Аяулы әже, ардақты ана, ару қыз. Мақсаты



Дата12.07.2016
өлшемі76.66 Kb.
#193571
Аяулы әже, ардақты ана, ару қыз.

Мақсаты:

1.8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.

2.Анаға деген мейірімді,сүйіспеншілікті арттыру,үлкенге ізет,кішіге үлгі бола білуге үйрету.

3.Оқушы бойында ізгілік,инабаттылық,биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.



Көрнекілігі:Зал мерекеге сай әсем безендірілген.Әр сынып шығарған қабырға газеттері,шармен безендіру,нақыл сөздер, оюлар, гүлдер,домбыра техникалық құралдар.

Барысы:

Көктем келді.

Әні мен сөзі:Б.Бейсенованікі.

Көктем келді,сағына,

Бүршік атты алма ағштар бағымда.

Біздің үйге ұя салды,алақай!

Былтыр кеткен қарлығаштар тағы да.

Қайырмасы:

Дала гүлге оранады,

Түрлі түске боянады.

Нұрлы көктем келген кезде,

Табиғат та оянады.
Көктем келді,көктем келді,далама,

Қуанып жүр ата-ана да,бала да.

Қар-мұз еріп,жылғалардан су ағып,

Үйрек-қаздар жайылып жүр жағада.



Қайырмасы:

Сенен өскен балалар.

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен.

Құрметті жан аналар!

Құрметтейік,о адамдар,аналарды,

Бізде өмірге әкелген даналарды.

Себебі ана деген асыл жан ғой,

Ойлауменен істелік әр қадамды.

Көктем күні көрікті.

Күн шұғыла төгіпті

Сол көктемде мереке,

Дүниеге келіпті.

Көктем күні қуатты.

Шашты әлемге шуақты.

Наурыз өзі өмірді.

Нұрландырған сияқты.

Наурыз келді Анажан серпіліңіз.

Шуақтанып.

Шаттанып желпініңіз.

Кеудеңізде керемет оттар жатыр.

Сізден жылу әлемін күткеніміз.


Ана есімін ауызға алмайтын адам баласы жоққа тән.

Бұл есім жер шарындағы күллі адамзатқа тиесілі.

Жердің өзіне де Жер-Ана деп теңеу айтып жүрген жоқ па?

Ана халқына ғұлама атаулының бәрі де жүректерінен жарып шыққан асыл сөздерін қалдыруы сондықтан.



-Адамды дүниеге әкелетін,өмір сыйлайтын құдіретті ана емес пе? Сол құдірет иесінің алдында бәріміз де бас июге тиіспіз.

Ақ сүтінен жаралған,

Ақ сүтінен нәр алған,

Анаға бас иеміз!

Туған елдің тілі деп,

Туған жердің үні деп,

Анаға бас иеміз!

-Біз мәңгілік сіздерге,аналар борыштармыз дегім келеді.Сіздерге балалық жүректен мыңда бір алғыс. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Халыққа батыр да өткен,бағлан да өткен,

Ел едік ата текті мақтан еткен.

Жеті атасын білген ер азамат деп.

Бабалар өсиет қып айтып кеткен.

Бұл пәниден жақсы да,жаман да өткен.

Жиын той болмап па еді бізде көптен.

Қол соғып ел-жұртым демеп отыр.

Сөз қозғайық аналарға ізгі ниетпен.

-Елбасы Н.Ә.Назарбаев былай деген екен: «Шығыс халықтарының арасында,жалпы мұсылман әлемінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қадірлейтін халықтың бірі де бірегейі де біздің қазақ».

Бүгінгі айтылатын ақ тілек,жылы сөз,күмбірлеген күй,шырқалатын ән сіздерге арналмақ.



Ән:Мама

Жан анам,құтықтаймын мереке күніңмен.

Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.

Өрлесін елдің берген бақыт бағы.

Жазбасын шат көңілін ақ күніңмен-деп

Аппақ гүлдер әнін қабыл алыңыздар.



Ән:«Аппақ гүлдер»

Бойыңа бар сұлулық жиналғандай,

Мүсінің ақ мәрмәрдан құйылғандай.

Жарқ етіп шыға келген ел алдында,

Биші қыз ғажап еді биің қандай!

Ананың қоғам өміріндегі алатын орны үлкен.

Ана-перзент тәрбиелеуші,

Ана-қызметкер,

Ана-ғалым,

Ана-ғарышкер,

Ана-зейнеткер,

-Сондықтан да болар әркім өз анасы жөнінде толғанады, ойланады, сағынады. Аналардың құрметіне: «Сағындым әже сағындым» әнін қабыл алыңыздар.

«Сағындым әже сағындым»

Ана десем,алғыс алам халқымнан,

Ана десем,теңіз болам шалқыған.

Ана десем,ашылады қабағым,

Ана десем,әділдікті ұғынам.

Домбырам мұнша шешен болдың неге?

Күй толған көкірегің шежіре ме?

Сыр қозған ғасырлардан жөнелесің.

Саусағым тиіп кетсе ішегіңе,-дегендей.

Н.Тілендиевтің «Аққу күйі»арқылы аналарымызға деген ықыласымызды білдіреміз.

«Аққу»биі.

Сізге арналады бүгінгі ұлы ісіміз.

Ардақтайтын,мақтанатын кезіміз.

Тәрбиелі ұл-қыздарды өсірген.

Ұлы Ұстаз-ана мына отырған өзіңіз.

-Бүгінгі күн,жер бетіндегі барлық аналардың қуаныш,шаттық мерекесі . Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар.Ана қарызы алтынға бөлеуді,ақ орда салуды қаламайды,ана баласының ер жетіп,адам болуын қалайды.Анаға одан артық тартудың қажеті жоқ.

Адам бар ма ана сүтін татпаған,

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған,

Адалдықты ар-намысты сақтаған

Мен ананың сонысына мақтанам.

М.Мақатаев:«Шеше сен бақыттысың»өлеңінен үзінді

Шеше!


Сен бақыттысың,жыламаған,

Жай түсіп жатқанда да құламадың.

Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның.

Сондықтан жыламаған,жыламағын.

Бармын ғой.

Тірімін ғой.

Қасыңдамын.

Өлмеймін,мен өзіңдей асылданмын.

Таусылып өз-өзіңмен шашылмағын,

Байырғы берекеңді қашырмағын.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа.

Өзім кепіл тот басып тозбасыңа,

Екі жыр жазсам саған арнап,

«Шеше»деп жаздым ылғи сөз басына,

Тәңірім кеше көрсің кесірімді,

Аспанға жазам сенің есіміңді,

Шеше!

Сен бақыттысың,тербете бер,



Құба талдан иілген бесігімді.

Сан мың шәкірт өзіңнен тәлім алды.

Аяулы Ұстаз-ана,ісіңнің бәрі ұнамды.

Әр күн сайын атыңды қайталаймын.

Еске алғандай таң сайын ән ұранды.

Көрініс:Жиренше шешен

Ана-адамзат ететін жер шарының әр түкпірінде,әр үйінде мейір мен мерейдің,достық пен туыстықтың туын тіккен адам.

Ана деген адамға Атамекен.

Әр адам анаменен адам екен.

Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым.

Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен-деп кезекті әнге береміз.



Ән:«Ана туралы жар».

Көз керек-ананың өнерін парасатын көруге,

Көз керек-арудың,әйелдің,ананың сұлулығын көруге.

Көз керек-ұйқысыз түндер мен уайымды күндер салған.

Әжімдердің сырын ұғынуға,

Мейірім мен жылылыққа тол ана әлдиінің құдіретін.

Толық біліп ұғынуға!

Сәуле апай басшылардың бірі ғой

Басшылардың ішіндегі гүлі ғой

Мектебімнің жақсы атының шыққаны

Осы апайдың арқасында біліп қой

Мерейлі туылған күн иесіне

Құтықтап шәкірттері бақыт тілер

Мерекеңіз құтты болсын!

Ән: «Туған жер»

Арманыңыз орындалсын ойға алған

Болмасыншы оқушылар қиналған

Жаңадан ашылған мектебіме іріктелген

Кілең мықты Айша, Алтынай, Майра, Райхан, Мая, Гүлжан атты ұстаздар

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Мектебіміз үздіктерден құралған

Үлкен сынақ күтіп бізді тұр алдан

Үздік болып кілең беске оқиық

Айжан апай күліп алдан қарсы алған

Мерекеңіз құтты болсын!

Би:Қара жорға

Сөз керек-ару,әйел,ананың сұлулығын айтып жеткізуге,

Сөз керек-дүниенің алтын діңгегіне.

Ана екенін әйгілеуге.

Сөз керек ана деген махаббат пен құрметті.

Тіл ұшына үйіруге,

Сөз керек-жылына бір рет болса да,

Ана мен әйелдің көкіректі кернеген.

Сезім мен көңіл-күйін білдіруге.

Ана ол біздің елге атақты адам.

Кішісі де,үлкені де ардақтаған.

Өзінің аяулысы Отанын да

Ана деп біздің халық текке айтпаған,-деп кезекті биге береміз.

-Ана баласының ғана қорғаушысы емес,ол адамзат атаулығының амандығын тілеп,сол үшін күреске шығады. Сондықтан дүние жүзілік ойшылдары 8-наурызды-халықарылық әйелдер күні деп белгіледі.Жақсы,жақсы тілек айтамыз.Күн сайын айтсақ та,қуантсақ та,көңілің жарасар еді.

Алатаудың ақ қарындай,

Мейірімнің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын,

Ән болып сағынышым ақтарылмай.

Көрініс:Ақ шаш.

Жасынан сүйіп өскен балақаның,

Бір ғана сенім артар балапаның.

Бір сәтке ұмытамын қиындықты,

Сипаса маңдайынан алақаның.

Өмірге Ана-бақыт,ана-пана,

Өмірді өркендетер ана ғана.

Өсірген талай шешен,талай көсем,

Талай ер,талай дана,талай ақын.

Үкілі кәмшат,бүрмелі көйлек,

Тұрғандай өзі қимылсыз билеп.

Иықтан шашың төгіліп жерге,

Күмісті шашпау жарасып белге,-дегендей келесі кезек бишілерде.

Арулар-асыл жандар,сағыныштар,

Өкініштер,құшақтар,жалыныштар.

Жек көрсе олар жүрегін мұз жасайды.

Жақсы көрсе балқытып жанына ұстар.

Арулар-аяулылар,ардақтылар.

Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.

Арулар-тіршілікке күре тамыр.



Өмірді бір-бірімен жалғап тұрар.

  • Аналар мерекесінде барлық аналарға құрмет көрсетіп, тағзым ете отырып, кешімізді «Аналар туралы жыр» әнімен аяқтаймыз

Оқушылар өз еңбектерімен жасаған сыйлықтарын тарту етеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет