Азаматтық құқық ҚР азаматтық құқығы туралы жалпы түсінік. Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар. Міндеттемелер туралы ережелер. Шаруашылық шарттарының жекеленген түрлері. Мүрагерлік құқық. - ҚР азаматтық құқығы туралы жалпы түсінік. Азаматтық құқық ұғымы, пәні және реттеу әдісі. Азаматтық құқықтың қайнар көздері. Азаматтық құқық субьектілері. Азаматтық құқықтағы заңдық фактілер. Өкілдік және сенімхат. Азаматтық құқықтарды қорғау.
- Заттық құқықтар ұғымы және түрлері. Меншік құқығы ұғымы және мазмұны. Меншік құқығының субьектілері және обьектілері. Меншік құқығының түрлері. Меншік құқығын қорғаудың азаматтық-құқықтық тәсілдері.
- Міндеттемелер ұғымы және жүйесі. Міндеттемелердің пайда болу негіздері. Шарт ұғымы және маңызы. Шарттардың түрлері және шарт жасасу тәртібі. Сатып алу-сату шарты туралы жалпы ережелер. Рента және оның түрлері. Мүлікті жалдау шарты. Мердігерлік шарт туралы жалпы ережелер.Қызмет көрсету шарттары. Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелер.
Азаматтық құқық - Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, меншікке қол сұқпаушылықты, шарт еркіндігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуін, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді.
Азаматтық құқықтық қатынастардың элементтері - субъектілері
- объектілері
- мазмұны
Қайнар көздері Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың субъектілеріне: - жеке және заңды тұлгалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық, бөліністер жатады.
Азаматтың кұқықтық қабілеттілігі - бұл азаматтық құқық пен азаматтық міндеттемелерге ие болу қабілеттілігі. Ол адам туылғанда пайда болып және адам өлгенде барып тоқтатылады.
- азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттемелер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі кәмелетке толғанда, яғни 18 жастан толық ә.қ. пайда болады.
Заңды тұлга - Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке қүқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.
Заңды тұлға түрлері: - өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді (коммерциялық ұйым), не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес) ұйым заңды түлға бола алады.
Азаматтық құқық объектілері: Азаматтық құқық мазмұны: - бұл - біріншіден, осы құқық қатынастары субъектісінің субъективтік құқығы мен міндеттері және екіншіден, субъектінің өз субъективтік құқығы мен міндеттерін іске асырудағы іс-қимылы. Мысалы, жасалған шарттың негізінде сатушы сатып-алушыға мүлікті береді, ал сатып-алушы келісім бойынша ақысын төлейді.
Мәмілелер Сенімхат - бір адамның (сенім берушінің) өз атынан өкілдік жасау үшін басқа адамға (сенім алушыға) беретін жазбаша өкілдігі. Сенімхат сенім алушының өкілеттілігінің мөлшерін анықтайтын бір жақты келісім, ол тікелей сол сенімхатты беруге белгіленген құқықтар мен міндеттерді тудырады.
Меншік құқығы - дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ
Достарыңызбен бөлісу: |