Қазалы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы «23» қарашадағы №360 қаулысымен бекітілген
«Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
-
Жалпы ережелер
1. «Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. «Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. «Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. «Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. «Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. «Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. «Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: индексі 120400, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарбұлақ ауылы, Сарбұлақ көшесі №61
9. Мемлекеттік органның толық атауы-«Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже «Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. «Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі Қазақстан Республикасы мемлекеттік органы туралы үлгілік ережеге сәйкес мемлекеттік органмен дербес әзірленеді.
12. «Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін әзірлеу, сондай-ақ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге:
1) «Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта құру;
2) мемлекеттік органдар арасындағы өкілеттіктер мен құзыреттілікті қайта бөлу;
3) мемлекеттік органның құзыретін кеңейту (азайту) туралы Қазақстан Республикасы Президентінің тиісті тапсырмалары негіз болып табылады.
13. Осы Ереженің 12 тармағында көзделгендей негіздемелер бар болған жағдайда «Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бір ай ішінде мемлекеттік орган туралы ереженің тиісті жобасын немесе мемлекеттік орган туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасын әзірлейді.
14. «Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, өзге де нормалар көрсетілуі мүмкін.
15. «Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
16. «Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
17. «Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер жергілікті бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. «Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
18. «Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
ауылдық округ аумағында әлеуметтік, құқықтық, аумақтық даму мен стратегиялық, экономикалық, бюджеттік жоспарлау саласындағы функцияларды және аудан бюджетінің орындалуын ұйымдастыру мен жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру.
19. Міндеттері:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 39-4 бабының 1 тармағының 1-7 тармақшалары негізінде:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;
2) жалпы мемлекеттік ішкі және сыртқы саясатқа, оның ішінде қаржылық саясатқа сай келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеу;
3) қызметтің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпы мемлекеттік стандарттарды сақтау;
4) өз қызметін жүзеге асыру кезінде жариялылық пен ашықтық, қоғамдық пікірді ескеру принциптерін ұстану;
5) ауылдық округте тұрақты әлеуметтік-саяси жағдайды қалыптастыру;
6) ауылдық округі әкімінің іс-қимылын құжаттамалық қамтамасыз ету;
7) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Үкіметінің қаулыларын, облыс, аудан әкімдігі қаулыларын, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің және жоғарғы органдардың басқа да актілерін орындау;
8) ауылдың экономикалық жағдайын тұрақтандыру мен көтеру үшін жағдай жасау, әлеуметтік ахуалды жақсартуға, экономикалық қатынастарды, шағын кәсіпкерлікті, меншіктің барлық түрлеріне қарамастан дамыту мақсатындағы мемлекеттік (оның ішінде облыстық, аудандық) бағдарламаларды жүзеге асыру;
9) «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес мемлекеттік органда кадр саясаты мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімдерінің бағытын жүзеге асыруды қамтамасыз ету, кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.
20. Функциялары:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 35 бабының 1 тармағының 1-22 тармақшалары және Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі №339 Заңының 10-1 бабы негізінде:
1) азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады;
2) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;
3) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін аудандық әкімдіктің қарауына енгізеді;
4) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;
5) өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;
6) ауылдық округінің мелекеттік тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді,
7) шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі;
8) өз құзіреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен нотариаттық іс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;
10) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
11) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
12) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;
13) жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі;
14) қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;
15) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсету, таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
16) жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
17) шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асырады;
18) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудан маслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
19) мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
20) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
21) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
22) ауданда көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы орынға ұсыныстар енгізу, сондай ақ ауылдық округтерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
23) Қазақстан Республикасының аумағында кәсіби емес негізде медиацияны жүзеге асыратын кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;
24) елді мекен жерлерінде мал жаятын орындарды айқындау және елді мекендер аумақтарын санитариялық тазалауды ұйымдастырады;
25) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі бойынша ауданның жергілікті атқарушы органына ұсыныстар енгізеді;
26) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады және ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізіп, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын жүргізу мен ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын жүргізеді;
27) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды өткізеді;
28) жануарға арналған ветеринариялық паспорт береді және тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтаманы береді.
21. Құқықтары мен міндеттері:
1) «Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне жүктелген міндеттерді және өзінің функцияларын жүзеге асыру барысында заңнамада бекітілген тәртіппен:
жергілікті мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан өз функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
өз құзыры шегінде мемлекеттік басқарушы органдардың қарауына мәселелерді шешу жөнінде ұсыныстар беруге;
қолданыстағы заңнамалық актілерде қарастырылған өзге де құқықтарды атқаруға құқылы.
2) «Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз функцияларын жүзеге асыруы кезінде:
ауылдық округі әкімі мемлекеттік функциялар мен лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде құқықтық актілер шығару арқылы шешімдер қабылдауға;
қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
мемлекеттік бағдарламалар бойынша қызмет түрлері, тауарларды, жұмыс түрлерін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға;
қолданыстағы заңнамалық актілерде қарастырылған өзге де өкілеттіктерді атқаруға міндетті.
3. «Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
22. «Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшылықты «Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын ауылдық округі әкімі жүзеге асырады.
23. Ауылдық округі әкімін аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
24. Ауылдық округі әкімінің өкілеттігі:
1) «Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;
2) заңдарға сәйкес «Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңдарда белгіленген тәртіппен «Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне марапаттау немесе тәртіптік шара қолдану шараларын жүзеге асырады;
4) «Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің актілеріне қол қояды;
5) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мемлекеттік органның мүддесін білдіреді;
6) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.
Ауылдық округінің әкімі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
25. Ауылдық округінің әкіміне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, тікелей міндет жүктеледі.
26. Ауылдық округі әкімі «Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады.
4. «Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесінің мүлкi
27. «Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
«Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
28. «Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
29. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. «Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
30. «Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |