аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис
1. Еліктеуіш сөздер. Хайуанаттардың үніне, айналадағы табиғат құбылыстарының , тұрмыстағы екі дененің бір – біріне қақтығысуынан пайда болатын алуан түрлі дыбыстарға еліктеу арқылы жасалған сөздерді е л і к т е у і ш с ө з д е р дейді. Еліктеуіш сөздер дара күйінде де, қос сөз түрінде де қолданылады.
Еліктеуіш сөздер бастапқы түбір тұлға күйінде септелмейді, көптелмейді,
тәуелденбейді және жіктелмейді.
Еліктеуіш сөздерге сөз тудырушы қосымшалар (жұрнақтар) жалғап, дыбыс
атауын білдіретін зат есім сөздерін туғызуға болады. Масылы: тарс – тарс+ыл=тарсыл:қыңқ-қыңқ+ыл=қыңқыл;жалт-жалт+ыл=жалтыл;сарт- сарт+ыл=сартыл;қарқ-қарқ+ыл=қарқыл. Еліктеуіш сөздердің көпшілігінің түбіріне етістік тудыратын журнақтар
тікелей жалғанбай, есім тудыратын жұрнақтардан кейін жалғанады.
Мысалы: тарс+ыл+да, қыңқ+ыл+да, жалт+ыл+да, сарт+ыл+да қарқ+ыл+да. Бірқатар еліктеу сөздерге есім тудыратын -ыл, -ілжұрнағы жалғана тұрса
да, өз алдына толық дербес мағыналық есім сөзі пайда болмай, етістік сөзін
жасау үшін керекті морфологиялық тәсіл ғана болады.Мысалы: сып, жып, шіңк, пырт, сылқ, шыңқ, аңқ деген еліктеу сөздерге –ыл, -іл жұрнақтарын
жалғап, сыпыл, жыпыл, шіңкіл, пыртыл, сылқыл, шыңқыл, аңқыл деген
морфологиялық тұлға жасағанмен, бұлар толық лексикалық мағынасы бар
есім сөздері емес, етістік сөздерін тудыру үшін керекті морфологиялық саты.
Бұл морфологиялық тұлғаның үстіне –да, -де жұрнақтарын жалғап,
сыпыл+да+ды, сылқыл+да+ды, шыңқыл+да+ды, аңқыл+да+ды деген етістік
сөздерін тудыруға болады.
Кейбір еліктеуіш сөздердің еліктеу мағынасы сол дыбыстың есім
мағынасымен ұштасып жатады.Сондықтан мұндай сөздердің еліктеуіштік
ұғымы қосарланып айтылғанда айқын көрінеді. Мысалы: сықыр-сықыр, тықыр-тықыр, салдыр-гүлдір, сыбдыр-сыбдыр, салдыр-салдыр, шылдыр- шылдыр. Мұндай сөздер жеке айтылғанда, белгілі дыбыстық атау түрінде
қолданылып, сөйлемнің дербес мүшесі қызметін атқарып, көптеліп, септеліп,
241
тәуелденіп тұратын болғандықтан бұл сөздерге етістік тудыратын -да, -де жұрнақтары тікелей жалғанады. Мысалы: сықыр+ла+ды, тақыр+ла+ды, салдыр+ла+ды, сыбдыр+ла+ды, шылдыр+ла+ды. Еліктеуіш сөздер бастапқы бір тұлғада ет көмекші етістігімен тіркесіп
айтылып, күрделі етістік құрайды да, сөйлемде күрделі баяндауыш қызметінде
қолданылады. Мысалы: Қарға қаңқ етті. Мылтық тарс етті. Ол сөзін есіттірмей күңк етті. Еліктеуіш сөздер бастапқы түбір күйінде қайталанып айтылады да, қос сөз
жасалады. Қосарланып айтылған еліктеуіш сөздерморфологиялық тұлғасы
жағынан ешқандай өзгеріске енбейді. Сейлем ішінде етістік баяндауышпен не
етістіктен болған өзге мүшемен байланысып, үнемі пысықтауыш мүше
болады. Мысалы, 1) —Мерзімді бұздым азырақ,— деп, Шығанақ қарқ-қарқ күлді. (Ғ. М.) 2. Екі батыр найзасын сатыр-сұтыр салысты. Сайлап мінген белді аттар тізе бүге қалысты. (Ж- Ж.)