Қазақ әдебиетін оқытудың әдіс-тәсілдер жүйесі және әдістер жіктемесінің қалыптасуы
Сабақты толығымен меңгерсін деген мақсатта Қ.Бітібаева,А.Көшімбаев сынды ғалымдардың әдістемелік нұсқауларын оқуды нұсқадым.[ 1, 78 ]
Педагогика ғылымы- мектепте оқылатын оқу пәндерін, оқу теориясын, онда сақталатын басты принцптерді, қолданылатын негізгі және көмекші әдіс-тәсілдерді жалпы түрде баяндайды. Әдебиетті оқытудың өзіндік амал-тәсілдері бар:
Көрнекілік әдісі- берілген білімнің мазмұны көрнекілікті тілеп тұрғанда уақыт үнемдеуге, әсіресе оқушы психологиясына әсер ету мақсатында өте тиімді болады.Сондай-ақ оқушы сабаққа қызықтыру, ынталандыру мәселесінде де маңызы зор.
Зерттеу әдісі- берілетін білімнің ғылымилығын арттыру қосымша материалдармен байыту, оқушыларды іздендіру,өз бетімен проблема шештіру мәселелерінде тиімді.Оқушылардың өздігінен ойлануы мен іскерлігін өз беттерінше уақытында жасау дағдыларын жетілдіруде өте пайдалы. Бұл әдіс негізінен, семинар, конференциция, сабақтарда баяндама, реферат жаздыруға ыңғайлы.Бұл әдістегі негізгі мақсат- оқу материалының бұрынғы сабақтарда қамтылмаган жаңа қырларын, тың астарын ашу. Бұл әдіс ұстаздың шәкәрттерге зерттеу тұрғысындағы проблемалық тапсырмалар беруі арқылы орындалады.
Шығармашылық әдісі-шәкірттердің оқырмандық қабілетін тәрбиелеу мақсатында көркем шығарманы оқып-үйренудің алғашқы кезеңінде де, қолданыуы мүмкін. Мұнда төмендегідей әдістемелік тәсілдер қолданылады:
-Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
-Көркемсөзөнерлерінің мәнелеп оқуы.
- Артистердің орындауындағы жеке сахналық көріністер.
-Оқушыны мәнерлеп оқуға үйрету.
-Көркем мәтінді ұстаздың коментарий түсінік бере оқуы.
-Әңгіме жүргізу.
-Шығармашылық тапсырма беру.
-Жаттау.
-Жоспар құру.
-Эпизодтарға тақырып қою.
-Мәтінге жақын баяндау.
-Көркем баяндау.
-Сценрий құру.
-Иллюстрация жасау.
-Пікір жазу
- Шығарма жазу.
Эвристикалық әдіс- мұнда да негізгі оқу материалы-көркем шығарма. Оны талдау арқылы көркем-эстетикалық, рухани, адамгершілік, қоғамдық- философиялық мәселелердің мәнін ашу көзделді. Бұл әдіс кәбіне эвристикалық әңгіме түрінде жүргізіледі. Мұны кейде эвристикалық әңгімеден соң ұстаздың сұрау тапсырмалары бойынша шәкірттердің өздері орындауы да мүмкін. Бұл әдіс мынадай әдістемелік тәсілдер арқылы іске асырылады:
-Логикалық сұрақтар жүйесі
-Тапсырмалар жүйесі.Шығарма мәтіні бойынша ауызшпа, жазбаша жоспарлау, баяндау, теориялық т.б мәселелер бойынша.
-Мұғалімнің өзінің немесе мұғалім ұсынысымен шәкірттердің проблема қоюы, пікірталас ұйымдастыру.
Репродуктивті әдіс- бұл әдісте оқытушы белгілі бір оқу материалын проблема қоя отырып баяндайды, әрі оған өзі жауап береді, тақырыптың мәнін түсіндіреді. Содан соң шәкірттерден дәл осы ізбен қайталап, басқа оқу материялын түсіндіруді талап етеді. Бұл репродукция яғни қайталау, көшірме жасау әдісі болып есептеледі.
Репродуктивті әдісте қолданылатын тәсілдер:
-Әңгіме
-Шолу лекция
-Тапсырма беру
-Сұрақтарға жауап беру
Мектепте әдебиет пәнін оқытуда жоғарыда айтылған әдіс-амалдардың қай-қайсысы да көбінесе дара күйінде қолданылмайды. Олар сабақтың тақырыбы мен мақсатына, өтілетін оқу материялының өзгешелігіне байланысты араласып, тоғысып келіп отырады.Бұлардың қай-қайсысын қашан, қайда және қалай қолдану әдебиет мұғалімінің билігіне беріледі.
Мектептегі басқа оқу пәндері сияқты әдебиетті оқытудағы жетекші принцп пен қолданылатын негізгі әдіс-амалдар кластағы және одон тыс уақыттағы оқу-тәрбиелік процесте мұғалім мен оқушылардың барлық жұмыс түрлерін жандандырып отыуына негізделеді. [2 ,234]Бұл принцпті жүзеге асыру үшін, мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатына, құрылысы мен мазмұнына сәйкес тиімді, қолайлы деп тапқан негізгі және көмекші әдіс-амалдардың түрлерін қолданады. Мұғалім әдебиет сабағындағы басты тұлға болғандықтан, оқытудың әдіс-амалдарын түрлендіре отырып, оқу-тәрбиелік процесті творчестволық өнерпаздықпен, белсенділікпен өткізуі тиіс. Сабақтың сапалы, нәтижелі болып өтуіне мұғаліммен бірге оқушылар да елеулі рөль атқарады. Мұғалім үнемі айтушы, көрсетуші, түсіндіруші де, ал оқушылар тек көруші, тыңдаушы, орындаушы ғана емес. Кластағы оқушылар коллективі-үлкен күш.Осы коллективті сабақтың барысында дұрыс ұйымдастырып басқару, дұрыс арнаға салып, айқын бағыт беріп отыру, оның сарқылмас күш-жігерін, тілек-мүддесін орнымне пайдалана білу, сөйтіп, олардың сабаққа белсенділік шабытпен қатысып, араласып отыруын қамтамасыз ету әдебиет ұстазынан үлкен еңбекті, асқан шеберлікті талап етеді.
Мектептегі өзге оқу пәндері сияқты әдебиет пәнін оқытуда қолданылатын көптеген негізгі және көмекші әдістер бар.[3,189] Бұлардың кейбіреулері барлық оқу пәндерінде, әсіресе гуманитарлық пәндеріне, әсіресе гуманитарлық пәндерге ортақ әдістер болып табылады. Осымен қатар тек әдебиетті оқытуда ғана қолданылатын әдіс-тәсілдер де бар. Мысылы, көркем сөз тексін мәнерлеп оқу, түсініктеме бере, талдау жасай отыып оқу, сюжетті шығарманы әр түрлі вариантта ауызша мазмұндау.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.А.Көшімбаев. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. А. Мектеп 1969
2. Қ. Бітібаева. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А. Рауан. 1997
3. Е. Жұматаева. Әдебиетті оқытудың кейбір мәселелері. 1999
Достарыңызбен бөлісу: |