9тақырып: “САЛАЛЫҚ НАРЫҚТАРДА АЙМАҚТАР ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ” Ғылыми педогогикалық бағыттағы магистрант: Шәймерден Н.Ә.
Аймақтар дамуының қазіргі жағдайын саралау олардың дамуының экономикалық қауіпсіздігін бағалауды талап етеді.
Аймақтың экономикалық қауіпсіздігі – аймақ экономикасының оның дамуының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саясаи тұрақтылығын қамтамасыз етуге қабілеттілігі, халықтың өмір сүру сапасын жоғары әлеуметтік стандарттар деңгейіне жеткізу, табиғат ресурстарын ұтымды пайдалана отырып, ішкі және сыртқы қауіптердің ықпалына қарсы тұру. Демек, аймақ экономикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету – тұтас ел экономикасы өркендеуінің негізгі шарттарының бірі деп тұжырымдауға болады. осыған байланысты экономикалық қауіпсіздіктің қатерлерін аймақтық деңгейде анықтаудың маңызы да арта түспек.
Аймақтар дамуының тікелей қатерлеріне келесілерды жатқызуға болады:
Орталық және жергілікті билік органдарының арасындағы өкілеттіліктер мен жауапкершіліктердің айқын бөлінбеуі;
Халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасы бойынша аймақтардың саралануы;
әлемдік нарық сұранысына сәйкес Қазақстан экономикасының салалық және аймақтық құрылымының өзгеруі, нәтижесінде өнеркәсіптік және аграрлы аймақтардан басым шикізат пен отын өндіретін аймақтар иерархиясы қалыптасты;
аймақтар дамуындағы аумақтық және салалық үйлестіру қағидасының бұзылуы.
Бірінші топтағы аймақтар (Шығыс Қазақстан, Қрағанды, Павлодар) үшін тән қатерлер:
Аймақтардағы өнеркәсіп өндірісі құрылымының өндіруші сала жағына қарай өзгеруі, өңдеуші сала үлесінің төмендеуі. Қара және түсті металлургия салалары басымдыққа ие болып келеді.
Шығыс Қазақстан облысында түсті металл рудалары кен орындарының азаюы.
Қарағанды көмір өнеркәсібінің проблемалары: жер асты көмірін өндірудің жоғары шығындары, өнімге сұраныстың азаюы және т.б. Павлодар көмір өнеркәсібінің проблемалары: қоңыр көмірді (лигнитті) өткізудің тұрақты нарықтарының жоқтығы, меншік проблемаларының әлі де шешімін таппауы.
Аймақтағы ірі кәсіпорындардың көпшілігі шетелдік компанияларға басқаруға берілгендіктен, жалдамалы еңбекке қатысты әлеуметтік проблемалардың туындауы.
Аймақтардың (Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан) екінші тобына тән қатерлер:
Оңтүстік Қазақстан облысы энергия тапшы аймақтар қатарына жатқызылады. Бұл облыста энергия ресурстары жеткіліксіз болғандықтан, тасылып әкелінетін көмір мен газға сүйенеді. Қажеттіліктің біршама бөлігі Орта Азия республикаларынан импорттау есебінен қанағаттандырылады.
Оңтүстік аймақ облыстары Қырғыстан мен Өзбекстанға шығатын жалпы электр желісіне біріктірілген. Ақтөбе облысы да Ресейден тасымалданатын электр энергиясына тәуелді.
Жамбыл облысында өндірілетін фосфор минерал тыңайтқыштарына сұраныстың жоқтығы. Орташа республикалық деңгейдің 60-80 %-ын құрайтын халық табысының төмендігі.
Аймақтардың (Атырау, Маңғыстау) үшінші тобына тән қатерлер:
Сыртқы факторларға, мұнайдың әлемдік нарығындағы коньюнкураның өзгеруіне тәуелділік салдарынан аймақтың дамуындағы тұрақтылықтың төмендеуі;
өңдеуші өнеркәсіп жұмысшыларының экономиканың басқа салаларындағы жұмысшылардың табыстарымен салыстырғанда өте қарама – қарсылығы;
көлік коммуникацияларының дамымауы, автомобиль және темір жолдарының тығыздығының төмендігі.
Аймақтардың (Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан) төртінші тобына тән қатерлер:
Өнеркәсіптік өндірістің, ең алдымен бұрын аймақтағы дамыған салалардың бірі болған машина жасау саласының құлдырауы;
Машина жасау кәсіпорындарының, әсіресе қорғаныс өнімдері үшін өткізу нарықтарын табу проблемасы;
Қаржы ресурстарының жеткіліксіздігі. Облыстар республикалық бюджеттен жәрдем қаржы (субвенция) алады. Салықтық түсімдер жергілікті бюджеттің табыс бөлігінің 60-80 %-ын қамтамасыз етеді.
Электр энергиясына ішкі сұраныс аймақтың өзіндегі өндіріспен қамтамасыз етілмеді, Ресейден тасымалданатын электр энергиясына деген тәуелділік жоғары.
Жер сапасы мен топырақ құнарлылығының төмендеуі;
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу нарықтарын жоғалту.
Аймақтардың (Ақмола, Алматы, Қызылорда) бесінші тобы үшін тән қатерлер:
Қызылорда облысының өнеркәсіп өндірісінің құрылымында мұнай өндіру өнеркәсібінің басымдығы;
Алматы облысын электрмен, газбен жабдықтаудың тұрақсыздығы;
Алматы облысында туризмнің төмен даму деңгейі.
9
Аймақтардың (Астана, Алматы) алтыншы тобы үшін тән қатерлер:
Аймақтардың (Астана, Алматы) алтыншы тобы үшін тән қатерлер:
Қалалық коммуналдық шаруашылықтың материалдық – техникалық базасының “әлсіздігі”;
Алматы қаласы үшін сейсмикалық және сел қаупінің болуы.
“Тұрақты даму” деген терминнің мәніне келер болсақ, ол экономикалық, саяси, әлеуметтік және психологиялық факторлардың кешені, осы факторлардың үйлесуі қоғамның, аймақтың, мемлекеттің дамуын қамтамасыз ету үшін алғышарттар жасайды.
Тұрақты дамудың негізі, оның басты көрсеткіші болып экономикалық өсудің қарқыны, оның шамасы және тұрақтылығы саналады.