«Қазақ тілі» пәнінен жаратылыстану-математикалық бағыттағы 11-сыныпқа арналған мемлекеттік емтихан (эссе) тақырыптары



бет1/7
Дата21.01.2024
өлшемі62.08 Kb.
#489535
  1   2   3   4   5   6   7
эссе тақырыптары



30.03.2021



1-қосымша


«Қазақ тілі» пәнінен жаратылыстану-математикалық бағыттағы
11-сыныпқа арналған мемлекеттік емтихан (эссе) тақырыптары

1. «Адамзат баласы құндылыққа мүдделі әрі мұқтаж» тұжырымына қатысты өз көзқарасызды дәлелдеп жазыңыз.


2. «Қазақтардың тілі әуезді де әсем, шебер де шешен. Әсіресе, сөз сайысына келгенде, олардың алғырлығы мен өткірлігі, тауып сөйлейтін тапқырлығы таңғалдырады. Олар мақалдап сөйлейді, жай сөзінің өзі өлең болып құйылып жатады», - деп айтқан В.Радловтың пікірімен қазақ тілінің ұлттық құндылық ретіндегі ерекшелігін өз ойыңызбен сабақтастырып, эссе жазыңыз.
3. «Қаныш Сәтбаев – ұлттық индустрияны дамытуға еңбек сіңірген ұлы тұлға» тақырыбында ақпараттық мәліметтерді пайдалана отырып, өз ойыңызды дәлелдеп жазыңыз.
4. «Ұлттық индустрияны өркендетуге қандай үлес қосамын?» тақырыбында өз ұстанымыңызды дәлелдеп жазыңыз.
5. Өзің өмір сүріп жатқан ортада ғаламдық проблемаға айналған мәселелер бар ма? Берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарына немесе себептеріне өз көзқарасыңызды жазыңыз.
6. «Сенің болашақ мамандығыңның адам өмірін сақтаудағы маңызы қандай деп ойлайсың?». Көтерілген мәселеге дәлелдер келтіріп жазыңыз.
7. «Адамзат өміріне аса қауіпті факторлардың бірі – нашақорлық. Нашақорлық – адамның денсаулығы мен елдің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер» деген тұжырымға қатысты өз ойыңызды дәлелдеп жазыңыз.
8. «Қожа Ахмет Яссауи кесенесі – еліміздегі аса құнды жәдігер, сәулет өнерінің керемет туындысы» тақырыбында ұлттық сәулет өнеріне тән белгілерді сипаттай отырып, эссе жазыңыз.
9. «Ұлы Даланың жеті қыры» – тарих пен болашақтың алтын көпірі» тақырыбындағы негізгі мәселені Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласындағы ақпараттармен байланыстырып жазыңыз.
10. «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында өз позицияңызды дәлелдеп жазыңыз.
11. «Қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел» деген позицияны ұстана отырып, ойыңызды дамытып жазыңыз.
12. «Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу — сатқындықтың белгісі»,-деген Бауыржан Момышұлының аманат сөзін өз пікіріңізбен дәлелдеп жазыңыз.
13. Ы.Алтынсарин әңгімелеріндегі ата тәрбиесі мен ғибраты туралы айтылған ойларын нақты мысалдармен дәлелдеп жазыңыз (Ы.Алтынсариннің туғанына – 180 жыл).
14. «Туған жер –адам өміріндегі киелі орын» тұжырымына қатысты өз көзқарасыңызды білдіріп, дәлелдеп жазыңыз.
15. Әбунасыр әл-Фараби: «Еліңнің болашағын білгің келсе, маған жастарыңды көрсет, сонсоң айтып берейін» деген пікірі туралы ойыңызды өмірмен байланыстыра отырып жазыңыз.
16. Абайдың отыз екінші қарасөзіндегі ақыл кеселдерінің зиянын дәлелдеп жазыңыз.
17. «...Артық ғылым кітапта,
Ерінбей оқып көруге» деген Абайдың қанатты сөзіндегі негізгі ойды қазіргі замандағы кітап оқуға деген сұраныспен байланыстырып жазыңыз.
18. Айгүл Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесінде көтерілген мәселенің маңыздылығын талдап жазыңыз.
19. Оразақын Асқардың «Шетте жүрген бауырларға» өлеңінің негізгі идеясын талдап жазыңыз.
20. Оралхан Бөкей «Атау кере» повесінде Ерік перзенттік борышын ақтай алды ма? Баланың ата-ана алдындағы парызы жайлы ойың қандай? Ойыңды «Анаңның ақ сүтін Меккеге үш рет арқалап апарсаң да өтей алмайсың» деген халық даналығымен өз ойыңызды сабақтастырып жазыңыз.
21. Бүгінгі қоғамда Еріктер көп пе? Тағандар көп пе? О.Бөкейдің «Атау-кере» повесіндегі Ерік пен Таған бейнелерін салыстыра талдау жасап, өз пікіріңізді дәлелдеп жазыңыз.
22. Ж.Әбдірашевтің «Дала, сенің ұлыңмын» поэмасындағы лирикалық кейіпкердің бейнесін талдап жазыңыз.
23. Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңіндегі ақын сынаған мінездердің бүгінгі қоғамдағы көрінісін талдап жазыңыз.
24. М. Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» романындағы ғалымның қазақ ғылымын қалыптастырудағы іс-әрекеттерін нақты дәлелдермен талдап жазыңыз.
25. М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын Қ.Сәтбаевтың «ХІХ ғасырдағы қазақ өмірінің көркемдік энциклопедиясы» деп бағалау себебін өзіндік көзқарас тұрғысынан талдап жазыңыз.
26. М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы Абайдың ақындық әлемінің қуаттануына әсер еткен себептерін талдап жазыңыз.
27. Е. Әбікеннің «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесінде көтерілген баспана мәселесінің қазіргі күндегі өзектілігін дәлелдеп жазыңыз.
28. Б. Мұқайдың «Өмірзая» романына арқау болған тарихи кезең шындығына қатысты өз көзқарасыңызды білдіріп жазыңыз.
29. Ш. Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасындағы оқиғаның ел тарихында болған шындық екенін тарихи мәліметтерге сүйене отырып, дәлелдеп жазыңыз.
30. С. Балғабаевтың «Тойдан қайтқан қазақтар» шығармасындағы кейіпкерлердің көзқарасындағы қарама-қайшылықтарды салыстыра отырып, ұлттық болмысқа жат мінез-құлықтарды талдап жазыңыз.
31. «Ғасырлар бойы арман еткен егемендік – қазақтың басына қонған бағы» деген позицияны ұстана отырып, өз пікіріңізді дәлелдеп жазыңыз (Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 30 жыл).
32. «Ғалымдардың ашқан жаңалықтары жалпыадамзаттық құндылыққа жата ма? Ғылым мен құндылықтың сабақтастығын көрсетіп жазыңыз.
33. Б.Соқпақбаевтың «Біз де бала болғанбыз» шығармасындағы балалар өмірі мен қазіргі замандағы балалар өмірін салыстырып жазыңыз.
34. .«Әлемді өзгерткен ұлы тұлғалар» тақырыбында дереккөздерді пайдалана отырып өз ойыңызды талдап жазыңыз.
35. М. Әуезовтің «Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы – заман тынысы, халық үні» деген пікірінің келелі екенін бүгінгі күнмен байланыстырып жазыңыз.
36. Абайдың «Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын» деген өлең жолдарын бүгінгі күнмен байланыстырып жазыңыз.
37. Абайдың Он жетінші қарасөзіндегі «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» сөзінің мәнін дәлелдеп жазыңыз.
38. Айгүл Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесінің идеясын ұлттық мүдде тұрғысынан талдап жазыңыз.
39. Оразақын Асқардың «Шетте жүрген бауырларға» өлеңінің негізгі идеясын адамгершілік тұрғыдан талдап жазыңыз.
40. Оразақын Асқардың «Шетте жүрген бауырларға» өлеңінде көтерілген мәселені бүгінгі күнмен үндестіре талдап жазыңыз.
41. Ж.Әбдірашевтің «Дала, сенің ұлыңмын» поэмасындағы көтерілген мәселелердің бүгінгі күнгі өзектілігін талдап жазыңыз.
42. М.Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» романындағы ғалымның қазақ ғылымын қалыптастырудағы іс-әрекеттерін нақты дәлелдермен талдап жазыңыз.
43. Метрополитен экологиялық ахуалды жақсартып, көлік мәдениетін қалыптастыра ма?» тақырыбында өз ойыңызды дәлелдеп жазыңыз.
44. Компьютерлік технологиялардың ақпараттық-коммуникациялық жаһанданудағы рөлі» туралы өз пікіріңізді дәлелдеп жазыңыз.
45. «Табиғат тағдыры – адам тағдыры» мәселесі бойынша өз ойыңызды пайымдап жазыңыз.
46. «Қазақстандағы туризмнің артықшылықтары мен кемшіліктері» тақырыбын экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан талдап жазыңыз.
47. Әлихан Бөкейхановтың «Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деген сөзін нақты дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.
48. Б.Мұқайдың «Өмірзая» романындағы Аяған ұстаздың аңғалдығын өмірмен байланыстыра талдап жазыңыз.
49. «Еңбек нарығына сай мамандық таңдау маңызды» тақырыбында өз ойыңызды дәйектеп жазыңыз.
50. «Зияткерлердің сыртқа кетуін тоқтату үшін болашақ ұлт маманы ретінде не істер едің?» Берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын көрсетіп, өз көзқарасыңызды білдіріп жазыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет