Қазақ тілінен 9 сыныптарға арналған тест сауалдары
І нұсқа
1. Әріп санынан дыбыс саны көп сөзді табыңыз
А) сендей В) айнадай С) аюдай
Д) күлмей Е) жердей
2. Үндестік заңына бағынбай тұрған сөзді көрсетіңіз
А) еңбекқор В) жалқау С) еріншек
Д) ақылды Е) әдепті
3. Тек ұяң дауыссыздары бар сөзді табыңыз
А) күзгі В) қысқы С) көктемгі
Д) таңғы Е) жазғы
4. Барыс септіктің шылауларын белгілеңіз
А) туралы, үшін В) –ма/-ме С) ғой, -ақ
Д) дейін, қарай Е) жайында
5. Табыс септікте тұрған сөзді көрсетіңіз
А) маған В) сенің С) үйінде
Д) анама Е) мақсатын
6. Күрделі зат есімді көрсетіңіз
А) қызыл ала В) Ертіс өзені С) он үш
Д) бір-екі Е) Алматы – қала
7. Қандай сын есім күшейтпелі түрде тұр?
А) қып-қызыл В) үлкенірек С) әдепті
Д) таза Е) сары ала
8. 3, 5 сан есім қалай айтылады?
А) үш бүтін В) үш жарты С) үш жарым
Д) үш ширек Е) үштен бес
9. Белгісіздік есімдікті табыңыз
А) әлдекім В) ешкім С) кімнің
Д) әркім Е) кімдер
10. Етістік тудырушы жұрнақтарды көрсетіңіз
А) –лы/лі В) –шы/-ші С) –дық/-дік
Д) –тар-тер Е) –ла/ле
11. Мезгіл үстеуді белгілеңіз
А) қысқы В) қысқа С) жоғары Д) төмен Е) сәл
12. Адамға бағытталған одағайды табыңыз
А) моһ-моһ В) тәй-тәй С) шип-шип
Д) шөк-шөк Е) түу
13. Бейне еліктеу сөзді көрсетіңіз
А) тарс-тұрс В) гүрс-гүрс С) шапшаң
Д) жалт Е) баяу
14. Қарсылықты жалғаулықты табыңыз
А) өйткені В) дегенмен С) және
Д) кейде Е) біресе
15. Шектік демеулікті белгілеңіз
А) ғана В) ғой С) түгіл Д) ма, ме Е) бүкіл
16. Туралы қандай септіктің шылауы?
А) Атау В) Ілік С) Барыс Д) Шығыс Е) Жатыс
17. Жай сөйлемнің түрін анықтаңыз: Табиғатты қорғаңдар.
А) хабарлы В) лепті С) бұйрықты
Д) сұраулы Е) жалаң
18. Атаулы сөйлемді көрсетіңіз
А) Күн ыстық. В) Ыстық күн. С) Сәлеметсіз бе! Д) Үйге барамын. Е) Алақай!
19. Ғылым таппай мақтаңба... қандай сөйлем?
А) болымды В) жалаң С) белгісіз
Д) болымсыз Е) сұраулы
20. Сөйлемдегі қыстырма сөздің түрін анықтаңыз: Әлбетте, өнер сайысына қатысып тұру керек.
А) ой тәртібі В) қуаныш С) растау
Д) өкініш Е) аяушылық
21. Бастауыш пен баяндауыш арасына нені қою керек: Қазақ халқы өнерсүйгіш халық
А) тырнақша В) үтір С) қос нүкте
Д) сызықша Е) дефис
22. Сөйлемнің түрін анықтаңыз: Мұғалім маған «5» қойды, өйткені мен жақсы дайындалдым.
А) ыңғайлас В) талғаулы С) кезектес
Д) қарсылықты Е) себеп-салдар
23. Қай мақалда антоним бар?
А) Басқа пәле тілден. В) Тілде тиек жоқ.
С) Жақсы сөз – жарым ырыс
Д) Жаман айтпай, жақсы жоқ
Е) Жақсы ісімен жақсы.
24. Тұрақты сөз тіркестің маңызын табыңыз: қой аузынан шөп алмас
А) білгір В) жуас С) әдемі Д) сәнқой Е) ерке
25. Салалас сөйлемнің неше түрі бар?
А) 2 В) 5 С) 6 Д) 3 Е) 4
26. Абай туралы кім роман жазды?
А) М. Шаханов В) М. Әуезов С) М. Дулатов
Д) Ә. Марғұлан Е) Қ. Сәтбаев
27. «Қазақ» газетінің редакторы кім болды?
А) М. Дулатов В) Ж. Аймауытов С) Б. Майлин Д) М. Жұмабаев Е) А. Байтұрсынов
28. Қазақтың тұңғыш ғалымы кім?
А) Ш. Уәлиханов В) Ә. Марғұлан С) Қ. Сәтбаев Д) А. Байтұрсынов Е) Қ. Бекхожин
29. «Азия дауысы» қандай фестиваль?
А) қазақстандық В) азиялық С) халықаралық Д) еркіндік Е) дүниежүзілік
30. Ең жасы үлкен батыр кім болды?
А) Қабанбай В) Наурызбай С) Бөгенбай
Д) Баян Е) Жасыбай
Қазақ тілінен 9 сыныптарға арналған тест сауалдары
ІІ нұсқа
1. Кірме сөзді көрсетіңіз
А) таң В) кітап С) ағайын Д) бала Е) ерте
2. Қай сөзде тек тән дауысты дыбыстар бар?
А) үміт В) кәде С) сәуле Д) ұлы Е) өзен
3. Тұйық-бітеу-ашық буынды сөзді көрсетіңіз
А) аттарды В) арбалар С) ұнды Д) енді Е) төрт
4. Қате тасымалданған сөзді табыңыз
А) ана-ға В) ұс-таз С) қа-те Д) а-на Е) қол-да
5. Ілгерінді және кейінді ықпалдар бар сөзді көрсетіңіз
А) жұмыс В) үйде С) жүрегі Д) құлын Е) жаз
6. Деректі зат есімді белгілеңіз
А) той В) достық С) сурет Д) сезім Е) білім
7. Салыстырмалы шырайдағы сын есімді табыңыз
А) жақындау В) жақын С) жақын емес
Д) жақында Е) өте жақын
8. Болжалды сан есімді көрсетіңіз
А) он бес В) бесінші С) бес Д) беске Е) бестей
9. Қандай есімдіктер септелмейді?
А) кім? не? В) әр, қайда С) бәрі
Д) қандай Е) бұл
10. Не істеп тұр? қандай етістіктің сұрағы?
А) қалау рай В) өткен шақ С) келер шақ
Д) ортақ етіс Е) нақ осы шақ
11. Ырықсыз етісті көрсетіңіз
А) ол барды В) диктант жазылды С) сен жуын
Д) өлең айтқыз Е) менімен сөйлесті
12. Мекен үстеуді табыңыз
А) ертең В) биыл С) баяу Д) мұнда Е) әзер-әзер
13. Еліктеуіш сөзді көрсетіңіз
А) маң-маң В) құрау-құрау С) көс-көс
Д) асты-үсті Е) шөре-шөре
14. Шығыс септік шылауын белгілеңіз
А) үшін, арқылы В) дейін, шейін С) қарай, да
Д) кейін, соң Е) таман, бірге
15. Етістіктің ауыспалы түрін көрсетіңіз
А) көрдім В) көреді С) көрме Д) көру Е) көрген
16. Оқшау сөздің түрін анықтаңыз: Әрине, жарнамада жұмыс істеу үшін талант керек.
А) одағай В) қаратпа сөз С) қыстырма сөз
Д) еліктеуіш сөз Е) демеулік шылау
17. Сызықша не үшін қойылған: Тұмар – қағазға жазылған қоран аяты.
А) қос сөз арасында В) реплика алдында
С) бастауыш пен баяндауыш арасында
Д) төл сөзден кейін Е) төлеу сөзден кейін
18. Сөйлемнің түрін анықтаңыз: Сабаққа қалып келуге болмайды.
А) жақсыз В) жақты С) жалаң
Д) дара Е) күрделі
19. Фразеологизмнің баламасын табыңыз:Тілде тиек жоқ.
А) язык мой – враг мой В) договориться
С) язык проглотить Д) язык без костей
Е) главное искусство - красноречие
20. Бірыңғай толықтауышты көрсетіңіз
А) көз бен қас В) суық, аяз С) барды, келді
Д) анама, әжеме Е) бүгін, ертең
21. Күрделі бастауышы бар сөйлемді белгілеңіз
А) Әкеммен бірге істеймін.
В) Досым екеуміз қонаққа бардық.
С) Келгендер үйге кірді.
Д) Оқушы мен мұғалім сөйлесіп отыр.
Е) Менің әкем – дәрігер.
22. Құрмалас сөйлемді көрсетіңіз
А) Құстар жылы жаққа ұшып кетті.
В) Көктемде қар ериді, сайға ағады.
С) Жаз келіп, жасыл шықты.
Д) Күзде күн қысқарады, салқындайды
Е) Шегіртке мен құмырсқа – дос емес.
23. Қазақстанда мақта тек оңтүстікте ғана өседі. Пысықтауыштың түрі қандай?
А) мезгіл В) мекен С) себеп-салдар
Д) мақсат Е) мөлшер
24. Сөйлемдегі сан есімнің рөлін анықтаңыз: Қазір екі мың тоғызыншы жыл.
А) анықтауыш В) толықтауыш С) бастауыш
Д) пысықтауыш Е) баяндауыш
25. Ш. Уәлихановтың еңбегін табыңыз
А) «Тіл құралы» В) «Абай жолы»
С) «Ақиқат сыйы» Д) «Күлтегін» Е) «Киіз үй»
26. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулығын көрсетіңіз
А) немесе В) яғни С) сондықтан
Д) кейде Е) және
27. Антонимдер бар мақалды көрсетіңіз
А) Күлме досқа – келер басқа.
В) Жақсы дос ағадан да артық.
С) Жаман сыйлағанды білмейді.
Д) Жаман достан жақсы жау артық.
Е) Ерте тұрсаң емерсің.
28. Көне жазба түрік тілі қалай аталған?
А) көне В) ежелгі С) руни Д) ескі Е) диалект
29. Төле би қай жүздің биі?
А) Кіші жүз В) Ұлы жүз С) Орта жүз
Д) Үлкен жүз Е) Кішкентай жүз
30. «Ана туралы жыр» кімнің әні?
А) Ш. Қалдаяқовтың В) Н. Тілендиевтің
С) М. Төлебаевтың Д) М. Ілиясовтың
Е) М. Омаровтың
Қазақ тілінен 9 сыныптарға арналған тест сауалдары
ІІІ нұсқа
1. Зат есімді табыңыз
А) ой В) ойла С) бар Д) басқар Е) бару
2. Сын есімнің салыстырмалы шырайдағы формасын көрсетіңіз
А) әдемі В) әдемі ме? С) әдемілеу
Д) ең әдемі Е) әдемі емес
3. Етістіктің болымсыз түрін табыңыз
А) бар ма? В) барма С) бару керек
Д) барған Е) барамын
4. Сан есімнің неше түрі бар?
А) 5 В) 6 С) 7 Д) 8 Е) 4
5. Жалқы зат есімді көрсетіңіз
А) мединститут В) табиғат С) ұл
Д) бала Е) Екібастұз
6. Жіктік есімдікті табыңыз
А) біз, біздің, өзі В) ешкім, ештеңе, дәнеңе
С) қайда, қашан, кім
Д) бәрі, барлық, бүкіл Е) Сіз, ол, сен
7. Өкініш одағайын белгілеңіз
А) алақай В) тәйт С) шіркін
Д) қап Е) моһ-моһ
8. Дыбыс еліктеуішті табыңыз
А) сарт-сұрт В) былқ-былқ С) жарқ-жұрқ
Д) салпаң-салпаң Е) әзер-әзер
9. Септеулік шылауды белгілеңіз
А) бардым ғой В) алдың ба?
С) сабақтан кейін Д) көңіл мен күй
Е) бәрі де
10. Зат есімнен жасалған сын есімді көрсетіңіз
А) қалаға В) қаламен С) қаламыз
Д) қалалық Е) қалаларың
11. Реттік сан есімді табыңыз
А) жиырмасыншы В) жиырма
С) жиырмадан Д) жиырмадай
Е) жиырма екі
12. Тұйық етістікті көрсетіңіз
А) бағала В) бағалаймын С) бағалама
Д) бағаламау Е) бағалаңыз
13. Сөйлемдегі сын есімнің рөлін көрсетіңіз: Менің ұлым өте ақылды.
А) бастауыш В) баяндауыш С) анықтауыш
Д) толықтауыш Е) пысықтауыш
14. Деректі зат есімді табыңыз
А) мінез В) арман С) орман
Д) қайрат Е) қуат
15. Мекен үстеуді белгілеңіз
А) кеше В) былтыр С) биыл
Д) жылдам Е) осында
16. Жалғаулықты шылауды табыңыз
А) үйге қарай В) ащы мен тұщы
С) доспен бірге Д) алмай-ақ қой Е) жай отырма
17. Белгісіздік есімдікті көрсетіңіз
А) біреу келді В) ешкім жоқ С) бәрі болды Д) сенімен бірге Е) қайдасың?
18. Есімшенің жұрнақтарын белгілеңіз
А) –ды/-ді В) –лық/-лік С) –шы/-ші
Д) –ған/-қан Е) –а/-е/-й
19. Сөйлемдегі үстеудің рөлін көрсетіңіз: Оқушылар концертке ерте келіпті.
А) толықтауыш В) пысықтауыш
С) баяндауыш Д) бастауыш Е) анықтауыш
20. Күшейтпелі сын есімді табыңыз
А) сары ала В) үлкенірек С) табыскер
Д) белгілі Е) аса көрнекті
21. Жалпы есімді белгілеңіз
А) Қаңтар В) Қостанай С) Қызылорда
Д) Қарағанды Е) Қаратау
22. Сан есімнен жасалған зат есімді көрсетіңіз
А) бесеу В) мың-мыңнан С) екілік
Д) отызыншы Е) жүз бүтін, оннан төрт
23. Біріккен зат есімді табыңыз
А) ата-ана В) төбе-төбе С) ақсақал
Д) алақай Е) бес-алты
24. Шақыру одағайды көрсетіңіз
А) паһ-паһ В) көс-көс С) тарс-тұрс
Д) бәрекелді Е) апырмай
25. Демеулік шылауды табыңыз
А) бар ма, жоқ па? В) айтқан жоқ
С) келген емес Д) алаңға дейін Е) көмегімен
26. Туынды сын есімді көрсетіңіз
А) сирек В) қиын С) көрікті
Д) алыс Е) жарық
27. Күрделі етістікті табыңыз
А) жазған В) жазатын С) жазбайды
Д) жазып отыр Е) жазбақпыз
28. Жалғаудың неше түрі бар?
А) 5 В) 3 С) 2 Д) 4 Е) 1
29. Өткен шақта тұрған етістікті табыңыз
А) әкелдім В) сұраймын С) жауап берші Д) ән шырқайды Е) ойнап жүр
30. Есімдік қандай септікте тұр? саған
А) Атау В) Ілік С) Көмектес
Д) Жатыс Е) Барыс
Достарыңызбен бөлісу: |