ІІ нұсқа
1. Етістікті сөз тіркесін көрсетіңіз:
А) Кірпіш үй.
В) Бес бала.
С) Оқыған қыз.
Д) Сөзіне таңғалды.
Е) Әдемі әуен.
2. Есімді сөз тіркесін көрсетіңіз:
А) Біліміне таңғалды.
В) Әнді тыңдады.
С) Кеше келді.
Д) Бесінші сынып.
Е) Көп ойланды.
3. Тұйық етістіктің септеліп тұрған түрі:
А) Келуім
В) Сөйлеуге
С) Баруы
Д) Келулері
Е) Кетуім
4. Синтаксис нені зерттейді?
А) Сөз тіркесі, сөйлем.
В) Тіл дыбыстары.
С) Сөздердің дұрыс айтылуы.
Д) Сөздердің дұрыс жазылуын
Е) Қосымша.
5. Толымды сөйлемнің толымсыз сөйлемнен ерекшелігі қандай?
А) Бастауышы түсіріліп айтылады
В) Айтылуға тиісті мүшелер түсіп қалады
С) Айтылуға тиісті мүшелер түгел қатысады
Д) Қажеті жоқ сөздердің бәрі қатысады
Е) Іс-оқиғаны баяндамайды.
6. Дауыссыз дыбыстардың үндесуін табыңыз.
А) Екпін.
В) Сингармонизм.
С)Үндестік заңы.
Д) Буын үндестігі.
Е) Дыбыс үндестігі.
7. Үстеудің құрамдық түрін белгілеңіз: Кей күні бара алмаймын.
А) Зат есім, сын есім.
В) Етістік, зат есім.
С) Күрделі етістік.
Д) Есімдік, зат есім.
Е) Зат есім, етістік.
8. Тыныс белгілері дұрыс қойылған төл сөзді табыңыз.
А) Ол: « Арман қалыңыз қалай»? деді.
В) Ол, «Арман,қалыңыз қалай? деді.
С) Ол: « Арман,қалыңыз қалай?»-деді.
Д) Ол: « Арман қалыңыз қалай?»-деді.
Е) Ол , « Арман,қалыңыз,қалай?»-деді.
9. Бұйрық райлы етістікті табыңыз:
А) Алса екен, естігей еді
В) кел, келсін
С) барсам, болса
Д) келсе игі еді
Е) келмекші, бармақ
10. «Ит терісін басына қаптады» сөзінің антонимін белгілеңіз.
А) Дәріптеді.
В) Жер-жебіріне жетті.
С) Жекіді.
Д) Балағаттады.
Е) Ұрысты.
11. Бірыңғай мүшелі анықтауыш пен анықталатын сөз байланысын көрсетіңіз:
Сүйеу қарт ел ішіне сыйымсыз, тікбақай тенетк шал.
А) қиысу
В) матасу
С) қабысу
Д) жанасу
Е) меңгеру
12. Қабысуды табыңыз:
А) Оңтүстікке қарай
В) жұрттың ішінде
С) етікші бала
Д) төмен қарау
Е) сен сөйлейсің
13. Бағыныңқысы көптік жалғауы жалғанбайтын сөзден құралған сөзді белгілеңіз.
А) Жүк жиылды.
В) Шаш өсті.
С) Гүл суарылды.
Д) Адамдар келді.
Е) Үй салынды.
14. Амал не, өкінішке орай – сөздері қай қатарға тән:
А) одағай
В) қаратпа
С) қыстырма
Д) шылау
Е) төл сөз
15. Құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
А)Жаман айтпай, жақсы жоқ.
В) Өнерге, білімге құштарлан.
С) Асқар мен Ержан тыста қалды.
Д) Балам, ақылды болғаның жөн.
Е) Бала жүрексініп, тіксініп қалды.
16. Төл сөздің төлеу сөзге айналу жолы яғни бастауыштың қандай сөйлем мүшесіне айналатынын белгілеңіз.
Абай биік мансаптың биік жартас екендігін айтты.
А) Пысықтауыш.
В) Толықтауыш.
С) Бастауыш.
Д) Баяндауыш.
Е) Анықтауыш.
17. Термин сөздерді табыңыз:
А) Үй, мал, тамақ
В) Бөтелке, шәйнек,
С) Бөлінгіш, бөлгіш
Д) Колхоз, совхоз
Е) Ауқат, ас
18. Басқа тілден енген сөздерді табыңыз:
А) Кілем, айна
В) Кереует, бәтеңке
С) Кеден, егемен
Д) Қасқыр, бөрі
Е) Аспан, күн
19. Ауыспалы өткен шақта тұрған сөзді анықтаңыз:
А) келетінмін
В) жазғанмын
С) кетіппін
Д) қойыпты
Е) пісіпті
20. Соңғы жылдары шешендік сөздерді жинап, зерттеп, танытуға үлес қосқан ғалымды табыңыз.
А) А. Байтұрсынов.
В) С.Сейфуллин.
С) Ә. Кекілбаев.
Д) Б. Адамбаев.
Е) М. Жұмабаев.
21. Сөздердің орын тәртібі арқылы іргелесе байланысу неге тән?
А) Қабысуға
В) Матасуға
С) Меңгеруге
Д) Жанасуға
Е) Қиысуға
22. Бірге жазылатын қос сөзді көрсетіңіз.
А) Бессайыс
В) Биыл
С) Жолсоқты.
Д) Көкпеңбек
Е) Әп-әдемі
23. Меңгеріле байланысқан тіркес.
А) Әлсіз әйел
В) Баруға уақытым жоқ
С) Ол түсінеді
Д) Біздің өзіміз
Е) Қараңғы түн
24. Ортақ етісті табыңыз.
А) Жазысты.
В) Құйылды.
С) Жуын.
Д) Барғыз.
Е) Сөйлет.
25. «Қазақ тілі - әрі бай, әрі көркем тіл» деген кімнің сөзі, табыңыз.
А) К. Аханов.
В) М.Әуезов.
С) С. Мұқанов.
Д) Б. Момышұлы.
Е) А.Құнанбаев.
Жауаптары:
1. д
2. д
3. в
4. а
5. с
6. е
7. д
8. с
9.в
10. а
11. с
12. с
13. в
14. с
15. а
16. е
17. с
18. в
19. а
20. д
21. а
22.д
23.в
24. а
25.в
Достарыңызбен бөлісу: |