МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ МӘСЕЛЕСІ
Егер сен кішкентай кезіңнен дәрігер немесе космонавт боламын деп армандасаң және бүгінгі күнге дейін өз таңдауыңды дұрыс деп санап келсең – онда сенде ешқандай мәселе жоқ. Анаң мен әжең не айтса да, сен химия мен биология оқулықтарын оқисың, немесе «жас физик» үйірмесіне қатысасың және мектеп бітіргенде не істейтініңді өзіңе елестетесің.
Егер ол солай болса, онда сен – бақыттысың. Өйткені көп балалар өздерінің «кім болатындарын» және қайда оқуға түсетіндерін және түсу керек пе екендерін, көптен күткен соңғы мектеп қоңырауы қашан соғылады дегенді ғана ойлайды.
Мамандық таңдау мәселесі алаңдатқан жақсы – бұл сенің әлеуметтік және психологиялық кәмелеттілігіңді білдіреді. Ең жаманы, егер саған әзірше бәрібір болғаны: анаң қолыңнан ұстап заң институтына апарса (өйткені саған «тарихы ұнаған»), ал кейін, қағаздармен жұмыс жасау және адамдармен араласу мүлдем ұнамайтын болып табылатыны.
Мамандық таңдау қиыншылығы балалардың екі дәрежесінде анықталады. Біріншісі бұл өмірде ешқандай қызық таппағандар. Ондай балалар жақсы оқи алады, бірақ олар ештеңемен айналыспайды, олардың өмірі іш пыстырарлық немесе жәй бірқалыпты. Сондықтан да немен айналысқылары келетіндерін анықтай алмайды – өйткені оларды әлемде не қоршағандығына, құштар емес. Екінші дәрежедегі балалар белсенділіктің басқа әртүрлі түрлерінде және оқуда өте белсенді. Оларға бәрі қызықты, олар бір уақытта үш үйірмеге, бес факультативке және он спорттық секцияларға қатысады. Көбінесе оларда бәрі ойдағыдай болады. Егер адам талантты болса – ол барлығына да талантты дегендей. Бұл ғажайып бала немен айналысса да – барлығы табысты аяқталады. Бірақ... ол да өзіне көбінесе не ұнайтынын анықтай алмайды, өз өмірін немен байланыстырғысы келетінін анықтай алмайды.
Өзіңді қалай ұғынуға болады? Психологтар, мамандық таңдау кезінде адамның психологиялық ерекшеліктері мен сәйкес мамандық мінездемелерінің арасындағы сәйкестік өте қажет деп санайды. Мамандық ҚЫЗЫҚТЫ болуы керек. Егер саған жануарлар, өсімдіктер ұнаса, онда саған өз кәсіптік қызметіңде тірі табиғат объектілерімен соқтығысу қызықты. Егер сен техниканы жақсы көрсең – инженер-конструктор немесе физика-теоретика қызметінде саған қолдау болады.
Кез-келген мамандық, «кәсіптік қажет сапа» болғанын талап етеді – мысалы, түзетушіге назар, суретшіге – образдық ойлау және т.б. қажет. Сондықтан, анықталған мамандықты таңдауда, сенде кәсіптік қажет сапаға сәйкес ҚАБІЛЕТТІЛІК бар ма жоқ па екенін сезіну қажет. Сенімсіз жағдай болған жағдайда, сенің қабілеттілігің көбірек жүзеге асырылатын мамандықты таңдауың қажет, бұл қызметте сен үлкен табысқа ие боласың.
Ақыр аяғында, жүзеге асырылған кәсіптік қызметтің түрі сенің ЖЕКЕ, мінездемелік түріңмен сәйкес келуі қажет. Айтарлықтай, егер сен жұғымды болсаң, онда саған сансыз байланыстар сәйкес келеді, ал егер сен эмоционалды тұрақсыз болсаң – ұзақ уақыт ішіндегі шоғырлануды талап ететін, қызметтің керітартпа түрлерін орындай алмайсың.
Сонымен, мамандық таңдау үшін, бәрінен бұрын өзіңді тану қажет. Сен өзіңе жиі сұрақ қоятын шығарсың: «Мен қандаймын?», «Мен бұл әлемде кіммін?», «Мен не үшін өмір сүремін?». Өзіңді жақсы білуге көмектесу және осы сұрақтарға жауап беруге адал жаттығу көмектеседі (сен олардың барлығына ешқашан толық жауап бере алмайсың): өзіңе басқа адамның көзімен қарап көр. Өзің жақсы танитын айтарлықтай, досың немесе парталас көршің, анаң немесе жақсы көретін қызың сияқты нақты адамның. Өз әрекетіңді, басқа адам жасаған сияқты – шынайы себепті білмей түсіндіріп көр. Сені басқа адамдар қандай екеніңді көретіндерін түсінесің, бірақ, бір жағынан, субъективизмнен құтыласың, өз көзіңмен, бөренені де көрмейсің деген сияқты.
Сенің мінезің енді ғана қалыптасып жатыр, сондықтан өзіңе затбелгісін ғана жабыстырудың және «қымсыну» үшін ғана әртіс мамандығынан бас тартудың қажеті жоқ. Күрес, өзіңмен жұмыс жаса, өзіңді таны. Және есіңде сақта, адамның психикалық қасиеті (мінез сызығы немесе қызығушылық, ерекшелік сияқты) – мүлде икемді, сапасы өзгертпелі. Музыкаға деген қабілеті жоқ адамға, бірақ онымен айналысуға ынтасы бар, музыкалық қабілетін дамыта алатын оқиғалар аз емес. Бастысы - қызығушылық; есіңде сақта: қабілеттілік қызметте қалыптасады. Жұмыс істеп, еңбек етіп үйрен. Жалғыз қабілеттілікпен алысқа бармайсың. Бір жағынан, қызығушылық, зат та тұрақты емес. Балалардың көпшілігі, қандай да бір оқу пәнін жақсы көреміз деп ойлайды, бірақ шындығында оларға оқытушы қатты ұнайды. Одан басқа, саған психология немесе экономика ұнай ма, оны түсіну қиын, себебі, мектепте ол пәнді оқыған жоқсың…. Қате жібермес үшін, мамандық әлеміне деген қатынас бойынша өз ой-өрісіңді кеңейту керек. Үлкен адамдарға өз кәсіптік қызметтері туралы сұрақ қой – қағида сияқты, адамдар өз нақты жұмыстары мен студенттік жылдары туралы айтып береді. Сонда сен осы аймақ саған қызықты ма әлде мамандық туралы бәрін біліп, соған құжаттарыңды тапсырып, ол оның атауы екенін ұғына аласың …
Сонымен, өз қабілеттілігіңді, қызығушылығыңды танып болғаннан кейін, сен мамандық таңдауға емес, ал ЖОМ немесе факультет таңдауға кірісесің. Қызметте сені қандай мамандықтар қызықтыратынын анықтап ал. Бұл үнемі сәйкес келе бермейді (мысалы, компьютерлерді жөндеу үшін, «радиоэлектроника» мамандығын алу керек). Шешім қабылдау психологиялық мінездемедегі көптеген ықпалдарда негізделуі керек: ЖОМ бедел және сайыс, достарыңның, ата-аналарыңның пікірі, оқу төлемақысы. Жалқауланба және жеке параққа әр нұсқаның артықшылығы мен кемшіліктерін жаз. Осы жазғандарыңды достарыңмен және ата-аналарыңмен талдаңдар. Және үнемі есіңде сақта: нақты таңдауды тек өзің білесің, немесе мамандықты таңдап, өз тағдырыңды таңдайсың. Мамандық рахатқа батыру керек (саған жағымды сезім) және сенің мүмкіншілігіңді көбірек қамтамасыз ету керек (қоғам үшін).
Достарыңызбен бөлісу: |