3.Аң- санамақ
Бір дегенім - бөрі, Алты дегенім -арқар
Екі дегенім - елік. Жеті дегенім-жайран,
Үш дегенім - ұшар (аң), Сегіз дегенім –сілеусін.
Төрт дегенім - түлкі. Тоғыз дегенім-толай,
Бес дегенім - бөкен, Он дегенім –ор қоян.
4. Ағаш -санамақ
Бір дегенім - бәйтерек, Алты дегенім –арша.
Екі дегенім - емен. Жеті дегенім-жиде,
Үш дегенім -үйеңкі , Сегіз дегенім –сексеуіл.
Төрт дегенім - тұт. Тоғыз дегенім-тораңғы,
Бес дегенім – беке(айва), Он дегенім –орман.
Орман –аң-құстарға қорған.
5.Құс -санамақ
Бір дегенім - бірқазан, Алты дегенім – алабұлдырық,
Екі дегенім - ементұмсық. Жеті дегенім-жек (дуадақ),
Үш дегенім - үйрек, Сегіз дегенім - сұңқар.
Төрт дегенім - торғай. Тоғыз дегенім - тоқылдақ,
Бес дегенім - безгелдек, Он дегенім - оқпақ.
Достарыңызбен бөлісу: |