ӘОЖ 811.512.122' 373
К.С. Әбішев1, Ж.А. Абдуманапова1
1Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ХАЛЫҚТАРЫНДАҒЫ ОРНИТОНИМДІ ТІЛДІК БІРЛІКТЕРДІҢ ЛИНГВОЕЛТАНЫМДЫҚ СИПАТЫ
Аңдатпа
Мақалада қазақ және түрік халықтарының танымындағы орнитонимді тілдік бірліктер жайында сөз қозғалды. Түрік тілі мен қазақ тіліндегі орнитонимдерге қатысты тілдік бірліктердің пайда болу себептерінің ұқсас жақтары, аталмыш тілдік бірліктер құстың бойындағы ерекше қасиетіне, сыртқы түр-тұлғасына, әсемдігіне, сұлулығына байланысты атаулардың паремиологиялық бірліктерде, фразеологизмдерде, тұрақты теңеулерде, антропонимдер мен топонимдерде жиі қолданылуы екі халықтың да құс туралы танымының өте тереңде жатқандығын аңғартса керек. Түркі халықтарының қоршаған ортаның, табиғаттың еркін перзенттері – құстарды танудағы мол тілдік деректері көшпелілерді тек төрт түлік малмен байланысты қарайтын стереотипке қарсы жаңа пайымдаулар жасауға түрткі болады.
Достарыңызбен бөлісу: |