«7М02313 – Қазақ филологиясы» мамандығы «Қазақ филологиясының жаңа бағыттары» пәні бойынша емтихан сұрақтары №1 блок, 20 сұрақ



бет1/13
Дата22.09.2022
өлшемі0.53 Mb.
#461157
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Сарбасов Сессия (1) (копия)

«7М02313 – Қазақ филологиясы» мамандығы «Қазақ филологиясының жаңа бағыттары» пәні бойынша емтихан сұрақтары
1 блок, 20 сұрақ:



  1. ХХ ғасырдағы әлем әдебиеттануындағы бағыттарды түсіндіріңіз және қорытынды жасаңыз.

  2. ХХ ғасырдағы әлем әдебиеттануындағы бағыттардың даму тарихын саралаңыз және қорытынды жасаңыз.

  3. Мәдени-психологиялық бағытты түсіндіріңіз және қорытынды жасаңыз.

Әдеби талдаудың мәдени-психологиялық бағыты бойынша, әдеби мәтінді зерттеуде оның әлеуметтік маңыздылығынан гөрі, енді оның жеке тұлғасы, оның өмірі мен тәжірибесі, шығармашылығындағы мәдени дәстүр басты назарда болады. Бұл бағытты зерттеулер негізінен 1920 жылдары Англияда жүргізіліп, басты өкілдері ретінде Ф.Р.Ливис, У.Эмпсон, А.Ричард танылды. Аталған ғалымдарддң еңбектері қазіргі әдеби сөз теориясының мәдени-психологиялық негізін қалады. Бұл бағыттың нәтижесінде әдеби герменевтика бағыты қалыптасты.

  1. Әдебиетті мәдени-психологялық тұрғыдан талдау амалдарын сипаттаңыз және қорытынды жасаңыз.

  2. Мәтін теориясы мен поэтикасын түсіндіріңіз және қорытынды жасаңыз.

  3. Мәтін теориясын зерттеуші ғалымдар еңбектерін саралаңыз және қорытынды жасаңыз.

1. Тіл білімінің бұл саласының негізі Г.Лакофф, Р.Харвег, В.Скаличка, Э.Бенвенист, С.Карцевский, З.Шмидт, Т.Николаеват.б. еңбектерінде каланды.
2. Қазақ мәтінтанушылары Р.Сыздык, Т.Қордабаев, Б.Шалабай, М.Серғалиев, Б.Мүсрепова, С.Құнанбаева, Ж.Жакупов, О.Бүркіт, А.Жұбанов, Г.Смагүлова, З.Ерназарова, С.Мұсгафина, Г.Әзімжанова, Н.Қүрманова, К.Мухлис, А.Таусоғарова, Б.Райымбекова, Ф.Ж ақсыбаева, Ж.Қайшығұлова, М.Ахметова т.б. ғылыми зерттеу еңбектері.
Жалпы, мәтінге қатысты зерттеулер XX ғасырдың соңғы ширегінде орыс тіл білімінде көрініс тапты. Сондықтан, ең алдымен мәтін туралы жалпы түсінікке, анықтамаларға тоқталып, тілтанымдағы мәтін лингвистикасы мен теориясы туралы жазылған негізгі тұжырымдарды сараласам. Мәтін туралы сөз қозғағанда ең алдымен И.Р.Гальпериннің тұжырымын ескеруіміз қажет. Ол өзінің 1981 жылы жарық көрген «Текст как объект лингвистического исследования» атты еңбегінде берген анықтамасында мәтінді толықтай аша алды. Демек, «Мәтін дегеніміз – жазба құжат түрiнде объектiленген аяқталғандықты білдіретін, әдеби тұрғыда өнделген, тақырып (атау) лексикалық, грамматикалық, логикалық, стилистикалық байланыстардың әр түрлі типтерiмен бiрiккен, бiрқатар еркеше бiрлiктерден (күрделі фразалық тұтасымнан) тұратын, белгiлi бiр мақсаты мен прагматикалық нұсқамы бар сөйлеудің (речь) шығармашылық процесiнiң туындысы»
[Гальперин И.Р. Текст как объект лингвистического исследования. М., 1981]. Яғни, мәтін қандай да бір ойдың нақты аяқталғандығын білдіріп, бірнеше күрделі фразалық тұтастықтан (шумақтан) тұрып, қандай да бір мақсатты үстейді.
Ендігі кезекте, О.И.Москальскаяның мәтіннің коммуникативтік маңыздылығын айқындай отырып, берген анықтамасына тоқталсам. И.О. Москальская «Грамматика текста» атты еңбегінде « «мәтін» деп бір жағынан, бір немесе бірнеше сөйлемдерден тұратын, сөйлеушінің ойы аяқталған, кез келген айтылған пікірді түсінсек, екінші жағынан, повесть, роман, газет немесе журнал мақалалары, ғылыми мақалалар, түрлі құжаттар тағы басқа осы сияқты тілдесім (речевые) туындылары» деген анықтама береді [Москальская И. О. Грамматика текста. – М. : Высшая школа, 1981. – 215 с.]. Тұжырымда көріп тұрғанымыздай, И.О.Москальская мәтінді екі бөлек негізде қарастырған. Бірі, нақты, жинақы пікірді білдірсе, екіншісі, әр түрлі құжат пен тілдесім туындысы ретінде қарастырған.
Ал, Н.Ф.Алефиренко мәтінді төмендегідей анықтайды: «Мәтін – бұл тұтастық, коммуникативті құрылым, оның компоненттері автордың коммуникативті интенциясымен ұйымдастырылып, иерархиялық, семантикалық құрылымға бірлескен» [Алефиренко Н. Ф. Смысловая структура текста // Семантика языка и текста: ғылыми мақалалар жинағы. – Волгоград, 1998. ].
Қазақ тіл білімінде өткен ғасырдың соңғы он жылдықтарында мәтiн лингвистикасы туралы жаңа бағыттағы зерттеулерден басталған iзденiс қазірге дейін жалғасып, қазақ мәтiндерiне қатысты филологиялық еңбектер жазылды. Дегенмен, қазақ тіл білімінің негізін салған А.Байтұрсынов, Қ.Жұбановтың ғылыми ойларынан мәтінтанудың әлемдік проблемалары мен ұштасып жатқан пікірлері байқалады. Олардың зерттеу еңбектеріне аңыз-әңгiмелер, мақал-мәтелдер, өлең жырлардың мәтiнi арқау болып, дыбыс, сөз, сөйлемдерден де күрделі құрылымдар бар екендiгiн айтқан. Яғни, А.Байтұрсынұлы мәтіннің (шығарманың) тақырыптан, ал мәтін (шығарма) мазмұнының үш мүшеден, яғни аңдату, мазмұндау, қорытудан тұратынын көрсетті. Мәтіннің қатысымдық қызметін тудыруға қатысатын айтушы ойының өзге үшін бағытталатынын алғашқылардың бірі болып айтты.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет