ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ Қазақ тіл білімінің зерттейтін үлкен 3 саласы бар, олар: фонетика, лексика және грамматика. Бұлардың зерттейтін тақырыптарын төмендегі кестеден көруге болады:
1. Сөз тіркесі а. есімді
ә. етістікті
2. Жай сөйлем а. жақты – жақсыз
ә. жалаң – жайылма
б. толымды – толымсыз
в. атаулы
3. Құрмалас сөйлем а. салалас
ә. сабақтас
б. аралас
4. Сөйлем мүшелері тұрлаулы – тұрлаусыз
5. Пунктуация 6. Стилистика
ФОНЕТИКА ДЫБЫС ЖӘНЕ ӘРІП Сөйлеу тілінде дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, естілетін тілдік құбылысты дыбыс дейді. Дыбыс – сөздің ең кішкене бөлігі. Дыбысты айтады және естиді.
Дыбыс адамның дыбыстау мүшелері арқылы жасалады. Олар: өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, кішкене тіл, ауыз қуысы, көмей, таңдай, тіл, тіс, ерін, мұрын қуысы.
Дыбысты таңбалау үшін алынған белгіні әріп дейді. Яғни әріп – дыбыстың жазбаша таңбасы. Әріпті жазады және көреді.
Әріптердің рет-ретімен тізілген жиынын алфавит (әліпби) дейді. Қазақ тілінің алфавиті 42 әріптен тұрады және олардың тізбектелген қатары мынадай: а, ә, б, в, г, ғ, д, е, ё, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ұ, ү, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, ь, ы, і, ъ, э, ю, я.
Қазақ тілінде дыбыс саны - 37. (Дыбыс бола алмайтындар: я (й+а), ю(й+у), ё (й+о) қосарлы дыбыстары және ь –жіңішкелік, ъ – жуандық белгілері).
Ескерту:У әрпі екі дыбыстың орнына (дауысты – у және дауыссыз – у) қолданылады. Бірақ бір дыбыс болып саналады. Қазақ тіліне тән әріптер (9): ә, ө, ү, ұ, і, қ, ғ, ң, һ.
Қазақ тілінде ъ (айыру белгісі) және ь (жіңішкелік белгісі), сондай-ақ э, ё, в, ф, ц, ч әріптері орыс тілі арқылы енген кірме сөздерде ғана кездеседі.
Қазақ тілінде дыбыстар өкпеден шыққан ауаның шығуына қарай дауысты дыбыс және дауыссыз дыбыс болып 2-ге бөлінеді.
ДАУЫСТЫ ДЫБЫС Дауысты дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында еш кедергіге ұшырамай, еркін шығуынан жасалады.
Дауысты дыбыс буын жасауға қатысады.
Дауысты дыбысқа екпін түседі.
Тіліміздегі дауысты дыбыстар: а, ә, е, и, о, ө, ұ, ү, у, ы, і, э.
Дауысты дыбыс тіл, жақ және еріннің қатысына қарай жуан - жіңішке, ашық - қысаң, еріндік - езулік болып жіктеледі. Оны төмендегі кестеден көруге болады.
тілдің ұшы ілгері созылып жіңішкеруі арқылы жасалады
ә, ө, ү, і, е, и, (у), э
Жақтыңқатысына қарай:
Ашық
жақтың кең ашылуы арқылы жасалады
а, ә, о, ө, е, э
Қысаң
жақтың тар ашылуы арқылы жасалады
ы, і, и, у, ү, ұ
Еріннің қатысына қарай
Еріндік
еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалады
о, ө, ұ, ү, у
Езулік
езудің кейін тартылуы арқылы жасалады
а, ә, е, ы, і, и, э
Қазақ тілінің төл сөздерінде дауыстылар үндестік заңы бойынша бірыңғай жуан не жіңішке болып келеді (бұлақты, келімсек т.б.). Қазақ тіліндегі өзге тілдерден енген біршама кірме сөздерде дауыстылар жуан-жіңішке болып араласып келе береді (кітап, компьютер т.б.).
Ескерту: ё, я, ю әріптері дауысты дыбыс қызметін атқарғанмен, дауысты дыбыс түрлеріне жіктелмейді. Себебі бұлар йо, йа,йу қосарлы дыбыстарынан тұрады.
ДАУЫССЫЗ ДЫБЫС Дауыссыз дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында кедергіге ұшырап шығуынан жасалады.
Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, (у).
Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай ұяң, үнді және қатаң болып 3-ке бөлінеді. Оны төмендегі кестеден көруге болады:
Қосымша: Сөз ішінде келген үнді дауыссыз дыбыстар: у, й, ң буынға бөлінгенде, келесі буынның бірінші әрпі болады. Мысалы, қа-уын, қа-йық, қо-ңыр т.б.
Қатар келген 3 дауыссыз дыбыс буынға бөлінгенде, алғашқы екеуі бірінші буында қалады, ал үшінші дауыссыз дыбыс екінші буынға кетеді. Мысалы, құмырс-қа, жұмырт-қа т.б.
Қазақ тілінде бір дауыстыдан тұратын буын сөздің басында (а-та), ортасында (ки-е-лі) және соңында (әули-е) келе береді.
ТАСЫМАЛ
Тасымал – сөзді жазған кездегі оның жолға сыймай қалған бөлігін келесі жолға көшіру.
Тасымал буынға негізделеді. Яғни, сөздер тек буын жігімен тасымалданады. Мысалы, «Кереге» сөзін екі жолмен тасымалдауға болады:ке – реге, кере – ге;
Тасымалдауға болмайтын жағдайлар: Тек бір дауысты дыбыстан тұрған ашық буынды тасымалдауға немесе жолда қалдырып кетуге болмайды. (а – та, ә – ке, арми – я.)
Бір буыннан тұратын сөзді тасымалдауға болмайды. (қант, төрт, бұлт.)
Қысқарған сөздерді тасымалдауға болмайды. (ТМД, ҚазҰУ, ҚазМУ, ҚР)
Ескерту: сөздердің бірінші буындарынан қысқарған сөз (кеңшар) бен бірінші сөздің бірінші буыны мен екінші сөзі толық күйінде қысқарған сөз (педколледж) тасымалданады.)
Адам атының қысқартылып алынған әрпін фамилиясынан айырып бірінші жолда қалдыруға болмайды. (А.Қ.Жабаев, М.О.Әуезов. Қ.С.Мусин)
Қысқарған өлшем бірлігін саннан айырып тасымалдауға болмайды. (15 см, 20 кг, 100 га