«Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті



Дата25.02.2016
өлшемі147.55 Kb.
#23245
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2012 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 464 қаулысымен
бекітілген

«Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті

1. Негізгі ұғымдар

      1. Терминдер және аббревиатуралар анықтамалары:


      1) мемлекеттік қызметті алушылар – мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлғалар;
      2) уәкілетті орган – мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (мемлекеттік мекеме);
      3) аз қамтылған отбасылар – бүтіндей айлық табысы отбасының бір адамына соңғы 12 айда заңнамамен бекітілген күн көрістің мөлшерінен төмен болған отбасы;
      4) Құрылымдық – функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – мүдделі мемлекеттік органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын ақпараттық жүйелер (кіші жүйелер).

2. Жалпы ережелер

      2. Мемлекеттік қызметтің нормативтік құқықтық анықтамасы: «Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).


      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген «Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес, жергілікті атқарушы органдар белгілейтін мемлекеттік білім беру тапсырыстары есебінен мемлекеттік мекеме болып табылатын аудандық, қалалық білім бөлімдерімен көрсетіледі.
      4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына, 3-тармағының 11) тармақшасына, 4-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетіледі.
      6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама беру болып табылады.
      7. Мемлекеттік қызмет күн көрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушылар мен тәрбиеленушілерге (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      8. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат білім беру ұйымдарындағы стендтерде, сондай-ақ, өңірлердегі білім бөлімдерінің ресми сайттарында және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz сайтында орналастырылады.


      9. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызметті алу үшін жолығу өтініш берген күннен бастап күнтізбелік он күнді құрайды;
      2) өтініш иесінің мемлекеттік қызметті көрсету орнында өтінішті берген күні қызметті алғанға дейін күтетін (тіркелу кезінде) барынша шекті уақыт – 30 минуттан аспайды;
      3) өтініш иесінің мемлекеттік қызметті көрсету орнында өтінішті берген күні қызмет көрсететін барынша шекті уақыт – 30 минуттан аспайды.
      10. Мемлекеттік қызмет жергілікті және республикалық бюджет есебінен тегін көрсетіледі.
      11. Мемлекеттік қызмет күнтізбелік жыл бойында алдын ала жазылусыз және қызметті жедел ресімдеусіз уәкілетті орган мен білім беру ұйымдарының бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес жүргізіледі.
      12. Мемлекеттік қызметті алушының құжаттар пакетін толық тапсырмауы, сондай-ақ, қызметті ұсыну үшін белгіленген тұлғалар санаттарына сай келмеуі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.
      13. Мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
      1) құжаттарды қабылдау және тексеру;
      2) қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама немесе қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәйектелген жауап;
      3) өтінішті қарау қорытындылары туралы ата-аналарды хабардар ету.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі іс-қимылдар тәртібінің сипаттамасы

      14. Мемлекеттік қызметті алушы құжаттарды білім беру ұйымына Стандарттың 11-тармағына сәйкес ұсынады. Мемлекеттік қызметті алуға арналған қажетті құжаттар мемлекеттік қызметті алу үшін уәкілетті орган мен білім беру ұйымының жауапты тұлғасына тапсырылады. Уәкілетті орган және білім беру ұйымы барлық қажетті құжаттарды қабылдау кезінде мемлекеттік қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі, онда:


      1) өтінішті қабылдау нөмірі мен күні;
      2) сұратылған мемлекеттік қызмет түрі;
      3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
      4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;
      5) құжаттарды рәсімдеу үшін өтінішті қабылдаған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты;
      6) мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, оның байланыс деректері көрсетіледі.
      15. Мемлекеттік қызметті алу үшін Стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттар талап етіледі.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне:
      1) өтініштерді қабылдауды, тіркеуді, өңдеуді, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді жүзеге асыратын білім беру ұйымының жауапты тұлғасы (ҚФБ -1);
      2) қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдамаға қол қоятын білім беру ұйымының басшысы (ҚФБ-2) қатысады.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әрбір ҚФБ–тің орындалу мерзімі көрсетілген әкімшілік іс-әрекеттің (қимылдың) сабақтастығының мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламентке 1-қосымшада берілген.
      18. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі іс-әрекеттердің қисынды сабақтастығы мен құрылымдық-функционалдық бірліктердің өзара әрекетестігін көрсететін сызба осы Регламентке 2-қосымшада берілген.

5. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

      19. Лауазымдық қызметкерлер мемлекеттік қызмет көрсету барысында өздері қабылдаған шешімдері мен іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте жауапты болады.

«Аз қамтылған отбасы балаларының қала
сыртындағы және мектеп жанындағы
лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау»
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша

1-кесте. Құрылымдық – функционалдық бірліктер іс-әрекетінің сипаттамасы (ҚФБ)

Негізгі үдерістерістің іс-әрекеті

1

Әрекет №

1

2

3

2

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның жауапты тұлғасы

ҚФБ-1


Уәкілетті органның бірінші басшысы

ҚФБ-2


Уәкілетті органның жауапты тұлғасы

ҚФБ-1


3

Әрекет атауы (үдерістердің, рәсімнің, операцияның) және оның сипаттамасы

Мемлекеттік қызмет алушының Регламенттің 15-тармағында көрсетілген құжаттарын қабылдау және тексеру

Құжаттардың толықтығын тексеру, деректермен танысу

Жауап немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәйектелген бас тарту

4

Аяқтау нысаны

Құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат

Жолдамаға немесе бас тарту туралы дәйектелген жауапқа қол қою

мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру

5

Орындалу мерзімі

Арыз берілген күннен бастап 7 күнтізбелік күн

3 күнтізбелік күн

3-5 мин

6

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

2

3

-

2-кесте. Орындау нұсқалары. Негізгі үдеріс.

Негізгі үдерістің (барысының, ағынының) әрекеті

Уәкілетті органның жауапты тұлғасы ҚФБ-1

Уәкілетті органның бірінші басшысы ҚФБ-2

1. Мемлекеттік қызметті алушының тапсырған құжаттарын қабылдау және тексеру

2. Қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдамаға қол қою

3. Қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдаманы Беру



3-кесте. Орындау нұсқалары. Баламалы үдеріс.

Балама үдерістің (барысының, ағынының) әрекеті

Уәкілетті органның жауапты тұлғасы ҚФБ -1

Уәкілетті органның бірінші басшысы ҚФБ-2

1. Мемлекеттік қызмет алушының осы Регламенттің 15-тармағында көрсетілген құжаттарын қабылдау және тексеру

2. Мемлекеттік қызметті алушының көрсетілген құжаттар пакетін толық тапсырмауы, сондай-ақ, қызметті ұсыну үшін белгіленген тұлғалар санаттарына сай келмеуі жағдайында мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту

3. Мемлекеттік қызмет алушыға құжаттарын қайтару



«Аз қамтылған отбасы балаларының қала
сыртындағы және мектеп жанындағы
лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау»
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша

Әкімшілік іс-әрекеттердің қисынды сабақтастығының өзара байланысын көрсететін сызба

 

«Аз қамтылған отбасы балаларының қала


сыртындағы және мектеп жанындағы
лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау»
мемлекеттік қызмет регламентіне
3-қосымша

Сауықтыру ұйымының атауы

№ ________ жолдама

Аты-жөні ________________________

Туған күні: _____________________

Мекен-жайы_______________________

_________________________________

Мектебі:_________________________

Сыныбы: _________________________

Ата-анасының аты-жөні____________

_________________________________

Жұмыс орны:______________________


Жолдамаға кері талон №_______
 

Аты-жөні_________________________

с « »____________________20 г.

20 жылдың « » ___________бастап


 

20 жылғы « »_______________дейін


 

_________________________________болды


 

Директор:_______________________





Жолдама денсаулығы туралы анықтама болғанда ғана жарамды.

Жолға шығар алдында бала жуындырылған және таза киімде болуы тиіс

Өзімен бірге:

1. Іш киім 2 дана


2. Шұлық 3 дана
3. Жеке гигиеналық заттар (тіс пастасы, тіс щеткасы, сусабын, сабын, жуыну жөкесі, тарақ)
4. Футболка, шорты;
5. Шалбар (джинсы);
6. Күрте (жылы күрте немесе кеудеше);
7. Суға түскенде киетін киім;
8. Бас киім (кепка, панамка);
9. Спорттық костюм;
10. Спорттық аяқ киімдер;
11. Шәркей (сланцы);
12. Сүлгі – 2 дана (моншаға, бетке арналған) болуы тиіс
Құнды заттар үшін әкімшілікке жауапкершілік жүктелмейді!

Балалардың сауықтыру ұйымының атауы
 

№ ________ жолдама


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Мекен-жайы:




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет