Пәннің атауы: Бастауыш сынып оқушыларын көркем әдебиетпен таныстыру
№1 дәріс тықырыбы: Фольклор. Балалар фольклоры
1. Балаларға арналған фольклор түрлері.
2. Фольклорлық шығармаларда кездесетін көркемдегіш құралдар (теңеу, эпитет, литота, гипербола, пейзаж, т.с.с.).
3. Балаларға арналған фольклор түрлерінің идеялық-эстетикалық табиғаты.
4. Халық ауыз әдебиетінің балаларға арналған түрлері.
5. Қазақстандағы ХІХ ғасырдың басындағы саяси-әлеуметтік жағдай.
Халқымыз бала тәрбиелеуде баланың жан дүниесінің қалыптасуына, өмірдің сұлулығын әсемдік тұрғысында түсіне білуге, рухани марқаюына ұйытқы болатын шығармалар өзінше арна түзеді. Мұны фольклор ілімінде «балалар фольклоры» деп атайды. Бұл тіркес халық әдебиетінде балаларға арналған өлең-жырдың бар екендігін ілкі зерттеушілердің ешқайсысы жоққа шығармайды. Фольклор жанрындағы балаларға арналған шығармалар легі, олардың көңіл-күйіне тез әсер етіп, олардың есту және сезу қабілетін, эстетикалық талғамын дамытады, әдемілікке деген көзқарасын байытады. Сондықтан да балалар фольклоры- қарапайым да нәзік, күрделі де қызық әлемнің көркем дүниесі. Айналамыздағы қоршаған орта, өмірдегі түрлі құбылыстарды балалардың ересектерден мүлде басқаша қабылдайтынын, балалар өмірі ересектер тұрмысына тәуелді болса да өзінше бір кіші әлем құрайтынын дана халқымыз ертеден-ақ ескерген. Балалар фолькорының түрлері: - 1. Балалар жыры:
- 1. а) ойын өлеңдері;
- 2. ә) тақпақтар;
- 3. б) санамақтар;
- 4. в) қаламақтар;
- 5. г) бесік жыры;
- 6. ғ) өтірік өлеңдер;
- 7. д) мазақтамалар.
- 8. Жұмбақтар;
- 9. Жаңылтпаштар;
- 10. Мақал-мәтелдер;
- 11. Ертегілер;
- 12. Аңыз-әңгімелер;
- 13. Шешендік сөздер;
- 14. Батырлар жырлары;
- 15. Лиро-эпостық жырлар;
- 16. Айтыс.
- Балалар фольклоры жанрларының тәрбиелік мүмкіндіктері мол. Аға ұрпақ өз білгенін, өз көкейіне тоқығанын кейінгі ұрпаққа мирас етіп қалдырған. Бастауыш сыныпта оқу-тәрбие үрдісінде фольклор жанрын пайдалану баланың көңілін өсіріп, ойын сергітіп қоймай сонымен бірге эстетикалық тәрбие алуда олардың эстетикалық ляззат алуына, көркемдікке, әсемдікке тәрбиелейді.
Достарыңызбен бөлісу: |