«Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде
азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Жалпы ережелер
1. «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Алматы облысы аудандарының, қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру баламалы негізде:
аудандар, қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;
www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз тасымалдағыштағы неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен қайталама неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында өтініштің қабылданғаны және неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу күнін белгілеу туралы хабарлама немесе электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жолданады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимылының тәртібін сипаттау
4. Өтініш және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығымен бекітілген «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағымен көзделген қажетті құжаттар мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініш және қажетті құжаттар келіп түскен соң көрсетілетін қызметті берушінің Электрондық құжатайналымының бірыңғай жүйесінде тіркеуді жүргізеді, бақылауға қояды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға береді – 20 минут ішінде;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің маманына орындау үшін жолдайды – 30 минут ішінде;
көрсетілетін қызметті берушінің маманы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексіне сәйкестігін тексереді, ұсынылған құжаттарды тексеріп, талдау жасағаннан кейін «Азаматтық хал актісінің жазбасы» тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінде акт жазбасын қалыптастырады, тиісті куәлікті немесе дәлелді бас тартуды басып шығарады, одан кейін оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді – некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы бірлескен өтініш берген күннен бастап бір ай өткеннен кейін.
Стандартпен көзделген ерекше жағдайда көрсетілетін қызметті беруші неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) көрсетілетін қызметті алушылардың жазбаша өтініштері негізінде бір ай өткенге дейін тағайындайды немесе оны бір айдан аспайтын мерзімге ұзартады;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы азаматтық хал актісін тіркеу туралы тиісті куәлікке немесе дәлелді бас тартуға қол қояды – 30 минут ішінде;
көрсетілетін қызметті берушінің маманы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді – 20 минут ішінде.
Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу рәсімін салтанатты түрде өткізу кезінде – 20 минуттан аспайды;
2) азаматтық хал актісі жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініш және қажетті құжаттар келіп түскен соң көрсетілетін қызметті берушінің Электрондық құжатайналымының бірыңғай жүйесінде тіркеуді жүргізеді, бақылауға қояды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға береді – 20 минут ішінде;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің маманына орындау үшін жолдайды – 30 минут ішінде;
көрсетілетін қызметті берушінің маманы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексіне сәйкестігін тексереді, ұсынылған құжаттарды тексеріп, талдау жасағаннан кейін «Азаматтық хал актісінің жазбасы» тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінде акт жазбасын қалыптастырады, тиісті куәлікті немесе дәлелді бас тартуды басып шығарады, одан кейін оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді – 14 күнтізбелік күн ішінде (қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді).
Басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, 30 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы азаматтық хал актісін тіркеу туралы тиісті куәлікке немесе дәлелді жауапқа қол қояды – 30 минут ішінде;
көрсетілетін қызметті берушінің маманы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді – 20 минут ішінде;
6. Ұсынылған құжаттар қолданыстағы заңнамаға, сондай-ақ Стандарттың 9, 10-тармақтарына сәйкес келмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің маманы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуды қалыптастырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді.
7. Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы қайталама куәлік немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің (іс-кимылының) нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимылының тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің маманы.
9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы регламенттің 1-қосымшасында (кесте) келтірілген.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимылдардың тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
10. Стандартқа сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы облысы бойынша филиалы арқылы көрсетілмейді.
11. Көрсетілетін қызметті алушы порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 1 жұмыс күні.
Портал арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін сипаттау:
1-үдеріс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының порталда жеке сәйкестендіру нөмірді (бұдан әрі – ЖСН) және парольді енгізу үдерісі (авторландыру үдерісі);
1-шарт – тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын ЖСН мен пароль арқылы порталда тексеру;
2-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты порталда авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
3-үдеріс – көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі);
4-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы толтырылған нысанға (енгізілген деректерге, бекітілген сканерленген құжатқа), мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрауға қол қою;
2-шарт – сәйкестендіру деректерінің (сұрауда көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы) сәйкестігін және қайтарылып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын порталда тексеру;
5-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сының түпнұсқалығы расталмауына байланысты сұратылып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
6-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮӨШ) «электрондық үкіметтің» өңірлік шлюзі (бұдан әрі – ЭҮӨШ) арқылы жергілікті атқарушы органның ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ЖАО АЖ) жіберу және көрсетілетін қызметті беруші маманының мемлекеттік қызметті өндеуі;
7-үдеріс – көрсетілетін қызметті беруші маманының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қалыптастыруы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті беруші маманының ЭЦҚ-сын пайдалану арқылы қалыптастырылады және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге қатыстырылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
12. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде рәсімдердің (іс-қимылдардың), көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының реттілігін толық сипаттау, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
|
«Неке қиюды(ерлі-айыптылықты) тіркеу,оның ішінде азаматтық халактілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулеренгізу» мемлекеттік көрсетілетінқызмет регламентіне 1-қосымша
| Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдары реттілігінің сипаттамасы 1) неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу: Іс-қимыл (жұмыс барысы, ағымы) № | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | Құрылымдық бөлімшенің (қызметкерлердің) атауы | Көрсетілетін қызметті берушінің маманы | Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы | Көрсетілетін қызметті берушінің маманы | Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы | Көрсетілетін қызметті берушінің маманы | Іс-қимылдың (үдерістің, рәсімнің, операция) атауы | | Жауапты маманды анықтау | Ұсынылған құжаттарды қарау және дайындау немесе Стандарттың 10-тармағымен көзделген бас тарту | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қою | Журналда тіркеу | Аяқтау нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім) | | Бұрыштама | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Азаматтық хал актісін тіркеу туралы куәлік немесе дәлелді бас тарту | Нәтижені беру | Орындау мерзімдері | 20 минут ішінде | 30 минут ішінде | Бірлескен өтініш берген күннен бастап бір ай өткеннен кейін.
Стандартпен көзделген ерекше жағдайда көрсетілетін қызметті беруші неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) бір ай өткенге дейін тағайындайды немесе оны бір айдан аспайтын мерзімге ұзартады | 30 минут ішінде | 20 минут ішінде | | Бірлескен өтініш берген күннен бастап бір ай өткеннен кейін.
Стандарттың 5-тармағында көрсетілген ерекше жағдайларда бойынша көрсетілетін қызметті беруші неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) бір ай өткенге дейін тағайындайды немесе оны бір айдан аспайтын мерзімге ұзартады | 2) азаматтық хал актісі жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу: Іс-қимыл (жұмыс барысы, ағымы) № | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | Құрылымдық бөлімшенің (қызметкерлердің) атауы | Көрсетілетін қызметті берушінің маманы | Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы | Көрсетілетін қызметті берушінің маманы | Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы | Көрсетілетін қызметті берушінің маманы | Іс-қимылдың (үдерістің, рәсімнің, операция) атауы және олардың сипаттамасы | ЭҚАБЖ-да құжаттарды тіркеу | Жауапты маманды анықтау | Ұсынылған құжаттарды қарау және дайындау немесе Стандарттың 10-тармағымен көзделген бас тарту | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қою | Журналда тіркеу | Аяқтау нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім) | Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді | Бұрыштама | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәлік немесе дәлелді бас тарту | Нәтижені беру | Орындау мерзімдері | 20 минут ішінде | 30 минут ішінде | 14 күнтізбелік күн ішінде Басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, 30 күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа ұзартылады | 30 минут ішінде | 20 минут ішінде | | 15 күнтізбелік күн ішінде
Басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, 30 күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа ұзартылады |
|
«Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша
|
| Электрондық мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету кезінде
функционалдық өзара іс-қимылдардың диаграммасы
Шартты белгілер:
«Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде
азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар
мен түзетулер енгізу» мемлекеттік қызметті
көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер:
Достарыңызбен бөлісу: |