Пәнді сипаттау: Кіріспе. Физика материя қозғалысының қарапайым түрлері және оларға сәйкес келетін табиғаттың аса ортақ заңдары туралы ғылым ретінде. Физиканың И. Ньютонның механикасынан Дж.К. Максвеллдің электрмагниттік өріс теориясына және кванттық түсініктердің туындауына, атомдық, ядролық физиканың және қазіргі физиканың басқа бөлімдерінің теориялық базасы болған салыстырмалылық теориясын және кванттық механиканы құруға дейін дамуының маңызды кезеңдері. Физикалық зерттеу әдістері: тәжірибесі, гипотезасы, эксперименті, теориясы. Физиканың техниканың жаңа салалары мен жаңа технологияларды құру және дамытудағы ролі. Физика және басқа ғылымдар. Физикалық модельдеу. Физика курсының жалпы кұрылымы және міндеттері. |