«Қазақ тілінің стилистикасы» пәні бойынша емтихан сұрақтары
Силистиканың анықтамасын, міндеті мен мақсатын сипаттап жазыңыз.
Мектеп оқушыларының сөйлеу мәдениетіндегі лингвоэкологиялық проблемаларды саралап жазыңыз.
«Стиль – адам» деген Бюффонның берген түсінігін талдаңыз, өз тарапыңыздан пікір білдіріңіз.
Тіл ресурстары стилистикасының (тіл стилистикасының) міндеті мен жіктелісін жүйелеп жазыңыз.
Функционалды стилистиканың (қолданыс тілі стилистикасының) жіктелісіндегі ұстанымдады саралап жазыңыз.
Лексика және стилистиканың байланысын нақты дәйек келтіре отырып дәлелдеп жазыңыз.
Стилистиканың даму бағыттары мен түрлерін, шектес ғылымдармен байланысын мысалдар негізінде таратып жазыңызы.
Бала тілінің фонетикалық, лексикалық және грамматикалық жүйесін ерекшеліктеріне қарай саралап жазыңыз.
Функционалдық терминінің тіл біліміндегі қолданысына мысалдар келтіріңіз.
Ауызекі сөйлеу стилінің ерекшеліктерін, түрлерін сипаттап жазыңыз. Ауызекі сөйлеу стилінің қысқаша талдау үлгісін ұсыныңыз.
Сөздің экспрессивтік және эмоционалдық бояуын, стиль түрлеріндегі қызметін салыстырып жазыңыз.
Ғылыми стиль ерекшелігін, қазақ тілінде ғылыми стильдің қалыптасуын және ғылыми стильдің қазіргі жанрлық түрлерін жіктеп жазыңыз.
Ұғым мен мағына бір түсінік пе? Ойыңызды дәйектеп, дәлел келтіріңіз.
Бейтарап (стильаралық) лексиканың функционалдық стильдердегі қолданысын сипаттап, имысал келтіріп жазыңыз.
Стилистиканың негзгі ұғым категорияларының (стилистикалық бояу, стилистикалық құралдар, стилистикалық мағына) жіктелісіндегі ғылыми тұжырымдарды дәйектеңіз.
Құрмалас сөйлемдердің прагмастилистикалық қызметін саралап жазыңыз.
Ресми стильдің ерекшелігін, оның үш шағын түрін жіктеп және оларға анықтама беріңіз.
Көркем әдебиет стилінің эстетикалық қызметін нақты мысалмен дәйектеңіз.
Функциональдық стильдердегі эпитеттің, метафораның, теңеудің стилистикалық қызметіне (экспрессивтілік, образдылық) мысал келтіріңіз.
Кітаби лексика, көнерген сөздер мен неологизмдердің қолданысындағы ерекшеліктерді сипаттап жазыңыз. Архаизм мен историзмді қалай ажыратамыз? Пікіріңізді ұсыныңыз.
Сан есімнің стилистикалық (функционалдық стильдердегі) қызметін мысалдар негізінде сипаттап жазыңыз. «Дүниені сан билейді» деген Пифагор қағидасына өз пікіріңізді ұсыныңыз.
Құрмалас сөйлемдердің прагмастилистикалық қызметін сипаттап жазыңыз. Ауызекі сөйлеуде неге құрмалас сөйлемді қолдану қиындық туғызады? Ойыңызды мысалдармен дәйектеңіз.
Публицистикалық стильдің барлық жанрларына ортақ айқындалған қызметтерін сипаттап жазыңыз.
Сын есімнің стилистикалық (функционалдық стильдердегі) қызметін мысалдар негізінде сипаттап жазыңыз.
Жай сөйлемдердің прагмастилистикалық қызметін жазыңыз. Сұраулы сөйлемде ой хабарланып берілуі мүмкін бе? Ойыңызды дәйектеңіз.
Сөйлеу тілі лексикасының (қарапайым сөздер, диалектизмдер, кәсіби сөздер) функционалдық стильдегі қолданыстарын саралап жазыңыз.
Функционалдық стильдердегі фразеологизмдердің қолднасы мақсатын сипаттап жазыңыз.
Функциональдық стильдердегі фониканың маңызын мысалдар негізінде дәйектеңіз.
Үстеу, шылау, одағайлардың және еліктеуіш сөздердің (функционалдық стильдердегі) қызметін мысалдар негізінде сипаттап жазыңыз. Одағай сөздер тілімізде маңызды орын ала ма? (ойыңызды дәйектеңіз).
Ауызекі сөйлеу стилінің лексикалық және грамматикалық ерекшелігін сипаттап жазыңыз.
Етістіктің стилистикалық (функционалдық стильдердегі) қызметін мысалдар негізінде сипаттап жазыңыз.
Көркем әдебиет стилі мен публицистикалық стильдің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын саралап жазыңыз.
Ресми және бейресми құттықтау мәтінін жазыңыз. Айырмашылығын ситпаттаңыз.
Қазақ тіліндегі функционалды стильдердің зерттелуіне үлес қосқан ғалымдар еңбектерін талдап жазыңыз.
Дыбыстық қайталаулардың стильдік маңызын мысалдар келтіріп жазыңыз.
Контекстік синонимдер мен антонимдер, олардың стильдік қызметін сипаттап жазыңыз.
Ресми стильді анықтайтын лингвистикалық және экстралинвистикалық белгілерді саралап жазыңыз.
Стильдік және стильдік емес қателердің аражігін ажыратып, мысалдар негізінде көрсетіңіз. Стильдік қатені болдырмаудың жолдарын ұсыныңыз.
Сезімге құрылған ой толғау жазыңыз.
Функционалдық стиль түрлерін жіктеудегі ғылыми пкірлерді талдаңыз.
Зат есмінің стилистикалық (функционалдық стильдердегі) қызметін мысалдар негізінде сипаттап жазыңыз.
Тілдегі қолданымдық және құрылымдық қателерге мысалдар келтіріңіз. Қателерді болдырмаудың алғышарттарын ұсыныңыз.
Есімдіктердің стилистикалық (функционалдық стильдердегі) қызметін мысалдар негізінде сипаттап жазыңыз.
Сөздің экспрессивтік және эмоционалдық бояуын, стиль түрлеріндегі қызметін салыстырып жазыңыз.
Экспрессия мен эмоционалдылықтың арақатынасын ашып түсіндіріңіз.
Тіл стилистикасы мен қолданыс тілі стилистикасының айырмашылығы неде? Ойыңызды дәйектеп жазыңыз.
Ресми стильдің ауызша және жазбаша түрлерінің айырмашылығын мысалдар негізінде сипаттап жазыңыз.
Публицистикалық стильдегі шешендік шеберлік және оғына қойылатын талаптарды анықтап жазыңыз.
Көркем әдебиет стилистикасы мен тіл стилистикасына сипаттама жазыңыз.
Лексика және стилистиканың байланысын нақты дәйек келтіре отырып дәлелдеп жазыңыз.
Бала тілінің фонетикалық, лексикалық және грамматикалық жүйесін ерекшеліктеріне қарай саралап жазыңыз.
Қазіргі қазақ әдеби тілінде өндірістік-техникалық стильдің қалыптасуындағы қиындықтардың себебін сипаттап жазыңыз.
Стилистикалық норманың әдеби норманың басқа түрлерінен айырмашылығын ажыратып жазыңыз.
Ресми іс-қағаздар стилі: өтініш, хаттама үлгісін жазыңыз, тілдік ерекшелігін сипаттаңыз.
Өзге стиль элементтерінің көркем мәтінде жұмсалу ерекшеліктерін мысалдар негізінде көрсетіңіз.
Тіл ресурстары стилистикасының (тіл стилистикасының) міндеті мен жіктелісін жүйелеп жазыңыз.
Ғылыми стильдегі ғылыми этикет дегеніміз не? Ойыңызды нақты пікірлеріңізбен дәйектеңіз.
Бала тілінің фонетикалық, лексикалық және грамматикалық жүйесін ерекшеліктеріне қарай саралап жазыңыз.
Практикалық тапсырмада стильдік және тілдік (синтаксистік т.б.) талдаулар болады.
Достарыңызбен бөлісу: |