«Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын беру»



Дата23.02.2016
өлшемі89 Kb.
#8401
Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң

2014 жылғы « »


№ қаулысымен   
бекiтiлген

«Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті беруші әуе кемесі үлгісінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі туралы актіні алған cәттен бастап – күнтізбелік 15 (он бес) күн;

2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификаты.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері қызметті алушы өзі келгенде, берілген куәліктерді есепке алу және тіркеу журналына қол қойдырып береді.

7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

Азаматтық әуе кемесінің үлгісін сертификаттау үшін алым «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде жүзеге асырылады.

Азаматтық әуе кемесінің типін сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері санатына байланысты мыналарды құрайды:

ұшақ үшін – алым төленетін күні қолданыстағы 10 000 айлық есептік көрсеткіш;

тікұшақ үшін – алым төленетін күні қолданыстағы 5 000 айлық есептік көрсеткіш;

басқа ұшу аппараттары үшін – алым төленетін күні қолданыстағы 1 000 айлық есептік көрсеткіш.

Типті сертификаттау көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша көрсетілген алым бюджетке төленгеннен кейін жүзеге асырылады.

Алым төлемі екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.

Қабылдау және нәтижелерді беру алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын беру туралы өтінім;

2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі* немесе анықтама;

3) ұшуға пайдалану жөніндегі нұсқаулық;

4) формулярлар;

5) материалдың негізгі өлшемдері мен маркалары көрсетілген негізгі күш тораптарының, оның ішінде қанатын бекіту, тірек тораптарының, қозғалтқыштың, шассидің сызбалары (эскиздері);

6) отын және тежегіш жүйелерінің, электр жабдығының, басқару жүйесінің схемалары;

7) үлгінің фотосуреттері (алдынан, жанынан, артынан);

8) әуе кемесінің үлгісін зауыттық, мемлекеттік және пайдалануда сынау нәтижелері;

9) схемалары, жүйелері, негізгі сипаттамалары, үлгі сертификатталатын диапазонда күтілетін пайдалану шарттары мен шектеулерінің қысқаша сипаттамасы, сондай-ақ осы үлгіге қолданылатын ұшуға жарамдылығы нормалары тарауларының, бөлімдері мен тармақтарының, оның ұшуға жарамдылығына қатысты арнайы техникалық шарттардың және қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптардың тізбесі қысқаша сипатталатын техникалық құжаттама;

10) азаматтық әуе кемесінің типін сертификаттау үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.

Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде оны қабылдау күні, тегі, аты, әкесінің аты және құжаттар топтамасын қабылдау уақыты көрсетілген көшірмесіндегі белгі, қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.



3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)

шағымдану тәртібі

10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 24-26-05.

Шағым пошта арқылы не жұмыс күндері жазбаша нысанда көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.

Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Шағымда:

жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы;

заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.

11. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.



4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле

отырып қойылатын өзге де талаптар

12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mtc.gov.kz («Азаматтық авиация комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде) интернет-ресурсында орналастырылған.

13. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.


___________________

«Азаматтық әуе кемесі

үлгісінің сертификатын беру»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

қосымша



Өтініш




  1. Әуе кемесін сертификаттауды және тип сертификатын беруді сұраймын.

Тип ___________________________________________________________

Әуе кемесінің мақсаты ___________________________________________

Әуе кемесінің жасалған күні ______________________________________

Жасап шығарушының атауы ______________________________________



  1. Өтініш беруші туралы мәліметтер:

Мекенжайы ____________________________________________________
Телефоны: __________________ Факсы: ____________________________
Электрондық поштасының мекенжайы (ол болған жағдайда) ___________
Егер ӘК жасаушы жеке тұлға болса:
Тегі, аты, әкесінің аты ____________________________________________
Егер ӘК жасаушы заңды тұлға болса:
Ұйымның толық атауы ___________________________________________
Басшының тегі, аты, әкесінің аты __________________________________
Өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге жауапты қызметкердің тегі, аты,
әкесінің аты, телефоны ___________________________________________
 3. ӘК типінің орналасқан жері ____________________________________
 4. Массасы, кг _______________ Орталықтандыру, % СAX ____________

_____________________




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет