Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеу мәселесі



бет1/23
Дата23.02.2024
өлшемі276.5 Kb.
#493054
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
новая лекция


Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеу мәселесі

Қазақтың ілкі бабалары-түркілер, ғұндар, сақтар. Солар жасаған әдебиетке, мәдениетке ортақпыз.


1959 жылы Алматыда әдеби мұра жөнінде үлкен конференция өткізіліп, қазақ әдебиетін Бұқар жырауға дейін жылжытты. Осы конференцияда сөз алған Б. Кенжебаев қазақ әдебиеті тарихынжыраулық поэзиямен де шектеуге болмайды, түркілік ортақ дәуірімізді қосуымыз керек деген ойды ұсында. Бірақ ғалымның ойларын қабылдауға әлі орта дайын емес еді. Сондықтан ол өз идеясын іс жүзінде дәлелдеуге кірісті.Алпысыншы жылдары қазақ әдебиетінің орталығы Әл Фараби университетенің Қазақ әдебиеті кафедрасы болды. Б. Кенжебаев басшылығымен М. Жолдасбеков Орхон ескерткішін, оның қазақ әдебиетіне қатысын зерттесе, М. Мағауин15-18 ғасырлардағы жыраулар поэзиясын ашты. Х. Сүйіншәлиев қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдерін 8-ғасырдағы жазба ескерткіштерден бастап қарастырды.
А. Қыраубаев түркі әдебиетін (ежелгі дәуір әдебиетін) төмендегідей дәуірлерге бөліп қарастырады:
1.Заманымыздан бұрынғы жазу-сызулар, аңыз-жырлар (сақ, ғұн, үйсін дәуірі б.з.д.7 ғ. - б.з.6 ғ.)
2. Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиет (5-8ғ.ғ.)
3. Оғыз дәуіріндегі әдебиет (9-10 ғ.ғ.)
4. Ислам дәуіріндегі әдебиет (10-12 ғ.ғ.)
Сыр бойы әдебиеті
Қарахан әдебиеті
5. Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет
Орхон жазба ескерткіштері
Тарихи шындық. Скиф, үйсін, қаңлы, дулат, оғыз, қыпшақ тайпалары бірігіп, Түркі қағанатын орнатады. Түркі халықтарының тірлесуін тарихшылар 545 жылдан (Бумын қаған) санайды. 6-ғасырдың 80-жылдары хан тұқымдарының арасындағы дау-жанжал өршіп, соның салдарынан Түркі қағанаты екіге бөлінеді. 656 жылы Қытай империясы БТҚ-на шабуыл жасайды, басып алады. Бірақ әбден қорлық көргег түркі халқы көтеріліп, Құтлығ қаған дана Төныкөкті ертіп, 683 жылыҚытай басқыншыларыанан түркі жерін азат етеді. Осы әрекеті үшін халық оны Елтеріс қаған деп атайды. 396 жылы Елтеріс дүние салады. Оның орнына қатал, көтерілісшілер қорлынан қаза тапқан Қапаған хан болған. Оданк ейінгі тақтың екі мұрагері – Білге қаған мен Күлтегін.
Міне, Орхон жырларында бейнеленген тарихи оқиға осы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет