Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


болмаса, біресе, бірде, кейде, әлде, құй, мейлі



Pdf көрінісі
бет214/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

    Бұл бет үшін навигация:
  • Кейде
болмаса, біресе, бірде, кейде, әлде, құй, мейлі. Бұлар айтылған екі ойдың бірі 
болса, бірі болмайтынын немесе екеуінің кезектесіп отыратынын білдіріп, 
сөйлемдердің, кейде бірыңғай мүшелердің арасын байланыстырып тұрады. 
Мысалы: 1) Осы жатақтың немесе анау Жігітек кедейінің дәл сондағы
шабуыл үстіндегі мінезі қандай болды. (М. Ә.) Егер мен елдің өсегінен 
қаймығып не болмаса даңқына қызыгып бұған берілсем, онда не болғаным? 
(Ә. Ә.) 3. Кейде тамсанып қойып, кейде ұзақ-ұзақ қалғып та кетеді. (М. Ә.) 
в) Себеп-салдарлық жалғаулықтар. Олар мыналар: өйткені, 
сондықтан. Бұлар құрмалас сөйлемге енген екі жай сөйлемнің арасын 
байланыстырып тұрады. Мысалы: 1) Мен үкімі әлдеқашан айтылған кісі едім
сондықтан сіздің үкіміңізге енді орын қалмаған да болар. (Ә. Ә.) 2. Ал мына 
оқиға назар аударарлық оқиға болып отырөйткені сәби туғанға дейін 
анасының құрсағының өзінде өсе бастаған. («Окт. т.») Бұл сөйлемдердегі 
сондықтан, өйткені деген шылаулар екі сөйлемнің арасын байланыстырып, 
олардың бірі себебі, екіншісі соның нәтижесі, салдары екенін көрсетіп тұр. 
136-жаттығу. Мына сөйлемдерді көшіріп, шылаулардың астын сызыңдар. Олардың 
түрлерін айтыңдар. 


237 
1. 
Ескі машиналарды тез жөндеңдер, әзір тұрсын деп мына кісіге 
мұнан бес күн бұрын қақсадым, күні бүгінге дейін бір де-біреуі жөнделмепті. 
(Ә. Ә.) 2. Бұл қағаз келгенде, Абайдың айналасындағы топ сескеніп қалып еді, 
бірақ Абай қынжылған жоқ. (М. Ә.) 3. Сибирь мен Қазақстанның тың және 
тыңайған жерлерін игеруге Отанның тұс-тұсынан жұрт аттанып жатқан шақ. 4. 
Балалық шақта еңбек те, ермек те болған қозылар мен лақтардың, қой-
ешкілердің арасында асыр сап ойнаулары бізді қызықтырып жіберді. (С. М.) 
5.— Қуатым Сәтжан-ау, қайда болдың, аман барсың ба?—деп, ана лебізімен 
қарсы алды. (С. Бег.) 6. Бірде қатты, бірде рақымшыл, бірде ауыр, бірде жеңіл 
сезімді көбінесе ақылға жеңдіретін ойлы қыз екенін істес адам тез-ақ түсінетін. 
(Ғ. М.) 7. Біресе жаңбыр себелейді, біресе қар ұшқындайды. (Ғ. Мұсір.) 8. Осы 
мақтанышымды жеткізу үшін Раушанның жүзіне жалт етіп бір қарағаным ғана 
есімде, одан әрі не болғанын білмеймін. (Ә. С.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет