Қаз-қаз, балам, қаз балам, Қадам бассаң мәз болам



Дата01.03.2024
өлшемі13.1 Kb.
#493476
тусау кесер


Қаз-қаз, балам, қаз балам,


Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін.
Қаз-қаз, балам, қаз, балам,
Тақымыңды жаз, балам.
Қадамыңа қарайық,
Басқаныңды санайық.

Жүгіре қойшы, құлыным,


Желбіресін тұлымың.
Елгезек бол, ерінбе,
Ілгері бас, шегінбе.

Кілемнің үстінде кітап,домбыра, ақша, машинаның кілті жатыр, бала қайсысын таңдайды, сол салаға бет бұрады деп есептеген, Домбыра таңдады болашақта әнші күйші жыршы жалпы өнер адамы болсын


Бүлдіршінімізге алақанымызды жайып атамыздың ақ батасын алайық


Тұсауың кесілді, құлама,
Тізеңді жаралап жылама.
Құлындай құлдырап жүгірші,
Ұзақ боп ИншаАллаһ өмірің,
Тасысын шаттықтан көңілің.
Жарқырап күн санап өсе бер,
Жарқырап семсердей сенімің.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет