«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Құрастырушы: ___________ ф.ғ.к., аға оқытушы Кәріпжанова А.О. Қазақ филологиясы кафедрасы 050205- «Филология: қазақ филологиясы»мамандығының күндізгі оқу нысанының студенттеріне арналған «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus) Бағдарлама 20__ж. «___» _________бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді. Кафедра отырысында ұсынылды 20_ж. «___»____________№_____ Хаттама Кафедра меңгерушісі __________ Жүсіпов Н.Қ. 20__ж. «____» ________ ____________________________________________ факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 20_ж. «_____»____________ №____ Хаттама ОӘК төрағасы _____________ Жұманқұлова Е.Н. 20_ж. «_____»___________
Аты-жөні: Кәріпжанова Айнұр Оралқызы Ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі: филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Қазақ филологиясы кафедрасы А-1 корпусында (Ломов к-сі, 64), 324-аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны 67-36-83 (22-55).
«Қазақ тілінен арнаулы курс» пәні 050205 «Қазақ филологиясы» мамандығында 3 семестрде 15 аптада оқылады. Жалпы сағат саны-135с, дәріс-30с, тәжірибешілік-15 с, СӨЖ-90с. 3 Пәннің еңбек сыйымдылығы
4 Пәннің мақсаты және міндеттері Пәннің мақсаты: «Қазіргі тіл білімінің өзекті мәселелері» арнаулы курсының мақсаты студенттерді ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында пайда болған тілтанымдық зерттеулер бағытымен, сонымен қатар қазіргі отандық және әлемдік лингвистикадағы мектептер мен ағымдармен таныстыру. Пәннің міндеті – - қазіргі лингвистика статусы, оның объектісі, мақсаттары мен міндеттері, әдіс-тәсілдері, лингвистиканың гуманитарлық ғылымдар мен жаратылыстану ғылымдары циклындағы орнын анықтау; - әрбір ғылыми парадигмалардың ерекшеліктері, лингвистикалық ғылымның дамуындағы магистралды бағыттар мәселелерін зерттеу; - әртүрлі тілтанымдық бағыттар мен мектептердің аясында шешілетін жеке мәселелер – тілтанымдық білімнің негізгі мәні, білім мен мән-мағынаның арақатынасы, тілдесімдік қызметпен байланысты мәселелерді тұжырымдау. 5 Білімге, икемділікке және дағды-машықтарға қойылатын талаптар Студенттер білуі тиіс: ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында пайда болған тілтанымдық зерттеулер бағытымен, сонымен қатар қазіргі отандық және әлемдік лингвистикадағы мектептер мен ағымдармен таныс болуы тиіс. Студенттер істей білуі тиіс: - Тіл туралы қазіргі ғылымда пайда болған үрдістердің басымдылықтарын айқындай білуі тиіс және тіл дамытуда байқалып жатқан перспективаны белгілеу жөнінде түсініктері болуы; - Қазіргі тіл біліміндегі негізгі теориялық және әдіснамалық қағидаларды, басты ұғымдарды білуі; - Тілтанымдық ғылыми концепцияларды интерпретациялауға; - Лингвистикалық талдау жасауға икемді болуы; - Концептілік, танымдық тұрғыда талдаулар жасау бойынша практикалық машықтарды иемденуі қажет. 6 Пререквизиттер Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар қажет: тіл біліміне кіріспе; қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы; қазіргі қазақ тілінің фонетикасы; қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы; қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. 7 Постреквизиттер Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар келесі пәндерді меңгеруі үшін қажет: қазіргі қазақ тілінің жай сөйлемі; қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі; стилистика және тіл мәдениеті; қазақ тілінің тарихи грамматикасы, жалпы тіл білімі. 8 Тақырыптық жоспар Пәннің мазмұны
9 Пәннің қысқаша сипаттамасы «Қазақ тілінен арнаулы курс» пәні «Тіл білімінің өзекті мәселелері» деп аталады. Осы пәнді игеру барысында студенттер ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында пайда болған тілтанымдық зерттеулер бағытымен, сонымен қатар қазіргі отандық және әлемдік лингвистикадағы мектептер мен ағымдармен танысады. 10 Курстың компоненттері Дәріс сабақтарының тақырыптары. 1- тақырып. Қазіргі тіл біліміндегі ғылыми парадигма ұғымы. Ғылыми парадигма ұғымы (Т.Кунның ғылыми теориялары және оның қазіргі кезеңдегі интерпретациясы). Ғылымдағы парадигманың ауысымын анықтайтын факторлар. Тіл білімінің қазіргі кезеңдегі мәселелері. 2 -тақырып. Тілдің парадигмалық айрықша белгілері. Экспансионизм ғылым дамуының жалпы үрдісі іспетті. Тіл білімімен байланысты жаңа ғылымдардың байланысы (лингвогносеология, әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, нейролингвистика, лингвопраксеология, лингвомәдениеттану, этнолингвистика, лингвопалентология). 3-тақырып. Тіл білімінің парадигмалы кезеңі. Антропоцентризм зерттеудің ерекше принципі іспетті: тілдегі екі мәселе – «тілдегі адам мәселесі» және «адамдағы тіл мәселесі». Функционалдылық және ондағы қазіргі лингвистикалық зерттеулердегі жалпы әдіснамалық негіз; функционалдылықтың тар және кең мағынада түсінуі. Қазіргі тілдік зерттеулердегі гипотезалық-дедуктивтік әдістердің орны. Тілтанымдық зерттеулердегі соңғы мақсаттар мен міндеттерді анықтау мәселесі. 4-тақырып. Қазіргі тіл біліміндегі лингвистикалық бағыттар мен мектептер. Тілтанымдық зерттеулердің функционалды бағыты. Генеративтік тіл білімі. Қазіргі тіл біліміндегі когнитивтік бағыт. 5-тақырып. Тілтанымдық зерттеулердің функционалды бағыт. Қазіргі функционалды зерттеулерге жалпы сипаттама. Дәстүрлі грамматика мен функционалды грамматиканың арақатынасы. Әлемдік тіл біліміндегі функционалды-грамматикалық тұжырымдамалардың негізгі типтері. 6-тақырып. Генеративтік лингвистика Генеративтік лингвистика терминінің мазмұны. Оның компоненттері және осы компоненттердің өзара арақатынасы. Генеративистердің тіл онтогенезі мәселелеріне көзқарастары. 7-тақырып. Қазіргі тіл біліміндегі когнитивтік бағыт Қазіргі әлемдік лингвистикадағы когнитивтік зерттеулер. Когнитивтік тіл білімінің басқа когнитивтік ғылымдар ішінде алатын орны. Когнитивтік механизм. Модельдік-символикалық ұстаным. 8-тақырып. Когнитивтік ғылымдағы лингвистикалық теориялар Менталдық ақпарат. Менталдық лексикон. Когниция. Концепт. Жалпыкогнитивтік құрылымдар. Метафора. 9-тақырып. Тілдік тұлға теориясы Тілдік тұлға ұғымы және Ю.Н.Караулов тұжырымдамалары. Тілдік тұлғаның ұйымдастырылуындағы вербалды-семантикалық деңгей. Осы деңгейді лингвистикалық зерттеудің әдістері. Прагматикалық деңгей немесе прагматикон. 10-тақырып. Тілдік тұлға құрылымы Тілдік тұлға феномені. Тілдесімдік тұлға және коммуникативтік тұлға. Ассоциативтік бақылау. 11-тақырып. Тілтаным құрылымдарын зерттеу теориялары Көркем мәтіннің лексикалық құрылымы: антропоцентрлік зерттеулер принциптері. Қазіргі концептілік зерттеулердің лингвистикалық жолдары. Концептіні зерттеудің лингвистикалық және лингвомәдениеттанымдық ұстанымдарының мәнісі. 12-тақырып. Жалпы когнитивтік құрылымдар Тілдік құрылымның универсалдық сипаты. Тілді қолданудың шығармашылық аспектісі. Когниция мәселелері. Когнитивтік зерттеулер аясында қарастырылатын мәселелер. 13-тақырып. Ментальды лексикон мәселесі Менталды лексикон мәселесінің психолингвистика және адам туралы басқа да ғылымдардың жалпы даму үрдістерінің заңдылықтармен сәйкестігі. Жеке адам лексиконының психолингвистикалық теориялары. Ақпаратты когнитивтік тұрғыдан қайта өңдеу механизмдері. 14-тақырып. Әлемнің концептуалдық бейнесі Әлем бейнесі ұғымы. Тілдік ұжым стереотиптерінің жүйесі. Менталитет болмысы тұжырымдамалары. 15-тақырып. Семиотиканың негізгі ұғымдары мен категориялары. Бағыттары «Семиотика» терминінің тарихы. Семиотикадағы таңба ұғымы. Қоғамда бар таңбалардың басты топтары. Таңбалардың функционалды категориялары. Семиотикалық жүелердің дамуы және семиотика заңдары. Семиотика эмпирикалық және теориялық білім іспетті. Тәжірибешілік сабақтардың тақырыптары 1-тақырып. Ғылыми парадигмалардың ауысу теориясы аясындағы қазіргі тіл білімі. Тіл біліміндегі бихевиоризм, экспансионизм және функционализм бағыттары. Олардың өзіндік ерекшеліктері, алғы шарттары, басымдылықтары. 2-тақырып. Тіл біліміндегі антропоцентризм бағыты. Антропологиялық лингвистика, оның зерттеу нысаны. Лингвомәдениеттаным, лингвогносеология. 3-тақырып. Функционалды зерттеулер. Функционалды грамматика және функционалды лексикология мәселелері. Тілдік универсалийлер. Синтаксема, жүйе, форма мәселелері. Функционалды-семантикалық ая. 4-тақырып. Генеративтік тіл білімі бағыты. Генеративтік тіл біліміндегі тілдік модуль, тілдік қолданымдар, тілдік қабілет мәселелері және олардың өзектілігі. Семантикалық интерпретация. 5-тақырып. Когнитивтік тіл білімі. Когнитивтік тіл біліміндегі тілдік модуль. Когнитивті механизм, менталды ақпарат, менталды лексикон мәселелері. 6-тақырып. Психолингвистика. Психолингвистикалық зерттеулер, олардың жалпы сипаты. Репрезентация, коннекционизм мәселелері. 7-тақырып. Тілдік тұлға құрылымы. Тілдік тұлғаның ассоциативтік нормасы, ассоциативтік аясы, ассоциативтік эксперименті, лингвокогнитивтік деңгейі. Прагматикон, прагматикалық деңгей. Тілдесім механизмі. 8-тақырып. Тілдік білім құрылымын зерттеуге байланысты теориялар. Этноцентризм мәселелері. Менталды-тілдік кешен. Категориялау теориясы. Тіл біліміндегі прототип мәселелері. Тілдің функционалды репрезентациясы. 9-тақырып. Тілдік әлем бейнесі. Концептуалдық әлем бейнесі. Концептуализациялау. Концептуалдық талдаулар және оның жасалу үлгісі. Концептуалдық жүйе. Ұлттық концептілер ерекшеліктері. 10-тақырып. Қазіргі тіл біліміндегі метафора мәселелері. Метафора және оның түрлері. Онтологиялық метафоралар, узуалдық метафоралар. Тілдік метафора. Метафоралық ұғымдар. Метафора фокусы. Ойлаудың фигуралық тәсілдері. 11-тақырып. Индивидтің менталды лексиконы. Ішкі лексикон. Терең когнитивтік жүйелер. Ақпараттық тезаурус. Лексикалық грамматика. Менталды репрезентация. 12-тақырып. Модульдік зерттеулер. Тораптық модель, таралымы белсенді модель, семантикалық белгідегі модель ұғымдары. Фонетикалық-фонологиялық модуль. 13-тақырып. Қазіргі тіл біліміндегі тілдік қатынас мәселелері. Тілдесім мәселелері. Сыртқы сөз, ішкі сөз. Тілдік перцепт. Перцептілік механизм. Перцептивтік үдеріс. Перцептивтік сөздік. Перцептивтік стратегия. Перцептивтік эталон. 14-тақырып. Тіл біліміндегі уәж теориясы. Уәжделу, уәждеме, уәжденім мәселелері. Сөзжасамдағы уәждеме. 15-тақырып. Стилистикалық прагматика. Шығармашылықтағы адамның әлемді қабылдау ерекшеліктерінің когнитивтік базасы. Ұлттық-мәдени стереотиптер және дәстүрлі стилистикалық амал-тәсілдердің арақатынасы. СӨЖ мазмұны СӨЖ мазмұны
Студенттерге өздігінен оқуға берілетін тақырыптар 1. Тілдік қатынас негіздері. Ұсынылатын әдебиет: [9], 234-240 бет. 2. Ғылыми парадигма және оның ауысымы мәселелері. Ұсынылатын әдебиет: [4], 496-525 беттер; [7], 1-35 беттер. 3. Әлеуметтік лингвистика және оның мәселелері. Ұсынылатын әдебиет: [10], 149-155 беттер; [3], 102-103 беттер ,[11], 144-156 беттер 4. Концептілер. «Талап», «Жүрек», «Ұйқы» сөздеріне концептілік талдау жасаңыз. Ұсынылатын әдебиет: [9], 240-246 бет. 5. Дискурс және дискурстік талдаулар. Ұсынылатын әдебиет: [9], 246-250 бет, [3], 186-187 беттер, [15] 45-75 беттер. 6. Көркем шығармалардағы эмоционалды-экспрессивті лексика, олардың қызметі. Ұсынылатын әдебиет: [3], 116-118 бет, [12], 1-55 беттер,. 7. Тілдің көріктеуіш-бейнелеуіш құралдары. Көркем сөз және көркем бейне. Ұсынылатын әдебиет: [19], 5-36 бет, [10], 161-167 беттер, [11] 156-176 беттер,[12]. 8. Көркем шығарма авторларының прагматикалық деңгейі, менталды лексиконы (Көркем шығарма авторы өз қалауыңыз бойынша таңдалады). Ұсынылатын әдебиет: [11], 1-20 бет, [6], 25-39 беттер, [14] 49-100 беттер. 9. Тезаурус және прессупозиция деген не? Ұсынылатын әдебиет: [13], 191-192 бет, [16], 1-53 беттер, 10. Метафоралы сөз қолданыстары және оның түрлі стильдердегі көрінісі. Ұсынылатын әдебиет: [14], 25-89 бет, [3], 190-191 беттер, [9] 29-78 беттер.
Ағымдағы үлгерімнің және межелік бақылаудың салмақтық үлестері Ағымдағы үлгерімнің және межелік бақылаудың салмақтық үлестері 0,7 және 0,3 2010-2011 оқу жылына жіберу рейтингі және қорытынды бақылаудың салмақтық үлестері:
СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру жөніндегі және «Қазақ жазуының тарихы» пәні бойынша 050205- «Қазақ филологиясы» мамандығы бойынша күндізгі оқу нысанының студенттеріне арналған бақылау іс-шараларының күнтізбелік кестесі
Пәннің оқытылған модулі бойынша семестрдің ортасында және соңында 100 балдық шкала бойынша ағымдық үлгерім (АҮ) шығарылады. Межелік бақылау бағасы (МБ) 100 балдық шкала бойынша анықталады. Межелік бақылауға АҮ бойынша балдары бар студентте босатылады. АҮ мен МБ бағалары бойынша пән бойынша студенттердің рейтингілері (Р1 және Р2) анықталады: Р1(Р2)=АҮ1(АҮ2)х0,7+МБ1(МБ2)х0,3. Бақылау шараларының күнтізбелік кестесі кафедра мәжілісінде бекітілді. Хаттама № . «___» _________ 2010. Кафедра меңгерушісі Н.Қ.Жүсіпов. 11 Курстың саясаты Оқу процесіне қатысу дегеніміз – сабаққа қатысу, пікірталаста және топ жұмысында белсенділік көрсету, топтастарының оқуына әсер ету. Қойылған талаптар орындалмаса, жаза қолданылады. Сабаққа 100 пайыз қатысып, берілген тапсырмаларды уақытымен және дұрыс орындаса – ең жоғарғы балл 100 б. қойылады. Курсты өту барысында төмендегідей марапаттау ұпайлары қойылады: - дәріске қатысу – 1 балл. - тәжір. сабаққа қатысу – 1 балл. - тәжір. жұмысты орындау – 5 балл. Тәжірибешілік жұмыстарын орындау барысында
Өздік жєне курстық жұмыстарын орындау және қорғау барысында:
Студенттер білімін аралық бақылау тест немесе жазбаша бақылау жұмысы түрінде жүргізіледі. Осы көрсеткіштер орындалмаған жағдайда жеткіліксіз немесе айып санкциялары қолданылады:
Егер студент сабаќќа себепті жаѓдаймен келе алмаса, келесі аптада сол сабаќќа өтеу (отработка) жасайды. Бірақ балы азайтылады. Пән бойынша қорытынды рейтинг мына формула бойынша анықталады: Қ = Р1 + Р2__ ӨҮаү + Е*ӨҮе+КЖ*ӨҮкж мұндағы Р1, Р2, Е, С,КЖ – бірінші, екінші рейтингте алған ±пай бойынша емтихандағы балл көрсеткіші ӨҮаү, ӨҮе, ӨҮс, ӨҮкж – ағымдық үлгерімнің семестрдегі үлестері. Студент сынақты тапсырмай алуы үшін жинаған балы 100 болу керек. Егер оқу жоспарында емтихан мен сынақ қарастырылған болса, онда сынақ ағымдық бақылау түрі деп есептеледі. КЖ ғылыми жетекші қатысуымен комиссия алдында қорғалады және пікірмен бірге бағаланады. Пән бойынша қорытынды рейтинг 2-кестеге сай баллдан сандық баламаға, әріптік және дәстүрлі бағаға ауыстырылады. Сөйтіп, оқу жетістіктері журналына және рейтингтік ведомостьқа жазылады. Ведомость пен сынақ кітапшасына дәстүрлі үлгімен баға қойылады. Егер пән бойынша емтиханнан басқа курстық жұмыс қарастырылған болса, онда сынақ кітапшасына дәстүрлі үлгімен Кж балына сай баға қойылады.
Егер студент емтиханда F деген баға алса, оның қорытынды рейтингі анықталмайды. Ведомостьқа «қанағаттанарлықсыз» деген баға қойылады. Егер пән бірнеше семестрде өтетін болса, онда балл түріндегі баға орташа есеппен қорытылады: Қ= _Қ1*К1+Қ2*К2+...+Қn*Кn К1+К2+...+Кn Мұнда Қ1 ,Қ2 ,Қn – семестр бойынша балл түріндегі қорытынды баға; К1,К2,Кn – семестр бойынша пән сағаты n – семестр саны
Негізгі
Қосымша 16. Арутюнова Н.Д. Язык и мир человека. -М.: Наука, 1998. – 216 с. 17. Барт Р. Основы семиологии // Структурализм «за» и «против». – М, 1975. – 185 с. 18. Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. –Алматы: Сөздік-Словарь, 2005. – 440 б. 20. Степанов Ю.С. Прагматика. Лингвистический энциклопедический словарь. –М.: Советская энциклопедия, 1990. – 260 с. Каталог: arm -> upload -> umk umk -> Дәрістердің тірек конспектісі umk -> Әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы umk -> Әдістемелік нұсқау Нысан пму ұс н 18. 2/05 umk -> Жұмыс бағдарламасы 050703 «Ақпараттық жүйелер» umk -> Нұсқаулар ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі umk -> Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы umk -> Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы umk -> Жұмыс бағдарламасы 20 ж. " " № Хаттама бекітілген жұмыс оқу жоспарларының және мамандықтың элективті пәндер каталогының негізінде әзірленді umk -> Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы жүктеу/скачать 317 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |