ХОРЕЗМИ "МАХАББАТ НАМА" Хат түріндегі дастан.
Нұсқалары. Екі көшірмесі бар. Ұйғыр(1432) және араб(1503-1509). Ұйғыр әрпімен жазылған нұсқасы А.М. Щербактың аудармасы арқылы жақсы таныс, ал араб әрпіндегі нұсқасын Э.Н.Наджип орыс тіліне аударып зерттеген. Араб нұсқасы әлдеқайда толық, дұрыс сақталған.
Зерттелуі, аударылуы.Екі аудармасы жасалған: А. Қыраубайқызы (1983) және Ө. Күмісбаев пен М. Жармұхамбетов (1985).
Тілі. Екі тілде жазылған. Сегіз хаты түркі тілінде, үшеуі парсы тілінде.
Тақырыбы, идеясы.А. Қыраубайқызы: "А. Яссауидың сопылық поэзиясының әсерімен жазылған. Қыздың тал бойындағы мінсіздікті суреттеу-Алланың шеберлігін мабақтау болып табылады".
Хорезмиге дейін нама жанрында дастан жазу түркі поэзиясында болмаған. Әсіресе, "жауаптасу-хат" түріндегі наманы Хорезми "арнау хат" жазу арқылы байытқан. Наманың шығысқа белгілі үлгілері араб әдебиетіндегі "тарассульден" тарайды. Тарассуль арабд-тың "хат", "арнау" деген мағынаны білдіретін "рисала" сөзінен шыққан. Бұл жанр 13-ғасырда араб мемлекетінде ресми іс-қағаз стиліне мұқтаждық туған кезде пайда болған. Негізгі белгісы-біреуге немесе көпшілікке арнау ретінже юазылады. Ұйқастың әрі ырғақты қара сөз –"саж" өрнегімен орындалады. Өлең, мақал-мәтел, құран үзінділері көп қолданылған.
Дастанда ренессанстың белгілері байқалады (туындыгердің өз ана тілін құрметтеуі, сол заманда поэзия парсы тілі болып қалыптасқанм ен, ана тілінде жазуы, кейіпкердің жан дүниесін, сезім толқуын нәзік суреттеуі).
Дастанда "шарап культі" жырланады. Шығыс поэзиясындағы "шарапқа мас болу" ұғымының мәні тереңде. Шарап-бұл жерде симфолдық нышан ғана. Алланы жүрекпен танып-білуге ұмтылған, аллаға ғашық, жаны пәк адамның жан рахатының семіргендей күй кешуі, сезім күйі ғана. Мас болу- алланы сүюден жан рахатына бөленгенін елестететін нышан.
Дастанның "Хикаят" аталатын шағыт бөлімі шығарманың негізгі мазмұнынан бөлек. Айтар ойы-азға қанағат тұту, дәстүрлі әдет-салтты сақтау, ақыл-парасатты материалдық құндылықтардан артық қою.
Дастанның көркемдік дастаны қазақ әдебиетінде көбірек сақталған.
Көркемдігі.Араб, парсы поэзиясының түрлері байқалады. Мысалы, бәйіт, ғазал, мәснәуи т.б. Жалпы алғанда, аруз өлең өлшемімен жазылған лирикалық дастан деуге болады.