне қатысты (4408,6 млн.теңге) 104,2%, нақты көлем индексі 101,0%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі ағымдағы жылдың қаңтар-маусымда 15787,6 млн.теңге құрап, 2014 жылдың қаңтар-маусымына қатысты өсу қарқыны (2796,3 млн.теңге) 5,6 есе артты.

Ауданда жалпы аумағы 3253 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға енгізілді, 2014 жылдың тиісті кезеңіне қатысты (2080 шаршы метр) 156,4% құрады.



Шағын бизнестің белсенді кәсіпорындар саны 2015 жылдың 1 шілдесінде 98 бірлік құрады, 2014 жылдың 1 шілдесіне қатысты (69 бірлік) 142,0%.

Жұмыскерлерге есептелген орташа айлық жалақы 85021 теңге, былтырғы жылмен салыстырғанда (80526 теңге) 105,5%.



Жұмыспен қамту бойынша өкілетті органдарда есепте тұрған жұмыссыздардың саны 318 адам, былтырғы жылмен салыстырғанда (319 адам) 99,6% құрады.

Ресми жұмыссыздықтың деңгейі 0,8 болып, былтырғы жылдың деңгейінде қалды.

Жыл басынан бері 375 адам жұмысқа орналастырылды немесе былтырғы жылмен салыстырғанда (334 адам) 112,3 % құрады. Қоғамдық жұмысқа қатысқандар саны 309 адам, өткен жылдың сәйкес кезеңіне қатысты (346 адам) 89,3% құрады.

2015 жылдың қаңтар-маусым айларында 733 сәби дүниеге келді немесе былтырғы жылдың қаңтар-маусым салыстырғанда (778 сәби) 94,2%.

207 адам қайтыс болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4 адамға азайған немесе 98,1% құрады. Оның ішінде сәбилер өлімі 11, бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (6 сәби) 183,3%.

Туберкулезбен ауырғандар саны 19 адам, 2014 жылдың сәйкес кезеңіне қатысты (21 адам) 90,5%.



2015 жылдың 1 шілдеде тіркелген қылмыстар саны 400 құрап, 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8 қылмысқа артқан. Оның ішінде ауыр қылмыстар саны 24 (2014 ж. 6 ай – 18), аса ауыр қылмыстар саны 2 (2014 ж. 6 ай – 5).

Жергілікті бюджеттің өзіндік кірістері 2015 жылдың қаңтар-маусым айларында 1378,0 млн.теңге құрап, 2014 жылдың сәйкес кезеңіне қатысты (1234,4 млн.теңге) 111,6%.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет