Қазақ тілі ұлт тілі және сол ұлттың әдеби тілі Алипбаева Қырмызы



Дата21.12.2023
өлшемі109.93 Kb.
#487307
qirmizi


Қазақ тілі ұлт тілі және сол ұлттың әдеби тілі
Алипбаева Қырмызы
Қазақ тілі тарихы – қазақ тілін зерттейтін ғылым саласы. Қазақ тілінің тарихы шартты түрде: а) ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең; ә) ұлттық тіл білімі қалыптасқан кезең болып екіге бөлінеді. Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең 19 ғ-дың 2-жартысынан басталады. Қазақ тілінің граммат. құрылысы туралы алғашқы мәліметтер Н.И.Ильминскийдің «Материалы к изучению киргиз-казахского наречия» (1860–61) деген еңбегінде ұшырасады. Бұл – қазақ тілінің кейбір ерекшеліктерімен таныстыруға арналған тұңғыш еңбек. Кейін М.А.Терентьевтің «Грамматика турецкая‚ персидская‚ киргизская и узбекская» (1875), П.М.Мелиоранскийдің «Краткая грамматика казах-киргизского языка» (1894‚ 1897)‚ В.В.Катаринскийдің «Грамматика киргизского языка» (1897)‚ т.б. еңбектер жарық көрді.
Қазақ тілін таныстыру мақсатын көздегендіктен бұл еңбектерде белгілі бір категориялардың сырын ашу, оның ерекшеліктерін анықтау жағы қарастырылмаған. Олар негізінен қазақ тілінің заңдылықтарын, орыс тілімен салыстырып, сол тілдің негізінде түсіндіруге тырысты. 19 ғ-дың 2-жартысында қазақ тілінің лексикографиялық жұмыстары қауырт қолға алынып‚ дами бастады. Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезеңде 40-қа жуық сөздік жарық көрді.
Орыстардың Ресей империясына қараған халықпен қарым-қатынас жасауына көмектесу мақсатын көздеген бұл сөздіктер қазақтың сөздік құрамын хатқа түсіріп‚ жаңа‚ көне сөздердің мағынасын ашып көрсетті. Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңнің өзі: а) қуғын-сүргінге дейінгі кезең (1912–29); ә) қуғын-сүргіннен кейінгі кезең (1930–88) болып екіге бөлінеді. Қ. т. б-нің ғыл. ретінде қалыптасып, дамуы А.Байтұрсыновтың есімімен тығыз байланысты. Оның қазақ тілі оқулығы ретінде жазған «Тіл-құрал» атты еңбегінде, мақалалары мен баяндамаларында тіл білімінің өзекті мәселелері сөз болады. Қ. т. б-нің салалары: Әліппе мен емле. 19 ғ-дың 2-жартысында Ы.Алтынсарин қазақ жазуын орыс графикасына негіздеуге талпыныс жасаса, 20 ғ-дың басында Байтұрсынов қолданылып келген араб графикасын жетілдіре отырып, қазақ жазуына икемдеді.
Бұл орайда ғалым қазақ тіліндегі дауысты және дауыссыз дыбыстар санын анықтап, үндестік заңдылығын, тілдің фонологиялық ерекшеліктерін айқындап шықты. Байтұрсыновтың Қ. т. б-нің фонетика, фонология салалары бойынша жасаған тұжырымдары Е.Омаров, Қ.Кемеңгеров, Т.Шонанов, Ж.Аймауытов, Қ.Жұбанов еңбектерінде жалғасын тапты. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі, дауыстылар мен дауыссыздар санын дәл айқындау, қазақ жазуына негіз болатын принцип таңдау мәселесі көптеген талас тудырып, «Еңбекші қазақ», «Жаңа мектеп», т.б. басылым беттерінде мақалалар жарық көріп, қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде талқыланды.
1930 жылдан бастап салыстырмалы фонетика саласы пайда болды. Жұбановтың еңбектерінде тіл дыбыстарының фонологиясы мен жіктелуі, дыбыстардың өзгеру заңдылығы, сөздердің буын құрылысы қарастырылды, араб графикасын латын жазуына ауыстыруға байланысты «Еңбекші қазақ» газетінде бас әріпті алу мәселелері көп талас тудырды. Жазу ауыстыруға орай әріп таңдау, қазақтың төл дыбыстарына әріп белгілеу, әсіресе басқа тілдерден енген сөздерді жазуда баспасөз бетінде көптеген пікірталастар болды. Дұрыс айтылу ережелеріне ерекше мән беріліп, қазақ тілінің орфографиялық сөздігі бірнеше рет жарық көрді. Грамматика. 1930–40 жылдардан бастап сөз таптары мен олардың жекелеген категориялары туралы арнайы еңбектер көптеп жарық көрді.
Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңде сөзжасам жеке сала ретінде қарастырылған болса‚ ұлт зиялылары саяси қуғын-сүргінге ұшыраған 30-жылдары сөзжасам әр сөз табына қатысты‚ морфология шеңберінде сөз болды. 1940 жылдан бастап синтаксистің жекелеген мәселелері моногр. тұрғыдан зерттелді. Қазақ тіліндегі жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің түрлері анықталды, жақсыз сөйлемнің, құрмалас сөйлемдердің сыр-сипаты ашылып, ауызекі сөйлеу тілінің синтаксисі туралы едәуір мәлімет берілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет