Қазақ халқының бүкiл тарихында даналардың аз болмағаны белгiлi. Әр түрлi себептермен олардың бiрi ерте, бiрi кеш танылуда. Дегенмен елi үшiн туған сондай атпал азаматтарды халық құрметтеп, қадiрлей бiлген



Дата25.02.2016
өлшемі33.57 Kb.
#26093
Ақылбаев Ж.

Ғұлама ғұмыры - өшпес өнеге / Ж.Ақылбаев // Қараған- ды университеті. - 2000. -30 наурыз

Қазақ халқының бүкiл тарихында даналардың аз болмағаны белгiлi. Әр түрлi себептермен олардың бiрi ерте, бiрi кеш танылуда. Дегенмен елi үшiн туған сондай атпал азаматтарды халық құрметтеп, қадiрлей бiлген. Ғұлама ғалым, iрi қоғам қайраткерi, қазақстандық бiлiм мен ғылымды ұйымдастырушы, Республика ғылым академиясының академигi, техника ғылымдарының докторы, профессор, КСРО Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты, КСРО Жазушылар одағының мүшесi Евней Арыстанұлы Бөкетов, мiне, сондай тұлғалардың бiрi.

Өзi қадасын қадап, шаңырағын көтерген Қарағанды мемлекеттiк университетi, химия мен металлургия ғылымында ашқан жаңалықтары, қазақ әдебиетi мең мәдеңиетiнiң өркендеуiне қосқан қомақты үлесi ұлы тұлғаның болмыс-бiтiмiн айшықтап, кемелдендiре түседi.

Евней Арыстанұлы өмiрден ерте 58 жасында өттi. Елi үшiн бар бiлiмi мен маңдай терiн жұмсаған ғұлама өмiрi мен жасап кеткен тiрлiгi жас ұрпақ үшiн өшпес өнеге, тағылымы мен тәрбиесi айшықты ғұмыр. Ғылымның алып бәйтерегi, бiлiмнiң iскер ұйымдастырушысы, мәдениет пен әдебиеттiң шын жанашыры қалдырған мол мұра, жасап берген игiлiктер елiнiң бүгiнiне де, ертеңiне де қызмет ете алатын құндылықтар. Сол асыл мұралардың бiрi -Қарағанды мемлекеттiк университетi.

Республика көлемiнде өзiндiк орны айқындалған оқу ордасының құрамында 12 оқу корпусы, 6 жатақхана, студенттердiң осы заманғы үлгiдегi санаторий-профилакторийi, 28 компьютерлiк сыныбы бар компьютер орталығы, «Интернет-ҚарМУ» телекоммуникациялық орталығы, университет баспасы, 1 миллионнан астам кiтап қоры бар ғылыми кiтапхана, 15 оқу залы, археология және этнография, табиғат, университет тарихы, бейнелеу және декоративтi-қолданбалы өнер, Е.А.Бөкетовтiң мемориалдық мұражайы, Студенттердiң мәдениет сарайы, «Шаңырақ» жастар орталығы, «Люкс» студеңттердiң тұрмыстық кешенi, 8 спорт залы, жеңiл атлетика манежi, ашық стадион, табиғаты көркем Қарқаралы мен Топардағы демалыс үйлерi, 3 жеке жылу орталығы бар. Бұл игiлiктер осыдан 28 жыл бұрын Евней Арыстанұлы Бөкетов салып, шаңырағын көтерген ҚарМУ-дiң жаңа ғасыр табалдырығындағы жеткен биiгi мен алған асуы.

Университетте мамандар даярлау екi академиялық деңгейдегi көп салалы оқу жүйесi негiзiнде жүзеге асырылуда. 13 мыңнан астам студентке бiлiм берiп, даярлауға қамтылған профессор-оқытушылар құра-мы жоғары мектептер талабына да, мемлекеттiк стандартқа да сай. Бiзде 58 ғылым докторы, профессор мен 345 ғылым кандидаты, доцент қызмет етедi. Бұл республика жоғары оқу орындары арасындағы алдыңғы қатарлы көрсеткiш.

ҚарМУ 1996 жылдың маусым айынан университет басшыларының Xалықаралық Ассоциациясының мүшелiгiне, 1997 жылдың 26 мамырынан Xалықаралық Жоғары мектептер Ғылым академиясының ұжымдық мүшелiгiне, 1997 жылдың маусымынаң Евразия университеттерi ассоциациясының мүшелiгiңе қабылдаңды.

Университетте төрт мамандық бойынша 4 каңдидаттық және 2 мамаңдық бойынша бiр докторлық диссертация қорғау жөнiндегi ғылыми кеңес жұмыс iстейдi. Алда осындай тағы кандидаттық екi кеңес және төрт мамандық бойынша 2 докторлық диссертация қорғау жөнiнде кеңес ашылмақшы.

Университеттiң әлеуметтiк жағынан даму үрдiсi де айрықша атап өтуге тұрарлық. Қоғамдық тамақтандыру орталығы, емдеу-сауықтыру орны, тұрмыстық кешен игiлiктерi бiздiң ұжым мүшелерiнiң иелiғiнде. 1998 жылы он бес, ал 1999 жылы он алты оқытушымыз бен қызметкерiмiз жаңа үлгiдегi 2, 3, 4 бөлмелi пәтерлерге ие болды. Жуырда студеңттерге арналған кафе-бар ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл құрылыстар университеттiң өз қаржысымең салынған.

Кезiнде Е.А.Бөкетов былай деп жазғаң болатын: «...Бiздер әлi жаспыз. Бiздiң университет қабырғаларында әлi өзiнiң атақты түлектерiнiң суреттерi iлiңе қойған жоқ. Бiрақ сендердiң араларыңда да болашақ ғұламалар, атағы жер жарған азаматтар, Қарағанды университетiнiң болашақ мақтаңыштары отырғанына сенiмiм мол.» Сол үмiт, сол сенiм бүгiнде ақталды деп батыл айта аламыз.



Евней Арыстанұлының қасиеттi есiмiн, ұлағатты iсiн, терең ғұламалылығы мен азаматтық биiк тұлғасын ұрпақ зердесiнде қалдыруда айтарлықтай iс-шаралар тұрақты жүргiзiлiп келедi. Ол кiсiнiң замандастары да, кешегi шәкiрттерi де, бүгiнгi жас ұрпақ та қазақтың бiртуар ардақты ұлына көрсетiлуге тиiстi құрмет пен парызға асқан жауапкершiлiкпен қарайды. Уңиверситетiмiзде Е.А.Бөкетовтiң мемориалдық мұражайы жұмыс iстейдi. 1997 жылы ҚарМУ-дiң құрылғанына 25 жыл толуы құрметiне академик ағамызға мүсiн орнаттық. Жыл сайын наурыз айында Бөкетов апталығы өткiзiлiп, онда студенттер ғұлама ғалымның еңбектерiмен, өмiр жолымен, азаматтық биiк тұлғасымен танысады. Бұл шаралар университет қабырғасынан бiлiм алған әрбiр маманның Бөкетов туралы бiлiмiн кеңейте түсерi хақ.

Осыдан 28 жыл бұрын өзi шаңырағын көтерген Бөкетов университетiнiң тыныс-тiршiлiгi осындай. Ол бүгiнде өсiп-өркендеген iрi ғылыми-мәдени орталыққа айналды. Жаңа ғасырға ңық қадам, үлкен сенiммен аттап отырған ҚарМУ ұжымы ғұлама ғалым, академик Евней Арыстанұлы Бөкетов алдындағы ұрпақ парызың жоғары ұстап, оның есiмi мен тұлғалық қасиетiне сай өркендi iстерге қол жеткiзе берерiңе күмән жоқ.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет