Қазақ тілі пәні бойынша кіріс бақылау кесіндісі Мақсаты



бет1/3
Дата14.02.2023
өлшемі23.05 Kb.
#469509
  1   2   3
срез 7


Қазақ тілі пәні бойынша кіріс бақылау кесіндісі


Мақсаты: 2020-2021 оқу жылында қазақ тілі пәнінен игерілмеген тақырып пен оқу мақсаттарын және білім сапасындағы олқылықтарды анықтау.
Өткізу формасы: жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар.
Сынып: 7«А», 7 «Ә»
Оқу мақсаттары:
7.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала құрастырып жазу.
Бағалау критерийі:

  • жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолданады;

  • шағын мақала құрастырып жазады.

Дескриптор:

  • ұсынылған екі тақырыптың бірін таңдап, шағын мақала жазады;

  • жазылым жұмысында жанрлық, стильдік ерекшеліктерді ескеріп, көркемдегіш құралдарды орынды қолданады;

Төменде берілген тақырыптардың бірін таңдап, шағын мақала жазыңыз. Жазба жұмысында көркемдегіш құралдарды қолданыңыз. Мақаланы орфографиялық нормаға сай жазуды ескеріңіз. [10]





  1. Атмосфераның ластануы туралы мәселені көтеріп, журналға мақала жазыңыз.

  2. «Денсаулық – баға жетпес байлық» тақырыбында газетке мақала жазыңыз.

Қазақ тілі пәні бойынша кіріс бақылау кесіндісі


Мақсаты: 2020-2021 оқу жылында қазақ тілі пәнінен игерілмеген тақырып пен оқу мақсаттарын және білім сапасындағы олқылықтарды анықтау.
Өткізу формасы: жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар.
Сынып: 8 «А», 8 «Ә»
Оқу мақсаттары:
6.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып мінездеме, құттықтау құрастырып жазу
Бағалау критерийі:

  • жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтайды;

  • мінездеме, құттықтау құрастырып жазады.

Дескриптор:

  • оқушылар берілген тақырыпқа мінездеме құрастырып жазады;

  • жазба жұмысында ауызекі және көркем сөйлеу стильдерін орынды қолданады;

  • тақырыпқа сай жазады;

  • жеке, бөлек, бірге, дефис арқылы жазылатын сөздердің емлесі басты назарға алады.

Жазылым
Отбасыңыздың бір мүшесінің болмысын сипаттап, мінездеме құрастырып жазыңыз. Жазылым жұмысында тақырыптан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, тақырып бойынша жеке, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазыңыз.
[10]

Жазылым


Балл

Сипаттамасы

9-10

Тақырыптың мазмұнын толық ашады. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдарын барынша (тұрақты сөз тіркестері, афоризмдер, цитаталар көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) жанрға сәйкес орынды қолданады. Ойын еркін, логикалық тұрғыдан жүйелі жеткізеді. Сөздік қоры мол. Жанрлық ерекшеліктерді (мәселеге фактілер келтіру, фактінің негізінде субъективті көзқарасын дамыту), жазылу сипатына қарай бірізділікті бастан-аяқ сақтайды.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан өте сауатты. Қателері жоқ.

7-8

Тақырыптың мазмұнын ашады. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдарын (тұрақты сөз тіркестері, афоризмдер, цитаталар көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) жанрға сәйкес қолданауға тырысатыны байқалады. Ойын логикалық тұрғыдан жүйелі жеткізеді. Сөздік қоры жеткілікті. Жанрлық ерекшеліктерді (мәселеге фактілер келтіру, фактінің негізінде субъективті көзқарасын дамыту), жазылу сипатына қарай бірізділікті сақтайды.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан сауатты, бірақ 1-2 ұсақ қате кездеседі.

5-6

Тақырыптың мазмұнын ашуы жеткіліксіз. Жанрға сәйкес тіл құралдарын (тұрақты сөз тіркестері, афоризмдер, цитаталар көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) сирек болғанымен, орынды қолданады. Ойдың логикалық тұрғыдан жүйесі аракідік байланыспайды. Сөздік қоры қанағаттанарлық деңгейде. Жанрлық ерекшеліктерді (мәселеге фактілер келтіру, фактінің негізінде субъективті көзқарасын дамыту) сақтайды, бірақ жазылу сипатында бірізділіктен ауытқу бар.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 2-3 ұсақ және ірі қателер кездеседі.

3-4

Тақырыптың мазмұнын ашуы шектеулі. Жанрға сәйкес тіл құралдарын (тұрақты сөз тіркестері, афоризмдер, цитаталар көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) сирек қолданады, орынсыздық байқалады. Ойдың логикалық тұрғыдан жүйесі байланыспайды. Сөздік қоры шектеулі. Жанрлық ерекшеліктерді (мәселеге фактілер келтіру, фактінің негізінде субъективті көзқарасын дамыту) ескермейді, жазылу сипатында бірізділік сақталмайды.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 4-5 ұсақ және ірі қателер кездеседі.

1-2

Тақырыптың мазмұнын ашпайды. Жанрға сәйкес тіл құралдарын қолданбайды. Ойдың логикалық тұрғыдан жүйесі жоқ. Жанрлық ерекшеліктерді сақтамайды.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан алтыдан көп ұсақ және ірі қателер кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет