Қазақ тіл білімінің зерттейтін үлкен 3 саласы бар, олар: фонетика, лексика және грамматика



бет5/7
Дата10.11.2022
өлшемі79.66 Kb.
#464469
1   2   3   4   5   6   7
Ереже

Диалектология – диалектілер, говорлар, жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттейтін сала.
Топонимика – жер, су, қала, ауыл, елді мекен аттарын зерттейтін сала.
Антропонимика кісінің фамилиясын, әкесінің атын, кісінің шын аты мен лақап атын, бүркеншік аттарын (псевдоним) қарастыратын сала.
Лексикография – сөздіктер жасау және оларды зерттеу жөніндегі үлкен бір сала.
Сондай-ақ лексиканың ономасиология, этнонимика, астронимика сияқты салалары бар.


ҚОЛДАНУ АЯСЫ ШЕКТЕУЛІ СӨЗДЕР
КӨНЕРГЕН СӨЗ
Көнерген сөз – қазіргі уақытта қолданыстан шығып қалған немесе мағынасы көмескеленген сөз. Оның екі түрі бар: архаизм және историзм.



  1. Архаизмәр халықтың тұрмыс-тіршілігіне, дүниетанымына байланысты әр дәуірде өзгеріп, яғни қазір басқаша аталатын ұғымның бұрынғы атауы болатын сөз.

    Ескі атауы
    (архаизм)

    Қазіргі атауы
    (неологизм)

    аэрофлот
    адрес
    рыноктық
    таможня
    станция

    әуежай
    мекен-жай
    нарықтық
    кеден
    бекет

  2. Историзм – белгілі бір дәуірдегі қоғамдық ұғымға байланысты туып, қазір қолданудан шығып қалған сөз. Мысалы: уез, барымта, ханзада, нөкер, батырақ, қауыл керуен, жүз басы, би, болыс т.б.

үйрету

МАҚАЛ мен МӘТЕЛ
Мақалөмір құбылысын жинақтай отырып, түйінді пікір айтатын ықшам сөз өрнегі.
Оның мәтелден ерекшелігі:

  1. Құрылысы жағынан екі, үш бөлімді болады.

  2. Ой нақты айтылады.

  3. Ақыл-кеңес, үлгі-өнеге түрінде айтылады.

  • Жақсы бала ата-анасын төрге сүйрейді, жаман бала ата-анасын көрге сүйрейді.

  • Жері байдың елі бай.

  • Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.

  • Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан болған артық.

  • Еменнің иілгені – сынғаны, ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені.



Мәтел белгілі бір ойға, ұғымға ишара жасайтын, астарлап, жұмбақтап айту мәні басымдау болатын халық мұрасы.
Оның мақалдан ерекшелігі:

  1. Көбіне бір бөлімді болады.

  2. Ой ишара, тұспал түрінде айтылады.

  3. Көбіне эмоциялық мағына басым болады.

  • Көппен көрген - ұл той.

  • Әлін білмеген әлек. Кемедегінің жаны бір.

  • Ел құлағы - елу.

  • Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарар.

НАҚЫЛ СӨЗ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет